Сабақ тақырыбы:
|
Кітапханада
|
Блум таксономиясы бойынша мақсаттар жүйесі:
|
Білу(тану): Кітапхана тақырыбына қатысты сөздердің мағынасын білу.
Түсіну: Жаңа сөздерді, мәтіннің мазмұнын түсіну.
Қолдану:Етістіктің жіктелуін дұрыс қолдану.
Талдау: Кітапхана не үшін керек?
Жинақтау: Жаңа сабақ бойынша түсініктерін жинақтау үшін диалог құрастыру.
Бағалау: Жаңа сабақта алған білімдерін тиянақтайды, әр топтың топ басшылары өздерінің бағалау парағындағындағы әр оқушының ұпайларын жинайды.
|
Күтілетін нәтижелер:
|
Кітапхана тақырыбына қатысты сөздердің мағынасын біледі.
Жаңа сөздерді, мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Етістіктің жіктелуін біледі.
Кітапхана не үшін керек екендігін біледі.
Жаңа сабақ бойынша түсініктерін жинақтау үшін диалог құрастыра алады.
Жаңа сабақта алған білімдерін тиянақтайды, әр топтың топ басшылары өздерінің бағалау парағындағындағы әр оқушының ұпайларын жинайды.
|
Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі:
|
«Ой қозғау», «Бәйге», «Миға шабуыл», «Мозайка», «Мен саған, сен маған", «Кластер құру», «Коллаж», «Ойлан, жұптас, талқыла», «Бағдаршам»
|
Оқушыларды оқыту үшін бағалау түрлерін кіріктіру:
|
Топ басшысының бағалау парағы.
|
Қажетті ресурстар:
|
Қиылған қағаздар, сөздік дәптері, дәптер, кітап, слайд, түрлі – түсті маркерлер, кластер, коллаж, бағалау парағы.
|
Сабақ барысы
|
Уақыт
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Әдіс-тәсілдер
|
Ресурстар
|
3 мин
|
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу.
Мақсаты: Оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру.
- Оқушылар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Өз қонақжайлығымызды ұйымшылдық, тәртіп, ең бастысы сәлеміміз арқылы көрсетейік.
2. Топқа бөлу
Кітапхана суреттерін таратып, оқушыларды екі топқа бөлу.
Әр топқа топ басшысын сайлап алып, бағалаудың критерийлерін ұсыну.
|
Оқушылар шеңберге тұрып, хормен:
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Қонақтарды көргенде,
Қуана қарсы аламыз.
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!
Оқушылар қолдарындағы сурет қиықшаларынан кітапхана суреттерін жинау арқылы топқа бөлінеді.
|
«Ой қозғау» әдісі
|
Қиылған қағаздар
|
5 мин
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын «Бәйге» әдісімен тексеремін
|
Оқушылар сандарды таңдап, сұрақтарға жауап береді.
|
«Бәйге» әдісі
|
|
2 мин
|
Оқушылар қазір сабағымыздың тақырыбын ашу үшін бәріміз мына видеоға назар аударайық. Интербелсенді тақтадан видео көрсету.
Балалар, видеода нелерді көрдіңдер?
Бұл кітапхана.
Оны қайдан білдіңдер?
Себебі, бұл суретте сөреде көп кітаптар, газет – журналдар бар.
Балалар, сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Кітапханада» екенін анықтадық.
|
Оқушылар видеодан ненің суреті екенін тауып айтады.
Сабақтың тақырыбын видео көру арқылы ашады.
|
«Миға шабуыл» әдісі
|
АКТ
|