Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті “Жедел шұғыл медициналық көмек негіздері” СӨЖ Күн өту кезіндегі алғашқы көмек Дайындаған: Әріпбай Меруерт Бейсенғалиқызы
Қабылдаған: Ахатаева Мальвина Борашевна
Жоспар:
Ыстық ұру немесе гипертермиялық кома.
Күн өту және оның белгілері.
Бастан күн өту және ыстық ұру қалай іске асады.
Бастан күн өту немесе ыстық ұру кезіндегі алғашқы көмек.
Күннен дұрыс қорғанайық.
Ыстық ұру немесе гипертермиялық кома.
Ыстық ұру немесе гипертермиялық кома – бұл сыртқы ыстық факторларының әсерінің нәтижесінде организмнің жалпы қызынуынан туындайтын патологиялық жай-күй.
Ыстық ұрудың ерекше түрі күн өту болып табылады. Бұл кезде бас аумағына тікелей күн сәулесінің қарқынды әсерінен орталық нерв жүйесінің зақымдануы өтеді.
Ыстық ұрған, күн өткен адам әлсірейді, басы айналады, ұйқы басады, дел-сал күй кешеді, құлағы шулайды, жүрегі айниды және шөлдейді. Тері жамылғылары қызарады, тахикардия мен тахипноэ дамиды, дене қызуы 41оС-ге жетеді. Ауыр жағдайларда тыныс алудың патологиялық түрі Чейн-Стокс, гипотензия дамиды. Кейде кома, құрысу, естен тану, психомоторлық қозу болады.Ыстық ұру мен күн өтудің белгілері ұқсас келеді.
Күн өту және ыстық өту- организмге қызу өтуден пайда болатын сырқат. Балаларға, етженді адамдарға, жүрек-қан тамырлары ауруымен және эндокринді аурулармен ауырған адамдарға қызу өткіш келеді. Әсіресе, шақырайған сәулеге басты қыздырғанда күн өтеді. Ағзаға күн сәулесінің әсері
Ми нейрондарының метаболизмі мен анаболизмінің бұзылысы
Мидың артериальды гиперемиясының жоғарлауы
Лимфа түзілісінің ми тінінде ұлғаюы
Мидың венозды гиперемиясының дамуы
Гипертермияның патогенді факторы
Мидың ісінуі
Миға қан құйылу
Мидың жаншылуы
Гипоксия, мидың жүйке орталығының бұзылысы
Ағзаның өмірге қабілетінің төмендеуі, өлім