Сабақ Пәні: дене шынықтыру Сыныбы: 7 «а» Тақырыбы: Гимнастика. «Алға, артқа домалау»



Дата13.02.2017
өлшемі32,12 Kb.
#9349
түріСабақ
    Бұл бет үшін навигация:
  • Күні
«№2 Қашар орта мектебі» КММ.
Ашық сабақ

Пәні: дене шынықтыру

Сыныбы: 7 «а»

Тақырыбы: Гимнастика. «Алға, артқа домалау».

Мұғалімі: Серкебаев Махаббат.

2015-2016 оқу жылы

Сабақ жоспары № 100

Күні: Сыныбы: 7 «а» сынып Мұғалім: Серкебаев М.А. Пәні: Дене шынықтыру. Тақырып: Алға, артқа домалау. Өткенді қайталау. Техникалық дайындық. Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау. Спорттық гимнастиканы ен жайдыру. Оқушылардың дене дайындығын нығайту. Жабдықтар: көргезбеліктер, гимнастикалық орындық, маттар.

Бөлім

Сабақ барысы

уақыты


Әдістемелік нұсқаулар

Кіріспе бөлімі




Сапқа тұру.

Кезекші рапорты.

Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Саптағы жаттығулар: түзел,тік тұр, оңға бұрыл, солға бұрыл, кері бұрыл.

Жүгіру, жүру жаттығулары:

Жеңіл жүгіру,бағытты ауыстырып жүгіру жәй жүріс, қаз жүрісі, бақа жүрісі, сол жақпен аяқ қою арқылы жүгіру, оң жақпен, теріс қарап жүгіру, тура жүгіру, тізені көтеріп жүгіру, бағытты ауыстырып жүгіру. Жәй жүріс. Дем алуын қалыпқа келтіру.

Арақашықтықты қол созым жерден белгілеу. Аяқтар арасы иықпен бірдей.

Жалпы дамыту жаттығулары:

1. Қолды алға созамыз-1, жоғарыға-2, жанымызға-3, түсіреміз-4.

2. Серпе қыймыл жасау. Оң қол жоғарыда, сол қол төменде 1-2, 3-4 қолды ауыстырамыз.

3. Қайшы жаттығуы: Қолды алға созып айқастыра серпу. 1-2, 3-4 қолды ауыстыру.

4. Қайшы жаттығуының екінші түрі. Құлашты кең жая серпу.

5. Қол белде мойынды айналдыра қимыл жасау. Оңға, солға, артқа, алға.

6. Белді айналдыра қимыл жасау. 4 рет оңға, 4 рет солға.

7. Кеудені айналдыра қимыл жасау. 4 рет оңға, 4 рет солға.

8. Тік ұшақ жаттығуы. Қолды екі жаққа созып айналдыра қимыл жасаймыз.

9. Қолды алға созып отыр-1, түрегеп қолды түсір-2. (тез санау).

10. қолды алға соз-1, жоғарыға-2, жанымызға-3, оңға бұрыламыз-4, тура тұрамыз-5, солға бұрыламыз-6, тура тұрамыз-7, қолды түсіреміз-8.

11. дем алуымызды қолыпқа келтіреміз 1-қолды жоғарыға көтеріп терең дем аламыз аяқ ұшына көтерілеміз; 2-қолды төменге түсіріп демді тез шығарамыз.


15 минут

Спорт киіміне көңіл бөлу.

Жаттығуларды орындау


Негізгі бөлім




1.Гимнастикалық матта алға, артқа домалау жаттығуларын орындауды көрсету. Матқа қолды тіреп, басты қойып аяқпен итеріп жіберу. Басты бұғып, омыртқа жотасын алға бүгу. Тұрған кезде аяқтарды жинап алу. Дайындығы жақсы оқушыға жасатып жіберілген қателіктерді, кемшіліктерді көрсетіп оларды түзету. 2. Артқа домалағанда тіке баспен емес иық арқылы домалау. Тұрған кезде табанға отырып қалу. 3. Екі жаттығуды қосып орындау. 4. Белге, шпагатқа, омыртқа жотасына иілгіштік жаттығуларын жасау.

27

Жаттығуды орындау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.


Сыныпты сапқа қою.

Бағалау. Сұрақ жауап.

Үйге тапсырма.


3

минут


Бой жазу жаттығулары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет