Сабақ ЖӘне оған қойылатын талаптар



Дата18.02.2017
өлшемі111,37 Kb.
#10124
түріСабақ
САБАҚ ЖӘНЕ ОҒАН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.
Матаева А.С, Павлодар облысы, Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің оқытушысы.
Оқытудың негізгі формасы – сабақ. Сабақты ұйымдастыру формасы – оқу процесінің міндетін іске асырудағы оқытушы мен оқушылардың іс-әректтерінің сыртқы көрнісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.

Сабақта оқушылырға білім берумен қатар, олардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.

Сабақ – күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.

Оқытудың аса жауапты міндеті – оқушыларды ғылым негіздерімен терең және берік қаруландыру, табанды және жемісті білім алуға оқушылардың ынтасын арттыру, оларды өздерінің алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету және дағдаларындыру болса, осы орайда оқытушының жауапкершілігі, оның сабақтар жүйесіне даярлануы оқу жұмысын ұйымдастыру үшін аса зор мәні бар. Жақсы жоспарланған, оқытушының нәтижелі даярлығын бейнелейтін сабақ оқу жұмысын ойдағыдай өткізудің ең жақсы кепілі болады.

Сабаққа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін ойластыру жұмысын әрбір мұғалім өзімнің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс.

Оқытушының сабаққа дайындалуы – аса жауапты іс. Оқушылардың алған білімдері сапалы болу үшін, оқытушы сабаққа сапалы дайындалу керек. Сабаққа дайындалған кезде оқытушы мынадай талаптарды ескере отыру керек.


Дидактикалық Психологиялық

талаптар талаптар

Сабаққа қойылатын талаптар



Гигиеналық талаптар Сабақты өткізу

техникасына

қойылатын

талаптар



  1. Дидактикалық талаптар:

  • Білімділік мақсаттарды нақты тұжырымдау және дамытушылық пен тәрбиелік мақсаттармен ұштастыра білу сабақ жалпы сабақтар жүйесіндегі алған орнын белгілеу;

  • оқушылардың дайындықтары мен білімдерін ескере отырып, оқу бағдарлама мен сабақтын мақсаттарына сәйкес, тиімді сабақ барысын белгілеу;

  • оқушылардың ғылыми білімдерді меңгеруін, сабақта және оның жеке кезеңдерінде білім мен дағдыны қалыптасуын болжау;

  • әдіс – тәсілдерді оқыту құралдарды ұтымды таңдау, олар сабақтың әр кезеңінде үйлесімді әсер етуі, танымдық белсендігін қамтамасыз ету, сабақта ұжымдық пен жеке жұмыс түрлерін үлестіру және оқушылардың оқудағы өздігінен білім алуды барынша қолдану;

  • сабақта барлық дидактикалық принциптерін жүзеге асыру;

  • оқушылардың білім алуы табысты болуына жағдай жасау.




  1. Психологиялық талаптар:

  • Оқушылардың пән бойынша және нақты сабақта дамуын жобалау;

  • сабақтың мазмұны мен құрлымын дамыта оқытудың принциптеріне сәйкестігін белгілеу;

  • білімді дайын қалыпта (оқытушы сөзінен, оқулықтан, мәтіннен т.б.) және ізденіс арқылы меңгеруін жоспарлау;

  • оқушылардың танымдық әрекеттерін ұйымдастыру;

  • оқушылардың жұмысын оқушының бағалауы мен бір – бірін бағалау және өзін - өзі бағалау түрлерін ескере отыру;

  • оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отыру.




  1. Гигиеналық талаптар:

  • Талу мен жалығуды алдын алу,

  • оқушының дұрыс дене тұрысын сақтау;

  • әрекеттер түрлерін кезектестіру (тыңдау мен жазу, практикалық тапсырмалар мен сөйлеу т.б.).




  1. Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар:

  • Сабақ әсерлі болу керек, оқуға деген қызығушылығын артып, білімге деген құштарлықты тәрбиелеу керек;

  • сабақтың темпі мен қалпы тиімді болып, оқытушы мен оқушылардың әрекеттері аяқталған болу керек;

  • оқытушы мен оқушылардың қарым – қатынасын ұйымдастыра білу;

  • сабақта тілектестік қалпы мен белсенді шығармашылық әрекет басым болу керек,

  • оқытушы сабақта әр оқушының белсенді қатысуын қамтамасыз ету керек.



Сабақтың талдауы.

Сабақтың талдауының түрлері сан алуан. Төменде үш түрлі сабақ талдауы ұсынып отырмын.



Өзін-өзі талдау.

  1. Сабақтың тақырыбы, сабақтың қай бөлімінде орын алды? Сабақтың өткен тақырыппен байланысы, келесі сабаққа бұл тақырыптың, бөлімнің әсірі. Сабақтың ерекшелігі мен түрі қандай?

  2. Оқушыларға педконсилиумның бағытымен нақты мінездеме беріңіз. Сабақ жоспарланғанда оқушылардың ерекшеліктері қандай бағытта болды?

  3. Сабақ үстінде қандай мақсаттар қойылды: а) білімділік; ә)дамытушылық; б) тәрбиелік ? Сабаққа қойылған негізгі мақсаттар қандай? Сабақтың мақсаты қойылғанда топ оқушылырының ерекшеліктері қамтылды ма?

  4. Сабақтың құрылымы ұтымды шешілді ме? Сабақта уақыт әр кезеңіне ұтымды пайдаланды ма? Сабақ кезеңдері бір-бірімен қисынды, ұтымды байланыста болды ма?

  5. Сабақ мазмұнында негізгі екпін сабақтың қай бөлімінде көрсетілді? Сабақтың ең негізгі мәніне көңіл бөлінді ме?

  6. Жаңа тақырыпты оқытуда қандай әдістер пайдаланды?

  7. Жаңа тақырыпты ашуда оқытудың қай түрі пайдаланды? Сабақта күрделіні жай бөлшектерге айналдыру тәсілі болды ма? Оны қалай жүзеге асыруға болады?

  8. Білімді қабылдауда білімділік, іскерлік, дағдылық іс-әрекеттерін бақылау қандай дәрежеде болды? Қандай әдіспен іс жүзіне асты?

  9. Пән кабинеті мен көрнекі құрал қалай пайдаланды?

  10. Сабақта оқушылардың белсенділігі неге байланысты болды?

  11. Сабақта жақсы жағдайдың болуы бір-бірімен байланыстың болуы неге байланысты болды? Мұғалімнің жеке басының оқушылырға тәрбиелік жағынан әсері қандай дәрежеде болды?

  12. Сабақта үйтапсырмасын ұтымды тексеру, уақытты ұтымды пайданануда ненің әсері болды?

  13. Сабақ барысында қосымша қандай әдістемелік жолдар пайдаланды?

  14. Сабақтың мақсаты ойлаған дәрежеде іске асты ма? Сабақ мақсатына толық жетпесе, оған не әсер етті?

Іскерлік деңгейін анықтау мақсатындағы сабақты талдау.



Сабаққа мінездеме

Сапасы (баға)

1

2

3

4

5

1

Мақсат қоя білуі.
















2

Мұғалімнің мақсатың оқушының мақсатына айналдыру.
















3

Сабақтың мақсатың іске асыруда әдіс-тәсілдерді таңдай білуі.
















4

Проблемалық жағдай туғыза білуі.
















5

Оқушының қалыпты іс-әрекетін ұйымдастыра білуі.
















6

Оқушының өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуі.
















7

Оқушының шығармашылық іс-әреке-тін ұйымдастыра білуі.
















8

Қарым-қатынасты ұйымдастыра білуі

а) оқушы-оқушы

ә) жұпта

б) топта


в) оқушы-оқытушы
















9

Салыстыруын қалыптастыра білуі.
















10

Ең негізгісін бөле білуін қалыптастыра білуі.
















11

Қорытынды жасай білуге үйрете білуі.
















12

Дәлелдей білуге үйрету.
















13

Шығармашылық ойлау білуін қалыптастыруы.
















14

Оқушының қаншалықта игергенін байқау.
















Сабақтың жалпы талдауы.



Сабаққа мінездеме

Кешірілмейтін қылық

Өте қиын жағдай

Жарамды (орташа)

Жақсы

Жоғары

Іскерлік

1

Мұғаліммен оқушының мақсаты.



















2

Сабақтың жалпы мазмұны.



















3

Кері байланыс

а) үлгі бойынша

ә) қолдану деңгейлігі

б) өзіндік

в) шығармашылық




















4

Сабақты ұйымдастырып, уақытың дұрыс бөле білуі.



















5

Әдістері:

а) қалыпты

ә) түсіндірмелі-суретші

б) жартылай іздену

в) топтық

г) зерттеушілік

д) қабілетіне қарай

е) жекелей





















6

Оқушының іс-әрекеті



















7

Үй тапсырмасы

а) үлгі бойынша

ә) деңгейлік

б) қабілетіне қарай





















8

Қаншалықты игергені

а) тен сұрау

ә) тест

б) бақылау



в) оқушының көмегімен

г) өзін-өзі бағалау.





















Әдебиеттер тізімі:

  1. Л.Д.Столяренко. Педагогика. Ростов на Дону «Феликс», 2000.

  2. Б.Ималбекова, К.Әбдрейімова, Қ.Мазаржанова.

Оқытудың негізгі формасы – сабақ. Алматы, 2003.

  1. Ж.Б.Қоянтаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика, А.ЕАУ, 1998.

  2. Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова Педагогика, Дарын-Алматы, 2004.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет