Сабақтың мақсаты: Студенттерді жылқының түр-түсіне байланысты негізгі атаулармен таныстыру, олардың белгілері мен ен-таңбаларын ажыратуды үйрету. Альбомдағы суреттерге қарай отырып, студентгерді жылқының түр-түсін, белгілері мен ен-таңбаларды ажыратуға жаттықтыру. Берілген тапсырмаларды орындау.
Әдістемелік нұсқау: Зертханалық-тәжірибелік сабақтарда студенттерді жылқының түр-түсіне байланысты негізгі атауларымен таныстыру, олардың белгілері мен ен-таңбаларын ажыратуды үйрету кезінде пайдаланатын қажетті құралдар: әдістемелік нұсқау, кестелер, альбомдар, суреттер, муляждар.