Реферат Тақырыбы: «Прокурорлық қадағалаудың айырықша белгілері»



бет1/4
Дата06.12.2022
өлшемі50,25 Kb.
#161556
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Прокурорлық қадағалаудың айырықша белгілері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ГУМАНИТАРЛЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ПЕДАГОГИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ИНСТИТУТЫ



Реферат

Тақырыбы:


«Прокурорлық қадағалаудың айырықша белгілері»


Орындаған: «Құқық» мамандығының
3 курс студенті Кадишев Еркебұлан Ерланұлы

Тексерген:Ахметова Д.А.


Алматы 2022
Прокуратураның мақсаты
Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
2-бап. Прокуратура қызметінің құқықтық негіздері
Прокуратураның құзыреті, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі Конституцияда және заңда айқындалады.
3-бап. Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметiнiң қағидаттары
1. Прокуратура төмен тұрған прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Бас Прокурорға бағынатын бiрыңғай орталықтандырылған жүйені құрайды.
2. Прокуратура өз өкілеттіктерін заңдылық, басқа мемлекеттiк органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсiз болу және Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп беру қағидаттарында жүзеге асырады.
3. Прокуратура органдары өз функциялары мен өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде олардың қызметiне араласуға тыйым салынады.
4. Прокуратура кәсіпкерлік субъектілерінің, ұйымдардың және мемлекеттік органдардың қызметіне араласуға, олардың қызметіне тексеріс тағайындауға, заңда көзделмеген негіздер бойынша ақпарат не құжаттар сұратуға құқылы емес.
5. Прокуратура органдары адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы, мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау туралы заңнама талаптарына қайшы келмейтiндей деңгейде жария әрекет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет