Сапқа тұру.
Кезекші рапорты.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Саптағы жаттығулар: түзел,тік тұр, оңға бұрыл, солға бұрыл, кері бұрыл.
Жүгіру, жүру жаттығулары:
Жеңіл жүгіру,бағытты ауыстырып жүгіру жәй жүріс, қаз жүрісі, бақа жүрісі, сол жақпен аяқ қою арқылы жүгіру, оң жақпен, теріс қарап жүгіру, тура жүгіру, тізені көтеріп жүгіру, бағытты ауыстырып жүгіру. Жәй жүріс. Дем алуын қалыпқа келтіру.
Арақашықтықты қол созым жерден белгілеу. Аяқтар арасы иықпен бірдей.
Жалпы дамыту жаттығулары:
1. Қолды алға созамыз-1, жоғарыға-2, жанымызға-3, түсіреміз-4.
2. Серпе қыймыл жасау. Оң қол жоғарыда, сол қол төменде 1-2, 3-4 қолды ауыстырамыз.
3. Қайшы жаттығуы: Қолды алға созып айқастыра серпу. 1-2, 3-4 қолды ауыстыру.
4. Қайшы жаттығуының екінші түрі. Құлашты кең жая серпу.
5. Қол белде мойынды айналдыра қимыл жасау. Оңға, солға, артқа, алға.
6. Белді айналдыра қимыл жасау. 4 рет оңға, 4 рет солға.
7. Кеудені айналдыра қимыл жасау. 4 рет оңға, 4 рет солға.
8. Тік ұшақ жаттығуы. Қолды екі жаққа созып айналдыра қимыл жасаймыз.
9. Қолды алға созып отыр-1, түрегеп қолды түсір-2. (тез санау).
10. қолды алға соз-1, жоғарыға-2, жанымызға-3, оңға бұрыламыз-4, тура тұрамыз-5, солға бұрыламыз-6, тура тұрамыз-7, қолды түсіреміз-8.
11. дем алуымызды қолыпқа келтіреміз 1-қолды жоғарыға көтеріп терең дем аламыз аяқ ұшына көтерілеміз; 2-қолды төменге түсіріп демді тез шығарамыз.
|