Сабақ Қазақ тілі 6 сынып Тақырыбы: Есімше. Есімшенің жасалуы. Пән мұғалімі Ж. Утеулин Набережный орта мектебі мм сабақтың мақсаты: білімділік



Дата18.03.2017
өлшемі20,76 Kb.
#11862
түріСабақ
  • Ашық сабақ
  • Қазақ тілі
  • 6 сынып
  • Тақырыбы: Есімше. Есімшенің жасалуы.
  • Пән мұғалімі Ж.Утеулин
  • «Набережный орта мектебі” ММ

Сабақтың мақсаты: білімділік: Есімшенің жасалу жолы жайында мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру. дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту. тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Жақсы балалар, ендеше сіздермен сабақты бастамас бұрын бүгінгі сабақтың бір ерекшелігін айтып кетейін. Балалар біз бүгін аптаның жеті күніне саяхат жасаймыз. Сондықтан да аптамыздың әр күні қызықты да, көңілді болады деген ойдамын. Ендеше аптамыздың бірінші күні ДҮЙСЕНБІ күніне аяқ басайық. Бұл күн бірінші күн болғандықтан мен сіздерден үй тапсырмасын сұраймын.

  • Жақсы балалар, ендеше сіздермен сабақты бастамас бұрын бүгінгі сабақтың бір ерекшелігін айтып кетейін. Балалар біз бүгін аптаның жеті күніне саяхат жасаймыз. Сондықтан да аптамыздың әр күні қызықты да, көңілді болады деген ойдамын. Ендеше аптамыздың бірінші күні ДҮЙСЕНБІ күніне аяқ басайық. Бұл күн бірінші күн болғандықтан мен сіздерден үй тапсырмасын сұраймын.

Үй тапсырмасын тексеру: 252 жаттығу

  • Зат есімді сөйлем
  • Етісті сөйлем
  • Табысыңды да ойла
  • Бір көрген - біліс
  • Намысыңды да ойла
  • Екі көрген - таныс

253 жаттығу

  • Айтыс
  • 1) Зат есім, өнер түрі
  • 2) екі адамның айтысы, етістік
  • Барыс
  • 2) Ортақ етіс, қимыл, іс-әрекет
  • Ойыс
  • 1) Зат есім, ойпаң жер атауы
  • 2) Ортақ етіс, қимыл іс-әрекет иесі бірнешеу болуы
  • Табыс
  • 2) Екі адамның көрісіп, кездесуі
  • Етісте өткенді қайталауға арналған тапсырмалар
  • Ортақ етіс жұрнағын табыңыз. 1.-ыс, -іс, -с. 2. ғыз, -гіз, қыз, -кіз; 3. –ын, -ін, -н; 2. Өздік етіс болып тұрған сөзді табыңыз. 1.тарандық, 2.кигіздік 3. көріс 3. Өзгелік етіс қосымшасын табыңыз. 1. -дыр, -дір, -тыр, тір, -қыз, -ғыз, 2. -ыс,-іс,-с; 3. –ған, -ген, 4. Ырықсыз етіс болып тұрған сөзді табыңыз. 1.Орыл, 2. қалас, 3. жазыс 5. Ортақ етіс болып тұрған сөзді табыңыз. 1. жиын.  2.алдыр 3. салғыз 6. Етіс нені білдіретінін табыңыз. 1.Қимыл иесіне қатысын 2. Сөздің байланысын 3. Заттың сынын 7. Мына жұрнақтардың қайсысы етіс жұрнағы? 1. –ған 2. -ып  3. - дыр 8. Ортақ етісті анықтаңыз. 1. Жазыс. 2. Киіндір 3. Салын 9. Ортақ етісті анықтаңыз. 1. Алдыртқызба 2. Хабарлас. 3. Киін 10. Ырықсыз етістің тұлғасындағы етістіктің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.  Жүк уақытында жөнелтілді. 1. Баяндауыш. 2. Бастауыш 3. толықтауыш 11. Өзгелік етісте тұрған сөйлемді көрсетіңіз. 1. Әсемге сабағын оқыт. 2. Сен машинаны тоқтат 3.Сен баланы киіндір 12. Өзгелік етістің бірінен соң бірін жалғанған түрін көрсетіңіз. 1. Хабарластыр 2. Оқытқыздыр.  13. Ортақ етісті жұрнағы жалғанған сөйлемді табыңыз. 1. Көп көріспеген достар әрең айырылысты. 2. Ол шулағандарды әрең тоқтатты. 3. Ол інісін киіндірді.
  • Жақсы балалар, біз аптамыздың бірінші күнінен сүрінбей жақсы өттік. Ендеше екінші күн СЕЙСІНБІ күніне де жетіп келдік. Біз бұнда біздің бүгінгі жаңа сабағымыз жайында өтеміз.
  • Ақпанның жиырма екісі
  • Сынып жұмысы
  • Есімше. Есімшенің жасалуы

Есімшелер зат есім сияқты тәуелденеді, септеледі, көптеледі, жіктеледі. Сөйлемде есімдердің қызметін толық атқарады. Соған қарамастан есімшені біз етістіктер тобына жатқызамыз. Неліктен бұлай екенін ойланып көрейікші. Алдымен мысалдарға назар аударайық. МЫСАЛЫ: Ақмарал өз мектебіне осы жолмен баратын. Баратын жан сапарға алдын-ала дайындалады. Асыл бұл суретті талай көрген. Көрген –көңілге көпті түйген жан Есімдер сияқты түрленіп, сөйлемде есімнің де, етістіктің де қызметінде қолданылатын етістіктің түрін есімше деп атаймыз.

  • Есімшенің жасалуы:
  • Есімше етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, сондай-ақ етіс және болымсыз етістік тұлғаларына төмендегі жұрнақтар жалғану арқылы жасалады.
  • -ған,-ген,-қан,-кен
  • күткен, күтпеген, күткізген, күткіздірмеген, сыйлаған, сыйламаған,сыйласқан,сыйлатқызған т.б.
  • -атын, -етін, -йтын, -итін
  • баратын, келетін, ойнайтын, сөйлейтін
  • -ар,-ер,-р –болжалдық келер шақ.
  • Мысалы: ал-ар, бар-ар, кел-ер, бол-ар, қара-р, жаса-р,өт-ер, түс-ер;
  • -с (болымсыз етістіктен кейін жалғанады)болжалды келер шақ жасалады.
  • Мысалы: бар-ма-с, сал-ма-с, айт-па-с, қаз-ба-с т.б.
  • Берілген етістіктерден  есімше жасаңыздар. Ү л г і : Өндіру; өндір+ген (өткен шақ); өндір+етін (ауыспалы); өндір+мек (мақсатты); өндір+ер (болжалды). Белгілеу, жалғастыру, бұрғылау, қазу, басқару, қадағалау, жеткізу, салу, анықтау. 
  • . Есімшелерден болымсыз есімше жасаңыздар.
  • Ү л г і: Бар+ма+ған+мын, бар+ма+с+пын (бар+атын емес+пін
  • Келген, айтқан, сұрау, тыңдаған, сөйлескен, отыр.
  • Балалар, бүгінгі жаңа сабағымыз түсінікті ме? Олай болса біз аптамыздың үшінші күні СӘРСЕНБІ күніне өтейік. Яғни біз бұл күні кітаппен жұмыс жасаймыз. Алғашқы орындайтын тапсырмамыз
  • Есімше етіс бола ала ма?
  • Себебін түсіндіріңдер.
  • 255 – жаттығу.
  • Есімшелерді тауып, қандай қызметте жұмсалып тұрғанын анықтаңдар.
  • Үлгі: Бүтін билікке Төле жеткен, бүгін хандыққа Есім жеткен. Есімше бұл сөйлемде етістік қызметінде жұмсалып тұр.
  • Берілген есімшелердің қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғандығын және олардың мағынасын түсіндіріңдер.
  •  
  • Болар түбірі – бол, -ар – есімшенің жұрнағы. етістік іс-қимылды білдіреді.
  • Түсінбейтіндерге
  • Қимайтындар
  • Айтқаның
  • Айтпаған
  • Қалағандармен
  • айтпас
  • 257 жаттығу
  • Төмендегі етістіктерге есімшенің жұрнақтарын жалғап жазып, оларды жіктеп, тәуелдеп, септеп жазыңдар.
  • Тал, бол, сал, әкел
  • Мен бол Менің сал
  • Сен Сенің
  • Сіз Сіздің
  • Ол Оның
  • А.с. Әкел Ж.с.
  • І.с. Ш.с.
  • Б.с К.с.
  • Т.с
  • Берілген есімшелерге морфологиялық талдау жасаңдар.
  • таусылмайтын, бұзылмайтын, кешірген, айтқызған,
  • табылмас, салынған, ұрғызған;
  • Міне, балалар, аптамыздың үшінші күнінен де сүрінбей өттік. Ендеше төртінші БЕЙСЕНБІ күнге өтейік. Бұнда біз Есімшелерді қатыстырып сөйлемдер құрап,морфологиялық талдау жасаймыз Олай болса іске сәт!
  • Таң ………..атқанда,
  • Шолпан ……….. батқанда…
  • ……………….. көрген соң,
  • …………….. жақын келген соң…
  • («Қобыланды батыр» жыры)
  • Өлең жолдарына морфологиялық талдау жасап, есімшелерді табыңдар.
  • Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
  • Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
  • Көкте бұлт, жерде – желмін гулеген.
  • Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?
  • (Мағжан Жұмабаев «Мен кім?»)
  • Өлең жолдарына морфологиялық талдау жасап, есімшелерді табыңдар.
  • Міне, балалар, бейсенбі күннен де сүрінбей өттік. Олай болса біз уақыт созбай ЖҰМА күнімізге өтейік. Біз бұл күнге шығармашылық жұмыс жоспарладық. Яғни өлең жолдарын аяқтап, есімшелерді табамыз
  • Төмендегі тапсырмада ұйқас түрлерін қатыстыра отырып, өлең құрастыру. Есімшелерді құрамына қарай талдау.
  •  
  • …. …. …………. …….тойлаған,
  • ….. …. ………………..ойнаған.
  • …… …. …. ………….туған елім,
  • . …. . ………………..жайнаған.
  • Өлең жолдарындағы есімшенің жұрнақтарын табыңдар.
  •  
  • Кейбіреу мақтан үшін ………….бәрін,
  • Таң-тамаша …………. боп жолдастарын.
  • Елге қайтар ……………. есін жиып,
  • Сонда білмей сандалды не …………….
  • :
  • Міне, жұма күннен де сүрінбей өттік.
  • Ал, біз аптамыздың алтыншы
  • күні СЕНБІ күнге де жетіп келдік.
  • Біз бұнда сөзжұмбақ шешеміз.
  • Сөзжұмбақ сұрақтары да есімше тақырыбына байланысты болады.
  • Берілген есімше сөзжұмбағын шешіңдер
  • 1. Күлме досқа, ……… басқа.
  • 2. Бас ……. болса да, тіл ……… жоқ.
  • 3. Ұяттан …….тесік таппады.
  • 4. Көрмес түйені де ...............
  • 5.Көлден қорыққан шалшық
  • .........
  • 6. Төлден мал ..............
  • 1.
  • Е
  • 2.
  • С
  • Х
  • 3.
  • І
  • 4.
  • М
  • 5.
  • Ш
  •  
  • 6.
  • Е
  • х
  •  
  • Міне, балалар, біз аптамыздың алты күнінен де сүрінбей өтіп, рахаттанып демалатын күн ЖЕКСЕНБІ күнге де жетіп келдік. Яғни мен бұл күні сабақты қорытындылап, үй тапсырмасын беріп сіздерді бағалаймын.
  • Үйге тапсырма: 258 жаттығу
  • Жоғарда айтылған ережелерді жаттап қайталаймыз.
  • Оқушылардың өздерін-өздеріне бағалату
  • Камила –
  • Алибина –
  • Олжас Н –
  • Олжас Б –
  • Меруерт -
  • Балалар, үйге тапсырма түсінікті ме? Түсінікті болса сабақ аяқталды, сау болыңыздар!

Каталог: uploads -> doc -> 004b
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
004b -> Қаған Қаған сайлаған ұлықтар Ябғу, шад, елтебер, бұрық, тархан
004b -> Бөлімдер: Қазақ тілі Тақырып: Қайталау Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет