Талқылау, ойын сабақ Керекті құралдар



бет1/5
Дата08.02.2022
өлшемі104,14 Kb.
#98279
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
5 сынып бейімделу
5 сынып бейімделу

Тақырыбы: « Біз 5 – сыныпқа барамыз»

Мақсаты : балалардың өз – өздерін тануға , психологиялық – педагогикалық көмек көрсету, оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі алғашқы сезімдерін , көңіл – күйін , сыныптың ұжымдастығын, психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуына ықпалын тигізу.


Сабақтың түрі : талқылау, ойын сабақ
Керекті құралдар : түрлі – түсті қағаздар , маркер , суреттер , ватман .
Сабақтың барысы :
I Ұйымдастыру кезеңі . Сәлемдесу.
Тренинг «Жүректен — жүрекке»
II . Психологтың кіріспе сөзі.
5- сынып дегеніміз не ?
Бесінші сынып дегеніміз – бастауыш буыннан орта буынға көшудің алғашқы кезеңі болып табылады. Бесінші сыныпта оқушылардың бейімделу кезеңі жүреді. Балада кіші мектеп жасынан өтуде психологиялық өзгерістер болады. Өйткені бастауыш сынып оқушысы бір ғана мұғалімге, бір кабинетке , яғни тұрақты қалыпқа үйренген. Ал орта сыныпқа көшкен кезде оларға бірнеше мұғалім сабақ береді. Сабақ кестесінің ауысуы, жаңа сыныптастарымен, жаңа ұстаздарымен қарым – қатынас жасау, мұның барлығы оқушының оқу мотивациясына әсер етеді. Балада мазасыздық пайда болады, сенімсіздік қалыптасады. Бастауышпен салыстырғанда сабақ үлгерімі нашарлайды. Баланың пәндік оқуға бейімделу кезеңі сәтті өту үшін оқушылардың білімге деген қызығушылығын оятумен қатар, жаңа сыныптастарымен, мұғалімдерімен қарым – қатынасына көмектесу керек.
Оқушыларға сұрақтар:
— 5 сынып дегеніміз не ?
— 5 сыныпта қандай пәндер оқытылады ?
— 5 сыныптан не күтесіз ?
— Мен бастауыш түлегі болғандықтан …
— 5 сыныпта мұғалім маған …
III. Топтық жұмыс. «Гүлге қонған көбелек».
Барысы : әр оқушы орта буында оқып жүргенде қандай ерекше жағдайдың болғанын арманын қағаздан қиылған көбелекке жазып, тақта алдындағы гүлге апарып қондырады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет