Сақ өнері. Аңдық стиль



Дата08.11.2022
өлшемі22,26 Kb.
#157081
Байланысты:
Мадениет 3



Сақ өнері. Аңдық стиль
Б.з.б 1мыңжылдықта Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия және Қазақстанның оңтүстік өңірін қамтитын кең байтақ аумақта «сақ» деген атпен белгілі тайпалар мекендеген. Сақ дәуірі тайпалары мал шаруашылығымен айналысты.Негізінен,қой және жылқы өсірді.Қойды тек етті мал ретінде ғана пайдаланбаған , оның жүнінен киіз басып,арқан есіп, жіп иірген. Сақтар киіздің бірнеше түрін жасай білген.Киіз үйдің керегесіне ұстауға және жерге төсеуге арнап карапайым қалың,қара киіздер, ал киiм, бас киім тігу үшін жұқа әрі жұмсақ киіздер басқан. Көшпелі малшы және жауынгер сақтар тұрмысында жылқы малының орны ерекше болған. Негізінен,жылқының қысқы жайылымға төзімді тебін жылқысы мен міністік тұқымы(Пазырық , Тасмола) ұшырасады.Сақ заманында доңғалақты көлік түрлері дамыған.Қаратау жотасы мен Шу Іле тауларының (Таңбалы тас, Қойбағар,Арпаөзен)жартастарындағы суреттер,Таулы Алтайдың обаларынан табылған заттар жүк арбалары мен соғыс күймелері болған деуге мүмкіндік береді. Жүк арбалары екі,төрт және алты доңғалақты болған. Олар жөніндегі мәліметтер жазбаша деректемелерде де сақталған.Мәселен,Гиппократ сақтардың тұрмысын суреттей келіп, былай деп көрсетеді : «Арбалар өте шағын, төрт доңғалақты болады. Басқа бір алты доңғалақты арбалар киізбен жабылады; үйге ұқсас екі және үш қабат киіз жабылған шанақты арбалар жасалады, олар жаңбыр мен желден пана болады... Бұл арбаларда балалар мен әйелдер тұрады, ал ерлер қашан да ат устiнде жүреді.Мұндай арбаларға өгіз, ат және түйелер жегілген. Соғыс және аң шылыққа арналған күймелер, негізінен,екі доңғалақты болған.Сақ тайпалары қосалқы кәсіп ретінде аңшылықпен және балық аулаумен айналысқан. Жартастағы суреттер таулы-далалық тайпаларда аңшылықтың салт атпен қаумалап аулау,иттердің көмегімен қуып аулау сияқты түрлері болғандығынкөрсетеді. Сақ қоғамының көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айна лысуы, металлургия өндірісінің жетілуі қосымша өнімнің өсуіне, айырбастың дамуына, жеке меншіктің қорлануына септігін тигізді. Жерге қауымдық меншік сақталып,малға отбасылық меншік пайда болды. Сақ қоғамында қолөнермен айналысатын шеберлер өз қауымы мүшелерінің қажетті заттарын жасап беріп,оның орнына ауыл шаруашылығы өнімдерін айырбастап алып отырған. Еңбек құралдарын, киімдер,қару-жарақтар, тұрғын үйлер,түрлі аспаптар жасауға керекті шикізаттардың көпшілігін ертедегі мал өсірушілер жергілікті жерде өндіріп,өңдеді.Кен-руда шикізаты,бірқатар шаруашылық бұйымдары, әшекейлер кейде шалғай жерлерден тасып әкелінді. Сақ тайпалары, әсіресе, қола құю iсi мен басқа металдарды өңдеу техникасында елеулі табыстарға жетті . Өндірістік және шаруашылық - тұрмыстық мақсаттарға арналған алуан түрлі бұйымдар жасады.Құйма қалыптар ретінде қыш,металл, кейде тас пайдаланылды.Жебенің ұштары мен қанжарлар жасау үшін олар екі немесе үш ұялы жармалардан тұратын қарапайым құйма қалыптарды қолданды.
Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.з.д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз - түрлі жануарлардың бейнелерін ыдыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған.
Сақ мәдениетіне тән басты көркемдік сала -«аң стилі» өнері.Сақтар тастарға ойып, қашап жануарлар бейнелерін қалдырған.Сақтардың «аң стилі өнерінде» арыстан, самұрық,бұғы,қошқар,түйе,барыс,жолбарыс,бүркіт сияқты тағы және жергілікті үй жануарларын бейнелеу ерекше орын алған.Бұл сақтардың өмірінде,тұрмысында, киген киімдерінде кеңінен көрініс тапқан.Олардың «аң стилі» өнерінің қалдықтары археологиялық зерттеулердің барысында Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып отыр.Басқа халықтар сияқты сақ тайпаларыда табиғаттың тылсым күштеріне-күнге, найзағайға,күннің күркіреуіне,жел-дауылға табынған. Өйткені бұл құбылыстар оларға құдай бейнесі секілденіп көрінген.Сақтардың түсінігі бойынша құдайлар,қанатты тұлпарлар,ат-самұрықтар және тағы да басқа қиялдан туған жануарлар бейнесінде елестеген.Сондықтан бұл образдар сақ тайпаларының ауыз әдебиеті мен мифологиясында кеңінен көрініс тапқан.
Сақтардың бейнелеу өнерінде аң нақышы кең тараған.Оның негізгі тақырыбы аңдарды, хайуанаттарды және аңыздағы ғажайып жануарларды бейнелеу болды. Бейнелеу әдістерінің көбі қазандар мен құрбандық ыдыстарын, семсер, қанжар, қорамсақ, айбалта, жүген секілді заттарды, киімді,тулардың сабын әшекейлеу үшін пайдаланылды. Сақтардың қолданбалы өнерінің маңызды түрі ою-өрнек болды,ол аң нақышы өнерімен қатар, онымен өзара байланыста дамыды . Металға қарағанда ою - өрнек өнерінің ескерткіштері аз сақталатыны мәлім , өйткені ою - өрнек салынатын материалдар (тері,киіз,ағаш,жүн,маталар)тез шіриді . Сондықтан ою - өрнек шығармашылығының кейбір үлгілері тек ерекше қолайлы жағдайларда ғана,мәселен, оба тоңында сақталған (Пазырық қабірінде). Сақ заманындағы ою - өрнектің бірнеше түрін : геометриялық , өсімдік тектес, жануарлық , символдық түрлерін атап көрсетуге болады. Қазақстан аумағында жаппай тараған петроглиф тер - жартастағы суреттер де сақтардың бейнелеу өнерінің ескерткіші болып табылады. Әдетте , олар күнге күйіп, бетін қоңыр тат басқан жартастарға үшкір металл құралдармен қашап салынған. Жалпы алғанда, жартастағы суреттер әр түрлі тарихи дәуірде салынған, бірақ олардың көбі – сақтар салған петроглифтер. Талай ғасырлар бойы тайпалардың киелі мекені, алуан түрлі ғұрыптық мейрам өткізілетін орны болған Тамғалы аңғарының (Алматы облысы),Арпаөзен атыраптарының (Шымкент облысы) жартастарында сақтардың ондаған бейнелері бар .Олардың арасында бұғылардың,қабандардың суреттері, түйелердің шайнасқан көріністері, аю мен басқа жыртқыштардың бедерлері бар,бұлар осы мүсіндердің металдан құйылған түрлеріне ұқсас. Сонымен бірге сақтардың қолданбалы өнер бұйымдарында кездеспейтін көріністер де бар.Бұлар- адамның аң аулап жүрген кезінің көріністері, соғыс және жүк арбаларының суреттері және т.б. Жартастағы суреттер сақ тайпаларының сан салалы көркем шығармашылығының көрінісін едәуір толықтыра түседі.
Қазақ даласындағы сақ қорғандарын қазу барысында табылған құнды жәдігерлер ертедегі көшпенділердің «аңдық стиль» үлгісіндегі туындыларын танып білуге үлкен мүмкіндік туғызды. Кейбір деректерге сүйенсек, сақ тайпаларының әр жерде орналасуының бірден бір себебі көшпенділердің қозғалысқа өте бейімдігімен түсіндіреді. Демек, осы уақытқа дейін жеткен мәліметтерге сүйенсек, сақтар мал шаруашылығы жайылымына қолайлы өңір ретінде Тәңіртаудың солтүстік етегін мекендесе, ал грек тарихшысы Геродоттың пайымдаулары бойынша Тарбағатай мен Алтай тауларында тиграхауда сақтары яғни шошақ бөріктілер тіршілік еткен делінген. Демек, тиграхауда сақтарынан бастау алған өнердің жалпы стилистикасы Жетісу өңірін мекен еткен сақтардың стилімен ұқсас келгендіктен жалпылама «аң стилі» деген даму генезисі қалыптасқандығын көруге болады. Қазіргі уақытқа жеткен жануарлардың бейнесін біз адамзат тарихының ең ерте кезеңінен-ақ білгенімізбен, аң стилін ерте темір дәуіріндегі алғашқы далалық мемлекеттер дәуірінің мұрасы ретінде еш нәрсемен салыстыру мүмкін еместігіне көзіміз жетті.
Ғалымдардың пайымдауынша ерте қола дәуіріндегі сақ тайпаларында зооморфтық этно-әлеуметтік стильдің пайда болуы үшін сол заманның өзінде барынша жағдай қалыптасқан екен. Оларды жасауда өз кезеңінде дамыған технологияны қолданғаны, сондай-ақ ою-өрнек үлгілерін жасау үшін пайдаланатын құрылғылары қалыптасқандығын осы уақытқа дейін жеткен заттай құндылықтардан көруге болады. Демек, ерте темір дәуірінен бастау алған аңдық стильдегі әшекейлер қоғам өміріне қарай бейімделіп, аспан әлемі мен жер әлемі арасындағы мифологиялық дүниетанымның бірсыпыра әлементтерін бейнеледі. Сақ кезеңіндегі аң бейнелері үштік әлем (яғни құс, тұяқты жануарлар, жыртқыш) мен тіршілік арасындағы сабақтастық идеяны тудыру негізінде қалыптаса керек. Сондай-ақ аң стилі өз кезеңіндегі өрнектердің алдыңғы қатарында болды.
Ендеше, VII-VIII ғасырларда қалыптасқан «аң стилі» сақ өнеріне тән туындылардың шоғырын қалыптастырды. Олар: жыртқыш аң, мүйізі шиыршықталған арқар, төрт тұяғымен тіреп тұратын тұяқты жануарлар, жыртқыш құс, гриф немесе құлағы ұзын грифон, мүйізі ағаш бұтақтар түріндегі бұғылар және мүйізі арқасына дейін жайылған қырынан жатқан тау ешкілер бейнелері еді. Демек, ағаш пен сүйекті ою арқылы «аң стиліне» тән кескіндемелерді жасағаны белгілі болды. Кейбір мәліметтерге назар аударсақ, аң стиліне тән зергерлік бұйымдардың бірсыпырасы Шілікті қорымынан табылғаны баршаға аян. Бұл тоналған қорған болса да, осы жерден табылған кейбір алтын әшекейлер зергерлік техниканың әртүрлілігімен таң қалдырады дейді ғалымдар. Деректерге назар аударсақ, күн символы мен тірі және өлі табиғат туралы дүниетанымдық түсінік барша сақ әлеміне тән дүние екендігі белгілі болды.
1969-70 жылдары Есік қорғанынан тоналмай табылған сақ ханзадасының қабірінен төрт мыңнан астам алтын тоғалар мен жапсырмалардың басым көпшілігі аңдық стильде жасалғандығын ғалымдар мен археологтар өз еңбектерінде көрсетіп жүр. Демек, алтынды өндеу мен аң стиліндегі тоғаларды жасаудағы сақ өнерінің өзіндік ерекше туындыларын әлемге паш етуге үлкен мүмкіндік туды десек қателеспейміз. Тек бас киімінің өзінде жүз елуге жуық алтын тоғалар болса олардың басым бөлігі аңдық стильде жасалған. Мәселен, бас киімдегі қос жебе түріндегі әшекей, геометриялық пішіндегі тіліктер, тік қарғыған аттың жарты бөлігі түріндегі тіліктер, тау шыңдары бейнесіндегі тіліктер, арыстанның бет-әлпеті түріндегі қапсырма, таутеке мүйізді қанатты аттардың мүсіндері, тау шыңындағы барыс түріндегі қапсырмалар, таутеке бейнелі әшекейлер, барыс бейнесіндегі қапсырмалар, құстың кіші қанаты түріндегі тіліктер, тік тақтайшалар арасындағы жолбарыстың басы түріндегі қапсырмаларды айта кеткен жөн.
Жалпы сақ ата-бабаларымыздан жеткен аңдық стильдерді қазіргі таңда қазақ халқының қолөнер шеберлері күнделікті тұрмыстық бұйымдарға, сән әлемінде ұтымды әрі жаңаша бағытта қолданып жүр. Дегенмен, сонау сақ кезеңінен бастау алған композициялық туындылар өз кезегінде заманауи үйлесімділікке ие болып жандана түсуде. Демек, өрнектердің композициялық орналасуындағы тұрақтылық пен жүйелік әдістер адамзат пен әлем арасындағы тылсым күштің, рухтың жақындығын, тәңірге табынушылықтан туындаған дүниетанымдық көзқарастарды көрсететін керемет дүниелер сонау сақ заманынан жеткен аңдық стильдің бір тармақшалары болып табылады. Бізге жеткен мәліметтерге қарасақ, ою-өрнектің мазмұндық ерекшеліктері символы, дүниені тану, салт-дәстүр, наным-сенімнен туындаса, ал сондағы бояу түсінің идеялық мазмұны, эмоциялық әсері адамның ішкі жан дүниесін көрсетсе керек. Сондай-ақ ат әбзелдеріндегі ерекше қолөнер туындылары сақ кезеңінен бастау алған жылқыға деген ерекше құрмет пен пір тұту, серік ету сияқты дүниетанымдық көзқарастардан басталған. Мәселен, ердің қасына салынған аңдық және геометриялық ою-өрнектер салу, өсіп-өну, құт береке, байлық нышандарымен тығыз байланысты екендігі белгілі.
Сақ кезіндегі тайпалардың көркем шығармашылығының неғұрлым айқын және есте қаларлық көріністерінің арасында қолданбалы өнер ерекше орын алады. Жаңа дәуірдің 7 ғасырынан Сібірдің, Қазақстанның, Еділ бойының аумақты далалары мен Еуропа оңтүстігі халықтарының аңдық стиль деп аталатын өнердің өзіндік және жарқын құбылысы пайда болды. Оның басты тақырыбы аңдардарды және мифтік зооморфтық құбыжықтарды бейнелеу болды.
Сақ және ғұн шеберлерінің бұйымдарында Еуразия өзендерінің, ормандарының, далаларының бай жанды әлемі: балықтар, жыландар, үйректер, аққулар, бүркіттері, қырандары, кірпілері, бұғылары , бұландар, еліктер, маралдар, арқарлар, қасқырлар, барыстар, жолбарыстар, арыстандар, жылқылар, қойлар, қодастар, түйелер жан бітіп кеткендей болады. Олар басы бүркіт, денесі арыстан және басқа ертегілік құбыжықтармен : біресе ол кесіртке денелі және ешкі басты жануар, біресе ол бұғы мүйізді жолбарыс, қабан тұмсықты және тісті немесе барақ ит басты түріндегі құлақтарымен қасқырлар болып алмасып отырады.
Жебенің құйма ұштары мен қанжарлар жасау үшін олар екі немесе үш ұялы жармалардан тұратын қарапайым құйма қалыптарды қолданды, сақ металлургтері металл бұйымдарын жасаудың «жойылатын үлгі» тәсілімен құю сияқты күрделі әдістерін де білген. Оның мәні балауыздан немесе тон майдан үлгі жасап алып, оның сыртын балшықпен қаптау болатын. Балшық кепкеннен кейін қалып тұтас қыздырылып, еріп кеткен балауыздың немесе майдың орнына металл құйылады. Нақ осындай тәсілмен ірі бұйымдар: үлкен мыс қазандар, құрбан шалатын үлкен үстелдер, үлкен қоңыраулар құйылды. Жануарлардың қуыс мүсіндерін жасау үшін мәнерлі біліктер мен кұйма жалғамалар пайдаланылды. Құйып жасалған заттардың көбі кейін қырналып, тегістелді, қажетжерлері бұрғымен тесілді.
Бұл бейнелер зооморфтық өзгерулер құбылысын білдіреді, олар ерте темір дәуірі көшпенділерінің өнерінде жетекші бағыттардың бірін құрайды. Зооморфты айналулармен қатар неғұрлым кең тараған мотив - аңдар мен құбыжықтар қинаулары мен күрес көріністері: бүркіттің, кодас пен бүркіт жемтігіне таласқан жолбарысқа, жыланның атқа шабуылы, ағаш көрінісі алдындағы жолбарыс пен қос өркешті түйенің, жолбарыстың атпен айқасы бейнелері. . Қазір б.д.дейінгі І-ші мыңжылдыққа дейінгі Еуразия көшпенділерінің бұл мотивін түсіндіретіндей бірде-бір нанымды болжам жоқ. Бұл көріністер төтемдердің немесе жақсылық пен жамандықтың күресін білдіретін рулардың немесе тайпалардың тартысын бейнелейді деген болжамдар айтылды. Жануарлар "қинауының" көріністері алғашқы қауымдық құрылысы ыдырауы дәуірінің әлеуметтік процестерінің мифологиялық бейнеленуі болып табылады деген пікір бар. Зерттеушілер олардан "күштінің құқын", жеңісті дәріптеуді растауын көреді. "Аңдық стиль" өнері негізінен қызмет көрсеткен аристократияның тонау мен соғыс әдеткі жұмысына айналғанда, бұл дәуірдің қатаң сыйпатымен байланыстырылады. "Қинау" көріністерінен ру эмблемасын көріп, оған геральдикалық мән берілді.
Ертедегі суретшілердің шығармашылығы жануарлар әлемінің нақты бейнесімен жанды және сан алуан өзара байланыста болды. Қазақстандық фаунадан арқар мен тау текенің, жолбарыс пен жабайы шошқаның, марал мен түйенің, дала бүркіті мен сирегірек қарақұйрықтың, қасқырдың және қоянның бейнелері жиі кездеседі. Аңдық образдарды көркем сомдау да алуан түрлі болды. Олар домалақ скульптура, бұлдыр кескінді және сызықты суреттер түрінде орындалды. Бұл бұйымдарды жасау материалдары ретінде тек алтын, күміс, қола және темір ғана пайдаланып қоймай , сонымен бірге сүйек пен мүйізге ою салу, жапсырма, түрлі түсті киіз бен теріге өрнек салу кең қолданылды.
Сақ қорғандарын қазу біздерді Қазақстанның ертедегі көшпенділерінің "аң стиліндегі" үлгілермен кең таныстырады. Сырдарияның төменгі ағысындағы Үйғарақ моласынан арқар мен грифондар басы бейнеленген айылбастар, Төгіскен моласынан қосарланған жылқы басы түріндегі қола қалақшалар, қойдың басы мен жатқан қиялдағыдай екі құбыжық бейнеленген семсер қынабының алтын қоршауы белгілі. Сондай-ақ басқа да үздік олжалар: Павлодар облысындағы Тасмола қорғанынан тау-текелердің бейнелері, жолбарыс түріндегі, мал түріндегі жұқа қабыршықты алтын қаңылтыр белгілер, б.д.дейінгі 4-3 ғасырларындағы Қарамұрын моласы жерлеулерінен жолбарыстың түйеге шапқан көрінісімен қола белгі және қиял-ғажайып жануары мен қос қыран түріндегі қайыс бастырма, бүктелген қабан түріндегі мүйізден жасалған белгі бар.. Ауызына құсты, сондай-ақ бірқатар басқа бұйымдарды қыстырған арыстан басының бейнесі бар даңқты Бекқара тоғасы б.д.дейінгі 3 - 2 ғасырларға жатады. Тасмола бейітін қазған кезде марал мүйізінен жасалған шағын сымбатты тоға табылды.
Б.з.д.дейінгі 5 ғасырда, әсіресе 4 ғасырда скиф мәдениетіне грек өнерінің күшті ықпалы басталады. Скиф аристократиясының тұрмысы грек қалаларында жасалған бұйымдармен толыға түседі. Скиф патшалары мен көсемдері шеберлерінің көркем шығармашылығына эллиндік ықпалмен бірге адам бейнесі енеді. Дегенмен, Еуразияның басқа көшпенділерінің өнері сияқты скиф өнері, бұл ең алдымен, аңдарды бейнелеу өнері. Б.Н.Граковтың айтуынша, ол аңдық стильді тамаша дамыта білді, ал іс адамды бейнелеуге қатысты болған кезде қарапайым жағдайынан қиындықпен арылды.
Ұйғарақ пен Түгіскеннің жерлеу мүліктерінің ішінде бейнелеу өнерінің көз тартар үлгілері де кездеседі.Бұлар-ер-тұрмандағы,алтын каптырмалардағы, алтын шеттiктердегі хайуандардың бейнелері.Хайуанаттар бейнелерінің арасында бұғы, киік, жылқы, таутеке, кабан , арыстан , барыс не қабылан, жыртқыш құс, түйе бар.Бұл заттардың жасалу әдістері мен стилі Арал өңірі сақтарының мәдениетін скифтік - сібірлік өнер дүниесiне енгiзедi.
Жинақтарда осы өнердің тым ертедегі үлгілерінің, ең алдымен I Петр коллекциясындағы дөңгелене буктетіліп жаткан барыс не кабылан түріндегі кола қаптырмалардың болуы мәнді. Құйрығының ұшы мен аяқтары иілген, құлағы айқын көрінбейтін,көзi мен мұрны бiр сызык бойында жаткан концентрациялық шеңберлер түріндегі, денесінің бұлшық етi бiлемделген Ұйғарақ тоғалары - Еуразияның ежелгі аң стилінің үлгілері, олардың скиф өнері заттарына ұқсастығы байқалады.Ұйғарақта бейнелеу қағидаларын сақтай отырып, тек өз ерекшеліктерін енгізу ғана байкалады. Арыстанды бейнелеу Арал маңы сактарының өңіріндегі тұрақты тақырыптардың бірі болып табылады.Оңтүстік Түгіскеннiң № 45 обасындағы б.з.б. VII - VI ғасырларға жататын кешеннен отырған арыстанның бейнесі салынған тартпанын екі тоғасы дәл сондай тоға Ұйғарақта да бар),басы артына қарай бұрулы отырған арыстандарды ойып салған төрт алтын тiлiк табылды.Анның басы арыстанның басына онша ұқсамайды,сірә, шеберге бұл бейне таныс болмаса керек, бiрак стиль әбден ұстамды әрі дәстүрлі.31-обадан Алдыңғы Азиядағы ежелгі түрiне ұқсас түрегеп тұрған арыстан мүсiнi бар алтын каптырма табылды.Арыстанның құйрығы ширатылған, бірақ аяқтары нағыз реалистік тұрғыда берілген,мысық кездi және жалы бар.53- обадан табылған жүріп келе жаткан арыстандардын мүсіндері осындай үлгіге еліктелiнгенi анық, бірақ аң мүсінін орналастыруда өзгеріс бар, көздерін дөңгелек дерлік етіп жасаған, жалы жоқ. Ақырында,арыстан бейнеленген тағы бір нұсқа- Тугiскендегi 53-обадан табылған қорамсақтың қарсы ілгек-қапсырмасын да тұмсығын аяғынын үстiне салып жаткан жырткыштын бейнесі өте табиғи түрде берілген.Құйрығының ұшын қайкита иген және аяғының нобайы бар белгісіз бір ірі аңның(жыртқыштың?)мүсінінің бергі жағына өзінің көрнектілігі жөнiнен екі бұғы өте тамаша бейнеленген алтынның жалпак тiлiгi (Оңтүстік Түгіскен б.з.б VII ғасыр) Арал өңірі сақтарының бейнелеу өнерiнiң ертедегi үлгiлерi қатарына жатады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет