Сабақ тақырыбы Табиғат және менің қауіпсіздігім



бет1/4
Дата03.01.2023
өлшемі0,62 Mb.
#164937
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
1 7 бөлім 29 сабақ 1 нұсқа ҚМЖ
лит 2 кл 1.12, дүниетану 2 кл 9.11, рус 2 кл 9.12

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
7 –бөлім «Су – тіршілік көзі»






Мерзімі: 4-тоқсан

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Сынып: 3



Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Табиғат және менің қауіпсіздігім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.2 Қолайсыз климаттық ауа-райы жағдайындағы қауіпсіздік ережесін құру.
3.2.3.2. Геологиялық және табиғи климаттық апаттар кезіндегі өзін-өзі ұстау ережесін құру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • «катаклизм» ұғымын түсіндіреді;

  • ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыра алады.




Бағалау критерийлері

  • төтенше жағдайларды анықтайды;

  • табиғи катаклизмдердің пайда болуы мен салдарын біледі;

  • күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін дұрыс қолданады;

негізгі 3 ережесін құрастыра алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • ауа-райы адамдардың өміріне қалай әсер ететінін әңгімелейді;

  • катаклизм түрлерін атайды.

Терминология:

Пайдалы сөзтіркестер:
Адам өмірі мен қызметі ауа райына және климаттық ....
Табиғи апаттық жағдайда ең басты қағида- ...

Құндылықтарды дарыту

Қауіпсіздік – ауа райының қолайсыз жағдайындағы қауіпсіздік ережелерін құрастыру арқылы жүзеге асады;
Сыйластық – бір-бірінің жауабын мұқият тыңдау барысында көрініс табады.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі: оқушылар табиғи апат түрлерін кірме сөздер ретінде қарастырып, дұрыс жазылуын үйренеді.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылардың ауа-райы, климат, климаттық белдеулер туралы алғашқы түсініктері бар. Қолайлы және қолайсыз ауа-райын ажырата алады. Қолайсыз ауа-райында өзін-өзі ұстау ережелерін құру тәжірибелері бар. «Тірі табиғат» бөлімінде (3-сынып) табиғи ортада өз қауіпсіздіктерін жоспарлауды және тәуекелді бағалауды үйренді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

6-8

9


  1. Ассоциация құру. Талқылау және ой білдіру (жеке, топта, ұжымда)

Оқушыларға «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР» ұғымына ассоциация құру ұсынылады. Ол үшін ең алдымен оқушылар параққа өздері жеке орындайды, кейін топта кең ассоциация құрып, плакатқа түсіреді. Әр топ жұмыстарын бір-біріне көрсетіп салыстырады.
«ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР» ұғымын бекітеді.



  1. «Тап және дәлелде» тапсырмасы (ұжымда)

"Төтенше жағдайлар" ұғымын бекіту үшін слайдта суреттер топтамасы көрсетіледі. Олардың қайсысы ТЖ-ға жататынын анықтау қажет. Ол үшін оқушыларға таңдалған суреттердің нөмірлері жазылған парақшаларды таратыңыз және кейін жауаптарды ұжымда талқылаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет