Сабақ Тақырыбы: «Цитоплазма органоидтері: пластидтер, митохондриялар, олардың жасушадағы атқаратын қызметі»



Дата30.01.2017
өлшемі157,22 Kb.
#8411
түріСабақ
Дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандырылған мектепинтернаты



Ашық сабақ

Тақырыбы: « Цитоплазма органоидтері: пластидтер, митохондриялар, олардың жасушадағы атқаратын қызметі»

Мұғалім: Бексеитова А.Д. Сынып: 10 “Ә”

22.10.14


Сынып:10-сынып (жаратылыстану-математика бағыты).

Тақырыбы:§16.Цитоплазма органоидтері: пластидтер, митохондриялар, олардың жасушадағы атқаратын қызметі.

§17. Цитоплазма органоидтері: жасуша орталығы, рибосомалар, олардың жасушадағы атқаратын қызметі.

Мақсаты:Цитоплазма органоидтері туралы білім беру.

Міндеттері:

Дамытушылығы: Тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту. Білім алушылардың анализ, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау, жіктеу қабілеттерін дамыту;

Білімділігі: Пластидтер, митохондриялар, жасуша орталығы, рибосомалар, олардың құрылысы және жасушадағы атқаратын қызметтері туралы білімдерін кеңейту;

Тәрбиелілігі: Өзін-өзі бақылау дағдысын тәрбиелеу. Өздігінше ойлануға баулу.

Құрал-жабдықтар: Электронды көрсетілімдер, сызба нұсқалар, биологиялық суреттер.

Сабақ типі:Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: Химия, генетика.

Әдістемелік шешім:Сұхбаттасу, әңгімелесу, білім алушылардың ойын тыңдау, көрсетілімдер көрсету, кітаппен жұмыс.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі;

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру;

ІІІ. Үй тапсырмасы;

ІV. Үй тапсырмасын тексеру;

V. Бекіту;

VІ. Қорытынды;

VІІ. Бағалау.



І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Білім алушылардың көңіл-күйін сұрау. Сабақ жоспарымен таныстыру. Оқушыларды үш топқа бөлу:

1 топ. Митохондриялар;

2 топ. Пластидтер;

3 топ. Рибосомалар.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Жүйелі жіктеу:

Митохондрия туралы түсінік:

Пішіні;

Құрылысы;

Құрамы;

Түрі;

Қызметі:

Жасуша орталығы:

Рибосома;

Рибосоманың негізгі қызметі.


Митохондриялар (грекше «mitos» – жіп және «chondrion» – түйіршік) – жіпше және түйіршік тәрізді органоид. Ол автотрофты және гетеротрофты организмдердің цитоплазмасында кездеседі. Митохондрияларды ең бірінші 1850 жылы P. А. Келликер жәндіктердің бұлшық еттерінен байқады, оған «саркосома» деген термин берді (бұлшық еттегі митохондрияларды осы кезге дейін осылай атап жүр). Р. Альтман (1890 жылы) арнаулы бояулар арқылы митохондриялардыңанық көрінетінін дәлелдеп, оларды «биобластылар» деп атады. Бенде 1898 жылы бұл органоидка митохондриялар деген ат берді. Михаэлис тірі жасушалардың митохондрияларын жасыл янус бояуымен бояп, олардың жасушадағы тотығу процестерімен байланысы бар екенін атап көрсетті.

Пішіні. Митохондриялардың көлемі тұрақты емес, сондықтан да олардың сыртқы пішіні әркез өзгермелі келеді. Көп жасушаларда олардың калыңдығы тұрақты (0,5 мкм), ал ұзындығы тұрақсыз (жіпше тәрізді митохондриялар) 7-10мкм-ге дейін жетеді. Митохондриялардың шың көлемін жарық микроскопымен анықтау қиын. Электронды микроскоппен митохондриялардың жұқа (400-500 А°) кесінділерін тексеру арқылы да оның көлемін дәлелдеу оңайға түспейді. Сондықтан да мүмкіндігінше митохондриядан алынған көптеген жұқа кесінділердің реконструкциясын (кеңістіктегі көлемі) жасап, оның нақты көлемін анықтауға болады.

Құрылысы. Бастапқы субстрат ретінде әр түрлі көмірсулар май қышқылдары, аминқышқылдары қолданылады. Көмірсулардың бастапқы тотығуы гиалоплазмада оттегісіз жүреді. Сондықтан оны анаэробты тотығу немесе гликолиз деп атайды. Анаэробты тотығудың негізгі субстраты глюкоза, Кейбір бактериялар энергияны пентозаның, май қышқылдарының аминқышқылдарының тотығуы арқылы алады. Клеткада энергия бірден бөлінбейді, ол сатыланып жүреді, химиялық энергия жылуға айналмайды, ол тек макроэнергиялық байланыска АТФ-ке ауысады.

Гликолиз процесінде глюкоза триозаға дейін ыдырайды, мұнда 2 молекула АТФ жұмсалады да, 4 молекула АТФ синтезделеді, сонымен 1 моль глюкоза ыдырағанда 10% энергия жұмсалады. Гликолиз процесінде аз энергия жұмсалғанмен де бұл табиғатта жиі кездеседі. Микроорганизмдердің, кейбір ішек паразиттерінің, жаңадан дамып келе жатқан эмбриональды организмдердің жасушалары үшін гликолиз негізгі энергия көзі болып табылады. Сүтқоректілердің эритроциттері өздеріне керекті энергияны гликолиз арқылы алады, өйткені оларда митохондриялар болмайды. Гликолиз процесінде пайда болған триозалардың одан әрі тотығуы осы митохондриялардың өздерінде жүреді. Мұнда барлық химиялық қосылыстардан ыдыраған энергия қолданылады, осыған байланысты СО2 бөлінеді және оттегін қолдана отырып көп мөлшерде АТФ синтезделеді. Бұл процестер трикарбон қышқылының тотығуымен жүреді. Осыдан АТФ-тың фосфорлануы арқылы АТФмолекулалары синтезделеді. Митохондрияларда толық белок синтездейтін жүйе болады, осыған байланысты ол өзінің ДНҚ-сы арқылы РНҚ молекулаларын синтездейді. Митохондрия құрамында рибосомдар болғандықтан, белок синтезі тұрақты жүреді. Митохондриялардың кұрамындағы ДНҚ-ның ядродағы ДНҚ-дан айырмашылығы болады (молекулалық салмағы жағынан және нуклеотидтердің кұрамы және орналасуы жағынан). Митохондрияда жүретін ДНҚ синтезінің ядродағы ДНҚ синтезімен байланысы жоқ, олар өз ферменттері арқылы ғана байланысады. Митохондриялардың матриксында ДНҚ матрицасы арқылы РНҚсинтезі өтеді. Митохондрияда РНҚ-ның информациялық, тасымалдаушы, рибосомды түрлері синтезделеді.

Құрамы. Митохондрияның құрамында ақуыздар (65-70% құрғақ салмағының) липидтер (25-30%), нуклеин қышқылдары (ДНҚ, РНҚ) витаминдер және т. б. енеді. Митохондрияның құрамына енетін ақуыздардың көпшілігі – тотығу процесін камтамасыз ететін, матриксінде және ішкі мембраналарына орналасқан ферменттер. Митохондриялардың қызметі осы ферменттерге байланысты. Митохондрияның сыртқы мембранасының құрамындағы ақуыздар 20% болса, ал ішкі мембранасында 75%-ке дейін жетеді, мұның өзі оның басқа жасушаның мембраналарына қарағанда ерекшелігін көрсетеді. Митохондрияның сыртқы мембранасы көрсеткіштері жағынан эндоплазмалық торға ұқсас. Сыртқы мембранада және мембрана аралық кеңістікте тотығу процесіне қатысатын ферменттер аз болады. Сонымен митохондриядағы ферменттер жасушаның тыныс алуына қажегті фермемттер болып табылады. Митохондрияның матриксінде «кребс» цикліне қатысатын ферменттер шоғырланады. Ішкі мембранасында электрондарды тасымалдайтын тізбек және фосфорландыру процесіне қатысатын тасымалдау ферменттері (АДФ-тен АТФ-ке) орналасады. Митохондрияда органикалық субстраттардың тотығуы және АДФ фосфорлануы нәтижесіндс АТФ синтезделеді, сондықтан да митохондрияны жасушаның күш беретін станциясы деп атайды. Клеткадағы тотығу және энергия жинау процестері бірнеше кезеңмен жүреді.

Түрі. Митохондрияның саны жасушаның түріне қарай өзгермелі болады. Кейбір балдырлардың жасушаларында және қарапайымдарда бір ғана митохондрия, әр түрлі жануарлардың аталық жыныс жасушаларында (спермотозоид) олардың саны 20-70-ке дейін, сүтқоректілердің дене жасушаларында 500-1000-ға дейін, ал алып амебада500000-ға дейін жетеді. Жануарлар жасушаларына қарағанда жасыл өсімдіктерде митохондриялар аз кездеседі, өйткені митохондриялардың кейбір қызметтерін хлоропластар атқарады.

Қызметі. Митохондриялар жасушаның цитоплазмасында біркелкі, ал кей жағдайларда, әсіресе, патология кезінде, ядроның айналасына немесе цитоплазманың шет жағына карай орналасады. Цитоплазмада жасуша қосындылары (гликоген, май) көп болған жағдайда олар митохондрияларды жасушаның шетіне ығыстырадм. Митохондриялар митоз процесінде ұршық жіпшесінің айналасыиа шоғырланып, жасуша бөлінгенде олар жас жасушаларға тең беріледі. Негізінде митохондриялар АТФ керек жерлерге миофибрилдерге тақау, ал сперматозоидтарда талшықты оран орналасады. Сонымен митохондриялардың саны жасушаның түріне және оның атқара қызметіне байланысты болады. Бауыр жасушасында болатын жалпы белоктың 30-35% митохондриялардың құрамында кездесетіні, ал бүйректе 20% болатыны анықталды. Митохондрия екі мембранамен қоршалған, 6-7 нм шамасындай қалыңдығы бар, гиалоплазмадан бөліп тұратын сыртқы мембранадап жоне митохондрияның құрылысына карай күрделі өсінділер («криста») беретін ішкі мембранадан тұрады. Ішкі және сыртқы мембраналардың арасында ені 10-20 нм-ге тең кеңістік болады. Ішкі мембрана митохондрияның ішіндегі матрикс немесе митоплазмасын қоршап жатады. Күрделі өсінділерді немесе кристалар құратын мембраналардың ара кашықтыры 10-20 нм шамасында болады. Кристалардың митохондрияларда орналасуы әр түрлі, кейбір жасушаларда көлденең бағытта орналасады, кейбіреулері тармақталып келеді. Қарапайымдардың, бір жасушалы балдырлардың, кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарлардың жасушааралық митохондриялардың ішкі мембранасының өсінділері түтікше түрінде болады.

Жасуша орталығы – адам мен жануарлардың барлық және кейбір өсімдік жасушаларында болатын, жасушалардың митоздық бөлінуін қамтамасыз ететін органоид.Жасуша орталығы – цилиндр тәрізді бір-біріне тік бұрыш түзіп орналасатын екі денешік. Бұларды центрольдер деп атайды. Центриоль қабырғасы әрқайсысы үш микротүтікшеден түзілетін 9 топтан тұрады. Ортасындағы осы екі микротүтікшеден түзілген. Бұл органоид жасушаның бөлінуі кезінде, бөліну ұршығын түзеді. Бөліну ұршығы хромосомалардың полюстерге ажырауын қамтамасыз етеді.

Рибосома – тірі организмдердің барлығынан дерлік табылған. Әр жасушада шамамен 1000-нан 10000-ға дейін рибосомалар болады. Орташа диаметрі 15,0-35,0 нм-дей. Рибосомалар екі класқа бөлінеді: 70S және 80S (S-седиментация коэфф., Сведберг бірлігі). 70S рибосома ядросы жоқ прокариоттар жасушаларында, ал 80S рибосомалар эукариоттардың цитоплазмасында болады. Химиялық құрамы жағынан рибосомалар РНҚ-ддан және нәруыздан тұратын нуклеопротеид болып саналады. 70SBold textрибосомасының 60-65%-ы РНҚ және 35-40%-ы нәруыздан, ал 80S рибосомасының 50%-ы РНҚ-дан, 50%-ы нәруыздандан құралады. Құрылымы жағынан рибосомалар үлкен және кіші суббөліктерден тұрады.Рибосомалар цитоплазмада топтасып (5-70-тен) орналасып, полисомалар (полирибосома) түзеді. Рибонуклеопротеидтен құралған рибосомалар жасуша цитоплазмасында базофилді боялады, олардың құрамында ферменттер де кездеседі.

Негізгі қызметі.Олар жасуша цитоплазмасындағы Mg иондарының концентрациясына байланысты диссоциацияланып (молекула ыдырауы) және реассоциацияланып (молекулалардың қайта бірігуі) отырады. Рибосомалар жасушада ақуыз синтезіне қатысатын құраушыларды ұстап тұру, оларды бір-бірімен байланыстыру қызметін атқарады. Эндоплазмалық тордың жарғақшасындағы рибосомалардың бірнешеуі бірігіп полирибосома құрайды. Олар жасуша жасуша тіршілігіне қажетті нәруызды синтездейді. Рибосомадағы ферменттер, магний мен кальцийдің тұздары зат айналым өзгерістеріне қатысады. Рибосомада минералдық элементтерден азот,фосфор, темір және мыс кездеседі. Эндоплазмалық торда және оның жасушаларында орналасқан биосинтез бен нәруызды тасымалдайтын бірыңғай жүйе болып саналады.Рибосома митохондриялар құрамында да болады. Бос рибосомалар жасушаның өзіне керекті протеиндерді, ал эндоплазмалық тор қабырғасындағы рибосомалар жасушадан сыртқа шығарылатын протеиндерді түзуге қатысады.

ІІІ. Үй тапсырмасы тексеру.

Үй тапсырмасын ойын түрінде өткізу.



Ойынның мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін қаншалықты меңгергендігін тексеру.

Ойынның шарттары:

1. Ойыншыларға экранда көрсетілген 4 тақырыпты таңдау ұсынылады.

2. Әр тақырып 10, 20, 30, 40, 50 санды ұяшықтарға бөлінген.

3. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы сол ұяшыққа тиесілі ұпайды иеленеді.

4. Ұяшықтағы ұпай көбейген сайын сұрақ та күрделене түседі.

Ойынның нәтижесі: Жинаған ұпайларға сәйкес жеңімпазды анықтау.

ІV. Бекіту:

Зертханалық жұмысты өткізу.

Тақырыбы: Пластидтерді.



V. Қорытынды:

Жаңа өткен тақырып бойынша алған білімдерін әңгімелесу арқылы қорытындылау.



VІ. Үй тапсырмасы:

10-сыныптың (жаратылыстану-математика бағыты) оқулығы бойынша §15, 16, 17 оқып, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру, 66-беттегі кестені толтырып келу, 32-суретте қаңдай органоид берілген? Реттік нөмірі бойынша атауларын жазып келу.



VІІ. Бағалау.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет