Сабақ: Эстафеталық ойындар.
|
Мектеп№3 Күршім гимназиясы КММ
|
Күні: 21.09.17
|
Мұғалімнің аты-жөні: Акиолдина М.Т
|
Сынып: 1
|
Қатысқаны: 18
|
Қатыспағаны: 0
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
|
1.2.2.2. Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз бетінше қалай
жұмыс істеу керек екендігін біледі
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
|
|
Эстафеталық ойынның элементтерін орындай алады
|
|
Оқушылар көпшілігі орындай алады:
|
|
Ойынның ережесін біледі
|
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
|
|
Күрделі жаттығулардан құралған эстафеталық ойындарды меңгере алады
|
Тілдік мақсат
|
Пәнге қатысты сөздік мен терминдер:
|
|
Эстафета, кегілі, кенгуру.
|
|
|
|
|
|
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:
|
|
Қандай эстафеталық ойын түрлерін білесіңдер?
|
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
|
Эстафеталық ойынның адам ағзасына пайдасы барма? Қаншалықты ?
|
|
Не себепті .....деп ойлайсыз?
|
|
Эстафеталық ойын ойнаған кезде адамның қай мүшесі қозғалып, дамиды?
|
Жоспарланған уақыт
|
40 мин
|
|
|
|
(Ишара) Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларды мақтау.
|
Алдыңғы оқу
|
1.2.5.5. Өзінің шығармашылық тапсырмаларының күшті жақтарын
және жақсартуды қажет ететін жақтарын іздейді және бақылайды
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Уақыты
|
Ресурстар
|
Басы
|
Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Баяндама қабылдау. Оңға, солға, кері бұрылу. Өткен сабаққа қысқаша шолу жасау. Оңға бұрыл. Алдыға қадам бас. Қол жоғары аяқ ұшымен, қол белде аяқ сыртымен, қол жанда аяқ ішімен, қол жоғары өкшемен жүру. Қолды алдыға созып жартылай отырып жүру. Қол желкеде толық отырып жүру. Тұру. Жүрістен жүгіріске ауысу. Оң және сол қырмен жүгіру. Қолды алдыға созып тізені алақанға тигізу. Қол жанда аяқ сыртын тигізу. Қол артта өкшені тигізу. Қол алда аяқтың ішкі жағын тигізу. Жоғарыға керіліп секіру. Жүгірістен жүріске ауысу. Бастапқы орынға тоқтау. Солға бұрыл. 1 – 2 – ге санал. 2 – лер екі адым алдыға. ЖДЖ:
Қол белде, аяқ иық деңгейінде, басты оңға 4 – рет, солға 4 – рет айналдыру.
Қол иықта, аяқ иық деңгейінде, иықты алдыға 4 – рет, артқа 4 – рет айналдыру.
Қол алдыға созылған, аяқ иық деңгейінде, қолды қайшылау.
Аяқ иық деңгейінде, қолды ішке 4 – рет, сыртқа 4 – рет айналдыру.
Қол белде, аяқ иық деңгейінде, белді оңға 4 – рет, солға 4 – рет айналдыру.
Қол тізеде, аяқ иық деңгейінде, тізені ішке 4 – рет, сыртқа 4 – рет айналдыру.
20 – рет отырып тұру.
Аяқты екі жаққа керіп созылу.
|
10 – 15 мин
|
|
Ортасы
|
Сапқа тұрғызу. Жаңа сабақ мақсатын түсіндіру.
Оқушыларды 1 – 2 – ге саналу арқылы 2 – і топқа бөлу. « Доппен жарыс » эстафетасы.
Бірінші бала екі баскетбол добын қолтығына қысып алып, межеге жүгіріп барады да, бір допты қалдырып, екінші допты келесі ойыншыға әкеліп береді. Келесі ойыншы бір доппен барып, екінші допты ала келеді. Ойын осылай жалғаса береді.Қай топ бірінші болып аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді.
« Математик кенгуру » эстафетасы. Мұғалімнің белгісі бойынша кедергілер арқылы үлкен доппен секіріп, спорт залдың келесі бетінде тұрған есепті шығарып, қайтып тіке секіріп келу. Секіріп келген ойыншы допты келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді. « Секіртпемен секіру » эстафестасы.
Сөре сызығының бойында тұрған 2 команда ойыншылары, белгіленген жалаушаға дейін секіртпемен секіріп барып, секіріп қайтады. Келесі ойыншыға секіртпе жіпті жылдам тапсыруы керек. Ойын осылай жалғасады.Қай команда жылдам секіріп келсе, сол команда жеңіске жетеді. Қорытынды есепті шығарып топ бойынша қай топ жеңіске жеткенін анықтап мадақтау. Сапқа тұрғызу.
|
20 – 25 мин
|
Баскетбол добы.
Баскетбол добы, кедергі, плакат, маркер.
Секіртпе, жалауша
|
Соңы
|
Сергіту жаттығулары.
Тынысты қалпына келтіру.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру
|
3 – 5 мин
|
|
Қосымша ақпарат
|
|
|
Интернет ресурстары
|
|