Реанимация және қарқынды бөлімшесіндегі мейіргердің ролі.
Реанимация және қарқынды емдеу шаралары.
Науқастарды тәуліктік бақылау үшін әр бекетте мониторлар орнатылған, оттегі беру жүйесі орталықтандырылған. Балалар ,ересектерге арналған жасанды дем беру аппараты, жылжымалы рентген аппаратпен жасақталған .Диагностикалық мақсатта УДЗ жүргізіледі . Бөлімше құрамында тәуліктік экспресс лаборатория жұмыс жасайды
Реанимация және қарқынды ем беру бөлімінде науқастарға клиникалық емдеу протоколдары бойынша жұмыс жүргізіледі. Ауыр жағдайдағы және күрделі науқастар түскен жағдайда анамнезіне, эпид анамнезіне сүйене отырып клиникалық диагноздары қойылып стандартқа сәйкес ем тағайындалады . Қажет болғанда басқа мамандар кеңесімен консилиум жүргізіледі. Медициналық көмек көрсету сапасына индикаторлық көрсеткіштерін сараптау және қорытындылау тоқсан сайын жасалуда. Қала, аудан емдеу мекемелерінің қызметкерлерімен тығыз байланыста болып, ауыр жағдайда жатқан жұқпалы аурлармен науқастарға бөлімше дәрігерлері практикалық көмек көрсетіп тұрады .
Жалпы салалы реанимация бөлімшесі.
Жалпы реанимация блогы 7 төсекке арналған 3 палатадан және жеке кіреберісі бар бір орындық палатадан тұрады.
Бөлімнің атқаратын негізгі қызметтерінің түрі: жоспарлы түрде және жедел жағдайда ота жасалатын науқастарды анестезияға дайындау шарасы, диагностика және емдеу ісі, реанимация және интенсивті терапияға кешенді түрде дайындау, ота жасалған науқастарды жіті қадағалау, Анестезилогиялық көмек көрсету ісі 6 ота жасау кабинеттерінде қамтамасыз етілген. Бөлімшеде 9 орынды 2 реанимациялық зал бар. Ауруханада жылына 4500 түрлі ота жасалады. 9 реанимациялық орында шамамен 3000 науқасқа кызмет көрсетіледі. ИВЛ аппараты тыныс жолдарын тексеретін кардиомонитор секілді заманауи құралдардың көмегімен ем жүргізеді.
Ойылу туралы түсінік, алдын –алу емдеу шаралары.
Ойылу- тері асты шел қабатының және жұмсақ тіндердің ұзақ қысылуынан,жергілікті қан айналымының бұзылуынан пайда болатын терідегі дистрофикалық, жаралық некротикалық өзгерістер.Ойықтар ауыр халдегі науқастарды нашар күтуінен,дымқыл,ластанған іш киімдерден ,төсектегі бүктемелерден және қалдықтардан пайда болады.Тері сезімталдағының бұзылуы қан айналымының бұзылуы, салдану,күтімнің нашарлығы жалпы айтқанда науқас күтімінің жеткіліксіздігін көрсетеді.