Сабақ жоспары № Пәні : қазақ тілі Пән мұғалімі : Меңдіғалиев ж топ: 202



Дата23.08.2017
өлшемі120,2 Kb.
#25053
түріСабақ
Тексерген________

Сабақ жоспары №

Пәні : қазақ тілі

Пән мұғалімі :Меңдіғалиев Ж

Топ:202

Сабақтың өтілетін мерзімі: 23.02.2017 ж.

Сабақтың тақырыбы: Мекен үстеуі (Ашық сабақ)

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік :Жаңа білімді жете меңгерту, жан - жақты сапалы білім беру. Мекен үстеуі туралы толық мәлімет беріп, түсіндіру.

2.Дамытушылық :Оқушылардың білімін, ойлау, еркін сөйлеу қабілетін,
шығармашылық қабілетін дамыту, қиялына қанат бітіру. Өтілген материалды тиянақты меңгеруге, жүйелі ойлау, ойларын әсерлі жеткізуге, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау.
3. Тәрбиелік:Білімді, сауатты, теорияны іс - тәжірибе жүзінде қолдана білетін жеке тұлғаны қалыптастыру.Оларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу,эстетикалық өнегелік ортасын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, слайд,плакат, топшыма.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО элементтері, СТК, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, өзін-өзі тану.
Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1.Амандасу, түгендеу.

2.Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.
3.Топқа бөлу ( балаларды топқа бөлу.Оқушыларды «Зеректер» және «Зейінділер» деп екі топқа бөлу).

4.Оқушылардың сабаққа қатысын қадағалау, көрнекіліктерді орналастыру.



ІІ Үй тапсырмасы: 218-жаттығу.

Қызығушылықты ояту. Интерактивті тақтаға көңілдерін аудару.

Балалар, тақтаға көз жүгіртейік.

(Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңін оқыту.)

Күн сұрақтары:

-Балалар, ал енді сендерге сұрақ қоямын.

Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

Үстеу дегеніміз не?

Үстеу сөзінің неше лексикалық мағынасы бар?

Үстеу құрамына қарай қалай бөлінеді?

Үстеу тұлғасына қарай қалай бөлінеді?

Үстеу мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

Мезгіл үстеуі дегеніміз не?

Оқушы жауабы:

1.Бір нәрсеге қосылған қосымша үлес, берілген артық нәрсе.

Мысал Ғафиден Мұстафиннің шығармасында «Бір пұт ұн, бір пұт бидай үстеу алдым» дейді

2. Сөйлемде түрленбей-ақ мекен, мезгіл, сын-сипат мәнін білдіріп, пысықтауыш қызметін атқаратын сөз табы. Үстеу сөзін қазақ тілінің граммастикасына қосқан тіл ғылымының атасы, реформатор Ахмет Байтұрсынұлы.

Мұғалім сөзі: -Дұрыс айтасың ендеше біз бүгін сабағымыздың өзегін ұлтымыздың біртуар ардақтысы,ірі тілші-ғалым және әдебиет зерттеушісі, дарынды ақын аудармашы, көсемсөздің шебері А.Байтұрсынұлының өнегелі сөзімен өрнектейміз.

Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Егер де біз қазақ деген ұлт болуды тілесек, қарнымыздың ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек.

Енді үш топқа құрамында мекен үстеуі бар екі сөйлем беру.

Абылай хан ішке кіргенде уәзірлері сыртта қалып қойды

Абылай сарбаздарына алдыда талай жеңістер күтіп тұрғанын айтты.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мағынаны тану.

Сөйлемде қимылдың , іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіретін сөздерді мекен үстеу дейміз.Мекен үстеу негізінен етістікпен тіркеседі.Мекен үстеулері де құрамы жағынан негізі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.

Мысалы: осында, ілгері, жоғары, әрі-бері,арттан.

Мысалы: осында, ілгері, жоғары, әрі-бері,арттан.



Сұрақтары

Мекен үстеуге тән белгілер

Қайда?

Қайдан?


Қимылдың іс-әрекеттің болу орнын,бағытын білдіреді

Мекен үстеулері негізінен етістікпен тіркеседі

Мекен үстеулері де құрамы жағынан негізгі я туынды түбір не күрделі түбір бола береді.

Осында,мұнда,ілгері, жоғары, әрі-бері, арттан т.б.


ІV.Сабақты бекіту.

Оқулықпен жұмыс

219- жаттығу

Дидактикалық материалдан жұмыс.

2-тапсырма



Мекен үстеулерін орнына қою және олардың жасалу жолын анықтау.

Зиярат етіп қайтуға

Жамбыл келді ... (алыстан).(Ж)

Екеуі екі айырмақ қамын жеген

(Бір шетке) ...кетпек болып, жұрт көрмеген.(А)

(Аулаққа)... шықпай,

Сыбырлап бұқпай мейірленбес еш сөзге.(А)
Жақсыменен дос болсаң,

(Алдыңнан)... шығар өбектеп.

Жаманменен дос болсаң

(Сыртыңнан)... жүрер өсектеп.

Құм басқан шөл жаға күн көзіне шағылысып, (алыстан)... ағарып көрінеді...

Мыңдаған шақырым құмды жағадан кейін саяхатшылардың (алдынан) ...бірінші рет құрма ағашы жайқалған жасыл желек шықты.


3-тапсырма


Үстеулер

Негізгі

туынды

күрделі

Кешке









Жылай-жылай










Ішкері






















Жоғарыда






















Қасықтап










Биыл











Бұлбұлша










Жаздыгүні












Үстеулерді етістікпен сәйкестендіру

Үстеулер

Етістіктер

Қасақана


Сөйледі

Шарасыздан

оқыды

Асыға

келісті

Өте жақсы

қайтты

Бүгін

кездесті

Анагұрлым

көбейді

Алыстан

келді



Үстеудің жасалу жолын сәйкестендіру

Үстеулер

Жасалу жолы

Алда, артта, баяғыда,әлгінде

Көмектес септігінің көнеленуінен жасалған

Шынымен, кезекпен,әуелден

Екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған

Асты-үстінен, жоғары-төмен

Жатыс септігінің көнеленуі арқылы жасалған

Бүгін,биыл, қыстыгүні

Жұрнақ арқылы жасалған

Ескіше, мұншама, тотыдайын

Кірігу арқылы жасалған














Семантикалық кесте

Үстеулер

Мезгіл

Мекен

Осында







Кеше







Бермен







Ауық-ауық







Артта







Қазір







Тұс-тұстан







Ендігәрі







Әрмен







Әуелде







Ілгері







Бағана







Сонда







Күн бата








Сергіту кезеңі

Жұмбақтар жасыру.

Көкке шаншып құйрығын

Келеді шауып жүйрігім

(Құлыншақ)

Тұрса жарға жабысып,

Жазылмайды құшағы.

Жемтік іздеп жарысып,

Түнде ғана ұшады

(Жарқанат)

Алыстан қарасам аппақ

Татып қарсам тәтті-ақ

(Қант)


Көшпелі оның қонағы,

Шығарар төмен- жоғары

(Лифт)

Жылжып жүріп ілгері



Көрсетер уақыт тілдері

(Сағат)


Мойны ұзын болғанмен

Әрең жетер төменге

Теңбіл-теңбіл денесі

Келеді не дегенге

(Жираф)
Сақтандырып тұс-тұстан,

Тұрады саған көз қысқан



(Бағдаршам)

Сөзжұмбақ жасыру.



V Сабақты қорыту.

Тақырыпқа орай тест

1.Үстеу дегеніміз...

А) Қимылдың әртүрлі сапасын, мезгілін білдіреді

Ә) Заттың сапасын, сынын білдіреді

Б)Заттың іс-қимылын білдіреді.

2.Үстеудің сұрақтарын тап

А)Қайда, қашан? Қанша?

Ә) Қайда, қашан?қандай

Б)Қашан қанша? Қай?

3.Мекен үстеулер қандай сұраққа жауап береді?

А)Қанша

Ә) Қайда?



Б)Қалай?

4.Мезгіл үстеулер қандай сұраққа жауап береді?

А)Қанша

Ә) Қайда?



Б)Қалай?

5.Қай сөйлемде үстеу бар

А)Мектепте түрлі сайыстар болады

Ә) Әке-бәйтерек, бала -жапырақ

Б)Бүгін сабаққа ерте келуіміз керек

6.Мекен үстеуді белгіле

А)Жоғары

Ә) Әдейі

Б) қазақша

7.Үстеудің неше мағыналық түрі бар?

А)5

Ә) 7


Б) 8

8.Туынды үстеуді көрсет.

А)Жылдамырақ жүр

Ә) Ертең келеді

Б) Әдейі бардым

9.Дұрыс жазылған үстеуді тап.

А)Жолжөнекей

Ә) Быйыл


Б) Ендігәрі

10.Шығыс септігінің көнеленуі арқылы жасалған үстеуді табыңыз.

А)Кеңінен әңгіместі

Ә) Кешке қайтты

Б) Кезекпен барды.


VI Кері байланыс:

Ағашқа жапырақтарды (өз ойларын) жапсарады.



VІІ Үйге тапсырма

Көркем әдебиеттен мекен үстеуі бар жеті сөйлем жазып келу. Оның екеуін морфологиялық талдау.



VІІІ Оқушылардың білімін бағалау.

Қорытынды
Каталог: uploads -> doc -> 0859
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0859 -> Келісілді доіжо култасбаева А. Х
0859 -> СӘрсенбай ділнәз ерболқызы 4-сынып тақырыбы: «Қошқармүйіз» оюының мәні мен мағынасы Бағыты
0859 -> 2 «Аманқарағай орта мектебі»мм «24» 11 2016 ж Шағын орталықтың ортаңғы тобының ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыТәрбиеші: Мукатова Г. М білім беру саласы
0859 -> 16 Желтоқсан Тәуелсіздік күні Тақырыбы: Қайдасыңдар, құйынның құрбандары!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет