8.4.3.3 – көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін салыстыру
Жаңа сабақ
1. «Суреттер сөйлейді» әдісі (оқушыға сұрақ қойылады)
Мына суретте не бейнеленгендігін, осы заттардың арасында қандай байланыс бар екендігін анықтап, бір-бірінен айырмашылығын табыңдар. (Оқушы суреттен бір-бірінің арасындағы байланысты таба алмауы мүмкін, сондықтан оқулыққа сілтеме 186-190 бет)
Тақырып бойынша мұғалімнің сұрақтары : Аллотропия дегеніміз ... Көміртектің ... түрлі аллотропиясы бар. Адсорбция дегеніміз не?
Тапсырмалар
Оқулықтың 186-190-ші беттеріндегі тақырыппен таныса отырып, берілген тапсырманы орындайды
Көміртек атомдары футбол добы тәрізді шар түзеді
Көміртек атомдары бір түзудің бойында тізбектеле орналасады
Көміртек атомдары арасындағы (С-С)ковалентті байланыс қысқа, өте берік
Оңай үгілетін зат,қағаз бетіне із қалдырады
Жартылай өткізгіш қасиеті бар, қара түсті ұнтақ
Наноденелер ретінде қолданады
Қарындаштың өзегін жасайды
Өте қатты,мөлдір,түссіз,электр тогын өткізбейді