Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
|
5.1.В Натурал cандардың бөлінгіштігі
|
Сабақ: Математика
|
Мектеп: Сәтбаев қаласы, №16 ЖОББМ
|
Сабақтың тақырыбы: Ең үлкен ортақ бөлгіш.Өзара жай сандар
|
Мұғалімнің аты-жөні: Сафинова З.Б.
|
Сынып: 5
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
5.1.1.7. Ортақ бөлгіш,ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ),ең кіші ортақ еселік(ЕКОЕ) ұғымдарының анықтамаларын білу.
5.1.2.12. Екі және одан артық сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін,ең кіші ортақ еселігін табу.
5.1.1.8.Өзара жай сандардың анықтамасын білу.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар: ЕҮОБ- тің табу тәсілдерін біледі
|
Оқушылардың басым бөлігі: натурал сандардың ЕҮОБ- ін таба алады.
|
Кейбіреулер оқушылар: екі және одан артық сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін,ең кіші ортақ еселігін таба алады
|
Тілдік мақсаттар
Пәндік лексика және терминдер:
|
Пәнге тән лексика мен терминология: «ең үлкен ортақ бөлгіш», «ортақ бөлгіш», « жай көбейткіш», «натурал сан»,
«жіктеу»
Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер:
ЕҮОБ табу, жай көбейткіштерге жіктеу, өзара жай сандарды табу
|
Құндылықтарды дарыту
|
Топта жұмыс істеуде оқушылардың қарым-қатынас жасау қабілетін дамыту, шығармашылық, жауапкершілік, сын тұрғысынан ойлау құндылықтарын қалыптасу.
|
Бағалау критерийі
|
- Натурал сандардың ЕҮОБ мен ЕКОЕ қасиетін қолданады;
-өзара жай сандарды таниды;
|
Пәнаралық байланыс
|
Астананың зәулім ғимараттарының сандық жазылуларындағы бөлінгіштік белгілерін анықтауда тарих пәнімен байланыстыру
|
Бастапқы білім
|
5.1.1.1 құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу;
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.
Мақсаты: жағымды тілектер жеткізу арқылы, сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.
Осы шеңберде «кезекпен санау» арқылы топқа бөлу. (1;2;3) Сонда үш топқа бөлінді.
«Миға шабуыл» Кері байланыс
Натурал сандар деп қандай сандарды айтамыз? Натурал санның бөлгіші дегеніміз не?
18 санының---------------- (1,2,3,4,6,9,18)
30 санының --------------- (1,2,3,5,6,10,15,30)
Қандай заңдылық байқалады?
Осы сандардың ортақ бөлгіштерін ата: (1,2,3,6)
Осы бөлгіштердің ең үлкені қай сан?
Сонымен біздің тақырыбымыз: «Ең үлкен ортақ бөлгіш». Қалай ойлайсыңдар?
Сабақтың мақсаты қандай?
ЕҮОБ-(6)
Осы сұрақтар қою арқылы жаңа тақырып мағынасын ашамын.
ОМ анықтап алу
- Ортақ бөлгіш,ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ),ең кіші ортақ еселік(ЕКОЕ) ұғымдарының анықтамаларын білу.
|
Интерактивті тақта, слайд, топ атаулары жазылған парақшалар
|
Сабақтың ортасы
35 минут
|
Жаңа сабақ «Таныстырылым»
«Мағынаны ашу»
(Т) тапсырмалар барлық топқа бірдей беріледі.
Тапсырма №1
Мақсаты: топта өзара әрекеттестік ортасын құру:
Т. 1-тапсырма «Бір минут» стратегиясы
a) 28 және 42 сандарының ортақ бөлгіштерінің астын сызыңыз:
1, 2, 3, 4, 6, 7, 14, 21, 28;
Бағалау: «Бағдаршам» тәсілі
Жасыл - толық түсіндім;
Қызыл- түсінбедім;
Сары – сұрақтарым бар.
Т. 2-тапсырма
Мақсаты: «Сөйлемдерді аяқтаңыз» стратегиясы бойынша алған білімді қолданып орындау
a) Егер a саны b санына бөлінетін болса, онда ЕҮОБ (a,b) ...
c) Егер ЕҮОБ (a, b)=1 болса, онда …
ҚБ: «Бас бармақ» әдісі арқылы жауап үлгісімен топтар бір - бірін бағалайды. Есептің шығуына қарай белгі береді. Неліктен жоғары\төмен көтергенін түсіндіріп өтеді.
Т. 3-тапсырма
Мақсаты: адами шығармашылық құндылықтарды дарыту
2016 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтой жылымен және 15 санының ЕҮОБ табыңдар
Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты, әрі нақты қолдау көрсетемін.
ҚБ: «Индекс карточкалар» әдісі арқылы жауап үлгісімен топтар бір-бірін бағалайды. 1 бетіне есеп шығарғандағы жетістіктері туралы белгі соғады, 2 бетіне жіберген қателіктері туралы белгі соғады
| |