Сабақ: Тақырыбы: «Саяси партиялар және партиялық жүйе»



Дата18.03.2017
өлшемі334,39 Kb.
#11802
түріСабақ
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі



«Бекітемін»

ОӘЖЖ директордың

орынбасары________ Г.А.Нуржанова

«____»_________ 2017 ж.

Ашық сабақ:


Тақырыбы: «
Саяси партиялар және партиялық жүйе »

Өткізген : Әлеуметтік және гуманитарлық

пәндер оқытушысы А.Е.Дуйсенгалиева.

Пән: Саясаттану және әлеуметтік негіздері

Топ: 9ю-22

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Саяси партиялар және партиялық жүйе».

Сабақтың мақсаты:


  1. Білімділік: Саяси партиялардың құрылу себептері мен қызметтеріне сипаттама бере отырып, қоғамдық маңызын ашып көрсету. Оқушыларға Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезде оның қоғамдық - саяси, әлеуметтік өмірінде болған түбегейлі өзгерістерді берік меңгеру.




  1. Дамытушылық: Саяси өмірдегі өзгерістерді дұрыс талдап, тұжырымдай білуге үйрету және жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіру.




  1. Тәрбиелік: Оқушылардың өз жерін, елін сүюге, сүйіспеншілігін арттырып, еліміздің патриоты болатындай етіп тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ;

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Тірек схемалар, интерактивті тақта, (презинтанция)
Пән аралық байланыс: Философия негіздері, Қисын Қазақ әдебиеті,

Қазақстан тарихы


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Студенттердің біліктілігі мен дағдысын тексеру

  3. Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі

  4. Жаңа материалды бекіту

  5. Сабақтың қорытындысы

  6. Бағалау

  7. Үйге тапсырма.


I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Студенттермен амандасу

2. Топтың құрамын тексеру

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру: Студенттердің біліктілігі мен дағдысын тексеру.

1. Үй тапсырмасы ретінде берілген тақырыпты қорғату.
2. «Кім көп біледі?» ойыны


  1. Біздің заманымыздан бұрынғы мыңжылдықтың ортасында философиялық – этикалық түсіну белең алды. Осы уақыттың ойшылдарын ата? (Платон, Конфуций, Аристотель)

  2. Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасты.Оның негізін салушы кім? (Фома Аквинский)

  3. Саясатты қазіргідей түсінуге үлкен үлес қосқан ХVI ғасырда өмір сүрген Италияның ойшылы? (Николо Макиавелли)

  4. Нағыз ғылым ретінде «Саясат» қай уақытта қалыптасты? (ХІХ аяғы ХХ ғ. басында)

  5. Саясаттың түрлері? (ішкі, сыртқы)

  6. Билік дегеніміз не? (біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады)

  7. Саяси жүйе дегеніміз не? (билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, және саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым )

  8. Саяси жүйе теориясын дүниеге әкелген? (американың саясаттанушысы Давид Истон)

  9. Саяси тәртіп дегеніміз не? (саяси билік пен қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы.)

  10. Саяси тәртіп түрлері. (Демократиялық, антидемократиялық, авторитарлық, тоталитарлық)

  11. Салық салу мемлекеттің белгілеріне жатады ма?(жатады)

  12. Мемлекеттің түрлері (монархия, република)

  13. Мемлекет дегеніміз не?(қоғамды басқаратын аппарат)

  14. Мемлекет құрылысына қарай қандай түрлерге бөлінеді? (унитарлық, федерация, конфедерация)

  15. Егемендік мемлекет дегенді қалай түсінесіздер? (ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі)


ІІІ. Жаңа сабақтың барысы :

1. Саяси партиялар және партиялық жүйе (түсінігі, пайда болуы, қызметі, жіктелуі, түрлері.)

Саяси партия деген ұғымды қалай түсінесіздер? (ой-пікірлерді тыңдау)

«Партия» деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тұнғыш, алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған.
Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу мүмкіндігін тудырады. Жұмысшылар ұйымдасып, парламентке өз мүдделерін қорғайтын партиялар құра бастайды. Партия бірден көпшілік партияға айналған жоқ. Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынандай кезеңдерді көрсетті.

1. Аристократиялық үйірмелер.

2. Саяси клубтар.

3. Көпшілік партиялар.

Мұнда аристократиялық үйірмелержер иелерінің мақсатың қорғаса, саяси клубтар буржуазиялық мүддесін қорғайды. Ал көпшілікпартия үнемі көпшілікпенбайланыста болады.
Тұңғыш көпшілік партия болып 1861 жылы Ұлыбританияның либералдық партиясы құрылды. Одан кейін Германияда 1863 жылы жалпы Германияның жұмысшы Одағы партиясы құрылды.

Саяси идеологиясына қарай:


Саяси партиялардың негізгі қызметтері:

1. Саяси идеология мен саяси ілімдер жасау;


2. Мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;
3. Қоғамдық пікірді қалыптастыру;
4. Жалпы қоғамды, топты саяси тәрбиелеу;
5. Мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау;
Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті – азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету.

Сонымен, саяси партиялардың негізгі қызметтері төмендегідей:





Саяси

Ұйымдастырушылық

Билік үшін күрес. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын жасауға, қалыптастыруға, іске асыруға, тіелей қатынасу. Балама ұсыныстар жасау. Сайлау науқанына белсенді түрде атсалысып, оған байланысты бағдарламаны орындау. Саяси бағытты тұжырымдау

Бағдарламалық мақсаттар мен ешімдерді іс жүзінде асыру. Сайлау науқанын өткізу.Сайлап қойылатын қызметтерге кандидаттар іріктеу. Басқару элитасына кадрлар дайындап ұсыну. Үкімет құрамын, сол сияқты басқа да биліктіқұрылымдарды құрастыруға қатысу.




Теориялық

Идеологиялық

Қоғам дамуының негізгі

салалары бойынша және оның даму жолдарын талдап, теориялық жағынан бағалау. Әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделеріе анықтап үйлстіру. Қоғамды жаңартудың стратегиясы мен тактикасын тұжырымдап, бұқараны қимыл бірлігіне теориялық жағынан әзірлеу.



Еңбекші бұқара арасында өз көз-қарасын, ізгі мұраттарды тарату, оны іскерлікпен ұштастыру. Өз бағдарламасы мен саясатын насихаттау. Азаматтардың түбегейлі мүдделерін ескере отырып өз бағытын қолдауға жұмылдыру және партия қатарына тарту, т.с.с.

Қорыта келе, партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады.




Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері

Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген өлшем және белгілері бар. Француз ғалымы М. Дюверже сайлаушылар мен белсенділер санына қарай екіге бөлген:





Кадрлық


Бұқаралық


Сайлаушылардың 10% ғана болатын, мүше саны аз, ұймдастырушылық жағынан жоғары деңгейде.Әр мүшесінің партиялық билеті бар. Мүшелік жарна төлейді. Жарғысын мүлтіксіз орындайды.

Сайлаушылары көп, мүшелері, белсенділері де көп. Партиялық билеті жоқ, мүшелік жарна төлемейді. Мысалы, АҚШ-тың республикалық және демократиялық партиялары.




Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты




Сайлаушылар партиясы

Сайлаушылар партиясы



Парламенттік партия



Авангардтық партия

Қауымдастық партиясы


Сайлаушылар партиясы- бұл партияның негізгі мақсаты - үмткердің сайлау алдыңдағы науқаның ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.с.с. Мұнда тұрақты мүшелік жоқ, ұйымдық құрылым жоқ.
Парламенттік партия - екі қызмет атқарады: парламентке бақылау жасайды, сайлауға дайындалады.
Авангардтық партия - орталықтанған, өзінің барлық мүшелерінен партияның жұмысына белсенді қатынасуын талап етеді.
Қауымдастық партиясы - ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі.





Саяси идеологиясына қарай






Коммунистік

Социал-демократиялық



Буржуазиялық-демократиялық

Консервативтік




Фашистік



Коммунистік партиялар – К.Маркстың ілімін басшылыққа алады. Тапсыз, меншіктің жеке түрі жоқ қоғам мүддесін қорғайды.
Социал-демократиялық партиялар – бұл партиялар үнемі еңбекші халықтың мүддесіне сай қоғамды реформалап отырады. Негізгі құндылықтары: әділеттілік, бостандық, теңдік, ынтымақтастық.
Буржуазиялық-демократиялық – билік үшін ашық күрес жүргізеді. Үкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жетеді. Заң алдында бәрінің де тең болғанын қалайды. 
Консервативтік партиялар – ірі буржуазияның мүддесін қорғайды.Теңсіздікті сақтағысы келеді.
Фашистік партиялар – адам құқықтары мен бостандықтары шектеледі. Ұлтшылдықты уағыздайды. Жеке мүддеден мемлекеттік мүдде жоғары тұрады. Күштеу басым болады.




Саяси өмірдегі алатын орнына қарай




Билеуші

Оппозициялық



Билеуші партиялар – билік қолға жеткен соң, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни, басқа партиялардың үстінен билік жүргізеді.
Оппозициялық партиялар  – олар басқарушы партияның саясатын сын көзбен бағалайды. Қарсыластық қасиет тән.





Жұмыс істеу жағдайына байланысты




Ресми

Жартылай ресми



Құпия


Ресми партия – жұмысын ашық жүргізеді. Қоғамдық саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіледі. Мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Жартылай ресми партия – формалды түрде рұқсат етілген, кейбір жұмысына шек қойылған.
Құпия партиялар – заң бойынша тыйым салынған, жұмысын жасырын жүргізеді.
Санына қарай: Бірпартиялық, Екіпартиялық, Көппартиялық




Санына қарай





Бірпартиялық

Екіпартиялық

Біартиялық





Көппартиялық


Бірпартиялық – өзінен басқа партияның болғанын қаламайды.
Екіпартиялық – мұнда нағыз бәсекелестік ірі екі партия арасында болады.

Жалпы сайлау арқылы үкімет басына келеді. Үнемі бірін-бірі сынға алып отырады.


Көппартиялық – мұнда үш немесе одан да көп партиялар болады.Саяси мәселелер жан-жақты қаралады,Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция құруы мүмкін.


Коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігін айтады.

1. Парламентке қатысатын партиялардың ешқайсысы өз алдына бөлек басқара алмаған уақытқа құралған көппартиялық коалакция;

2. Екі партия бірігіп үкіметті басқара алатындай уақытта құрылатын екіпартиялық коалакция;

3. Билік үшін бәсеке екі партия одағының арасында болса,екі блоктың коалакция болады:

4.Егер дербес партия ұзақ билік етсе, оны басымдық коалакциясы дейді.

Барлық саяси партиялардың жұмысы Конституцияға қайшы болмауы керек.


Сұрақ: Ал сіздер Қазақстан Республикасындағы қандай саяси партияларды білесіздер?
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар тізімін көрсету.













Қазақстандағы көппартиялық
Қазақстанда ең алғаш Ә. Бөкейхановтың бастауымен 1905 жылы желтоқсанда Орал қаласындаделегаттар съезі шақырылып, кадет партиясының бөлімі құрылды.

1917 жылы 21 қазанда Қазақ газетінде Алаш партиясының бағдарламасын басып шығарды. Онда: Ресей демократиялық федеративтік республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек; мұндағы мемлекеттер дініне, шыққан тегіне, жынысына қарамай, бәрі де тең, ақысыз білім, басқарушылар жергілікті халықтың тілін білуі керек ,т.с.с жазылған.

1917 жылы желтоқсанда Орынборда екінші жалпы қазақтың съезі шақырылып, Алашорда үкіметінің құрылғандығын хабарлады. Басшысы Ә.Бөкейханов болып сайланды.

1918 жылы Қарашада Алашорда үкіметі кеңес әскерлерінің күшімен талқандалды. Алаш партиясының басшылары репрессияға ұшырады.

1917 жылы күзде Үш жүз деген партия құрылды. Оның басшысы Қ.Тоғысов болды.

1986 жылы желтоқсан көтерілісінен кейін, Желтоқсан партиясы дүниеге келді.


Қазақстан Коммунистік партиясы
Партияның бірінші хатшысы -Алдамжаров Ғазиз Қамашлы. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркелді. ҚКП мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды, ҚКП мүшелері, негізінен, соғыс жәнееңбек ардагерлері,жұмысшылар, зейнеткерлер болып табылады. 2007 жылы Мәжіліске сайлауға Қазақстан Коммунистік партиясы қатысқан жоқ.
Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясы

Төраға- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның 1-орынбасары- Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы.

Отан республикалық саяси партиясы 1999 жылғы қаңтарда құрылды. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды. Қазақстанның барлық облыстарында Астана және Алматы қалаларында Нұр Отан филиалдары бар.


Қазақстан Патриоттары Партиясы

Төраға-Қасымов Ғани Есенкелдіұлы. Партия2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияда 172 000 адам бар. Партия мынадаймақсаттарды көздейді: Қазақстан халықтарының ұлттық өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру.
Қазақстан социал-демократиялық Ауыл партиясы

Партия төрағасы-Қалиев Ғани Әлімұлы. Партия 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген. 2003 жылғы 2сәурде партия қайта тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 61 043 адамды құрайды. Қазақстаннын барлық облытарында партияның өз құрылымдық бөлімшелерібар.
IV. Жаңа сабақты бекіту:

Студенттер өз бетімен сипаттама береді.

1. Саяси партиялардың басты мақсаты не?

2. Партиялардың құрылу мақстаттары?

3. Ортақ белгілері?

4. Саяси партиялардың қоғамдағы рөлінің маңыздылығы.

V. Сабақтың қорытындысы. Инсерт әдісі арқылы.

Не білем?

Не білдім?

Не білгім келеді?










VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырмасы:
1.Саяси партияға байланысты жоба құрып, оны қорғау.

2. Саяси партиялар туралы тест құрастыруып келу?

Қорытындылау.
Қазақстан-2050 стратегиясынан:

«Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050 Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын!


Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия сіздерге арналған.
Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсысыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайлылық танытпаңыздар.
Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!» Н.Ә.Назарбаев
_____________Қазақстан тарихы пән оқытушы: Дуйсенгалиева А.Е.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет