Сабақ үрдісінде оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығын арттыруда сындарды оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдістерінің тиімділігі



Дата26.08.2017
өлшемі0,57 Mb.
#28306
түріСабақ
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Сабақ үрдісінде оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығын арттыруда сындарды оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» әдістерінің тиімділігі
Ерманова Жанна Есқабылқызы

тарих пәнінің І санатты мұғалімі

№23 орта мектебі

Атырау-2015 жыл

№23 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ерманова Жанна Есқабылқызы тарих пәнінен оқушы белсенділігі мен шығармашылығын арттыруда “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” атты баяндамасына

Пікір


Мектепте тарих пәнін оқытудың басты мақсаттарының бірі – қоғамның рухани және материалдық құндылықтары, тарих ғылымы мен өндірістік тәжірибе, тарих жетістіктерінің мәнін игерген тұлға дайындау.

Бүгінде білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан­жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды кәсіптік адамгершілігі, рухани азаматтың және көптеген адами қабілетінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Өзін­өзі дамытып, оқу­тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Осы талапты жүзеге асыру бағытында мұғалім тақырыпты дұрыс таңдаған.

Қазіргі кезде заман талабына сай білім берудің дамуы мен тенденцияларын қамтитын технологиялардың бірі. Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту жобасы. Осы әдіс­тәсілдерді қолданудың артықшылығы. Бұл жоба сабақ барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға,өз бетінше білім алуға, шығармашылығын дамытуға ықпал етеді. Оқушылар үшін сабақ қызықты жеңіл өтеді, ұжымда бірлесе жұмыс жасауға үйренеді, білім тереңдігі мен тиянақтылығы артады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызды екендігіне қолдаушылық білдіре келе баяндама облыстық ғылыми жобаға ұсынуға лайық деп танылды.

Мектеп директоры: Улжагалиев Д.Т.

Жоспар


  1. Кіріспе



  1. Негізгі бөлім



  1. ХХІ ғасырда білім саласына өзгеріс не үшін керек?



  1. Сындарлы оқытудың тиімділігі мен маңыздылығы.



  1. Қорытынды

Зерттеу жұмысының нәтижесінде білімнің құнды болып саналуы

Қазіргі қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де,жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «XXI ғасырда нені оқыту керек? » және екіншісінен- ол да маңызы жағынан біріншіден еш кем емес:«Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?».

XXI ғасырда әлем елдері білім беру жүйесінде реформалар жүргізіп отыр.Қазір әлем жылдам өзгеруде.Сондықтан еліміздегі білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесінен әлеуметтік -экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениеттегі, әлемдегі ақпараттық даму жаңа әдістерді пайдалануды талап етіп отыр.Сондықтан қазіргі уақытта ғылым мен техниканың даму қарқыны білім беру саласында жаңа технологиялық әдістер мен инновациялық құрал-жабдықтарды мүмкіндігінше керек етеді.

«XXI ғасырда білім беру жүйесі қандай болуы керек?»  сауалы саналы адамзат баласын ойландыратыны сөзсіз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың: «ХХІ ғасырда білім беру ісін дамыта білмеген мемлекет құрдымға кетері хақ. Сондықтан біз болашақта жоғары технологиялық және білікті өнеркәсіп мамандарының шоғырын қалыптастыруымыз қажет »,-деген сөздерінің маңызы зор.

Елбасы жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанның білім саласына ерекше назар аударып,болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру Қазақстанның одан әрі қарыштап дамуына үлкен үлес қосуда.Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі, болашақтың тірегі жастардың білім саласында толыққанды білім алуына жағдай жасап отыр. Біздің бүгінгі білім беру жүйесінің негізгі бағыты оқушылардың білімі мен іскерлік дағдысын кеңейту, олардың мәдениеттілігін арттыру, қабілеттерін, шығармашылық мүмкіндіктерін, жеке даралығын қалыптастыруды мақсатты түрде дамыту болып табылатын әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған.

Сонымен қатар елбасы Н.Ә.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт 2020» ұлттық жобасы идеясы туралы айта келе бүгінгі тұлға жүйелі және сын тұрғысынан ойлай білу қабілеттерін меңгеру,алған білімдерін кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білу, өз бетінше білімін үнемі жетілдіру машықтарын игеру, жаңа шешім қабылдай білу және технологиялар мен инновацияны меңгеру қабілеттеріне үлкен мән беретіндігін бірнеше рет атап өтті.



Білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін өз еліміздің білім беру жүйесін халықаралық стандарттар деңгейіне шығару қажет. Бұл-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Мен осы өзгерістерді өз мектебіме қалай енгізетінін боламын деген сұрақтарға жауап беру үшін алдымен өзім өзгеруім керек деп шештім.Оған түрткі болған педагогика ғалымы С.Бичтің: «Әлем өзгергендіктен,сізде өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз.Сіз өзгересіз,себебі сіз білім алғанды,білім бергенді жақсы көресіз,балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз,оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет.Сондықтан сіз де,оларда өзгеруі қажет » деген болатын.Осы сөзді ескере отырып, әріптестеріме заман талабына сай сындарлы оқытудың артықшылықтарын іс-тәжірибе жүзінде дәлелді түрде көрсете алсам, болашақта осы мұғалімдердің жаңа әдіс-тәсілдерді сабақ үдерісіне тиімді қолдана алуына ықпал ета аламын деп осы жобамен жұмыстандым.ЭЫДҰ мүшелілігіне кіретін:Канадада,Германия,Финляндия мемлекеттеріндегі білім жүйесі сәтті және дер кезінде реформалау нәтижесінде талай жетістіктерге жетті:  экономиканың өсуіне, елдің әлеуметтік дамуына, технология мен ғылыми зерттеулерде инновациялық саясатты жүзеге асыруға, сөйтіп бүгінгі таңда әлемнің ең озық өркениетті елдері қатарынан көрінуде.

Президент Үкіметтің 2010 жылғы жұмысында,сондай-ақ Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын түпкілікті пысықтағанда Финляндияның білім беру тәжірибесін басшылыққа ала отырып, үйренген жөн. Финляндиямен қарым-қатынас Қазақстан үшін аса қажетті. Себебі, бұл ел әлемде өзіндік орны бар, білім-ғылым саласында, инновация бағытында алдыңғы қатардағы мемлекеттердің бірі. Егерде біз бәсекеге сай ел болғымыз келсе, Финляндияның жүрген жолымен өтіп, тәлім-тәрбие алғанымыз өте пайдалы болады»-деп осы елдің қарқынды дамуының маңызды тұстарын да атап көрсеткен болатын. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 сәуірде өткен кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (бұдан әрі - ДББҰ) бірнеше жыл бойы білім беру саласындағы үздік халықаралық тәжірибе мен практиканы талдап, енгізу ісімен айналысып келеді. Ел үкіметі жаңартылған білім беру мазмұнына көшудің тұжырымдамалық тәсілдемелерін мақұлдап, 2015 жылы еліміздегі 30 мектепте білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдаған болатын.Сондықтан да аталған тәжірибе 2015 жылдың қыркүйегінен бастап, еліміздегі жалпы білім беретін 30 мектептебі пилоттық жобанымен жұмысын жасауда.Бастауыш мектептің  стандартын еліміздегі білім беру жүйесіне жаппай енгізу 2016 жылдың 1 қыркүйегінен басталады деп жоспарланған. Сондықтан да әлем елдерінің білім беру реформасына енгізген өзгерістерді мен жұмыс жасап жүрген №23жалпы білім беретін орта мектеп басшылығы мен мұғалімдері біртіндеп енгізуді қажет деп шешті.Мысалы: Финляндия білім беру реформасын енгізсе, оқушылар мектепте алған білімдерін қоғамда, өмірде қажеттілікке айналдыра алатын, барынша қолдана білуге үйрететін ең жаңа оқыту технологияларына, технологиялық құралдарға негізделген тәжірибелік-зертханалық сабақтарды өткізуге қол жеткізе алар еді.Менің мектебімде көптеген мұғалімдер оқушыларды оқытуда көбіне жаңа әдістерді қолданғанмен,оқушылар үшін білім мен дағдылар тең дәрежеде екендігін ескере бермейді. Сондықтан мен осы елдің бұл тәжірибесін өз мектебімізде сабақ беру тәжірибесіне енгізе отырып,оқушылардың оқуын жетілдіруге көмектеседі деп ойлап,оқушыларды топтен оқытуға,оқушылар арасында белсенділік туғыза білуге,еркін сөйлеуге және заманауи технологияларды жиі қолдану керек деп білдім.Осы өзгерісті мектеп тәжірибесінде енгізбес бұрын мектебімнің бастапқы жайдайын білу үшін зерттеу жұмысын жүргіздім. Мектеп жоспарына енгізілетін басымдық тақырыбын анықтау үшін мұғалімнің ХХІ ғасырда өзгеру керек екендігі туралы ой қозғау,қалай өзгеру керек екендігі туралы және әріптестер тобымен бірлесіп оқыту мен оқуда мұғалімнің қызметінің жауапкершілігі туралы кәсіби пікір алмасу мақсатында және әріптестер арасында ынтымақтастық орта қалыптастыру үшін «Мұғалімнің құзіреттілігін арттыру» тақырыбында семинар коучинг өткіздім.Мақсатым мектеп ұжымын дәстүрлі оқытудан сындарлы оқыту жүйесіне көшуге ынталандыру, ұжымды өзгеріс енгізуге дайындау болатын. Сондай-ақ педагогикалық қуатты жеті құралмен таныстыру арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағыт бағдар бердім.Семинар коучингте сындарлы оқытудың ерекшеліктері туралы  таныстырып өтіп, видео СРМ көрсету арқылы әлем өзгергенде біз де өзгергіміз керек,оқыту үрдісіндігі кедергілерді жеңу біздің де міндетіміз деп сөзімді Конфуцийдің «Маған айтып берсең ұмытып қалармын, көрсетіп берсең, есте сақтармын, өзіме жасатсаң, үйреніп алармын» деген сөзімен аяқтап,әріптестеріме ой тастадым.

Кейін мектептің бастапқы жағдайларын анықтау мақсатында мұғалімдермен, ата-аналармен, оқушылармен бастапқы сауалнама жұмыстарын жүргіздім.



Алынған мәліметтер мектептің даму басымдықтарын анықтауға көмектесті. Нәтижесінде біз мектепті дамыту жоспарымның басымдығы етіп сыни ойлау модулін таңдадым. Мектепті дамыту жоспарының тақырыбын «Топтық жұмысты оқу үдерісіне енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» деп алдық.Жалпы педагогикада сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану»деп сипатталады.Сын тұрғысынан ойлау-Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік болып отыр.Бұл модуль оқушылардың да,мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауды көздейді.Мектептің дамыту жоспарының басымдығы етіп бұл тақырыпты алуымыздың себебі мектеп оқушыларының жан-жақты дамыған, өздігінен ой қорыта алатын, пікір білдіре алатын, өз пікірін талдай алатын, ойлау жайлы ойлана алатын нағыз ХХІ – ғасыр азаматтарын тәрбиелеу.Мектебінің дамыту жоспарын жасау барысында әріптестер деректерді талдауға және басымдықтарды анықтауға көмектесті.Сөйтіп мектептің мықты және әлсіз жақтары анықталды.Барлық зерттеу жұмыстарын талдай отырып,нәтижесінде пайдалы, қолжетімді болатын басымдылықтарды енгіздік.Қойған басымдылықтар төмендегіше болды.

-      Мектеп  мұғалімдері жаңашылдыққа ұмтылу мақсатында, өздері пайдаланып жүрген әдіс- тәсілдерін сабақтарында тиімді пайдалануға және жетілдіруге талпынады;

-       Мұғалімдер топпен жұмыс істеуге дағдыланады;

-        Мұғалімдер өздерін бағалай отырып, өз-өзін реттеу, өз

мүкіндіктерін түсіндіру;

-        Мұғалімдер оқушылардың  қызығушылығын арттыруда  өздерінің қажеттілігін сезінеді;

-       Оқу сапасын арттыруға, білім деңгейінің жоғарылауын

дамытуға жұмыстанады;

-       Оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтайды;

-      LS тобы жұмысын жандандыру;

Одан әрі осы мектепке енгізілген өзгерістерге қандай әдістер мен тәсілдерді қолданамыз деген бағытта жұмысымды жалғастырдым.Сын тұрғысынан ойлау бақылау,тәжірибе,толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну,бағалау,талдау және синтездеу қолданылатын әдіс болып табылады.Сондықтан мектептің даму жоспарындағы басымдылықтарға сай төмендегідей тақырыпта семинар коучингтер өткізілді:«Жаңа модульдің жеті кереметі»,«Оқу процесінде сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану тиімділігі», Кембридж бағдарламасының негізгі идеясын түсіндіру мақсатында «Мұғалімнің құзіреттілігін арттыру»,«Оқу процесінде сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану тиімділігі»,«Жас ерекшеліктеріне сай тапсырма беру тиімділігі».Іс-әрекеттегі зерттеуді жүзеге асыру мақсатында дөңгелек үстел,«Көшбасшылық-тәжірибені жетілдіру құралы» тақырыбында коучинг ұйымдыстырып өткізілді.Ұйымдастырылып өткізілген коучингтердің қайсысы болмасын мұғалімдерге сындарлы оқыту жүйесінің жеті модулін толық түсіндіруге бағыталып өткізілді.Төменде өткізілген коучинг семинарларының жоспары берілген.(Үлгі)



Коучинг

16 қыркүйек

2015 жыл

Дайындаған

Тарих және география пәні мұғалімі Ерманова Жанна Есқабылқызы

Тақырыбы

«Мұғалімнің құзіреттілігін арттыру»

Мақсаты

Мұғалімнің ХХІ ғасырда өзгеру керек екендігі туралы ой қозғау,қалай өзгеру керек екндігі туралы және әріптестер тобымен бірлесіп оқыту мен оқуда мұғалімнің қызметінің жауапкершілігі туралы кәсіби пікір алмасу;

Күтілетін нәтиже

• Мұғалімдердің кәсіби жұмысқа деген көзқарасы өзгереді.

• Мектептегі әдістемелік жұмысқа өзгеріс енгізеді.

Әрбір мұғалімнің қызметтегі жауапкершілігі мен мектептің дамуына септігін тигізетін даму бағыттары бойынша сындарлы кері байланыс ұсынады.


Негізгі ой

Әлем өзгерді, біз де өзгереміз. Кедергілерді жеңу




Мұғалімге арналған нұсқаулық Бірінші (ілгері) деңгей.

"НЗМ" ДББҰ, 2012. 6_L3W1D1



Коучинг-сессияның барысы

Коучтің әрекеті/ уақыты

Мұғалімдердің әрекеті

Ресурстар

І. Ұйымдасыту:

СЕРГІТУ СӘТІ. Әуенмен

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық

Уықтар боп иіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

Танысайық: Әр мұғалім өзінің атын, сол әріптен басталатын жеміс-жидектің атын айтады.

Мақсаты: Мұғалімдердің көңіл- күйі көтеріледі,

Осы тапсырманы орындағанда не сезіндіңіздер?

Оқушылар осы тапсырманы қалай орындайды деп ойлайсыздар?

ТОПҚА БӨЛУ . «Түстер де сыр шертеді»Әуен жіберіліп, мұғалімдерге әртүрлі түрлі түсті қағаздар беріліп, соның ішінен өз қалаған түстерін таңдауға рұқсат етіледі. Ойынмен ұжымды 4 топқа бөлемін.Мұғалімдерге өздерінің таңдаған түстерінің мағанасы қандай екені айтылады.

Мақсаты:

Әр топ «ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болу керек?» сұрағына кластер құрады


-жеке: - жұппен; - топпен; - ұжыммен. Әр топ жұмыстарын қорғайды – 5 мин.

Ортақ шешім қабылданып, ортақ постерге түсіріледі.

Мұғалімдердің пікірлерін талқылау және топтағы жұмыстың тиімділігін арттыру. Қатысушылардың белсенділігін арттыра отырып, тақырыпты өздері ашуына мүмкіндік беру.
3. Бейнефильм көрсету «Әлем өзгереді – мен де өзгеремін» 

4.Тренинг «Өрмекшінің торы » Рефлексиялық кері байланыс

5. Бүгінгі семинар-коучингтен не алдыңыздар?

Қортыныдылау. Мақсаттың SWOT талдауы)

БҮҮ стратегиясы Мұғалімдердің пікірлерін стикерге жаздырып, арнайы суретке жапсыру және топтағы жұмыстың тиімділігін кері байланыс арқылы білу.


- жаттығу жасайды

Таңдаған түстері бойынша топқа бөлінеді;
Сөзді топтастырады

Мұғалімдер өз ойларын айтады

Постерге жазып, қорғайды


Үлестірмелік заттар;

-Постерлер; -Түрлі-түсті маркерлер;

Үлестірмелік карточкалар


-Постер


-Презентация
-Постерлер;

-Түрлі-түсті маркерлер;






«Жаңа модульдің 7 кереметі»  коучинг жоспары

Тақырып

Жаңа модульдің 7 кереметі.

Сілтеме

1-деңгейлік МАН интернет материалы

Жалпы мақсаты

Мұғалімдерді 7 модульдің  негізгі ұғымдары мен  тәсілдерімен таныстыра отырып, практикасында  пайдалану жолдарын ұсыну.

Күтілетін нәтиже

7 модуль  әдіс-тәсілдерін өз тәжірибесінде пайдалану

Түйінді идея

Оқушы қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер

Ресурстар

Маркер, А3, А4 парақтар, стикерлер,желім,қайшы,бейнежазбалар

Коучинг өту барысы

Коучинг сессияның өтілу кезеңдері

уақыт

Коучингке қатысушылардың  іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Ұйымдастыру

2 мин


Коуч коучингтің тақырыбымен таныстырады

Мұғалімдер сабақтың тақырыбы мен танысады




12 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптасыру. «Менің достарым » тренинг

  1. Қолмен амандасу

  2. Арқасынан қағу

  3. Күлімсіреу

  4. Қол бұлғау

  5. Шынтақ түйістіру

  6. Үндіше сәлемдесу

  7. Тілек тілеу

  8. Ауадан сүйіспеншілік жіберу

  9. Массаж жасау

  10. Арқасын сүрту

  11. Шапалақтау

  12. Екі қолдан ұстап айналу

Мұғалімдер 12 сағат бойына жоспар жасап, оны іске асырады

Бейнежазба көру

3мин

«Әлемнің 7 кереметі»




Тосын сұрақ

2 мин

Бала бойындағы кереметті қалай көруге болады?

Көргендерін өз ойларымен бөліседі.

Топпен жұмыс

30 мин


Менің мамандығымның 7 кереметі.



Менің мамандығымның 7кереметі.(постер қорғау)

Таныстырылым


5 мин

Презентация: 7 модуль бойынша түсініктеме

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2. Сынитұрғыдан ойлауғаүйрету.

3. Оқытуүшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.



6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Мұғалімдер таныстырылыммен танысады.

Топтық жұмыс

15 мин

Әр топқа сабақ жоспарын жасатып, сол сабақтардан 7 модулді табу жолдарын көздейді

Мұғалімдер сабақ жоспарын жасап, жасаған сабақтарынан 7 модулді табады (постер)

Ой сергек

5мин

Сергіту сәті «Жақсы адамдар» әні

Мұғалімдер «Жақсы адамдар » әуенмен көңілді ән айтады

Қорытынды рефлексия

3 мин

Қатысушылардан коуч қорытынды ретінде жазбаша пікір алады.

Аты-жөні:

Коучинг не туралы болды?

Бүгінгі коучинг сізге ұнады ма?

Бұл коучингта сіз үшін не қиын болды?

Бұл сіз үшін неге қиын болды?

Бұл қиындықты ненің көмегімен еңсердіңіз / еңсере аласыз?


Мұғалімдер А4 қағазына өз ойларын жазып қалдырады



«Басқару мен көшбасшылық» коучинг жоспары

Тақырып

«Басқару мен көшбасшылық»

Сілтеме

1-деңгейлік МАН интернет материалы

Жалпы мақсаты

Көшбасшы, көшбасшылық туралы ұғымын кеңейту, көшбасшылық қасиеттерін аша білу, бүгінгі қоғамдағы көшбасшының рөлін анықтап, дәріптеу.

Күтілетін нәтиже

Тoптaca жұмыc aтқaрa oтырып,  мұғалімдер әріптестері арасында  педагогтың ең маңызды кәсіби қасиетінің бірі – көшбасшылық ұғымы  жөнінде    ақпаратпен алмасып, оқытушы  көшбacшылығы турaлы түciнiк қaлыптacып,  өз тәжірибелерімен бөліседі.


Түйінді идея

Оқушы қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер

Ресурстар

Маркер, А3, А4 парақтар, стикерлер,желім,қайшы,бейнежазбалар

Коучинг өту барысы

Коучинг сессияның өтілу кезеңдері

Уақыт

Коучтің   іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Ұйымдастыру


3 мин

Сергіту сәті. «Қызыл өрік» биімен (топқа бөліп отырғызу)


Сергіту сәті. «Қызыл өрік» биін билейді.

Бейнебаян көру

5 мин

«Құмырсқаның әрекеті» туралы бейнебаян көрсету

Сұрақ?


Бейнбаянда сіздер нeні бaйқaдыңыздaр? т.б.

Бейнебаянда тамашалағаныңыздай бүгінгі коучингте қандай тақырып қарастырылады  деп ойлайсыздар?




(Әр тoп өз oйын oртaғa caлaды)


Топпен жұмыс

20 мин


Құрметті әріптестер,  міне біз бүгінгі тақырыбымызды тереңірек талдау үшін сіздерге арнайы сауалдар беріп, топтық жұмыс арқылы бірге талқылайтын боламыз. Енді әр топтың басшылары  ортаға келіп сұрақтарды таңдап,  алуыңызды сұраймыз. Осы сұрақтарды топта талқылап, постер дайындап, ортаға келіп қорғауыңыз қажет.

Сұрақтар:

1.Көшбасшы деген кім?

2.Көшбасшы болу үшін  қандай қасиеттерге ие болуы керек?

3.Көшбасшылық: бұл қасиет мұғалімге қаншалықты қажет және маңызы қандай?

4.Ең алдымен көшбасшының тұлғалық қасиетін, содан соң  оқытушының кәсіби қасиеттерін ретпенен жазыңыз?

5.Өзіңізді ұжымыңызда көшбасшымын  деп сезінесіз бе?

6.Егер сіз көшбасшы оқытушы  болсаңыз мұғалім мансабын қалай көтерер едіңіз?

7.Мұғалім  ұжымындағы көшбасшылық іс-әрекетінде кездесетін қандай кедергілер бар?

8.Педагогтың ең маңызды кәсіби қасиетінің бірі – көшбасшылық қабілетінде дегенді қалай түсінесіздер?

9.Оқу-тәрбие үдерісін жақсарту мақсатында сіздің көшбасшы ретінде ұсынысыңыз?…

10.Көшбасшы ретінде мұғалімнің мәртебесін  көтеру үшін не істер едіңіз?…

11.Көшбасшы оқытушыға ұжым тарапынан  қолдау қажет  деген  пікірге қалай қарайсыз?

12.Көшбасшы оқытушыға өз тарапыңыздан қандай көмек көрсетер  едіңіз?


Топқа бөліну бойынша тақырыптың маңызын ашу (постер қорғау)


Таныстырылым

Түйін.

5 мин

Көшбасшы ұғымына анықтама беру (презентация слайд)

Құрметті әріптестер енді көшбасшы ұғымы бойынша сіздің пікірлеріңізді жинақтап түйін жасайық.  Сонымен көшбасшы – оқытушы  дегеніміз кім?



Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы  деген мағына  білдіреді) – нақты формальды  және формальды емес ұйымдағы  бір адамның басқа адамға  немесе топқа  әсер ету  арқылы  басқарудың  көрінісі.

Көшбасшы  жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін, ауыртпалыққа төзе білетін тұлға.

Көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адам бойында біркелкі қалыптаспайды, себебі  әр тұлғаның өзіне тән даму ерекшеліктері бар.

Заманымыз өзгеріп отырғандықтан, адам баласы өмір бойы түрлі дағдыларды үйреніп, заман талабына сай көшбасшы болуға ұмтылуы қажет.        Көшбасшылық – бұл талант. Оны дамытпасаң ол өшеді.

Көшбасшылық – бұл адамдарды жинап алға қойылған мақсатқа бағыттау.

Көшбасшы оқытушы  мен Басшы мағынасы бір емес.

Басшы – бұл  жұмысты беруші және сол жұмыстарға жауап беруші. Жақсы басшы  орындалған жұмысты реттеп қабылдап отырады.

Ал,  Көшбасшы оқытушы  адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде  болашақты көру қасиеті арқылы  адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды. Көшбасшы оқытушы болу үшін  сізге  өзіңіздің дамуыңызға, жұмыстағы құлшысыңызға көп көңіл бөлу керек.



Көшбасшы оқытушының кодексі

  • Өзіңнен жоғарыдағыларға қарапайым бол, бірақ өзіңді төмендетпе.

  • Өзіңмен теңдестерге қысқа, бірақ сыйластықта бол.

  • Өзіңнен төмендерге мейірімділік танытып, достық қарым- қатынаста бол.

Көшбасшының бойында көп қасиет бар десек те, ішінен ең негізгісін атап көрсетуге болады. Олар – табандылық, тәуекелге бару, ақыл, жылдамдық  және мінезі жақсы болуы тиіс

Мұғалімдер таныстырылыммен танысады.

Топтық жұмыс

«Алты қағаз» стратегиясы және «Айналмалы бекет» стратегиясы

10 мин

Көшбасшының  оқытушының бойынан табылатын қасиеттер:

  1. Салмақтылық. Өзін ұстай алмайтын, тез ашуланатын көшбасшы соңынан ергендерді тығырыққа тіреуі мүмкін. Сондықтан ол әрдайым сабырлы болуы тиіс.

  2. Өзін көрсете білу. Алдына қойған мақсатына жетуге деген құштарлық. Ол алдына үлкен мақсаттар қойып, оған жетіп, өзгелерге үлгі бола білуі керек. Мысалы, мұғалім берген тапсырманы өзгелерден бұрын әрі дұрыс орындау.

  3. 3. Дұрыс шешім қабылдау. Ол ситуацияға жылдам баға беріп, қиын мәселенің шешімін дұрыс табады. Өзін де, сыныбын да табысқа жеткізетін мүмкіндіктерді қалт жібермейді.

  4. Ынта. Көшбасшы барлық іске ынталы келеді. Ол өзінің мінезімен өзгелерге үлгі бола алады.

  5. Табандылық. Көшбасшы үнемі қозғалыста болып, сұрақтың мәнін түсінеді. Сұрағына жауап алмайынша тынбайды. Ойға алған жоспарларын міндетті түрде жүзеге асырады.

  6. Өзіне деген сенімділік. Көшбасшы жүрегі мен ақылын қатар тыңдап, аяғында нық тұрады. Мұнымен қатар эмоционалдық тұрақтылығы бар.

  7. Психологиялық дайындық. Өзінің қасындағы әрбір адамның пікірімен санасады. Өзгелерді тыңдау арқылы жаңа ақпараттар жинайды. Мәселелерді ортаға салып талқылайды.

  8. Шынайы көзқарас. Оптимистер үнемі алға тартып, армандап жүрсе, пессимистер кейін жүреді. Ал реалистер барлығына дұрыс баға береді.

  9. Білімге деген құштарлық. Өз бетінше ізденіп, жаңа технологияларды толығымен меңгереді, басқаруда өзінің білімділігін пайдаланады.

  10. Әділеттілік. Әділетті болған жағдайда ғана өзгелердің сеніміне ие бола алады.

  11. Байсалды. Қандай жағдай болмасын байсалды. Ашу мен күлкінің тек уақытша эмоциялар екенін жақсы біледі.

  12. Мінсіздікке ұмтылу. Барлық жерде үздік болуға тырысады. Бір орында тұрмай, өз бетінше дамумен болады.

13 Өзгеше ойлау. Ойын да, жоспарларын да ситуацияға сәйкес өзгертіп, жаңашылдықты тез қабылдайды. Барлығының да ерекше болғанын қалайды


1/ Мұғалімдер «Алты қағаз» стратегиясы арқылы сұраққа сай жауаптар қойып топ өзара сайысқа түседі.

2/ «Айналмалы бекет» стратегиясы арқылы топтар бірін-бірі тексереді.



Ой сергек

5 мин

«Тесік құмыра » туралы аңыз

Ой бөлісу

Топпен жұмыс

5 мин

  1. Рөлдiк oйын. «Жағдаяттарға байланысты мен көшбасшы бола аламын ба?»

Әр тoп өзiнe бeрiлгeн тaпcырмaдaғы көшбacшының рөлiн coмдaу кeрeк.  Яғни, әр топ  жағдаятты көрініс ретінде қойып, мәселелерді шешу қажет.

  • Сіздің ұжымдағы әріптестеріңіздің арасында ауызбіршілік жоқ. Осы жағдайды қалпына келтіру үшін көшбасшы ретінде сіз не істер едіңіз?…



  • Әріптестеріңізбен демалысқа шығып, қайықпен серуендеген кезде қайықтың ішіне су кіріп жатқанын көрдіңіз көшбасшы ретінде не істер едіңіз?…



  • Сіздің тобыңыздың студенттері Әсетті группаласы ретінде қабылдамай жүр. Сіздің көшбасшы оқытушы ретінде не істер едіңіз?…




Әр топ мүшелері сұраққа жауап беру арқылы кедергілерден өтулері керек

Қорытынды рефлексия

3 мин

Қатысушылардан коуч қорытынды ретінде жазбаша пікір алады.

1.Бүгiнгi кoучинг cізге ұнaды мa, ұнаса қандай жаңалығымен?


2.Коучинг өткізу барысында сізде жаңа ойлар пайда болды ма?
3.Коучингтің өткізілуіне  тілегіңіз?

4. Бүгінгі көңіл күйіңіз?



Мұғалімдер А4 қағазына өз ойларын жазып қалдырады
Смайлик арқылы рефлексияны аяқтау

Жауапты:

Ерманова Ж.Е.








Тақырыбы: «Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқыту» коучинг

Мақсаты:Сыныптағы әрбір оқушы әртүрлі деңгейде,олардың жастары да әртүрлі болуы мүмкін,міне екі түрлі жастағы оқушыларды топқа бөле отырып,деңгейлеріне қарай топтық жұмыс арқылы оқушының ойын ашу,сабаққа деген қызығушылығын арттыру,өз ойын еркін айтқызу.

Күтілетін нәтиже:Оқушыларда өзіндік ой-пікір қалыптасады,өз ойларын еркін айта алады,топтық жұмысқа төселеді,үнемі ізденісте жүреді.Оқушы сабаққа келуден шошынбайды,олар күнде жаңа сабаққа өзіндік пікір айтуы үшін деректер жинайды,оқушының бойында «Мен» қалыптасады.

1.Тренинг: «Мен сізді көргеніме қуаныштымын...»

Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады. «Мен сізді көргеніме қуаныштымын,себебі.....»Бұл сөйлемді адамның сыртқы бейнесіне қарап емес,мінез ерекшелігіне байланысты сөзбен аяқтау керек.

-Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма?

«Мен сізді көргеніме қуаныштымын,себебі...»деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз?

2.Топтарға бөлу.

От,су,күн суреттері арқылы топтарға бөлу.

От-қай кезде де қандай жағдайда да от болып жанып,өз білімдерін насихаттай білетін жандар.

Су-жандары жақсылықты сүйетін,көңілдері судай таза,жаңалықтарға жаны құмаржандар.

Күн-жанындағыларға жылу сыйлап,жарқырап жүретін сәуле шашып,белсенділікпен жұмыс жасайтын жандар.

3.Топтық тапсырма.Миға шабуыл

Жеке жұмыс заман талабына сай білім берудің бағыттары бойынша топта жоба жасалынады.

1-топ: «Мінсіз оқушы»

2-топ: «Мінсіз ұстаз»

3-топ: « Мінсіз мектеп»

Жасалған жоба бойынша талдау жасайды.

Презентациялау

4.Рефлексия.Бейне жазба.

«Әлем өзгереді,бізде өзгереміз» осы бейне жазбаны қарай отырып эссе жазу. " «Автор орындығы»

5.Мен шебермін...

1-топ: «Құттықтау хат»

2-топ: «Жарнама жасау»

3-топ: « Мақтау қағазы»

Презентациялау

6.ВЕНН диаграммасы

«Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жеке-жеке оқытасыз ба?»

7. «Арман шар»

«Кімнің қолы шарға тисе,сонл адамның 2016жылдың 1-ші ақпанында ойлаған армандары орындалады деп шар жіберу.

8. «Оның есесіне мен...»

Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдерді беріп,парақшалар таратылады.Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.

-Мен бліш пісіре алмаймын,оның есесіне.....

-Мен шаршадым.....

-Мен көп үндемейтін адаммын....

-Мен көп ұйықтамаймын....

Мен жұрттың бәріне құрмет көрсете алмаймын....-Мен еденді жууды ұнатпаймын....

-Мен Үндістанда болмадым....

-Мен батыл емеспін....

Мен озім туралы көп ойламаймын.....

-Мен соншалықты сымбатты емеспін....

-Менің аяқтарым соншалықты ұзын емес....

-Менің кемшіліктерім көп....-Менің жазуым онша әдемі емес.....

9.Рефлексия

Бүгінгі сабақты «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісімен қорытындылаймыз.

8.Мадақтау

Тәтті кәмпиттерге жабыстырылған мадақтау сөздер арқылы бағалау.Коучингтен көріністер.


Семинар коучингтерден кейін жаңа әдісті үйренгім келеді деген әріптестер табылды.Сол әріптесімнің өткізіп жүрген сабағына қатысып көрдім.Ол дәстүрлі сабақ өткізеді екен.Сабақтан кейін кәсіби әңгіме өткіздім.Алдымен сабаққа топтық жұмысты енгізіп көрдік.Оқушылар бір-бірінен ажырату киынға соқты.Одан кейінгі өткізген сабақтарында оқушылар өздігінен реттеле бастады.Сөйтіп әріптесімнің 5«б» сыныбына математикадан «Өрнектер» ашық сабағын ұйымдастырып өткіздік.Сабақ бастамасын «Түстерде сыр шертеді» сергігу сәтімен бастап, «Айналмалы бекет», «Қатені тап»,әдістерінсабақ үрдісіне енгізді.Бекіту тапсырмасына «Өрмекшінің торы» әдісі алынса,қорытындылауға «БҮБ» әдісін сәтті қолдана алды.Сабақ уақытында топтық жұмыста  дарынды және талантты оқушылармен жұмысты қалай жандандыруға болатындығын әріптесім осы сабақта түсінді.Сойтіп келесі ашық сабағын жоспарлы өткізді.Сабақ тақырыбы «Теңдеу».Сабағын ынтымақтастық орта орнату мақсатында «Сағат бойынша амандасу» тренингімен бастады.Жигсо әдісімен оқушыларды төрт топқа бөлді.Қызығушылықты ояту мақсатында «Мықты болсаң тауып көр» ойынын ойнатты.Сабағында оқушылардын жеке сабақ сұрау мақсатында парақшамен жұмыс жасата білді.Жаттығу есептерін топқа бөліп постер қорғады.Осы кезде оқушылар:-Біздің топтың ойынша бұл есепті біз төмендегіше орындадық деп бастады.Бұл жерден оқушылардың бірлесіп,топ болып жұмыс жасай бастағанын көруімізге болады.



Бекіту сабағында «Өрмекшінің торы» әдісін қолданды.Бұл сабақтарда оқушылар топтық жұмыс жасауға дағдыланғандығы байқалды.Сабақ соңынан кәсіби әңгіме жүргіздім.Әріптесім сабағының  сәтті  жақтары мен сәтсіз жақтары туралы бейнефильм фотосуреттері,оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары туралы алынған сұхбаттарының аудиожазба таныстырылып отырылды.Мұғалім сабағын талдау барысында оқушылардың белсенділіктері артқандығын,оған бірлесіп жұмыс істеу арқасында жеткенімізге мұғалімнің көзін жетті.Бұл мұғалімнің алға жүру үшін жасаған жұмысына кері қарады,бұл сәтті болды. Мұғалім сабағының жақсарып келе жатырғандығы байқалды.Келесі өткізген ашық сабағын «Іс-әрекетті зерттеу» тәсілімен өткізу жоспарларын құрған болатынбыз,бірақ оған алынған мұғалімдер «Іс-әрекетті зерттеу» әдісін дұрыс пайдалана алмады.Оған себеп бұрын соңды бұл әдіс мектепте қалданылмаған.Деңгейлік курстан мұғалімдерімізде оған дайын еместігін көрсетті.Сондықтан біз сыныптағы оқушыларды топ-топқа бөліп алып зерттедік.Жалпы бұл туралы мұғалімдерге алдын ала ескерткен болатынмын. Сабақ соңынан фокус топ жұмысының нәтижелері тапсырды. Соңғы ашық сабағы «Бұрыштың түрлері. Үшбұрышты сызғыш» тақырыбында өтті.Ұйымдастыру кезеңінде сыныпты суреттер арқылы үш топқа бөлді.Жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде,тік бұрыштың градустық өлшемі 900-қа тең.Тік бұрыштан кіші бұрыш сүйір бұрыш деп аталады.т.б.Жаттығу есептеріне ауызша, өз бетімен жұмыс, сынып болып жазбаша тақтада орындау тапсырмалары берілді.Сергіту сәті:«Жеңіске жету жолындағы қорқыныш» бейнебаян ұтымды көрсетілді. Үйге тапсырма берілді.Сабақты бекіту кезеңі: «Қауырсын» әдісін қолдану арқылы сұрақтар қойылды.Оқушылар қолдарына қауырсынды тез алып қойылған сұраққа белсенділікпен жауап берді.Тік бұрыштың градустық өлшемі неге тең?т.б.Қортындылау кезінде «БҮБ» әдісі қолданылды.Оқушылар мұғалімнің көмегінсіз өздері не білгендерін және не үйренгісі келетіндіктерін қалыптасқан дағды бойынша орындады. Оқушылардың математика пәннін білуге деген     оқушылардың қызығушылықтары артты. Сабақ соңынан оқушылар бірін-бірі бағалады.

Бұл жұмысты іске асыруда, егер бір мектепте бір өзің жұмыс жасасаң, тек өз мектебіңнің мұғалімдерімен ғана болсаң, онда жұмыстың тиісті нәтижесін көре алмауың мүмкін. Сондықтан біз жұмысты желілік қоғамдастықты құрып, басқа мектептегі көшбасшылармен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы орындасақ, оның нәтижесі жақсы болатынын білдік.Желілік қоғамдастықты пайдаланып, қаладағы әріптестерімізбен интернет жүйесі арқылы үнемі байланыста болдық.Мен көбіне өзін-өзі бағалау, сын тұрғысынан ойлау және МДЖ-ны қалай құру керектігі жайында пікір алмастым. Мен өзімнің білетіндерім жайында ақпараттар беріп отырдым. Мектептің дамыту жоспарына енгізілген іс-шараларды жүзеге асыру үшін мектеп,қала және республикалық мектептердегі әріптестермен желілік қауымдастық жұмыс жасадым.Өз мектебіміз бойынша ІІІ деңгей мұғалімдері: Китуова Мария,Мусиева Ақмарал,Абдрахманова Гүлшара,Желтауова Шолпан,ІІ деңгей мұғалімі Имангалиева Алтынгүл,қала мектептеріндегі І деңгей тыңдаушылары:№13мектеп гимназиясынан Жиенкулова Ақмарал,№12мектеп Мурзагалиева Лиза, Бисенова Динара,№34 мектеп гимназиясынан химия пәні мұғалімі Ахметова Дариға және Астана қаласындағы №36 мектептен ІІІ денгей мұралімі Еркежан,Өскемен қаласы бойынша әріптестерімен жиі -жиі пікір алысып отырамын. Мен оларға білгенімді айта отырып, өзім де білмеген жерлерімді сұрап, толықтырып отырдым.Бір-бірімізден түсінбей жатқан жерлерімізді сұрап, мәселелерді бірге талқылаймыз.

Егер коучингтер мектептің даму жоспарының басымдығына сәйкес сай өткізілсе, мұғалімдер коучинг үдерістеріне белсенді қатысса және одан өздеріне қажеттілерін алса, кері байланыс жасаса, орта және қысқа мерзімді жоспар жасаса, орта және қысқа мерзімді жоспарларына кіріктіріп, тізбектелген сабақтар жүргізсе, «Іс-әрекетті зерттеу» әдісі кеңінен қолданса, яғни, сабақты бірігіп жоспарлап, үш оқушыны бақылап, сабақты талдаса, топтық жұмысты ұйымдастырса, кәсіби тәжірибелерін жетілдірсе белгіленген мақсаттарға жетудегі менің аралық нәтижелерім көрінеді деп санаймын. Мен бұл жұмысымды алға қарай жалғастыратын боламын.Себебі Алдағы жылы жаңа бағдарламаға көшкелі отырмыз.Ол Қазақстан Республикасығы орта білім беру мазмұнын жаңарту деп аталады.Бұл бағдарламада негізінде мектеп оқушыларын орта білім беруде сындарлы білім беру ерекше назарға алынған деп күтілуде.Мен білім саласының маманы және өз мектебімнің көшбасшышы ретінде барлық мұғалімді осы сындарлы оқуға дайын болуға шақырамын.ХХІ ғасырда сауатсыз адам деп оқып, жаза алмайтындарды емес, оқығысы келмейтін, оқуды аяқтамайтын әрі қайта оқымайтын адамдарды айтатын боламыз.Сондықтан әріптестер қазіргі заманның талабы өмір бойы оқуды талап етуде деп ойлайм



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

«Нұрлы жол – болашаққа жол».

2. Н.Ә.Назарбаев – 2050 жолдауы

3. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасы.

4. І деңгей мұғалімге арналған НҰСҚАУЛЫҚ. Үшінші басылым. ПШО 2015ж.

5.Система образования Финляндии (2013)



6.Қазақстан мектебі журналы № 2-3, 2014 ж

7.«Білімді жаңалықтар» журналы, № 2 2014 ж

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет