С. Н. Дошанова Р. Р. Айтмагмбетова Бірлестік жетекшісі Қ. А. Тасжанова



бет27/37
Дата21.05.2020
өлшемі0.58 Mb.
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
3.2 Ханталапай ойыны
Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу арқылы балалардың интеллектуалдық, тапқырлық, ептілік, дәлдік, ұстамдылық, байсалдық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

Міндеті: Топта жұмыс істей білуін қалыптастыру, патриоттық сезімдерін және Отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін ояту.

Жүргізуші: Армысыздар ата -аналар, ұстаздар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз арғы тегіміз мыңдаған жылдан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! Ұлыстың

ұлы күні деп аталған наурызда денсаулықтарың мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын. Олай болса бүгінгі қазақтың ұлттық ойының бірі «Ханталапай» ойыны байқауына қош келдіңіздер!

Асық ойындары – қазақ халқының ойындарының бірі. Ұлттық ойындар көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқаның ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе қойды көп өсіргендіктен балалар ойының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлттық ойындардың ішіндегі арыдан келе жатқан көнелердің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері ойын үстінде көрнеді. Сол ойын арқылы шынығып өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлттық ойындар осылайша атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырған. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі мергендікке, түнгісі ептілікке баулиды. Ұлы ақын Абай атамыз да асық ойыны, яғни «Ханталапай» ойынын жақсы ойнаған. Алдымен әділқазы мүшелерін сайлаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет