Сабақ тақырыбы :Қанайналым мүшелері. Жүректің жұмысы. Мақсаты



Дата21.07.2017
өлшемі53,94 Kb.
#21694
түріСабақ
Биология 8-сынып

Сабақ тақырыбы :Қанайналым мүшелері.Жүректің жұмысы.

Мақсаты:

  1. Біліктілік:қанайналым мүшелерімен жүректің құрылысы мен жұмысы туралы түсініктер беру.Жүрек жұмысының кезеңдерімен оқушыларды таныстыру.

  2. Дамытушылық:оқушының ойлау,салыстыру,есте сақтау қабілеті мен ізденіс жұмыстарына дағдыларын қалыптастыру.

  3. Тәрбиелік:ұйымшылдыққа,шапшаңдыққа,денсаулық сақтауға,салауатты өмір үрдісіне тәрбиелеу

Сабақ түрі:Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сөздік,көрнекілік,сұхпаттасу,өзіндік жұмыс.

Сабақ көрнекілігі: «Жүрек», «Қанайналым жүйесі», «Жүрек жұмысы» кестесі. Жүрек муляжі,оқулықтағы суреттер,интерактивті тақта

Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа тақырыпты оқыту

I.Ойға шақыру кезеңі: Интерактивті тақтада көрсетілген жүректер қай жануарлардікі?

Жүрегі екі қуысты- жүрекше, қарынша.

Жүрегі үш қуысты- бір қарынша,екі жүрекше.

Жүрегі төрт қуысты-екі жүрекше,екі қарынша.

(әрбір сурет тұсына жануарлар класын жазу керек:балықтар,қосмекенділер,жорғалаушылар,құстар мен сүтқоректілер.)

II.Мағынаны ашу кезеңі (жаңа сабақ, оқу мен жазу стратегиясын пайдалану арқылы түсіндіру)

Қанайналым дегеніміз не?

Қанның тұйық жүрек қан тамырлары жүйесі бойынша үздіксіз қозғалуы қанайналым деп аталады. Бұл қанның тұйық тізбек бойынша қозғалуын ең алғаш түсіндірген ағылшын ғалымы,дәрігер Вильям Гарвей (1578-1657).

Сүтқоректі жануарлардың жүрегі сияқты адамның жүрегі де бір-бірімен қатыспайтын тұтас перде арқылы бөлінген екі оң жақ және сол жақ жартыдан тұрады. Пішіні конус тәрізді кеуде қуысының сол жақ жартысына жақын, 2-5 қабырға деңгейінде орналасқан қуыс бұлшық ет мүшесі. Әрбір бөлікте бір-бірімен байланысқан екі бөлім жоғары жүрекше,төменгі қарынша бар. Ересек адам жүрегінің массасы 250-300 г. Жүрек дәнекер ұлпадан түзілген,тығыз жүрек қабы оның сыртын жауып тұрады. Жүрек қабының ішкі беті сұйықтық бөліп тұрады,ол жүректің сыртын ылғалдайды және жүрек жиырылғанда үйкелісті кемітеді.(Құлақшалар қабырғасы қарыншалар қабырғасына қарағанда жұқа). Жүрекшелер мен қарыншалар жақтаулы қақпашалармен байланысқан. Оң жақ бөлігінде үш жақтаулы қақпашалар, сол жақ бөлікте қос жақтаулы қақпашалар болады. Жақтаулы қақпашалар қанның жүрекшеден қарыншаға қозғалуын реттейді. Олар тек қарынша жаққа ашылады. Бұған себепші болатын сіңір жіпшелері болады. Сол жақ қарынша мен қолқа, оң жақ қарынша мен өкпе артериясы шегінде айшық тәрізді қақпашалар болады. Олардың пішіні жартылай дөңгелек терең қалта тәрізді.

Жүрек бұлшық еті үш қабаттан тұрады.

Сыртқы қабаты – эпикард жүрек бетін қаптайды.

Миокард – ортаңғы қабат.

Еріксіз жиырылатын ерекше көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы эндокард – ішкі қабат және жүрек қақпашаларын түзеді.

Жиырылу күші неғұрлым көп болса, жүрек бұлшық еті соғұрлым жақсы дамыған. Сол жақ қарынша қабырғасы едәуір қалың болады. Себебі ол қанды тамырлар ұзындығы бойынша үлкен күшпен айдайды. Оң жақ қарынша жұқалау, ал жүрекше қабырғасы оданда жұқа.

Тамырлар . Олардың құрылыстары мен қызметтері.

Оқушылардың оқулықтағы мәтінмен өзіндік жұмысы.



Тамырлар


Артериялар веналар капиллярлар


жүректен мүшелер мен ең жіңішке қан тамырлары.

ұлпаларға, ұлпалардан (2 млрд)

мүшелерге жүрекке

Жүрек жұмысы.

Жүрек өмір бойы сорғы ретінде жұмыс істесе де шаршамайды. Себебі жүрек тіршілігінің тең жартысында демалады. Жүрек ырғақпен жиырылады. Салыстырмалы тыныштық күйінде жүрек минутына 70-75 рет жиырылады. Бұл біздің санамыздан тыс автоматты түрде жүреді. Жүрек автоматизмі дегеніміз жүректің өзінде пайда болатын импульс әсерінен жиырылу қабілеті. Импульс екі жүрекше мен екі қарынша бұлшық еттеріне беріледі. Ең алдымен жүрекшелер жиырылады. Бұл кезең 0.1 секундқа созылады да, содан соң жүрекшелер босаңсиды. Қан қарыншаларға барады. Қарыншаға түскен қан жүрекше қақпақшаларын төменгі жағынан қысады да, олар жабылады.

II кезеңде екі қарынша жиырылып қан қысымы артады да, қан қолқа мен өкпе артериясына барады. Кезең 0.3секундқа созылады. Содан соң қарыншалар босаңсып, жүректің барлық бұлшыө еті босаңсиды. Яғни жүрек жалпы босаңсиды – үзіліс 0.4 секундқа созылады. Жүрекшелердің бір жиырылуынан екіншісіне дейін жүрек циклі деп аталады. Бір жүрек циклінің ұзақтығында жүрекще 0.1секунд жиырылады, 0.7 секунд демалады. Қарыншалар 0.3 секунд жиырылады, 0.5 демалады. Жүрек жұмысы жүйке және гуморальді реттеледі.

Орталық жүйке жүйесі
Симпатикалық Парасимпатикалық

дене жұмысы немесе тыныштық күйде

спортпен айналысу жүрек жиырылуы

кезінде жүрек бұлшық баяулайды,азаяды

етінің жиырылу күші артады.
Гуморальді реттелу.

Вазопрессин - гипофиз гормоны.

Тироксин – қалқанша без гормоны. Жүрек қызметін күшейтеді.

Адреналин - бүйрек үсті безі .

Ацетилхолин – бүйрек үсті безі – жүрек іс әрекетін әлсіретеді.



Орталық

Жүрек жұмысын

реттеу

ацетилхолин адреналин



К+ Гуморальдық Са2+

Бекіту сұрақтары:

1. Жүректің орналасуы.

2.Жүрек немен қапталған?

3. Сұйықтықтың маңызы.

4. Жүректің сол жағы мен оң жақ қабырғаларының ерекшеліктері.

Рефлексифтік тест:

Оқушылар сұрақтарға « +» немесе « - » белгілерін қойып сабақ туралы өз көзқарасын білдіреді.



  1. Мен сабақтан көп жаңалық алдым

  2. Бұл алған білімім маған алдағы өмірімде жәрдемдеседі

  3. Сабақта қолданылған әдіс - тәсілдер маған ұнады.

  4. Сабақтың барысында туындаған сұрақтарға жауап алдым.

  5. Мен сабаққа шын көңілмен қатыстым.

Бағалау:

Үй тапсырмасы: §36-37. «Қан тамырлары», «Жүрек жұмысы» кестелерін толтыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет