Сабақ тақырыбы: Адам және табиғат



Дата07.02.2022
өлшемі18,43 Kb.
#96146
түріСабақ
Байланысты:
2-тоқсан, Адам және табиғат




Сабақ тақырыбы: Адам және табиғат

Мектеп: №13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық мектеп-гимназия

Күні: 16.11.2020

Оқытушының аты-жөні: Кенжебаева А.Ж.

Сынып: 5 «а», 5 «в»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Т/А 1. Тірек сөздермен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау
5. ӘТН.3. Тура және ауыспалы мағыналы сөздер, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді 
көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Тірек сөздермен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжай алады. Мәтінді оқып, түсінгенін айта алады. Антоним,синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдана алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтінге ат қойып, сұрақтарға жауап бере алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Тірек сөздерді қолдана отырып, мәтін құрастыра алады. Өзіндік ой- пікірлерін білдіре алады.

Бағалау критерийлері

Тірек сөздер мен иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжай алады.
Суреттерге ортақ тақырып ұсына алады.
Тура және ауыспалы сөздерді таба алады.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: сөздің тура мағынасы, сөздің ауыспалы мағынасы, сөздің туынды мағынасы

Диалог құруға \ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер
1. «Түз тағысы» дегенді қалай түсіндіңдер? Түз тағысына (жабайы аңдарға) қандай аңдар жататынын анықтаңдар.
2. Үй жануарларына ше?
3. Қандай жануарларды киелі деп атайды? Неге? Себебін анықтаңдар.

Құндылықтарға баулу

Еліміздің экологиялық жағдайын, соның ішінде жойылып бара жатқан табиғат байлығын (жан- жануарлар т.б) аялауға, қадірлеуге баулу.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу, жаратылыстану пәндері

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Отбасындағы сақталатын салт – дәстүрлер мен мереке түрлерін меңгерді.

Жоспар.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
6 мин



Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгендеу.
Аудиотаспадан тыңдалым. «Табиғатты тыңдайық»
Табиғат құбылыстары мен жан — жануарлардың дыбысын ажыратып айтады.
Оқушыларды сабақтың оқу мақсаттарымен таныстыру






Сабақтың ортасы 16 мин



1-тапсырма: «Ақбөкен» туралы мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру
Тілдік бағдар: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Оқулықпен жұмыс
3-тапсырма, 54-бет
4-тапсырма, 54-бет.
2-тапсырма «Болжап көр!». Шарты: Өзің білетін жануар не аңды сипаттайтын тірек сөздерді жасыр. Сыныптастарың тауып тапсын.



«Арман ПВ» баспасының о
оқулығы
Иллюстра-
циялық
суреттер

Презентация

Соңы 3мин

«Бас бармақ» әдісі арқылы
Мен түсіндім- бас бармақ жоғары қарай
Мен түсінгендеймін- бас бармақ көлденең
Мен түсінбедім- бас бармақ төмен
Үйге тапсырма: онлайн мектептен «Адамның табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ» тақырыбындағы тапсырмаларды орындау.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет