Рим құқығының ұғымы, жүйесі Рим құқығының тарихи мәні



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі21,73 Kb.
#91529
  1   2
Байланысты:
рим құқығы


Рим құқығының ұғымы, жүйесі
Рим құқығының тарихи мәні
Римдiк құқық терминiмен көне Рим құқығы Рим мемлекетiнiң құл иелену құқық тұсындағы құқығымен айқындалады. Рим мемлектiнiң даму тарихы және Рим құқығының барлық жүйесi шет мемлекттердiң тарихи құқығы курсында оқытылады. Римнiң азаматтық құқық негiздерi пәнi мүлiктiк құқықтың маңызды мәселеллерiмен, сонымен бiрге отбасылық құқықтың қағидаларын Абсолюттiк монархия тұсындағы мезгiлiн қамтиды. Бiздiң қазiргi қоғамда Азаматтық құқық терминi құқықтың мүлiктiк қатынастарын реттейтiн аумағында қолданылады.
Латын тiлiнде Азаматтық деген сөзге civiles. Алайда ius civile қазiргi азаматтық құқыққа толығымен сәйкес келмейдi. Бұл терминмен бiрден Еж. Римнiң ұлттық құқығы сипатталады. Бұл құқықтың тек Рим азаматтарына – квириттерге ғана таралған. Сондықтан, ол кейде Квириттiк құқық деп аталады. Бұл жағдайда ius civile халық құқығына, яғни ius gentium-ге қарсы шығады. ius gentium Римнiң барлық тұрғындарына тән, соның iшiнде перегриндерге тән құқық болатын. ius gentium перегриндермен Рим азаматтарының арасындағы туындайтын мүлiктiк құқықты реттейтiн болғандықтан, ол Рим азаматтарының құқықтарының бiрi болып табылатын. Рим құқығы терминiмен Рим заңгерлерi кең философиялық категорияны қамтитын, жалпы барлық халыққа тән, олардың табиғи құқығын айқындайтын құқық деп есептеген – ius, naturale - табиғи құқық. ius civile-кей жағдайда құқықтың кей жүйесiне қарсы шығады. Олар преторлардың тәжрибесiнде және магистраттардың тәжрибесiнде қалыптасқан құқық, кейде преторлық құқық деп аталады. Бұл қарсылықта ius civile – халық жиналысында, кейiннен сенаттан шыққан құқық нормаларын белгiлейдi. Сонымен азаматтық құқыққа бүгiнгi түсiнiк бойынша Римде 3 аталған жүйе кiрген:
1. Цивильдiк құқық (қарапайым құқық)
2. Халық құқығы.
3. Преторлар құқығы.
Бұл үш түсiнiкке жалпы терминi ретiнде ius privatium, яғни жеке құқық деген мағынаны бiлдiредi. Жеке құқық көпшiлiк құқыққа қарсы қарсы қойылады. Римнiң классикалық мерзiмдегi Ульпиан атты заңгерi құқықтың осы 2 саласын былай бұлектейдi: Көпшiлiк құқық - бұл Рим мемлекетiнiң мәртебесiне және жағдайына қатысты құқық, ал Жеке құқық жеке тұлғалардың мұдделерi мен пайдасына қатысты құқық. Сонымен жеке және көпшiлiк құқықтарды ажырататын жағдай Ульпианның ойы бойынша құқықтық қорғаудағы сипаты: Көпшiлiк құқық саласына жеке тұлғалардың мүдделерiн қорғайтын нормалар, ал жеке құқық саласына мемлекет мүдделерiн қорғайтын нормалар жатады.
Рим заңгерлерiнiң құқықты көпшiлiк және жеке құқыққа бөлуi тәжiрибесi бүгiнгi күнгi көпшiлiк құқық жүйелерiнде де кейбiр елдерде қабылданған мысалы: Франция мен Германияда, азаматтық құқықты бөлудi талап етедi. Субъектiлердiң өзара мүлiктiк қатынастарын реттеу. Сауда жағдайындағы қатынастардан бөлiп шығарады.Сауда қатынастары арқылы реттеледi. Азаматтық құқық сауда құқығымен бiрiгiп жеке құқықты қарастырады, ол азаматтық құқық синонимi сипатында қолданылады. Жоғарыда көрсетiлген көпшiлiк мүдделер мен жеке мүдделер құқығын бұлектеу өзiнiң сипаты арқылы да айырмашылықта болады. Жеке қоғамдық қатынастарды реттеуде кұпшiлiк құқыққа келесi принциптер тән:
1.Көпшiлiк құқықтың мәселелерi жеке тұлғалардың келiсiмi арқылы өзгертiлмейдi.
2. Құқықтық нормаларды қандай да жағдайда жеке тұлғалар өзгерте алмайды.
Мiне осы көрсетiлген жағдайларда көпшiлiк құқық мәселерiнiң 2 жақтың келiсiмi арқылы өзгертiлуге болмайтындығы дәлелденедi. Бұндай жағдайда бұгiнгi күнгi теорияда императивтiк, әмiршiлдiк мiндеттi тұрде орындалуы қажет деп аталады. Императивтiк нормалар жеке азаматтық құқықта кездеседi. Мысалы: Римдегi қамқоршылыққа алу институты жеке азаматтық құқық институты болып табылады. Дегенмен, құқық институтына қатысты мәселелер мысалы, қамқоршының қамқорлықтағы тұлғаның мүлкiн өз қарамағына алуы императивтiк нормалармен реттеледi. Жеке азаматтық құқыққа тән емес бұл құқық саласына бiр жағынана екi жақ ұз ерiктерiмен келiсiмге келуi тән болса, 12 кесте заңдарында көзделген.
2. Рим жеке құқығының жүйесі жеке кұқығының құқықтық нормаларының топтастырылуының анықталған тәртібі.Теорияда құқықтық нормалардың топтастырылуының екі жүйесін атап көрсетеді: пандектілік жэне институциялық.
Пандектілік жүйе төрт негізгі арнайы бөлімдерді қамтиды:
Заттық құкық
Міндеттемелік құқық
Отбасы қүқығы
Мұрагерлік құқық
Институциялық жүйеде жалпы бөлім болмайды, ал негізгі бөлім мынадай бөлімдерге бөлінеді:
Құқық субъектілері
Заттық құқық
Міндеттемелік қүдық
Мұрагерлік құқық.
Рим жеке кұқығын топтастырудың негізі жария жэне жеке құқыққа бөлінуіне байланысты. Ерте рим жеке құқығы квирит тайпаларының атымен квириттік деп аталды. Бүл жүйе кейіннен цивильдік құқық деп аталды және ол қатаң ұлттық сипатқа ие болды. Тар мағынадағы цивильдік қүқық деп, заңдармен бекітілген жеке құқыктың тар ұлттық жүйесі танылды. Цивильдік құқықпен қатар преторлық кұқық жүйесі қалыптасты. Құлиеленушілер таптардың- жер иеленушілер мен өңдеушілердің өсуі таптық қайшылықтардың өсуіне әкеліп сокты. Рим емес азаматтардың арасындағы қатынастарды кұқықтық реттеу қажеттілігі туды. Бұл арнайы лауазым иесі- претордың арнайы актіні қабылдауы арқылы жүзеге асырылды. Осы актілердің жиынтығы преторлық құқықты құрады.
Цивильдік кұкық тек рим азаматтарына қолданылды. Кейіннен шаруашылык қатынастардьщ өркендеуіне байланысты басқа рим емес азаматтармен пайда болған қатынастарды қүқықтық реттеу халық қүқығы арқылы жүзеге асырылды және аталған құқық римдік емес басқа барлық азаматтардың құқықтарын қорғады.Бұл құкық жүйесі әртүрлі ұлттың өкілдері қатысқан халықаралық тауар айналымының қағидаларынан жэне жалпы нормалардан қалыптасты. Халық құқығының мазмұны әмбебап құқықтық жүйесінің -рим классикалық құқығының пайда болуына негіз болды. Бұл жүйенің тауар өндірісінің және тауар айналымының дамуына қосқан үлесі зор.Рим жеке құқығы өзінің дамуында классикалыққа дейінгі кезеңнен, классикалық кезеңге және кейіннен абсолюттік монархия кезеңінен өтті. Бірінші кезеңде рим құқығы патриархальдық қоғамдық
қатынастарды реттеуге қызмет етті. Классикалық кезеңде рим жеке
құқығы тауар - ақша қатынастарын реттеуге кызмет етті. Абсолютті
монархия кезеңінде жеке құқық нормаларын кодификациялау
жүйелеу жургізілді.
Бiр кезде рим құқығын “Жазылған ақыл” деп атаған.
әрине бүгiнгi күнi жеке құқығы мүлiктiк қатынастардың, әсiресе сауда айналымында күрделi аумағын шектеуде көп алға кеткен. Дегенмен көптеген жаңа заңды құрылымдар рим құқығында қалыптасқан элементарлық түсiнiктер мен категориялардан тұрады. Рим жеке құқығы азаматтық және сауда заңдылықтарын оқып үйренуде және кәсiби заңгерлердi дайындаудың негiзгi базасы болып табылады. Рим құқығының мәнi оның келешек құқықтың дамуына ғана емес, мәдениеттiң дамуына да үлкен әсерiн тигiздi. Рим құқығы қарапайым тауар иелерiнiң құқықтық қатынастарын (сатушы ,сатып алушы,несие берушi, несие алушуы, келiсiм шарт, мiндеттеме және т.с.с) өте жоғарғы дәлдiкпен сипаттайды. Бұл жайында Ф.Энгельс былай деген: “Рим құқығы жеке меншiк тұсындағы өмiр жағдайларын және қоғам қайшылықтарын классикалық заң ретiнде өте жоғары дәрежеде реттейдi, сондықтан да кейiнгi заңдар оған айтарлықтай жақсартулар енгiзе алмады”.Рим құқығының бұл ерекшелiктерi орта ғасырдағы Европаның дамып келе жатқан өнеркәсiбi мен саудасы әрi қарай жетiлген құқықтық базаны талап етуi қарапайым құқықтық феодалдық нормалары өмiр талабын қанағаттандыра алмаған жағдайда - рим құқығының рецепциясы деген өте қызық процестiң туындауына әсер еттi. Рим құқығының қайнар көзі
1.Юстинианның кодификациясы себептері мен процесі
2.Талап қою туралы ілім
1. Рим тарихшысы Тит Ливий ХII-кесте заңдарын бүтiн көпшiлiк құқық пен жеке құқықтың қайнар кұзi деп атап өттi. Бұл жерде қайнар көз сөзi рим құқығының мықты құқық саласы ретiнде өсiп шыққан негiзi, тамыры мағынасында қолданылады. Әртүрлi халықтардың Рим құқығы заң әдебиеттерiнде құқықтың қайнар көзi әртүрлi мағынада қолданыллады:1) құқық нормаларының қайнар көзi ретiнде; 2) құқық нормаларының пайда болуының әдiсi ретiнде; 3)құқықты танудың қайнар көзi ретiнде.Құқықтың соңғы қайнар көзi ретқнде қоғам өмiрiнiң материалдық жағдайлары танылады. Бұл жағдайды әрдайым есте сақтау керек, әсiресе құлиеленушi қоғамның тұсындағы құқықты оқыған кезде.Заң әдебиеттерiнде кездесетiн өзге жағдайларда құқықтың қайнар көзi мағынасы-құқықтың, құқық нормаларының қандай тәсiлмен, қандай жолмен жасалады дегент сұрақтарға жауап бередi. Бұл жағдайда құқықтың қайнар көзi терминiнiң мағынасымен шатасып қалмауы үшiн, құқықтың жасалу түрлерiн айтып өткен дұрыс. Рим құқығы тарихында құқықтың пайда болуы мына жолдармен қалыптасқан:
1. Қарапайым құқық ;
2. Заң (Республика кезеңiнде - халық жиналысының қаулылары, принципат кезеңiнде - сенатконсульттар, абсолюттiк монархия кезеңiнде - император конституциялары);
3. Магистраттар эдиктттерi;
4. Заңгерлер қызметi.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет