Сабақ Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс



Дата04.05.2017
өлшемі13,07 Kb.
#15502
түріСабақ

“Ақсай орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  • Информатика пәнінің мұғалімі Мырзахметова Бану
  • Панорамалық сабақ

Суреттің үзінділерін ерекшелеу.Суреттің үзінділерімен жұмыс.

  • Суреттің үзінділерін ерекшелеу.Суреттің үзінділерімен жұмыс.
  • Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік – Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.
  • Дамытушылық –оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істей алу дағдыларын, сөйлеу шеберліктерін дамыту.
  • Тәрбиелік – жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға тәрбиелеу.
  • Күтілетін нәтиже:
  • -Топпен жұмыс жасауға дағдыланады;
  • - Paint графикалық редакторында сурет үзінділерімен жұмыс жасай алады;
  • - Суреттің үзінділерін ерекшелей алады;
  • - Өзін- өзі, топ жұмысын бағалай алады.

Сабақтың түрі:

  • Аралас сабақ

Сабаққа кіріктірілген модульдер:

  • Оқу мен оқытудағы әдіс-тәсілдер, оқу мен оқытуда АКТ-ны пайдалану, оқыту үшін және оқуды бағалау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, оқыту мен оқудағы көшбасшылық.

Сабақ барысында қолданылатын әдістер :

  • Сергіту сәті:
  • Миға шабуыл», «ДЖИКСО» әдісі , сергіту сәті, рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек».

Сабақтың жоспары:

  • І. Ұйымдастыру кезеңі.
  • ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
  • а) «Миға шабуыл» әдісі
  •  ә) Топқа бөлу
  • ІІІ. «Ой қозғау».
  • ІҮ.Жаңа сабақ. Жаңа сабаққа кіріспе.
  • Ү. Жаңа сабақты меңгергенін зерттеу кезеңі.
  • ҮІ. Жаңа сабақты бекіту. «Сен-маған, мен-саған» әдісі.
  • ҮІІ.Бағалау.
  • ҮІІІ.Үйге тапсырма.
  • ІХ. Кері байланыс.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • «Алақан» жаттығуы:
  • Балалар, бір-біріңе қарап жымиыңдар, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер

Топқа бөлу

  • «Үшбұрыш», «Төртбұрыш» жазылған парақшалар оқушыларға таратылады, осы арқылы оқушылар І топ «Үшбұрыш» және ІІ топ «Төртбұрыш» бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  • а) «Миға шабуыл» әдісі
  • Графикалық редактор деген не?
  • Графикалық редакторды іске қосу тәсілі
  • Paint не үшін арналған программа, оның қазақшаға аударғандағы мағынасы қандай?
  • Пиксель дегеніміз не?
  • Графикалық редактордың құралдарын ата
  • Дұрыс фигураны қалай саламыз?

ІІІ. «Ой қозғау» әдісі.

  • Қызығушылықты ояту
  • «Ой қозғау» стратегиясы
  • Мақсаты:зейінін арттыру.
  • 1.Суретті ерекшелеуге арналған құралдар не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

ІҮ.Жаңа сабаққа кіріспе

  • /Дәптерге бүгінгі күн мен жаңа тақырыпты жазғызу/
  • Суретті өзгерту үшін,алдымен оны тұтастай немесе оның қажетті бөлігін-фрагментті ерекшелеп алады.
  • Ерекшелеу үшін : « Ерекшелеу» сайманы қолданылады.
  • Ерекшеленген фрагменттің жан-жағында пунктирлі сегіз ерекшелеу маркері бар қоршау пайда болады
  • Суретті тұтастай ерекшелеу үшін Ctrl+A пернелер тіркесімен пайдалануға немесе Ерекшелеу- Бәрін ерекшелеу бұйрығын орындауға болады. Ерекшеледен бас тарту үшін басқа сайманды таңдасаңдар жеткілікті.

«ДЖИКСО» әдісі.

  • Әр топқа мәтіндер беріледі, оқушылар өзара талдап, талқылайды, сосын постер арқылы өз ойларын, түсініктерін жеткізеді.
  • 1 топ. Үзіндіні көшіру, Үзіндіні жылжыту. 
  • 2 топ. Үзіндіні көбейту, Үзіндіні бұру.

Ү. Жаңа сабақты меңгергенін зерттеу кезеңі.

  • Сергіту сәті
  • (Қозғалысқа түсу арқылы бойларын сергітеді)
  • Компьютерде тәжірибелік жұмыс
  • Мақсаты: сабақта алған білімдерін дамыту
  • 1 .Көбелектің суретін салу
  • 2.Кескінді бірнеше рет көшіру.
  • 3.Суреттің мөлшерін барлық мүмкін тәсілдермен өзгерту.
  • 4.Әр өзгертуді жазып, белгілеу.
  • Мысалы, «30 градусқа бұру»
  • 5.Суретті сақтау.

ҮІ. Жаңа сабақты бекіту. «Сен - маған, мен - саған» әдісі

  • Оқушыларға өз бетінше сұрақ дайындап отыруға тапсырма беріледі. Әр қайсысы қарсылас топтағы оқушыға сұрағын қояды. Жауап бере алса ұпай топқа қосылады. Жауап бере алмаса сұрақ берушіге жауап беруге мүмкіндік беріліп ұпай өзінде қалады.
  • Оқушының аты
  • жөні
  • Өткен тақырыпты меңгеру
  • Топтық тапсырмаларды орындай алуы
  • Сабақта белсенділігі
  • Тәртібі
  • Жалпы ұпай саны
  • «Сыншыл дос» бағалау парағы

ҮІІІ.Үйге тапсырма.

  • §16. Сурет бөліктерімен жұмыс істеу

Кері байланыс.  

  • Оқушыларға стикер тарату.
  • Бүгінгі сабақта саған не ұнады\ұнамады?
  • Сенің пікірің немесе ұсынысың.
  • Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет