Сабақ тақырыбы Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек? (18-19 бет)



бет1/2
Дата23.08.2017
өлшемі213,96 Kb.
#25200
түріСабақ
  1   2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2- бөлім: Тірі табиғат.

2.1. Өсімдіктер.

Мектеп: №10 орта мектеп


Күні: 12.05.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Базарбаева З.С.

Сынып: 1

Ортақ тақырып: Менің мектебім

Қатысқандар: 20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек? (18-19 бет)

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама

сына сілтемеу)

1.2.1.4. бөлме және мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттау

1.2.1.5. Қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білу керек:

Өсімдікті қалай күту керектігін біледі;



Көпшілігі:

Өсімдікті күтуге қажетті заттарды анықтайды;



Кейбір оқушылар:

Өсімдікті күту жолдарын айтады.



Бағалау критерийі

• Мәдени өсімдіктерге күтім жасауға қажетті құралдарды анықтайды.

• Мәдени өсімдіктерге күтім жасау тәсілдері туралы әңгімелейді.



Тілдік мақсаттар

Жағдай, күтім, арамшөп, тыңайтқыш

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу.Мәдени және жабайы өсімдіктерді ажырата отырып, өсімдікке деген сүйіспеншілігін арттыру. Өсімдіктерді қорғауға үйрету. Ұжымшылдыққа тәрбиелеу,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Математика

Күтілетін нәтиже

Өсімдіктер тірі ағза екенін біледі, мәдени өсімдіктерді қалай күту қажет екенін үйренеді.

Алдыңғы меңгерілген білім

Өсімдіктердің тіршілігіне не қажет?



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин
5 мин


1. Психологиялық ахуал

2. Өткенді қайталау. «Артығын тап» ойыны

Түрлі суреттер болады. Оқушылар өсімдікке қажетті жағдайларды ғана анықтайды. Артық суреттерді алып тастайды.

Зерттеу нәтижесімен танысу.

Қорытынды шығару.

Адамдардың бәрі қызығады,

Су құймасаң, сәні бұзылады. ( Гүл )

«Сиқырлы себет» ойыны (Т)

Себеттен сипап сезіп, заттарды алу. Гүлге суқұйғыш, сусепкіш, шағын күрек. Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.



Суреттер, презентация.

Сабақ ортасы

5 мин

2 мин
1 мин


7 мин


3 мин



1 тапсырма (М.Т) Ертегі тыңдау.

Адамдар гүлдерді жақсы көреді. Олардың сұлулығы көңілді көтерді. Гүлдер ауаны тазартады. Бірақ қыста олар өспейді, сосын адамдардың көңілі түсіп қалатын болды. Сондықтан олар гүлдерді үйде отырғызып, оны күтетін болды. Сөйтіп бөлме өсімдіктері пайда болды.



Ой қозғау

- Біз қандай бөлме өсімдіктерін білеміз?

- Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар?

- Гүлдердің сыртқы келбетттері қандай?

- Сіздер ол өсімдіктерді дұрыс өсуі үшін қалай күтесіздер?

Күтуге қажетті құралдармен танысу.

Сергіту сәті:

Жел еседі бітімізге,

Шайқалады ағаштар.

Жел ақырын-ақырын-ақырын

Биік-биік ағаштар

2 тапсырма 1.2.1.4. Зерттеу жұмысы (Ж)

Жұмысты жұпта жасайды.

Әр жұп шүберек, су сепкіш, су бүркегіш, таяқша беріледі.

Гүлді күту ережелерін сынып оқушыларымен талқылау.


  • Тым көп су құюға болмайды.

  • Су бүркегішпен қатты сепсе, жапырақтары сынып қалуы мүмкін.

  • Таяқшамен қопсытқанда, тамырына дейін тигізбе.

  • Гүлдің жанында жүгірме, ойнама, гүл құлауы мүмкін.

Болжау: Егер гүлді дұрыс суарып, топырағын қопсытса не болады?

Төмендегі нұсқаулықты басшылыққа алып, гүлге күтім жасайды.



  • Өсімдіктің ерекшелігін ескеріп, оны суару.

  • Топырақты таяқшамен қопсыту.

  • Жапырақтың шаңын сүртіп, су бүркегішпен себу.

Болжамдарыңыз дәл келді ме?

Дәл келу үшін не істеу керек?



презентация

карточкалар

суреттер

жемістер


көкөністер

су, топырақ, құтылар, суреттер







Дескриптор:

3 мин


4 мин

Білім алушы

- Бөлме өсімдіктеріне күтім жасауға қажетті құралдарды атайды.

- Бөлме өсімдіктеріне күтім жасаудың тәсілдерін сипаттайды.

3тапсырма 1.2.1.5. Топтық жұмыс

Әр топқа өсімдікті күту жолдары көрсетілген түрлі суреттер беріледі. Суреттерді терминдер мен тірек сөздерді қолданып, суреттер арқылы гүлдің күту жолдарын ретімен орналастарды, сипаттайды.



ҚБ: бөлме өсімдіктеріне күтім жасауға қажетті құралдарды атайды, бөлме өсімдіктеріне күтім жасаудың тәсілдерін сипаттайды.

Дәптермен жұмыс:

Құрал-саймандардың атын дұрыс жазу.






Сабақтың соңы



5 мин


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет