Сабақ мақсаты: а Механикалық жұмыс ұғымын таныстыру және оның физикалық мағынасын меңгерту



Дата25.08.2017
өлшемі58,54 Kb.
#27117
түріСабақ
Сабақ тақырыбы §51 Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін

күш жұмысы.



Сабақ мақсаты: а) Механикалық жұмыс ұғымын таныстыру және

оның физикалық мағынасын меңгерту;

ә) Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту,

теориялық білімдерін практикада қолдана білу,

іс-әрекеттерін саралау дағдыларын дамыту;

б) Оқушыларды жауапкершілікке, іскерлікке,

дербестікке тәрбиелеу;

Механикалық жұмыс ұғымымен, өлшем бірліктерімен танысу және жұмыстың физикалық мағынасын түсіну.

Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақ әдісі: СТО стратегиялары;

Пәнаралық байланыс: математика, тарих, әдебиет;

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайдтар,

Сабақ барысы:


  1. Сабақты ұйымдастыру

Психологиялық баптау

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге, - деп Абай атамыз айтқандай, ғылым-білімге құштар болып сабақтарымызды жақсы оқуымыз керек.


  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Тұрмыста да, техникада да физиканың алар орны ерекше. Қарапайым жұмыс ұғымын алайық. Ұлы Абай «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық аздырар адам баласын... Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей» - деп бекер айтпаған. Жұмыс ұғымын талдап көрейік. (1 слайд)

Физикада механикалық жұмыс қарастырылады. Механикалық жұмыс ұғымын ХІХ ғасырда француз ғалымы Понселе ғылымға енгізді. Қысқаша жұмыс деп айтыла береді. Механикалық жұмыс күш әрекетінен дене орын ауыстырған жағдайда ғана жасалады. Дене орын ауыстыруы, яғни қозғалуы үшін оған белгілі бір күш әрекет етуі тиіс.

Механикалық жұмыс мысалдары (2 слайд)

Күш әрекетінен дене орын ауыстырғанда атқарылған жұмыс механикалық жұмыс деп аталады.

Миға шабуыл. Күш туралы сұрақтар.

Түсірілген күш бағыты дененің қозғалу бағытына сәйкес келсе, онда оның орын ауыстыруы S жүрілген жолға тең болады. Денеге неғұрлым үлкен күш әрекет етсе жасалатын жұмыс та, дененің осы күш әрекетінен жүретін жолы да соғұрлым үлкен болады.

Механикалық жұмыс түсірілген күшке және жүрілген жолға тура пропорционал:

Жұмыс =күш х орын ауыстыру немесе А=Ғ х S, жұмыс скаляр шама

Ғ=А/ S; S=А/Ғ

Кез келген физикалық шама сияқты жұмыстың да өлшем бірлігі бар. Жұмыстың өлшем бірлігіне 1 Н күштің денені бір метрге жылжытқандағы жұмысы алынады. Жұмыстың мұндай ХБ ХІХ ғасырдағы ағылшынның көрнекті ғалымы Дж. Джоульдің құрметіне берілген

1Дж=1Н х м. Жұмыстың еселік және үлестік бірліктері (3 слайд)


  1. Пысықтау. «Қызығушылықты ояту»

а) Берілген жұмысты Джоульде өрнектеу

0,25кДж = 1 мДж=

2,2 кДж = 2,5 мДж=

0,15МДж = 200 мкДж =

7,4МДж = 9 мкДж =

ә) Есеп шығару мысалы

б) Сәйкестендіру (4 слайд)

4. Деңгейлік тапсырмалар (5 слайд)

5. Қорытындылау

1. Біз бүгін қандай физикалық шамамен таныстық?

2. Механикалық жұмыс атқарылуы үшін қандай шарттар орындалуы тиіс?

3. Жұмысты қалай есептейміз?

4. Жұмыстың өлшем бірлігі қандай?

5.


A=F*S

A~S



A





Жұмыс

A~F

1 Дж

A<0

A=0

A>0


6.

7. Үйге тапсырма: §51, сұрақтарға жауап беру, №28-1,2 есеп



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы

№68 Т.Оспанов атындағы жалпы орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы».

Сыныбы: 7А

Пән мұғалімі: Д. Дуйсембеков

Пәні: Физика және астраномия

Мерзімі: 08.04.2016 ж

Төңкеріс ауылы



2015-2016 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет