Сабақ тақырыбы: Баяндауыш Сабақ мақсаты



Дата05.06.2017
өлшемі121,29 Kb.
#17685
түріСабақ
Кулжанова Айнур Хамитовна
Сабақ тақырыбы: Баяндауыш 
Сабақ мақсаты: 
1.Оқушыларға тұрлаулы мүшенің бірі баяндауыш туралы түсінік 
беріп, оның құрамдық түрлерін ажырата білуге үйрету. 
2. Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін, өз ойын 
жүйелі жеткізе білу қабілетін дамыту 
3. Оқушыларды рухани-адамгершілік, еңбексүйгіштікке баулу, 
білімді болуға деген қызығушылығын ояту. 
Сабақ көрнекілігі: Интербелсенді тақта, ереже жазылған кесте, үлестірме қағаз. 
Сабақ түрі: жаңа сабақ 
Сабақ әдіс-тәсілі: түсіндіру, «Тізбек сұрақ» ойыны, ой қозғау, салыстыру әдісі,шығармашылық тапсырма
Пәнаралық байланыс: әдебиет ,музыка,тарих
Сабақ барысы: 
І Ұйымдастыру кезеңі 
Оқушылармен сәлемдесу. 
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, зейіндерін сабаққа аудару. 

I белес. «Қайталау-оқу анасы». Үй жұмысын пысықтау«Тізбек сұрақ» ойыны

1.37 – жаттығу (үй жұмысы)

2.Көркем шығармадан бастауыштың жасалу жолына байланысты сөйлемдер жазу.



Жаңа сабаққа дайындық

. ІІІ. Ой қозғау.

- Балалар, бүгінгі сабағымыздың қонағы мұғалімдер.

- Мұғалімдер не істеді?

- Келді, отырды, тыңдады.

- Мен не істедім?

- Сұрадыңыз, сөйледіңіз, түсіндірдіңіз.

- Ал, сендер не істедіңдер?

- Жауап бердік, айттық, тұрдық, отырдық, сәлемдестік.

- Не аңғардыңдар? Осы сөздердің барлығы нені білдіреді?

- Іс-әрекетті, қимылды білдіреді.

Ендеше балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы – жаңағы өздерің айтқандай іс-қимылды білдіретін сөйлем мүшесі – «баяндауыш». (Осы кезде интерактивті тақтада баяндауыш туралы сызбалар шығады).

Балалар дәптерлерін ашып, бүгінгі күнді жазады.

- Іс-қимылды.

- Қандай сұрақтар қойдыңдар?

- Не істеді?, не қылды?, қайтті?
II белес. «Артық болмас білгенің» .Жаңа сабақ

Баяндауыш – сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі.

Баяндауыш сойлемдегі бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді. Баяндауыш сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтайды. Кейде сойлемде бастауыш айтылмаса да, баяндауыш бар жерде бастауыш жоғалмайды.

(кесте бойынша түсіндіру)
Сұрақтары: Не істеді? Қайтеді? Қайтті? 
Не істемек? Немене? Кімдікі? Ненікі? 
Кім? Не? Неше? Қандай? т.б. 
Баяндауыш болатын сөз таптары 
№ Сөз таптары Сөйлемдер 
1 Етістік. Білмегенді біле бер.
2 Сын есім Бәріміз бір кісінің баласындай татумыз. 
3 Зат есім Ат – көлік, қамшы – қару. 
4 Сан есім Ер кезегі – үш. 
5 Есімдік Кешегі келген – соның өзі. 
6 Еліктеуіш сөз  бен көмекші етістік.Қарға қарқ етті. 
Мылтықтың даусы тарс етті. 
Баяндауыш құрылысына қарай 3 түрге жіктеледі. 
Дара баяндауыш .Ол бөлменің ішін тазалады. 
Мен өте қуандым. 
Күрделі баяндауыш Машина баяу жүріп келе жатыр. 
Абай күрсініп қояды. 
Үйірлі баяндауыш Қиыны бұл дүниенің – қолы тарлық. 
Есті адамда бар қасиет – уайым жеу. 
III белес. «Білгенге маржан»

Оқулықпен жұмыс

38-жаттығу (баяндауыш етіп сөйлем құрау)

Ырыс алды-ынтымақ, Денсаулық-зор байлық, Әр оқушының міндеті-оқу. Немересі атасына сәлем берді. Екі ел арасы бөлінбейді. Басшысы болмаса ел-жетім. Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің. Бірлігі кеткен ел жаман. Ұйқы-арсыз, күлкі-арсыз, тамақ-арсыз.

IV белес. «Қанатты сөз-қазына»

«Әкенің балаға өсиеті» терме тыңдау

Шығармашылық тапсырма

І топ. «Алтын адам туралы»

ІІ топ. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі.

ІІІ топ «Білім- өмір шырағы»

Ү .Талдау-табыс кілті.

Жаңа сабақты қорытындылау

Венн диаграммасы (Бастауыш пен баяндауышты салыстыру)

VII белес «Шыққан шыңымыз»

Үйге тапсырма:

1 Берілген сөздерді баяндауыш ретінде пайдалана отырып, сөйлем құраңдар.

(айтты, жақсы, бақыт, барады, келесің бе, жиырма, болсын)

39-жаттығу орындау.

Бағалау: Сабаққа жауап берген оқушыларды бағалау.

2017 жыл – Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме өткізу жылы. Көрме «Болашақ энергиясы» ұранымен өтеді. Энергияның балама көздері - бұл әлем қоғамдастығын толғандыратын ең өзекті тақырып.2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында «ЭКСПО-2017» 100 қатысушы мемлекет пен 10 халықаралық ұйымды қабылдайды. Олар жаңартылған энергия көздерін қолдану саласындағы жетістіктерін, олардың экологиялық тазалығы, қолданыстағы төмен бағасы және қоршаған ортаға зиянсыздығы сияқты артықшылықтарын көрсетеді.

Азия және ТМД елдерінде Бұрын мұндай масштабтағы халықаралық көрме Орталық ешқашан болып көрмеген. «ЭКСПО-2017» өткізілуі - халықаралық көрме және ақпараттық-тұсау кесер алаң ретінде Қазақстанның дамуындағы үлкен қадам
Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан.[2] Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.
Ақыл - тозбайтын тон, Білім – таусылмайтын кен. Білім арзан, білу қымбат. Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей, Егде тартқанда оқыған оқуың - мұзға жазғанмен бірдей.


2017 жыл – Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме өткізу жылы. Көрме «Болашақ энергиясы» ұранымен өтеді. Энергияның балама көздері - бұл әлем қоғамдастығын толғандыратын ең өзекті тақырып.2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында «ЭКСПО-2017» 100 қатысушы мемлекет пен 10 халықаралық ұйымды қабылдайды. Олар жаңартылған энергия көздерін қолдану саласындағы жетістіктерін, олардың экологиялық тазалығы, қолданыстағы төмен бағасы және қоршаған ортаға зиянсыздығы сияқты артықшылықтарын көрсетеді.

Азия және ТМД елдерінде Бұрын мұндай масштабтағы халықаралық көрме Орталық ешқашан болып көрмеген. «ЭКСПО-2017» өткізілуі - халықаралық көрме және ақпараттық-тұсау кесер алаң ретінде Қазақстанның дамуындағы үлкен қадам
Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан.[2] Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.
Ақыл - тозбайтын тон, Білім – таусылмайтын кен. Білім арзан, білу қымбат. Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей, Егде тартқанда оқыған оқуың - мұзға жазғанмен бірдей.

Ү .Талдау-табыс кілті
2-тапсырма(Берілген сұраққа жауап беру)
Жерден ауыр деген не?(ақыл,білім)
Судан терең не?(оқу,ғылым)
Оттан ыстық не?(адамның өмірі)
Көктен биік не?(тәкаппардың көңілі)
Балабидің жауабы

Шығармашылық жұмыс 
1-тапсырма. Мақалдарды жалғастыр. 
1. Білімдіге дүние ... (жарық) 
Білімсіздің күні .... (кәріп) 
3. Еңбекқордың ерні .... (майлы) 
4. Ақыл – тозбайтын ..... (тон) 
Білім – таусылмайтын ....(кен) 
1) Бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сыз. 
2) Баяндауыштың қандай сөз табынан жасалғанын анықта. 

 2.  Карточкамен жұмыс.

Берілген баяндауыштарды қатыстырып,сөйлем құра,баяндауыштардың қай сөз табынан екенін  анықта.

                1-топ  Көтерілді, отыз алты,инабатты,татумыз.

                2-топ  Аралады,мен,тарс етті, қырық сегіз.

 

 3.«РАФТ»стратегиясы бойынша



   Тақырып:1.Ұстаз.   3.Оқу.

                      2.Достық.   4.Ата-ана.

             Р                                                        А                                                     Ф                                   Т

Кімдер жазады?

Кімге жазады?

Қай түрде?

Қай тақырыпта?

Оқушы,ұстаз,ақын,ғалым

т.б.


Халыққа,мектепке,оқушыға

т.б.


Хат.мақала,өлең т.б.

Ұстаз,достық,оқу,

ата-ана т.б.




2.Жүр,еңбектенді,ақтады,тыңда сөздеріндегі дыбыстарға математикалық мінездеме бер.
3.Егемендік,сәбиді,балалар сөздеріне фонологиялық талдау жаса.
.1Берілген тірек сөздер арқылы сөйлемдер құра.Баяндауыштарын тауып,қай сөз табынан екенін түсіндір.
Көрікті,адам,әдебімен,болмақ
Үлкендер,алдын,кетпек,отырған,орап,жерде, болар.
Көрсететін,сыпайылық, сөздерді,реңк,қолданған,жиі,дұрыс,болмақ.
Алу,жаттап,жай,сөздерді,сыпайылық,жеткіліксіз,болмақ

Баяндауыштардың жасалуы.

Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады. Көбіне баяндауыш болатын сөз табы – етістіктер. Мысалы: Амантайдың жүрегі аттай тулады.(С.Мұқанов.)

Қазақ тілінде есім сөздердің (зат есім,сын есім, сан есім, есімдіктердің) қайсысы болса да баяндауыш қызметінде жұмсала береді.

Зат есімдерден болған баяндауыштар: Түнергенде түнмін, күлгенде күнмін. Сөзім- шекер, тілім-бал, лебізімнен алған нәр. (Ғ.Мұстафин.)

Сын есімдерден болған баяндауыштар:

Ауа-райы жақсы. Қар қалың.

Сан есімдерден болған баяндауыштар: Мен он бестемін. Білгенің –бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.(Мақал.)

Есімдіктерден болған баяндауыштар:Басқаға үлгі болатын бізбіз. Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі- осы.(М.Әуезов.)
3-тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар.(Сөйлемдердегі баяндауыштарды тауып, қай сөз табынан жасалғанын айтыңдар)
Керден үндей алмады. Ол түстен кейін командасын алаңға алып келді. Күн ашық болатын. Жер дымқыл. Алаң ортасы құм төселгендіктен тың. Айналасында сары балшық шыланып езіліп жатыр. Күннің жылы лебі сезіледі. Қайсарлар да келген. Олар екінші тордың айналасына шоғырланды.(С.Сар.)
Тест тапсырмалары
1.Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем не деп аталады?

А.құрмалас сөйлем

В. жай сөйлем

С.сабақтас құрмалас сөйлем

D.салалас құрмалас сөйлем

Е.аралас құрмалас сөйлем

2. Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай нешеге бөлінеді?

А. 5 В. 3 С. 2 D. 4 Е. 6

3. Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөздер не деп аталады?

А. Сөз таптары D.сөз тіркесі

В. сөйлем мүшелері Е. сөз формасы

С. сөз


4. Сөйлем мүшелеріне жатпайтынын көрсетіңіз?

А.бастауыш D. толықтауыш

В. анықтауыш Е. сөз тіркесі

С. баяндауыш

5. Сөйлемде айтылған қимыл-әрекеттің иесін білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі?

А. Баяндауыш D. анықтауыш

В. бастауыш Е. пысықтауыш

С. толықтауыш

6. Бастауышы дара болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз?

А.Үй іші ұзақ жым-жырт болды.

В. Еңбек еткен ер атанар.

С. Ертең құрылыс жұмысы басталады.

D. Оқушылар мектептен қайтты.

Е. Астана қаласы қазақстандықтардың мақтанышына айналып отыр.

7. Бастауышы күрделі болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз?

А. Жаңбыр құйып кетті.

В. Өтеген он төрт жаста.

С. Бәйтерек кешені- тәуелсіздіктің символы.

D. Әсел үйіне қайтты.

Е. Әкесі келгенін байқамай қалды.

8. Баяндауыш құрамына қарай нешеге бөлінеді?

А. 2 В. 3 С. 4 D. 5 Е. 6

9.Баяндауышы дара болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз?

А. Апам келе жатыр.

В. Бақыт жүгіріп бара жатыр.

С. Омар мен Ермек өзенге барып, шөп шауып келе жатыр.

D. Мен сегізінші сыныпта оқимын.

Е . Арманбек өте жақсы кісі еді.

10.Бастауыштың қимыл-әрекетін, жай-күйін, оқиғаның болған шағын білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі?

А. Бастауыш.

В. анықтауыш

С. толықтауыш



D. пысықтауыш

Е. баяндауыш
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет