Сабақ Тақырыбы: Америка Құрама Штаттары



Дата14.04.2017
өлшемі0,56 Mb.
#13799
Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі А.С. Пушкин атындағы орта мектебі

Ашық сабақ

-

Тақырыбы: Америка Құрама Штаттары.

Экономикалық-географиялық жағдайы



География пәні мұғалімі:Ташимбаева Н.Т

Сыныбы : 11 А

Қаратау қаласы

2016-2017 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Америка Құрама Штаттары.Экономикалық - географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы.
Сабақтың негізгі мақсаттары:
Мемлекет тарихы мен геосаяси жағдайын анықтап, оқушыларға оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
Білімділік: АҚШ - тың экономикалық жағдайын және мемлекет тарихына геосаяси жағдайына сипаттама беріп түсініктерін қалыптастырады.
Дамыту: Ақштың маманданған салаларын ажыратып сипаттай алады.
Қолдану: Оқушылар өздігінен білім алуды, картамен жұмыс жасауды, мәтін бойынша берілген тапсырмаларды ой елегінен өткізіп өзіңді ой қалыптастырады.
Бағалау: өзара бағалау және өзін - өзі бағалау.
Қажетті құрал-жабдықтар:фильм, постер, презентация, оқулық, карта,атлас, бағалау парағы, интернет материалдары.
1. Бөлім Кіріспе.
І Ұйымдастыру.
Сынып оқуышармен амандасып жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.Оқушыларға әр түрлі пішінді таратылады.Оқушылар өздеріне ұнаған пішіндерді таңдап,таңдаған пішіндер бойынша 3 топқа бөлінеді.
Оқушыларды торпқа бөлу. Бағалау парағы таратылады
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау :

Постер құрастыру.3 топқа 3 түрлі сұрақ беріледі,оқушылар постер құрып тапсырмаларын қорғап шығады.

І топ 1.Америка материгі қашан ашылды? 2.Америкада қандай нәсілдер өмір сүреді? 3.Америка елдері қандай тілде сөйлейді? ІІ топ 1. Отарлау және игерілу тарихы 2.Американың екі тарихи-географиялық аймақтарын ата 3.Американың байырғы халықтарын ата ІІІ топ 1.Америка жерінде қоныстанған көптеген тайпалардың шаруашылықтарының 10 үлкен тобын ата 2.Американ ұлты қалай пайда болды? 3.Эскимостардың негізгі 3 географиялық және мәдени топтарын ата

Оқушылар презентация жұмысын көрсетіп қорғайды.

Үй тапсырмасын қорытындылау.

Үй тапсырмасын «гүл силау» деп аталатын ойынмен қорытындылаймын.

Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын оқушыларға өлең шумақтарын оқимын.

Мен өзім ұшбұрышқк ұқсас елмін,

Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін.

АҚШ бар,Канада бар,Мексика бар,

Даңқымен таң қалдырған барлық елдің.

Тауларым бар Кордилер мен Аппалачтай,

Маккензи,Миссисипи суым қандай!

Виннипег,Ұлы көлдер ,тұзды көлім,

Тамаша көрген адам таң қалғандай.

Өлең шумақтары арқылы қай материк туралы айтылғандығын анықтап жаңа сабағымды бастаймын.
Бұл АҚШ мемлекетімен байланысты берілген тапсырмалар, олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Америка Құрама Штаттары. АҚШ – тың экономикалық – географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы. Дәптерлеріңізді ашып сабақтың тақырыбын жазыңдар.

ІІІ.Жаңа сабақ
Америка Құрама Штаттары, АҚШ — Солтүстік Америкадағы мемлекет. Аумағы 9,5 млн км²](әлемде 4-ші орын). Халқы — 323,3 млн адам (2013, әлемде - 3-ші орын). Астанасы — Вашингтон қаласы.Мемлекеттік тілі –ағылшын тілі. Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл. Халықтың 66%-ы – протестанттар, 26%-ға жуығы католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы орган – палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент (конгресс).

Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. Шығысында Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпен шайылады. Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте Мексикамен шектеседі.

АҚШ аумағының басым көпшілігі Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі ендік бағытта созылып жатқан қоңыржай және субтропиктік белдеуде орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктикалық, ал Гавай штаты – Тынық мұхиттың тропиктік белдеуінде.Қазіргі АҚШ жерінде үндістер өмір сүрген.Х.Колумб Американы ашқаннан кейін 16 ғасырда Англия,Испания,Нидерланд,Франция,Швеция,Солтүстік Американы отарлауға кіріседі.18 ғ 60 жылдары Анлия Солтүстік Американы басып алады.Осылайша тәуелшсіздік үшін соғыс мтуындайды.1776 ж 4-шілдеде өз тәуелсіздігін алады.1787 ж АҚШ конституциясы қабылданып президент болып Джорд Вашингтон сайланады.

Жер бедерінің 1/2-ін (елдің батысында) биік таулы жоталар мен таулы үстірттер алып жатыр. Кордильер мен Аппалачи тауларының аралығында елдің ішкі жазықтары (Орталық Ұлы жазықтар) орналасқан. Атлант мұхиты жағалауларын бойлап Атлант маңы және Мексика маңы ойпаттары жатыр. АҚШ-тағы ең биік тау – Аляска түбегіндегі Мак-Кинли (6193 м). Жер қойнауы кен байлықтары мен минералды шикізатқа өте бай. Оның ішінде темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентасы қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында. Тас көмір (Аппалачи таулары), мұнай мен газ (Мексика ойпаты, Ұлы жазық) табылған. Ал Кордильер таулары түсті және қара металл шикізаттарына бай келеді.

Қаңтар айының орташа температурасы Аляскада –18°С, Орталық жазықтың солтүстігінде –24,8°С. Елдің оңтүстік-батысында қаңтар айының орташа температурасы 12°С-тан, Флорида түбегінде 20°С-қа дейін жетеді. Шілде айының орташа температурасы батыс жағалауда 14 – 22°С, шығыста 16 – 22°С-қа дейін ауытқиды, ал орталығындағы жазық өңірлерде 32°С-қа дейін көтеріледі. Батыс жарты шардағы ең жоғарғы температура Ажал аңғарында (56,7°С) байқалды. Жауын-шашынның мөлшері Алясканың жел өтіндегі тау беткейлері мен Тынық мұхит жағалауында 3000 – 4000 мм; шығыс және теңіз жағалауы белдемінде 1000 – 2000 мм; Орталық жазықта 600 – 900 мм, Ұлы жазықта – 400 – 600 мм, Мохаве шөлінде (Ажал аңғары) – 100 мм-ден де аз. Жауын-шашынның көп мөлшері Гавай аралдарында (10000 мм). Ең ірі өзендері: Миссисипи (ұзындығы Миссури саласымен бірге 6420 км), Огайо, Колорадо, Колумбия, Рио-Гранде, Юкон. Көпшілігі Атлант және Тынық мұхит алабына жатады. Дүние жүзіне әйгілі көлдер жүйесін елдің солтүстік-шығысындағы Ұлы көлдер құрайды (Жоғарғы көл, Гурон, Мичиган, Эри, Онтарио). Олардың барлығы бір-бірімен жалғасып, 245 мың км² аумақты алып жатыр. Эри мен Онтарио көлдерін байланыстыратын Ниагара сарқырамасы осы тұста орналасқан. АҚШ аумағында 270-ке жуық мемлекет қорғауындағы табиғи аймақтар (ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері, қорықтар) бар. Олардың ірілері: Йеллоустон, Йосемит, Секвойя, Гранд-Каньон, т.б.

АҚШ климаты біркелкі қоңыржай және субтропикті болып келеді. Ал солтүстіктегі Аляска штатында қыстыгүні арктика суығы байқалып тұрады.



IV.Жаңа сабақты бекіту:

  1. АҚШ-тың мемлекеттік құрылымы .құрамы қандай?

  2. Экономикалык-географиялық жағдайының басты ерекшеліктерін атаңдар?

  3. Шығысында,батысындағы тауларды атаңдар

  4. Сарқырама деген не? Қандай ірі сарқырамасын білесіңдер?

  5. Торнадо,Ураган желдеріне сипаттама бер

  6. Ұлттық саябағын ата


V.Қорытындылау.Бағалау VІ.Үйге тапсырма. 1. §36.АҚШ –тың экономикалық-географиялық жағдайы. 2.Кескін картаға АҚШ-тың өзен.көлдерін,ірі тауларын түсіріңдер 3.АҚШ штаттарының экономикалық-географиялық жағдайы туралы реферат жазыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет