Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттан ғибрат ала отырып, әр оқушы ақыл, қайрат, жүректің айтқанын тыңдап, көңіл-күй сызбасын сызуға қозғау салу. Пластилинмен жұмыс істеу арқылы адамгершілік-эстетикалық қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік беру. Абай мен Шәкәрім дүниетанымынан сусындап, өз ойын достарының алдында еркін білдіруге жағдай жасау.
Тәрбие сағатын өткізу формасы
Талқылау, психологиялық тренинг, жеке, топтық, жұптық жұмыстар, шығармашылық жұмыс, көрме.
Презентация, Bilimland.kz сайтының ресурстары, қанатты сөздер, карточкалар, пластилин, жұмысқа жағымды әуен, А1, А4 парақтар, қара түсті жай қарындаштар, стикерлер, кітаптар.