Құрметті Қырымбек Елеуұлы!
Қадірлі қала тұрғындары!
Тәуелсіз ел дамуы тарихында тағы бір жылды артқа тастап жылдағы дәстүрге сәйкес, бірлесе еңсерген бір жылғы жетістіктерімізді саралау, алдағы жоспарларымызды айқындау мақсатындағы есеп беру кездесуімізде Сіздермен бас қосудамыз.
Бұл, Елбасының бастамасымен қалыптасқан жақсы дәстүр.
Есепті кездесудің негізгі мақсаты жергілікті биліктің атқарып отырған жұмысына халықтың шынайы бағасын білу.
Халық – нағыз әділ сыншы.
Бүгін осында келіп алтын уақыттарыңызды бөліп, ортақ іс пен бір мақсатқа бағытталған бастамаларымызды талқылап, алдымыздағы ауқымды істер аясында келелі кеңес құрып, ой бөліспек ниеттеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.
Құрметті жерлестер!
Биылғы жыл ел тарихындағы маңызды сәттерден басталды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жылдағы дәстүрге сәйкес Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Жолдауын бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде жариялады.
Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауы Қазақстанның бұлжымас саяси дәстүріне айналды.
Жолдау біздің мемлекетіміздің алдағы дамуының жаңа кезеңін айқындап беретін, негізгі бағдарламалық құжат.
Бұл жолғы Жолдауда Елбасы еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы бұған дейінгі екі жаңғыру кезеңдеріне тоқталып, үшінші жаңғырудың негізгі бес басымдығын айқындап берді.
Олар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге, 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |