Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: Қазақстан Президентін таниды Президент суреті



Дата08.07.2017
өлшемі130,7 Kb.
#20878
түріСабақ

Тәрбие сағат: Президент- жеке тұлға

Мектеп:





Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:





СЫНЫП:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу -тәрбие

мақсаттары


Елбасымыздың – туып өскен жері, өмір жолы, қызметі туралы мағлұмат беру. Оқушыларды рәміздермен таныстыру.Президетіміздің өмір жолын үлгі ете отырып, балаларды Отанын,халқын,жерін сүюге,азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.


Ресустар

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Президент суреті





Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • Президенттің аты –жөнін біледі








Кейбір оқушылар орындай алады:

  • Түрлі тапсырмаларды үйлесімді құрастыруды біледі



Тілдік мақсат

Президенттің өмірімен таныстыру.

Суреттер мен сөздерді пайдаланып, ойын жеткізу, сөздік қорын байту










Қазақстан – Казакстан-Кazakhstan.

Президент- Президент – the president








Сыныптағы диалог/тыңдалым үшін сай келетін тіл стилі:

Қарапайым ұғымдарға қатысты сөздер









Талқылауға арналған сұрақтар:спираль негізінде құрастыру





Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Әнұранмен сабақ басталады.

Топқа бөлінеді: смайликтер арқылы

Шаттық шеңбері:Отаным менің кең байтақ

Жайнаған оның қаласы

Отаным менің кең байтақ

Біздер оның баласы



Мұғалім:

-Ал енді балалар әр тобымызға ат қойып алайық!

-Айтыңдаршы балалар! Біз қай мемлекетте өмір сұріп жатырмыз

Оқушылар:-Қазақстан мемлекетінде

Мұғалім: -Ендеше1 топтың атын « Қазақстан» деп қоямыз

- Қазақстан біздің туған жеріміз солай ма?

Қазақстанды тағы не деп атуымызға болады?

Оқушылар:- Отан



  • Ендеше 2 топтың атын « Отан » деп қоямыз

Мұғалім:

-Осы Қазақстанымызды, Отанымзды кім басқарады?



Оқушылар: - Президент

Мұғалім : -Президентті тағы қалай атауға болады?

Оқушылар:- Елбасы

Мүғалім: Ендеше 3 топты Елбасы табы деп атайық?



  • Қазақстаннның бас қаласы, жан жүрегі қай қала?

Оқушылар: -Астана

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар! Ендеше 4 топтың атын Астана деп атайық.





Акт

Сабақтың басы

Балалар осы желтоқсан айы мерекеге толы ай болды.

Осы желтоқсан айында ең бірінші мереке қандай мереке болды?

Білесіңдер ме?


  • 1 желтоқсан Президент күні

Ертең қандай мерекені атап көрсетеміз

  • Тәуелсіздіктің 25 жылдығы

Бүгін балалар сендерге Қазақстан Мемлекетінің Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының өмірі мен еңбек жолы туралы мәлімет беремін. Сондықтан біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

«Президент жеке тұлға» деп аталады.

1 слайд.

Ол кісі 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайында Үшқоңыр ауылында әкесі Әбіш пен анасы Әлжан деген кісілердің отбасында туылды.Мырзабала атты әжесі «Нұрсұлтан» деп қояды. Еркелетіп «Сұлтан» деп атайды. Ол кішкентай Нұрсұлтан мектепті жақсы оқыды, зерек,ақылды болып өседі. Балалар сендер білесіңдер ме? Президент туралы кино фильм шыққанын. Ол қалай аталады?



  • Балалық шағымның аспаны

Ендеше осы фильмнен үзінді көрейік

-Ал енді балалар бала кезде кім болуды армандаған екен?-Ұшқыш

Бірақ әкесі оның ұшқыш болуын қаламайды.

2 слайд.

Әкесінің сөзін жереге тастамай еңбекке араласады. Теміртау қаласына келіп металлургия комбинатына темір балқытушы болып жұмысқа кіреді.Соң Украинаға оқуғу кетеді. Оқуын бітіріп қайта қызу еңбекке араласады



3 слайд

Еңбектің , табандылықтың арқасында саясатқа араласып, көзге түседі.

1991 жылы 1 желтоқсаанда Қазақстан Президенті болып сайланды. Халық сайлайды.

4 слайд

Нұрсұлтан Назарбаев – ұлттық дәстүрден тәрбиеленген, халқының бар қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихын жақсы білетін адам.

5 слайд.

Неше жасында президент болады? Кім айтады?



  • 44 жасында.

6 слайд

Ол кісі Президент болғалы бері Қазақстанды бүкіл дүние жүзі таныды. Шетел мемлекеттерімен достық қарым –қытынаста болды. Елімізде 103 дан астам түрлі ұлт өкілдері өмір сүреді . Солардың барлығы ынтымақта,тыныш, бейбітшілік орнаған мемлекетте жасайды




АКТ,бейне фильм

Сабақтың ортасы

Суреттермен жұмыс:Мемлекет болған соң оның жеке рәміздері болады .

Қазақстанның рәміздері Елтаңба, Ту, Әнұран.

1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.

Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

Жаңа әнұран 2006 жылы қабылданды, авторлары



Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов.Кім рәміздер туралы, Елбасы және астана туралы тиқпақ біледі. Отан туралы мақал мәтел білесіңдер ме?

Ерхан: Елбасы

Халқымның көсбасшысы

Тәуелсіз қазақ елім

Бақ қонған ғажап елім

Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасы елді қорғайды

Халық қамын ойлайды

Осындай жақсы адамнан

Жақсылығы тарайды

Дильназ: Ту

Күнді құшқан қас қыран

Аясында қалқыған,

Аспан түсті Туым бар,

Көк теңіздей шалқыған,

Нияз. Елтаңба

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат әдемі,

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі,

Құт береке шаңырақ

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ,

Зейнеп: Астана

Астанама қарашы

Елімнің жас қаласы.

Неткен ұлы, неткен кең!

Қазағымның даласы

Балалар енді топтарға бөліндік қой топ болып жұмыс жасайық.Әр топқа тапсырмалар беріледі.

1 топқа Елтаңба суретін құрастырады.

2 топ Ту суретін бояйды.

3 топ Отан деген тақырыпта сурет салады.

4 топ Президент сөзіне дыбыстық талдау жасайды және Президент қандай болу керек?деген сұраққа жауап береді.

Дайын болған топ шығып қорғай береді.



Рәміздер суреті

Рефлексия

Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма? Түсінікті болды ма?

Егер ұнаса «Бас бармақ тәсілімен» бағалаймыз бағалаймыз














Қорытынды



Ертең елемізде тағы мереке Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы. Бұл мерекені алыс елдерде өмір сүріп жатқан қандастарымызда қуана қарсы алады. Алғаш Президент сайланғанда да және Тәуелсіз ел болғанда да , олардың қуанышында шек болмады

Осы жайлы бейне фильм көрсек

Міне балалар! бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды. Мереке құтты болсын!

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев аталарың сияқты сендерде үлкен, білімд, елін сүйетін, халқын қадірлетін, Отанын қорғайтын азамат болыңдар!



Көк тудың желбірегені атты әнмен мерекеге арналған ашық тәрбие сабағымызды аяқтаймыз .


Бейне фильм


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет