Бос уақыт – тұлғаның жеке физикалық рухани және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған жұмыстан тыс уақыт бөлігі. Бос уақытта қандай ермек іспен айналысуға болады? Көпшілік қауым қолы қалт еткен кезді, яғни бос уақытын қалай өткізуді білмей жатады. Психолог-ғалымдардың айтуы бойынша, адам бос уақытын өзі қадағалап, оны қалай өткізу керектігін өзі шешуі қажет. «Немен айналысуға болады?!» деген сұраққа психолог-мамандар: «Жаныңызға жай сыйлайтын ермек іс (хобби) тауып алыңыз» деп жауап айтып, кеңес береді. Ал сол ермек істі қалай табуға болады? Ермек істер әртүрлі болып келеді. Олардың барлығы тек уақытты тиімді өткізуге ғана емес, денсаулыққа да оң әсерін тигізеді. Олай болса, бос уақытта қандай ермек іспен айналысуға болады?!
2-топ.
Қолөнер. Күйзеліс пен көңілсіздіктен арылтатын іс – тоқыма тоқу. Тоқыма тоқыған кезде өзіңізді жайлы әрі жеңіл сезінесіз. Сондай-ақ кесте тігу, сурет салу, экибана жасау, бисер тоқу, т.с.с. қолөнермен айналысуға болады.
Гүл өсіру. Көп жандар бос уақытын бау-бақшада өткізеді. Әрине, жер үйде тұратын болсаңыз, бақшаға гүл еккенге, оны жайқалтып өсіргенге не жетсін?! Ал көп қабатты үйде гүлдерді аса еге алмаймыз. Алайда, балконда шағын бау-бақша жасап алуға болады. Кішкентай гүл ыдыстарына қалаған үй өсімдіктерінің дәнін егіп, оны күтіп- баптауға кірісіңіз.
Коллекция жинау. Әдеби кітаптар, күйтабақтар, базарлықтар, пошта маркалары, ыдыс-аяқтар, жұмсақ ойыншықтар сияқты дүниелерді жиыстырып, өзіңіздің коллекцияңызды толықтырыңыз.
3-топ.
Үй жануарларын асырау. Аквариумдағы балықтар, мысықтар, кішкентай иттер, тасбақа, т.б. қалаған үй жануарларын асыраңыз. Үй жануарыңызға күтім көрсетіп, бос уақытыңызды оны асыраумен өткізіңіз.
Спортпен шұғылдану. Фитнесс- клубтары мен спорт залдарына барып, би, жүзу, йога, аэробикаға жазылыңыз. Достарыңызбен жиылып, спорт алаңына барып, бадминтон, волейбол, баскетбол ойнаңыз. Шеңбер айналдырып, секіртпемен жаттығулар жасаңыз. Қандай ермек іспен айналыспасаңыз да, ол әуелі сізге ләззат әкелу керектігін ұмытпаңыз. Ермек істер жаныңызға рақат сыйлап қана қоймай, бос уақытыңыздың қызықты өтуіне жол беруі керек.
Төмендегі мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты ажыратыңдар. Жұптаса отырып талқылаңдар.
Критерий
Дескриптор
Ұпай
(0-3)
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды ажыратады
Мәтіндегі қажетті ақпаратты түртіп отырады;
Мәтіннен 2 негізгі және 2 қосымша ақпаратты табады.
р/с
Ақпараттар
Негізгі
Қосымша
1
2
3
4
«Саяхат» (көңілді музыкамен дене қимылдарын жасаймыз) 3-тапсырма. Жеке жұмыс. Тірек сөздерді қолданып, сурет бойынша әңгіме құрастырыңыздар. Тірек сөздер:
1-сурет: Қолөнер, іс тігу, ою-өрнек, кестелеу, кимешек, салт-дәстүр, құрақ құрау;
2-сурет: Хобби, күтіп-баптау, қопсыту, тыңайтқыш, тұқым, үй өсімдіктері, ылғал;
3-сурет: Қозғалыс, шынықтыру, дене қимылдары, бос уақыт, пайдалы, ракетка, қызығушылық, жетістік.