Сабақ Тақырыбы: «Аралас бездер. Ұйқы безінің инсулин гормонының қандағы глюкоза мөлшерін реттеудегі рөлі. Қантты диабет»



Дата08.09.2017
өлшемі92,08 Kb.
#30381
түріСабақ
Ақсай қаласының № 5 жалпы орта білім беретін мектебі

Ашық сабақ
Тақырыбы: «Аралас бездер. Ұйқы безінің инсулин гормонының қандағы глюкоза мөлшерін реттеудегі рөлі . Қантты диабет».
Сыныбы: 8«Ә»

Дайындаған: биология пәнінің мұғалімі

Исенгалиева А.

Ақсай- 2016
Күні: 12.10.16ж.

Сыныбы: 8 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: §11. Аралас бездер. Ұйқы безінің инсулин гормонының қандағы глюкоза мөлшерін реттеудегі рөлі . Қантты диабет . Бүйрек үсті бездері, гипофиз, қалқанша без және жыныс бездері гормондарының жыныстық жетілуді реттеудегі рөлі.

Сабақтың мақсаты:

А)Білімділік: оқушыларға ұйқы  безінің гормоны және жыныс  гормоны, қантты диабет туралы мағлұмат беру;

Ә) Дамытушылық: оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар, лездемелік сұрақтар, кестемен жұмыс бере отырып ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Б) Тәрбиелілік: ұйқыбез бен жыныс бездері қызметінің бұзылуынан туындайтын аурулар мен олардың алдын алу. Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, су мен тұздың маңызын білуге, дұрыс қолдануға тәрбиелеу;

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, талдау, баяндау, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа,кесте, презентация, үлестірме материалдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (7 минут).

1.Физиологиялық процестердің гуморальдық реттелуі не арқылы іске асады?

А)Ферменттер

В)Гормондар

С)Сұйықтықтар

Д)Қан

Е)Лимфа


2.Гипофиз массасы:

А)15-30 г

В)0,1-0,13 г

С)1 кг
Д)35 г



Е)0,5-0,7 г

3.1921 жылы америкалық ғалымдар гипофиздің қандай функциясын анықтады?

А)Жыныс жасушаларын бөлетінін анықтады:

В)Инсулин бөлетіні анықталды


С)Зат алмасуды өзгертетіні анықталды

Д)Бүйрек қызметіне әсері анықталды



Е)Өсу гормонын бөлетінін анықтады

4.Өсу гормонының артық мөлшерде бөлінуі ағзаға қалай әсер етеді?

А)Шеміршектің сүйектенуінің баяулауына

В)Гипофиздік ергежейлілікке



С)Гигантизм (алыптылық)

Д)Микседема


Е)Кретинизм

5.Жас ұлғайғанда өсу гормоны әсерінен дененің кейбір мүшелердің өсуі:

А)Гигантизм
В)Микседема
С)Кретинизм

Д)Бадырақ көз


Е)Акромегалия

6.Қалқанша безі гормоны:



А)Тироксин

В)Өсу гормоны

С)Йодомарин

Д)Тимозин

Е)Адреналин

7.Тироксин құрамына енетін маңызды элемент:

А)Кальций
В)Йод
С)Натрий, хлор

Д)Фосфор


Е)Темір

8.Тамақта йод жетіспегенде пайда болатын ауру қалай аталады?

А) Қант диабеті

В) Акромегалия

С) Гигантизм

Д)Кретинизм



Е)Эндемиялық зоб

9.Адамға ағзасына қажетті йодтың тәуліктік мөлшері?

А)15-30 г
В)0,1-0,13 г

С)0,15-0,20 г
Д)0,7-0,9 г
Е) 0,5-0,6 г

10.Бүйрекүсті бездерінің гормоны?

А) Тимозин

В) Инсулин


С) Адреналин

Д) Тироксин

Е)Тестестерон 

Бір- бірлеріміздің дәптерлерімізді ауыстырып, жауаптапымызды тексереміз:

Жауабы:

1.В 2. Е 3. Е 4. С 5. Е 6. А 7. В 8. Е 9. С 10. С



Бағалау.

9-10 балл- «5»

6-8 балл – «4»

3-5 балл- «3»

2-0 балл – «2»
ІІІ. Жаңа сабақ.

Біз организмімізді әрі сыртқы, әрі ішкі секрециялық қызмет атқаратын бездер, яғи аралас секрециялы бездер бар. Оларға ұйқы безі мен жыныс бездері жатады.



Ұйқы безінің басы, денесі, құйрығы болады және екі түрлі қызмет атқарады.

Ұйқы безінің құрылысы

Басы Денесі Құйрығы

Оның жасушаларының бір бөлігі құрамында ферменттері бар асқорыту сөлін түзеді. Ас қорыту сөлі ұлтабарға түсіп, ас қорытуға қатысады, бұл- оның секрециялық қызметі. Сонымен қатар безде көмірсу алмасуын реттеуде маңызды рөл атқаратын инсулин және глюкагон гормондарын өндіретін секреторлы жасушалар жинақталған. Инсулин үздіксіз түзіледі де, аз- аздап қанға түседі. Инсулиннің жаңа мөлшерінің бөлінуіне организмде биологиялық отын рөлін атқаратын қанттың бір түрі- глюкоза мөлшері әсер етеді. Инсулин әсерінен дененің барлық ұлпалараның глюкозаны пайдалануы артады. Глюкозаның бір бөлігі бауыр мен бұлшық еттерде жинақталатын қор затына- гликогенге айналады. Нәтижесінде, глюкоза мөлшері қалыпты деңгейге дейін төмендейді. Организмде инсулин тез бұзылады, сондықтан ол қанға үнемі түсіп отыруы тиіс. Инсулин түзілуінің төмендеуінен көмірсулардың көп бөлігі организмнен зәрмен бірге шығарылады. Бұл қантты диабет ауруының дамуына себепші болады.



Қант диабетінің негізгі белгілері:

  • үнемі сусап тұру (полидипсия);

  • кіші дәреттің жиілеп, көп болуы (полиурия);

  • үнемі шаршауды сезіну;

  • қол-аяқтың ұйып, жансыздануы;

  • үнемі қарын аштығынан арылмау; 

Диабетпен ауыратындардың диетасы


Диабетпен ауыратын толық адамдар алдымен артық салмақтан арылуы керек. Диабетшілер қант, кәмпит және басқа да тәтті тағамдарды ішпеулері қажет. Олардың ірі ұнтақты ұннан пісірілген нан, сондай-ақ крахмал қоспалы асбұршақ күріш, картоп және басқа да құрамында ақуыз бар тағамдармен тамақтанғаны жөн болады. Диабет ауруымен зардап шегетін ересек адамдардың алмұрт тектес тікенекті кактустың (нопал, опантиа) сөлін ішкені дұрыс. Тіс қызыл етін, таңдай қуысын инфекциядан сақтау үшін тісті тамақтан соң жуып тазалаған дұрыс болады. Аяқты дәйім таза ұстау қажет, жаралап, қажатып алмас үшін өзіңізге ыңғайлы да шақ аяқ киім кигеніңіз жөн. Аяқ қан тамырлары қызметін жақсартып, қан айналысын ретке келтіру үшін (аяқта қара дақтар болып, немесе ұйыған жағдайда) демалған кезде аяқты жоғары көтеріп қойып жату керек.

Гликоген- жануар крахмалы. Ол суда ерімейді, сондықтан қан құрамында болмайды. Бірақ қандағы глюкоза деңгейі төмендегенде, глюкагон гормоны гликогенді глюкозаға ыдыратып, қандағы глюкозаның мөлшерін жоғарылатады.

Жыныс бездері организмнің өсуі мен жетілуін, екінші реттік жыныс белгілерінің қалыптасуын реттейтін гормондар бөліп шығарады.

Жыныс бездері


Аталық жыныс бездері Аналық жыныс бездері

-тестостерон -эстроген
Аталық жыныс гормондарының бірі- тестостерон организмнің ер адамға тән белгілерінің қалптасуына әсер етеді: сақал- мұрт пайда болады, дауыс жуандайды, сүйек пен бұлшық еттер дамуының ерекшеліктері байқалады. Ер адам мінезіне табандылық пен өжеттілік қасиет береді.

Аналық жыныс гормондары мысалы, эстроген организмді әйелдерге тән белгі бойынша қалыптастырады: бетте түктің болмауы, сүт бездерінің дамуы, жіңішке дауыс, қаңқа мен бұлшық ет құрылысының ерекшеліктері. Жыныс гормондарының жеткіліксіздігі сүйектің өсуін баяулатады, организмнің дамуы мен жыныстық жетілуін тоқтатады.

Ер адам және әйел организмінде де аталық әрі аналық гормондар түзіледі, бірақ ер адам организмінде аталық гормондар, ал әйелде аналық гормондар көбірек болады.

Гуморальдық реттелу мүшелер мен жасушалардың өзара әрекетінің ежелгі түрі болып табылады.

Ішкі секреция бездері қызметінің өзара байланысы былай қамтамасыз етіледі: әртүрлі бездердің гормондары бір мезгілде қандай да бір белгілі мүшенің жұмысына әсер етеді және керісінше бір бездің гормоны басқа бездердің жұмысына әсер етеді.

Гормондық реттелу жасушалар мен ұлпаларда түзілетін биологиялық белсенді заттар арқылы баяу іске асырылады. Олар әртүрлі мүшелерге организмнің ішкі ортасы: қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы әсер етеді. Эндокриндік жүйеге жүйке жүйесі, ал жүйке жүйесінің жұмысына ішкі секреция бездерінің гормондары әсерін тигізеді. Егер бұл жүйелердің өзара әрекеті бұзылса, барлық мүшелердің әрі бүкіл организмнің өзара байланысы мен өзара әрекеті бұзылады.

ІУ. Бекіту.

1 тапсырма.

Топтық жұмыс (постер қорғау).

І топ: Гипофиз, қалқаншамаңы бездерінің құрылысы, қызметі;

ІІ топ: Қалқанша безі және бүйрекүсті бездерінің құрылысы, қызметі;

ІІІ топ: Ұйқы және жыныс бездерінің құрылысы, қызметі.

2 тапсырма.

1.Организмде инсулин тез бұзылады, сондықтан ол қанға үнемі түсіп отыруы тиіс. Инсулин өндірілуінің төмендеуінен көмірсулардың көп бөлігі организмнен зәрмен бірге шығарылады. Бұл қай аурудың белгілері? (қант диабеті).

2. Қалқанша безі 1 кг- ға дейін ұлғайып өседі, жүйкенің жоғары қозғыштығы байқалады, адам ентігіп қалады. Бұл қай аурудың белгілері? Бұл аурумен ауыратын адамға қандай тағам өнімдерін ұсынар едің? эндемиялық зоб; балық тағамдарын, теңіз қырыққабатын (ламинария) пайдаланып, тағамға йодталған тұз қосуы керек.

3. Ересек адамда қалқанша бездің гормондары жеткіліксіз бөлінсе, микседема ауруы дамиды. Бұл кезде зат алмасу, әсіресе нәруыз алмасу баяулайды. Дене температурасы, жүрек іс- әрекеті төмендейді. Тері астында су жиналады. Тері ісінеді және құрғайды. Шаш түседі және сирейді. Адам енжар болып, ойлауы мен сөйлеуі баяулайды. Бұл ауруды қандай жолмен емдеуге болады?

А) теңіз қырыққабатын пайдалану;

Ә) балық тағамдарын пайдалану;



Б) өмір бойы тироксин гормонын енгізу жолымен емдейді;

В) хирургиялық жолмен қалқанша бездің бір бөлігін алып тастау керек.


3 тапсырма.

Дәптерлеріне кестені толтырыңдар.

Бездердің белсенділігінің өзгеруі мен соған сәйкес организмдегі өзгерістер арасындағы байланысты көрсетіңдер:


  1. Гипофиз

  2. Қалқанша без

  3. Бүйрекүсті безі

  4. Ұйқы безі

  5. Жыныс бездері

А) қантты диабет;

Ә) ергежейлілік;

Б) қантсыз диабет;

В) микседема;

Г) акромегалия;

Ғ) базедов ауруы;

Д) алыптық;

Е) кретинизм.




V. Қорытынды.

УІ. Үйге тапсырма. §11 оқу, мазмұндау. Қантты диабет ауруы және оның алдын алу тақырыбында реферат дайындау.

УІ. Бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет