16- сабақ
Уақыт
Уақыт, сағат неше болды?
Уақыт - время
1. Сағат неше болды? Сағат нешеде? (В каком часу?)
2. Уақыт қанша?
I. 1-ден 15 мин. кетті
(отошло)
2-ден Кет-кен-де
3-тен 1. Я пришел в I25.
4-тен — Мен сағат бірден 25 мин. кеткенде келдім.
5-тен 2. Я его видел в 715.
6-дан — Мен оны сағат жетіден 15 минут кеткенде
көрдім.
7-ден
8-ден
9-дан
10-нан
11-ден
12-ден
II. 1-ге 15 мин. қалды Қал-ған-да
(осталось)
2-ге1. Я ушел в 545.
3-ке -Мен сағат 6-ға 15 мин. калғаңда кеттім.
4-ке 2. Я его видел в I50.
5-ке- Мен оны сағат 2-ге 10 мин.қалғанда
көрдім.
6-ға
7-ге
8-ге
9-ға
10-ға
11-ге
12-ге
III. Жарым (половина)
Жарымда
1.30 — бір жарым
Я пришел в I30.
Мен сағат бір жарымда келдім.
Жаттығу:
1. I45; 238; 1016; 1345; 930; 555.
2. 1218; 537; 607; 1030.
3. В 448; в1126; в 353; в 230.
Уақыт
Сағат қанша болды?
Сағат неше? Сколько время?
1.10°° — сағат он.
кетті (минутная стрелка
2. 1025 - он-нан 25 мин. находится на правой)
816 — сегіз-ден 16 мин. стороне циферблата)
508 — бес-тен 8 мин.
кет-у — отходигь, уходить, исходить (сочетание с Ш.с.)
3. 1045 — он бір-ге 15 мин. калды (минутная стрелка)
831 — тоғыз-ға 29 мин. (находится на левой
558 — алты-ға 2 мин. половине циферблата)
қал-у — оставаться, недоставать до чего-то (сочетание с Б.с.)
4. 1230 — половина первого: он екі жарым
I30 — бір жарым
1030 — он жарым
5. Сағат: время-10часов.
10 сағат: количество времени.
Мен оларда 10 сағат болдым. — Я у них был 10 часов.
Сағат нешеде? - В котором часу?
1.
В 1°° — Сағат бір-де. Мен келдім.
В I30 — Сағат 1 жарым-да
В 745 - Сағат 8-ге 15 минут қалғанда -Я пришел.
В 1020 — Сағат 10-нан 20 мин. кеткенде.
2.
К 13°° - Сағат бір-ге. Мені күт..
К I30 — Сағат бір жарым-ға.
К 745 — Сағат 8-ге 15 мин. қалғанда. -Жди меня.
К 1020 — Сағат 10-нен 20 мин. кеткен-де.
3.
Таңғы — утренний.
Таңғы сағат 6-да. — Утром в 6 часов.
Түскі - обеденный.
Түскі сағат 1-де. — В обед — в 1 час дня.
Кешкі — вечерний.
Кешкі сағат тоғызда. — Вечером — в 9 часов.
Түнгі — ночной.
Түнгі сағат он-да. — Ночью — в 10 часов.
Күндізгі — дневной
4.
Сағат 1 жарым-ға дейін. — до 1.30 Біз оны күттік.
Сағат 8-ден 20 мин. Кеткенге
дейін. - до 820 -Мы его ждали.
Сағат 9-ға 20 мин. қалғанға
дейін — до 840.
5.
Сағат 1 жарым-нан кейін. — после I30. Тамақ ішпеңіз.
Сағат 8-ден 20 мин. кеткеннен кейін
— после 820. — Не ешьте.
Сағат 9-ға 20 мин. қалғаннан кейін
— после 840.
Тапсырма 16.1. Қазақ тіліне аударыңыздар.
1. Они пришли в гости к ним к 8 часам вечера.
2. Мы встретили его детей на улице в 1230.
3. Он меня ждал в институте в 2 часа.
4. Урок начался в 1245.
5. Индийский фильм закончился в 12 часов ночи.
6. Мы пришли к ней от них к 10 часам дня.
7. Вы направились к нему домой в 545.
8. Моя мать позвонила нам в 3 часа ночи.
9. Мы его ждали на вокзале до I30.
10. Вы гуляете в парке до 915 вечера.
11. Мы отдыхаем в его комнате до I45 дня.
12. Они уезжают сегодня вечером в 9 часов.
13. Сейчас 12 часов ночи.
14. Я позвонила его подруге в 13°° (обед).
15. Мне надо идти на работу к часу ночи.
16. Ему надо позвонить ей к 10 часам.
17. Можно мне прийти квам в 8 часов?
18. Позвоните нам в 630 утра.
19. Отдыхайте с нами 2 часа.
20. Начните с ним работу в 215.
21. Идите в столовую в I30.
22. Приходите к нам в гости в 7 часов вечера.
23. Пей сок или молоко в 930 вечера.
24. Не ешьте после 7 вечера.
25. Не гуляйте после 11 вечера.
26. Не вставайте до 7 часов утра.
Тапсырма 16.2. Көп нүктенің орнына керек жалғауларды жазыңыздар.
1.Казір сағат бес... он минут қалды. 2. Сағат он... он бес минут кетті. 3. Мен сабаққа он бес минут... тоғызда келемін. 4. Кешкі сағат тоғыз... теледидардан жақсы фильм болады. 5. Біз сағат алты жарым... кездестік. 6. Сағат жиырма бір... "Хабар" бағдарламасы басталады. 7. Екі... неше минут қалды? 8. Сағат бір... жиырма үш минут қалды. 9. Түскі сағат бір... асханаға барамыз. 10. Сен түнгі сағат неше... жаттың? 11. Бес минут... он... маған аялдамада болу керек. 12. Мен әдетте таңертең сағат жеті... тұрамын. 13. Меніңше, қазір сағат төрт... жиырма минут кетті.
Тапсырма 16.3. Қазақ тіліне аударыңыз.
1.Обычно я утром встаю в 7 часов. 2.Сейчас 9 часов утра. 3.Что ты вчера днем делал? 4.Наше занятие заканчивается в 2 часа дня. 5.В обед вы ходите в столовую. 6.Сегодня обед будет вкусным. 7.Вечером у тебя будет, время? 8. Позвоню тебе примерно в 9 часов вечера. 9.Ночью детям нужно быть дома. 10.Библиотека открывается в половине девятого. 11.Сейчас без десяти минут пять. 12.Поезд прибывает в половине десятого утра. 13.Я буду дома примерно в 6 часов вечера. 14.Мне нужно позвонить маме ровно в час дня. 15.Где ты был в 10 часов вечера? 16.Во сколько ты сегодня встал?
Менің жұмыс уақытым
Сөздік: жұмыс уақыты - рабочее время
бастау - начать
аяқтау - закончить
қымбат - дорогой
адам өмірі - жизнь человека
дана сөздер - мудрые слова (выражения)
мектеп қабырғасынан - со школы, со школьных дней
есімде - помню, знаю
ертеңгілік жаттығу - утренняя гимнастика
таңертеңгілік ас - завтрак
үй шаруасы - по дому, домашние дела
кешкі ас - ужин
кездесу - встреча
уақыт бөлемін - уделяю время
Тапсырма 16.4. Мәтінді оқып аударыңыз.
Қазір мен жоғары оқу орнының студентімін.
«Ақша - қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақыт бәрінен қымбат», - деген А.В. Суворовтың дана сөзі мектеп қабырғасынан есімде.
Мен таңертең сағат 7-де (жетіде) тұрамын. Ертеңгілік жаттығулар жасап, жуынып, таңертеңгілік асымды ішемін. Сағат 7.40-та үйден шығып, аялдамаға келемін. Сабақ 8.30-да басталып, 13.45-те аяқталады.
Сабақтан соң, үйге келемін тамағымды ішіп, демаламын. Сағат 3-тен 4-ке дейін үй шаруасын атқарамын. 4-тен 6-ға дейін сабаққа дайындаламын кітапханаға барамын.
Кешкі асты ішкеннен кейін жолдастарыммен кездесемін. Мен кешкілік теледидар көріп, кітап, газет, журналдар оқуға да уақыт бөлемін. Сағат 11-де ұйықтауға жатамын. Міне, менің бір күнім осылай өтеді.
Тапсырма 16.5. Сұрақтарға жауап беріңіз
1. Сіз қайда оқисыз?
2. Университетте сабақ нешеде басталып, нешеде аяқталады?
3. Сабақтан кейін не істейсіз?
4. Кітап, газет, журнал оқуға уақыт бөлесіз бе?
5. Үй тапсырмасын сағат нешелерде орындайсыз?
6. Сағат нешеде ұйықтауға жатасыз?
Тапсырма 16.6. Көп нүктенің орнына тиісті Қ (қатаң), Ғ (ұяң) дауыссыз дыбыстарды жазыңыз.
Мен биыл о...у...а түстім. Бұл орта о...у орны. Са...ат үште жиналыс болады, жиналыс...а кешікпеуім керек. Ма...ан маманды...ым ұнайды. Мен болаша....та жа....сы маман бол...ым келеді. Ол үшін уа...ытты дұрыс пайдаланып, көп о...у керек. Жаңа о...у жылына о...у ...ұралдарын дайындауым керек. Оқу қыркүйек айында басталады. Жаңа о...у жылын асы..а күтіп жүрмін.
Тапсырма 16.7. Уақытты меңгеру не үшін қажет ?
Тапсырма 16.8. Мына сөйлемдерге назар аударып, орысшаға аударыңыз, есіңізге сақтаңыз!
1. Уақытты саналы сезініп, өмір сүріңіз.
2. Еңбек ету үшін уақыт табыңыз, бұл - табыс кепілі.
3. Оқу үшін уақыт табыңыз, бұл - білім негізі.
4. Армандау үшін уақыт табыңыз, бұл - жұлдыздарға барар жол.
5. Махаббат үшін уақыт табыңыз, бұл өмірдің шынайы қуанышы.
6. Көңіл көтеру үшін уақыт табыңыз, бұл - жанның әуені.
Тапсырма 16.9. Уақытымыздың жаулары:
- түсініксіз мақсаттар;
- тыңдай білмеу;
- телефонмен ұзақ сөйлесу;
- асығыс шешімдер;
- ұмытшақтық;
- жоспарлай білмеу.
Тапсырма 16.10. Берілген суреттерге қарап сөйлейміз
Сағат 1,2,3,4.........12 1-ге 5-ке 9-ға
кетті 2-ге 6-ға 10-ға
жарты, жарым 3-ке 7-ге 11-ге
қалды 4-ке 8-ге 12-ге
Уақытты паЙдалана білесіз бе?
Тапсырма 16.11.Сөздікпен жұмыс (Сөздікті пайдаланыңыз).
Басталу, аяқталмаған жұмыс, өшіру, баяндама, баяндама жасау, қызықты, ойлау, есептемеу, нақты, анықтау, тырысу, сенімді, шартты, жағдайға қарай шаршау, ертеңге қалдыру, қабілет, шаршатпау, естірту, күту, уәде, айналысу, үлгеру, уақытты созу.
Тапсырма 16.12. Мына сөздерге қарсы мағынадағы сөздерді табыңыз:
басталу-
көру-
баяндама жасау-
тырысу-
азырақ-
кеше-
күн-
таңертең
ертерек
кешігу
шындық
бар
жоғалту
Тапсырма 16.13.. Берліген тестті орындаңыз.
Уақытыңызды дұрыс пайдалана аласыз ба?
Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып өз у ақытыңызды қалай пайдаланатыныңызды білуге болады.
1)Үйге келгенде, телебағдарламаға қарап, бес минуттан соң сіздің жақсы көретін хабарыңыз басталмақ, бірақ сізде аяқталмаған жұмыс мойныңызда тұр. Сіз не істейсіз?
а) жұмысымды аяқтаймын, содан соң теледидар алдына отырамын;
ә) жұмысымды қоя тұрамын, телехабарды жібермей көремін;
б) жұмысымды да істеп отырамын, хабарды да көремін;
в) хабарды көрмеймін, теледидарды өшіремін, жұмысымды да істемеймін.
2)Жұмыста баяндама жасауыңыз керек, баяндамаға
дайындала отырып сіз:
а) аудитория үшін баяндамаңыздың қызықты болуын ойлайсыз, баяндама қанша уақыт алады, оны есептемейсіз;
ә) сөйлеу уақытыңызды нақты анықтап аласыз. Осы уақытты пайдалануға тырысасыз;
б)азырақ уақыт сөйлегенді артық көресіз;
в) сіз сенімдісіз. Мұндай кезде уақыт шарты, жағдайға қарай көресіз ( будете ориентироваться по обстановке, имповизируя на ходу)
3) Сіз жұмыстан өте шаршап келдіңіз, бірақ бүгінгі аяқталмаған жоспарлы жұмыс тұр. Сіз не істейсіз?
а) күшімді жинап, жұмысты аяқтаймын;
ә) ертеңгі күнге жоспарлаймын;
б) істегенімше істеймін, қалғанын ертеңге қалдырамын;
в) денсаулығым қымбат, ұйықтауға жатамын.
4) Жұмысқа қабілетті кезеңдеріңіз ( у вас наибольшая работоспособность):
а)таңертең;
ә)түстен кейін;
б)кешке;
г)жұмыс қабілетім әрқашан бір қалыпты;
5)Таңертең сіз.
а)қоңыраусағатпен ( будильник) оянамын;
ә)өзім оянамын;
б)біреудің оятқанын керек етемін;
в)өзім оянамын, жата тұрғанды жақсы көремін,
г)жақындарым тұратын уақытың болды деп ескертеді.
6)Қонаққа келдіңіз, мысалы туған күнге. Сіз:
а) үй иелерін шаршатпас үшін сіз қашан қайтатыныңызды ертерек ескертесіз (заранее намечаете, когда нужно уйти, чтобы не утомлять хозяев);
ә)қонақтардың біреуі қайтуды ескерткенін күтесіз (ждете, когда кто-то из гостей подаст первым эту идею);
б)жағдайға қарай көресіз ( старайтесь ориентироваться по обстановке);
в)қайту туралы ойламаймын.
7)Белгілі бір уақытпен тамақ ішесіз бе?
а)міндетті түрде;
ә)уақытпен ішкім келеді, бірақ болмайды ( хотите, но не получается)
б)уақытпен ішкіңіз келмейді, бірақ уақытпен ішуге тура келеді;
в)қашан ішкіңіз келеді, сонда ішесіз.
8) Сіз белгіленген уақытта кездесуге кешіктіңіз, кездесуге келген адам кетіп қалды. Сіз:
а)сіз ол адамды тауып кешірім өтінесіз;
ә)енді кешікпеуге өзіңізге уәде бересіз, кешірім өтінуді келесі кездескенше қалдыра тұрасыз;
б)осы адаммен кездесуден қашасыз, ұмытылады деп ойлайсыз;
в)бұған мән бермейсіз, сіздің әдетіңізде бар нәрсе.
9) Кешігу себебін түсіндіресіз:
а)шындықты айтамын;
ә)өтірік айтамын;
б)жағдайға қарай айтамын;
в)кешігу себебін түсіндіріп жатпаймын, мен үшін бұл ұсақ-түйек нәрсе.
10)Сізбен кездесуге біреу кешігеді. Сіз:
а) оған кұрметпен қарауды тоқтатамын;
ә) онымен кездесуді тоқтатамын;
б) өзімде де сондай жағдайлар болады, оны түсінуге тырысамын;
в) бұған мән бермеймін.
11)Бос уақытыңызда не істейсіз?
а)дем аламын;
ә)өзімнің сүйікті істеріммен айналысамын;
б)ойда жоспарланған істен құтылуға тырысамын;
в)бос уақыт менде болмайды.
12) Сіздің жазба кітапшаңыз немесе блокнотыңыз бар ма?
а) міндетті түрде;
ә) бар, жазуға ұмытамын;
б) жоқ, онсыз да есімде;
в) жоқ, сатып алуды ұмытамын.
13) Белгіленген күні орындалмаған істеріңіз үшін өзіңізді кінәлайтын кездеріңіз бола ма?
а)болады, кінә өзімнен болса ( бывает, если чувствуете свою вину);
ә)кез- келген істе, жағдайда ( в любом случае);
б)жоқ, онсыз да айналамнан көп ескерту естимін;
в)ешқашан, бүгін үлгермесем ертең істеуге болады.
14) Бір күнде қанша уақытыңыз босқа кеткенін есіңізге нақты түсіре аласыз ба?
а)есіме түсіре аламын;
ә)канша уақыт кеткенін есіме түсіре алмаймын;
б)бұл үшін басымды қатырмаймын;
в)қанша уақыт жоғалтқанымды білемін, алдағы уақытта
мұндай жағдайды қайталамауға тырысамын.
15)Шектеулі уақытта орындауга тиісті тапсырмаларға қалай қарйсыз?
а) шектеулі уақыт керек жұмыстардан қашамын;
ә)мен үшін бұл мәселе ( проблема) емес;
б) шектеулі уақытты қаламаймын, қажет болса, уақытында
орындаймын;
в) уақытты созғанды жақсы көремін.
Ұпайларды санайық:
Сұрақ
|
Ұпайлар
|
Қорытынды
|
А
|
Ә
|
Б
|
В
|
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
|
3
1
3
1
2
3
3
3
3
2
2
3
2
2
1
|
0
3
1
2
3
1
2
2
1
3
0
1
3
1
3
|
2
2
2
0
0
2
1
1
2
1
1
2
0
0
2
|
1
0
0
3
1
0
0
0
0
0
3
0
1
3
0
|
0-5 ұпай сізде уақытты дұрыс пайдалану туралы ой мүлде жоқ.
6-15 ұпай – уақытты дұрыс пайдалануға тырысасыз, бірақ пайдалана алмайсыз.
16-35 ұпай- бұл топқа адамдардың көпшілігі жатады. Өзіңіздің де өзгенің де уақытын құрметтейсіз.
36-45 ұпай –егер нақтылық, дәлділек – корольдің сыпайылығы болса, онда сіз императорсыз. Тым дәлдікті, нақтылықты жақсы көресіз. Сіз онсыз да бәрін алдын-ала орындап отырасыз. Өзіңізді шаршатып алмаңыз.
|
Тапсырма 16.14. Мәтінді тыңдап, оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
Сағат
Мыңдаған жылдар бүрын адамдарға уақытты дәл білу онша қажет болмады. Олар күн шыға оянып, күн бата ұйықтаған. Біртіндеп өмір күрделене бастағанда, сағаттың қажеттілігі туып, рөлі артты.
Уақытты санаудың ең алғашқы қарапайым қүралы күн сағаты болған. Ол бүдан 3500 жыл бұрын пайда болды. Бірақ күн бұлтты күні бұл сағат қолайсыз болды. Сондықтан адамдар су сағатын ойлап тапты.
Су бір ыдыстан екінші ыдысқа тамшылап тұрады. Бірінші ыдыстың суы біртіндеп азайып уақыттың дәл мезгілін білдіреді. Құм сағаты да осылай жұмыс істейді.
Механикалық сағаттар жөніндегі деректер VI ғасырдың аяғында-ақ белгілі болған. Ол туралы ғалымдар Византиялық қолжазбалардан тапты. Мұнда сағаттың бір ғана тілі болған.
Голландиялық ғалым X. Гюйгенс 1657 жылы маятникті сағат ойлап тапты.
Кварцты сағат 1929 жылдары пайда бола бастады, ал 1404 жылы Мәскеуде тұңғыш мұнара сағаты орнатылды. Кремльдегі бұл сағат Ресейдің басқа қалаларында да орнатылды. Кварцты сағат отыз жылда бір секундқа ғана қателесуі мүмкін.
Уақытты бұдан да дәлірек көрсететін атомдық және молекулалық сағаттар ойлап шығарылды. Атомдық сағат бір миллион жылда бір секундқа қателесуі мүмкін. Атомдық сағат 1948 жылы орнатылды.
XX ғасырдың 70-жылдары электронды сағат кеңінен тарады. Соңғы кезде өздігінен жүретін сағаттар да пайда бола бастады.
Сіз сағатқа жиі қарайсыз ба? Сағаттың керектігі қазіргі кезде аса қажет екені әр адамға түсінікті. Автокөлікке немесе кездесуге кешікпеу үшін сағатқа еріксіз қарайсыз, өйткені қазіргі кезде іскер адамның бәріне сағат қажет.
Ең алғашқы сағаттар қалта сағаты деп аталған, өйткені олар киімнің қалтасына салынатын болған. Қалта сағатының алтын не күміс шынжырының екінші басында сағатты бұрап отыратын кілті болған. Қазіргі кезде қалта сағаты сәннен шыға бастады.
Кейіннен қол сағаты пайда болды. Ең алғашқы қол сағатын 1910 жылы Роллекс компаниясы жасап шығарды.
Сағаттың өмірде алатын орны ерекше; жүректің соғуы, теңіз суының көтерілуі мен қайтуы, күннін шығуы мен батуы, жыл мезгілінің алмасуы, бәрі белгілі бір уақытпен өлшеніп, анықталып отырады.
Ш Сөздік
біртіндеп - постепенно жөніндегі - о, по
күрделене бастау — начать дерек - факт
усложняться қолжазба — рукопись
рөлі артты - возросла роль мұнара - башня
кажеттілігі туды - возникла кеңінен тарау — широко распространяться
необходимость өздігінен жүретін — самозаводящийся
қарапайым - простой еріксіз - невольно
құрал - средство қалта - карман
қолайсыз - неудобный шынжыр - цепочка
тамшылау - капать кілт - ключик
дәл - точный алмасу - чередование
құм — песок анықтау - уточнять
Тапсырма 16.15. Мәтінді қайтадан оқып шығып, мазмұны бойынша сұрақтар құрап жазыңыз.
Тапсырма 16.16. Төмендегі сөз тіркестерін мәтіннен тауып, сол сөйлемдерді жазып алыңыз.
Қажет болмады, қажеттілігі туды, қарапайым құралы, қолайсыз болды, тамшылап тұрады, Византиялық қолжазбалардан, қателесуі мүмкін, дәлірек көрсететін, кеңінен тарады, өздігінен жүретін сағаттар, сәннен шыға бастады, жасап шығарды, алатын орны, белгілі бір уақытпен.
Тапсырма 16.17.Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
солнечные часы 1910 жылы шықты.
водяные часы XX ғасырда кеңінен тарады.
песочные часы 1404 жылы Мәскеуде орнатылды.
механические часы бұдан 3500 жыл бұрын пайда болды.
часы-маятники соңғы кезде пайда бола бастады.
кварцевые часы осы күнге дейін пайдаланылып келеді.
башенные часы күн сағатынан кейін шықты.
атомные часы VI ғасырдың аяғынан белгілі.
электронные часы 1657 жылы шықты.
самозаводящиеся часы киімнің қалтасына салынатын болған.
карманные часы 1948 жылы орнатылды.
ручные часы 1929 жылдары пайда бола бастады.
Тапсырма 16.18.Мәтіндегі етістіктерді теріп жазып, олардың қай шақта тұрғанын анықтаңдар.
Тапсырма 16.19.Мәтіннен сан есімдерді теріп жазып, олардың түрлерін ажыратыңыз.
Тапсырма 16.20. Мәтіннен уақыт, сағат сөздерін жалғауларымен теріп жазып, жалғауды анықтаңыз.
Тапсырма 16.21. Төмендегі сөйлесулерді оқып, жаттап алыңыз.
- Ертең менің туған күнім. Сағат беске қонаққа кел.
- Ертең? Беске? Мен бес жарымда барамын. Жұмысым бар еді.
- Жарайды. Күтеміз.
- Ұшақ қашан ұшады?
- Екіде ұшады. Сен әуежайға екі сағат бұрын кел.
- Онда мен он екіде барамын.
- Бірақ кешікпе.
- Мен «Қыз Жібек» операсына билет алдым.
- Ол нешеде басталады?
- Бүгін кешкі алты жарымда. Сен сағат алтыда театрдың алдына кел.
- Жарайды. Көріскенше!
- Сен сабаққа кешігіп қалдың ғой!
- Неге? Уақыт қанша болды?
- Сағат тоғыз болды.
- Сабақ тоғызда басталмай ма?
- Сегізде басталады.
- Солай ма? Мен білмедім.
- Сіз дәрігерге қай уақытқа жазылдыңыз?
- Он жарымға.
- Онда мен Сізден бұрын кіремін.
- Кіріңіз. Мен Сізден кейін боламын.
- Менің сағатым сынып қалды. Жөндеп беріңізші.
- Сағатыңыз артта қала ма, озып кете ме?
- Сағатым тоқтап қалды. Кеше жерге түсіріп алдым.
Тапсырма 16.22. Осы сөйлем үлгілеріне сүйене отырып, диалог құрыңыз.
17 - сабақ
ЕСІМДІК
Есімдік - часть речи, которая указывает на предметы, признаки и количество, но не называет их. Есімдіктің түрлері (разряды местоимений):
1.Жіктеу есімдіктері (личные местоимения).
2.Сілтеу есімдіктері (указательные местоимения).
3.Өздік есімдіктері (возвратное местоимение).
4.Жалпылау есімдіктері (определительные местоимения).
5.Сұрау есімдіктері (вопросительные местоимения).
6.Белгісіздік есімдіктері (неопределенные местоимения).
7.Болымсыздық есімдіктері (отрицательные местоимения).
Жіктеу есімдіктер указывает на лицо.
лицо
|
единственное число
|
множественное число
|
I
|
мен – я
|
біз - мы.
|
II
|
сен - ты
Сіз - Вы (уваж.ф.)
|
сендер - вы
Сіздер - Вы (уваж.ф.)
|
III
|
ол-он (-а, -о)
|
олар – они
|
Склонение личных местоимений (ед. число)
Септік
|
вопросы
|
I лицо
|
II лицо
|
III лицо
|
А.с.
|
кім?
кто?
|
мен (я)
|
сен
(ты)
|
ол
(он, -а, -о)
|
І.с.
|
кімнің? кого?
|
менің
(мой,-я, -е)
|
сенің
(твой, -я, -е)
|
оның
(его, ее)
|
Б.с.
|
кімге? кому?
|
маған (мне)
|
саған (тебе)
|
оған
(ему, ей) .
|
Т.с.
|
кімді? кого?
|
мені (меня)
|
сені (тебя)
|
оны (его, ее)
|
Ж.с.
|
кімде?
у кого?
|
менде
(у меня)
|
сенде
(у тебя)
|
ода
(у него, у нее)
|
Ш.с
|
кімнен?
от кого?
|
менен
(с меня)
|
сенен
(с тебя)
|
одан
(с него, с нее)
|
К.с.
|
кіммен?
с кем?
|
менімен
(со мной)
|
сенімен
(с тобой)
|
онымен
(с ним, с ней)
|
Склонение личных местоимений (множ. число)
Септік
|
I лицо
|
II лицо (ув.ф)
|
III лицо
|
А.с.
|
біз (мы)
|
Сіздер (Вы)
|
олар (они)
|
І.с.
|
біздің (наше)
|
Сіздердің (Ваше)
|
олардың (их).
|
Б.с.
|
бізге (нам)
|
Сіздерге (Вам)
|
оларға (им )
|
Т.с.
|
бізді (нас)
|
Сіздерді (Вас)
|
оларды (их)
|
Ж.с.
|
бізде (у нас)
|
Сіздерде (у Вас)
|
оларда (у них)
|
Ш.с
|
бізден
(от нас)
|
Сіздерден отВас
|
олардан
(от них)
|
К.с.
|
бізбен
(с нами)
|
Сіздермен
(с Вами)
|
олармен
(с ними)
|
2.Сілтеу есімдіктер (указательные местоимения): бұл, мынау, мына, осы (это, -а, этот), сол (тот самый), ол, анау, ана (тот, та).
3. Өздік есімдіктер (возвратное местоимение)
|
единственное число
|
множественное число
|
I
II
ув.ф.
III
|
өзім (я сам, -а)
өзің (ты сам,-а)
өзіңіз (Вы сами)
өзі (он сам, она сама)
|
өзіміз (мы сами)
өздерің (вы сами)
өздеріңіз (Вы сами)
өздері (они сами)
|
3.Жалпылау есімдіктері (определительные местоимения): әр, әрбір (каждый), бәрі (все), барша, бүкіл, барлық (весь), түгел (полностъю), әркім (каждый, относительно к человеку).
4.Сұрау есімдіктері (вопросительные местоимения): кім? не? қай? қандай? қанша? неше? қайда? қашан? (когда?) қалай? қайтіп? (как? каким образом?).
5.Белгісіздік есімдіктері (неопределенные местоимения): біреу, кейбіреу, әлдекім (кто-то), бірдеме (что-то), әлдеқандай (какой-то), әлдеқайда (где-то, куда-то), әлдеқашан (когда-то), бірнеше (несколь-ко), біраз (немного), кейбір (некоторый).
6.Болымсыздық есімдіктері (отрицательные местоимения): ешкім (никто), ештеме, ештеңе (ничего), ешқандай (никакой), ешқашан (никогда), ешқайда (никуда).
Бұл кім? саяхатшы Бұл не? журнал
оқушы кітап
Бұл студент Бұл хат
инженер дәптер
Тапсырма 17.1. Переведите, определите разряд местоимений, попробуйте передать содержание.
Бұл менің үйім. Үйді өзім тұрғыздым. Мен жеміс-жидек сатып алмаймын. Аулада бақшам бар. Көкөністерді де өз жерімде өсіремін. Қызанақ, қияр, сәбіз, картоп, қызылша, қырыққабат, сарымсақ, пиязды өзің күтіп, баптағаның жақсы.
Тапсырма 17.2. Попробуйте перевести и придумать аналогичные предложения.
I.Ол маған ештеңе айтқан жоқ. Ешбір адамды көрмедім. Бұл ескертіш үлкен емес. Біз ешқашан кездескен емеспіз. Қызанақ бесеу емес, алтау. Қыста күн ұзармайды, қысқарады. Жазда күн қысқармайды, ұзарады. Мен енді ешқайда бармаймын.
II.Университеттің бірнеше ғимараты бар. Кейбіреулері кең және үлкен, біразы кішкентай. Біздің курста қыздар емес, ұлдар көп. «Университет» аялдамасы әлдеқашан салынған. Аялдамада бірнеше адам көлік күтіп тұр. Оның біразы студенттер.
Тапсырма 17.3. Переведите на казахский язык. Мой отец. Его сестра. Его родители. Ее брат. Кто это? Это наш родственник. Что это? Это магазин. Сегодня магазин открыт. А это киоск. Я каждый день (әр күні) в киоске покупаю газеты. Вчера киоск весь день (күні бойы) был закрыт.
Тапсырма 17.4. Есімдіктерді тауып, түрлеріне ажыратыңыз.
1. Үйге біреу келді. 2. Мен өзім мектепте мүғаліммін. 3. Ешкім ештеңе көрмепті. 4. Бәрі үйде ме? 5. Кейбір адамдар қаланы жақсы көреді, ал кейбіреулер ауылды ұнатады. 6. Бұл кім? 7. Мен ешқайда бармаймын. 8. Мұнысы несі? 9.Ол өзі кінәлі. 10.Бірдемені сұрағым келіп тұр. 11.Барлық адамдардың бейбітшілікте тұрғылары келеді. 12.Өздерің қайдан боласыңдар? 15. Менің саған айтарым — осы. 16. Мен де, сен де, Сіз де, ол да, сендер де, Сіздер де, олар да — біз бәріміз осында не үшін жиналдық?
Тапсырма 17.5. Есімдіктің мағыналық түрлерін қолданып 25 сөйлем құраңыз.
Тапсырма.17.6. Найдите местоимения, определите падеж. Мен студентпін. Сен де студентсің. Саған да, маған да көп оқу керек. Оның жұмысы жақсы. Ол менен де, сенен де көп оқиды. Оны ұстаздар мақтайды. Сені мен мені мақтамайды.
Диалог
- Кім келді? (Кімдер келді?)
- Раушан келді (Раушан мен Мұрат келді).
- Олар қайдан келді?
- Олар Астанадан келді.
- Олар Алматыда қанша күн болды?
- Олар Алматыда бір аптадай болды.
- Раушан мен Мұрат қай қонақ үйге тоқтапты?
- Раушан мен Мұрат «Отырар» қонақ үйіне тоқтапты.
- Астанадан келген Раушан мен Мұрат қыдырды ма?
- Иә, Раушан мен Мұрат Алматыда қыдырды.
- Қалай? Алматы оларға ұнап па?
- Иә, Алматы қаласы оларға ұнапты (ұнаған сияқты).
Тапсырма 17.7.Найдите в диалоге сұрау есімдіктер.
Тапсырма 17.8.Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
Металлургия-ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін. Металургияға кендерден металдарды ажыратып алуға, дайындау мақсатымен кентастарды өңдеу процестері (уату,байыту,кесектеу,т.б.); кентастардан және басқа материалдардан металды алу процестері, металдарды қажетсіз қоспалардан тазарту, металдар мен қорытпалар өндіру, металдарды термиялық, химия-термиялық және термомеханикалық өңдеу; металдарды қысыммен және құймалап өңдеу, металл бұйымдардың бетін әрлеу не қорғау мақсатында басқа металл қабатымен қаптау, металл бұйымдардың беттеріне басқа металдар мен бейметалдарды диффузиялау енгізу жатады.
Түсті және қара металдар, галламды, өте жоғары температурада (2000 — 20000 К) өтетін плазмалы жене лазермен өңделетін металдар болып ажыратылады: Орыңдалатын процестерге байланысты: пирометаллургия және гидрометаллургияға бөлінеді. Қара металлургия -металлургияның ғылымы мен техникасының қара металдар өндіруде кен шикізатын қазып алудан бастап, оны өңдеп, шойын, ферроқорытпа, болат, илек, құбыр, рельс, т.б. өнімдерді алуға дейін қамтитын саласы. Қазақстан қара металлургиясының байлығы мен болашағы -темір кендері.
Оның негізгі қорлары Қостанай, Қарағанды және Жезқазған облыстарында шоғырланған. Қара металл шикізатының базасы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинаты мен Лисаковск комбинатында өндіріледі (жылына 36 млн. т). Түсті металлургия -кен шикізаттарын өндіру мен өңдеуден бастап, дайын өнім алуға дейінгі түсті металдар мен олардың қорытпалары өндірісін қамтиды. Республикада түсті металлургия шикізатынан сирек және шашыраңқы металдарды ажыратып алу мәселесінен маңызды нәтижелер алынды. (Е.И.Пономарева, О.А.Сонгина). Түсті металдардың вакуумдық металлургия саласы жақсы жолға қойылды (Р.А. Исакова). Галламды металлургия - су ерітінділерінен галламдарды (галлийдің электрлік теріс зарядталған басқа металдармен сұйық қорытпасы) химиялық жолмен қалпына келтіру арқылы металдар мен олардың қосылыстарын алу процестерін зерттейді. Металлугияның бұл жаңа саласы дүние жүзінде алғаш рет Қазақстаңда 1960 жылдары В.Д.Пономарев, А.И.Зазубиннің басшылығымен жасалды. Алюминий галламындағы сілтілі ерітінділерден алынған галлийдің цементтелуін зерттеу жөнінде үлкен ғылыми жұмыстар жүргізілді (Пономарев, Е.А.Шалабина, Т.Д.Остапенко). Металургияның бұл әдісі көптеген шет елдерде (АҚШ, Канада, Жапония, т.б.) патенттелді. Плазма металл бетін тазалауда және әр түрлі беттерді металмен қаптау технологиясында, термо-ядролық зерттеулерде, плазма химиясында, т.б. қолданылады. Плазма металлургияда қиын балқитын металдар мен олардың қосылыстарын алуда аса қажет. Оның артықшылықтары — түсті және сирек кездесетін металдарды алу кезінде жоғары температура (10000 — 20000 К-ге дейін) алуға және газды ортаның құрамын басқаруға мүмкіндік береді; қыздыру мен балқыту плазмалық доға арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда металлургия саласы бойынша "Металлургия және кен байыту институты", Химиялық-металлургия институты, Қазақ ҰТУ нәтижелі табыстарға қол жеткізіп келеді. Металлургия ғылымының дамуына өз үлестерін қосқан қазақстандық ғалымдар:Х.К.Аветисян,Е.А.Букетов,А.Қонаев, В.В. Михайлов, И.Онаев, В.Д.Пономарев, М.А.Соколов, А.Л.Цефт, Б.Бейсембаев, Л.П.Ни, т.б.
Мәтін бойынша тапсырмалар.
Тапсырма 17.10. Кестені толықтырыңдар. Мәтіннен жалғау жалғанған сөздерді теріп жазыңдар.
Септік жалғау
|
Көптік жалғау
|
Тәуелдік жалғау
|
|
|
|
|
|
|
Тапсырма 17.11. Келесі сөздерді сөздік көмегімен аударып, оларды жаттап алыңыздар. Берілген сөздердің көмегімен сөйлемдер құраңыздар.
өнеркәсіп-
Кен-
Металл алу-
Қорытпа-
Құрам-
Құрылым-
Уату-
Байыту-
Қоспа-
Тазарту-
Өндіру-
Өңдеу-
құйма-
бейметалл-
Кен шикізаты-
Илек-
Шоғырлану-
Тау-кен байыту-
Дайын өнім-
Шашыраңқы-
Қалпына келтіру-
Қосылыс-
Сілтілі ерітінді-
Металлмен қаптау-
Газды орта-
Плазмалық доға-
Қыздыру-
Балқыту-
Тапсырма 17.12. Мәтін бойынша 8 арнайы сұрақ құрыңыздар.
Тапсырма 17.13. Сын есімдерді тиісті бағандарға теріп жазыңыз.
Тапсырма 17.14. Сөйлемдегі баяндауыш қызметін атқарып тұрған етістіктерді теріп жазып, олардың қай шақта тұрғанын анықтаңыздар.
Тапсырма 17.15. Кестені толтырыңыздар. Мәтіннен есімдіктерді теріп жазыңдар.
Жіктеу есімдіктері
|
Сілтеу есімдіктері
|
Сұрау
есімдіктері
|
Өздік есімдіктері
|
Жалпылау
есімдіктері
|
Белгісіздік
есімдіктері
|
Болымсыздық
есімдіктері
|
|
|
|
|
|
|
|
18- сабақ
Көмекші есім
В казахском языке имеется группа слов, лишенных самостоятельных лексических значений и употребляющихся только сочетаясь с именами и уточняющие их пространственное и временное значение. Эти слова называются көмекші есімдер (служебные имена). Служебные имена сочетаются с именами существительными в родительном падеже. К служебным именам относятся следующие слова: алды — перед, арты — задняя часть, асты — низ, нижняя часть; үсті — верх; жаны — бок; қасы — около, у, рядом; іші — внутрь, в; сырты — за, наружность, внешняя сторона; беті — поверхность, лицо; жағасы — берег; басы — начало; соңы — конец; аяғы — конец; шеті — край, окраина; арасы — между; ортасы — середина, центральная часть; бойы — вдоль; төбесі — вершина; тұсы — около; маңы — около; түбі — под, около, у, дно; қарсысы — напротив.
Тапсырма 18.1. Орыс тіліне аударыңыздар.
Жұмыстың басында, үйдің қасында, үйлердің арасында, жолдастардың арасында, қаланың шетінде, төсектің астынан, үстелдің үстінен, өзеннің жағасында, көшенің бойымен, ағаштың түбінде, бөшкенің түбінен, бөлменің ортасы, аптаның ортасы, ауылдың жаны, шкафтың іші, дүкеннің сыртында, екі терезенің арасы, жиналыстың басында, аялдаманың карсысында, бақтың ішінен, үйдің төбесі, таудың басы (төбесі), ойынның ортасы, өзеннің бойы, көлдің беті, үстелдің бетінде, үйдің алдында.
Тапсырма 18.2. Қазақ тіліне аударыңыздар.
1. На берегу озера есть хороший дом отдыха. 2. Ты встретился со мной около театра. 3. Мы были за городом. 4. Напротив нашего дома есть остановка. 5. Возле нашего общежития очень красиво. 6. Он стоял возле меня. 7. За школой есть большой стадион. 8. Они были возле нашего дома. 9. Сестра взяла посуду из шкафа. 10. В книжном шкафу много интересных книг. 11. Среди них есть мой друг. 12. В середине зимы у нас будет сессия. 13. В начале этого месяца я поеду в деревню.
Тапсырма 18.3. а) Прочтите и начертите схему расположения объектов. б) Опишите местонахождение Вашего дома и нарисуйте схему.
Ауылдың орталығында біздің үйіміз бар. Біздің үй – жолдың үстінде. Үйіміздің алдында екі ағаш тұр. Ағаштың арасында жіп ілулі тұр, түбінде кішкентай орындық бар. Орындықтың астында мысық жатыр, үстінде шелек тұр. Үйдің сыртында балалар жүр. Мектеп – біздің үйіміздің қарсысында, ал артында көп үй тұр. Мектептің қасында, балабақшаның жанында дүкен бар. Дүкеннің ішінде адамдар онша көп емес.
Тапсырма 18.4. Трансформируйте предложения, используя местоимения в скобках и изменив информацию.
1. Мен дәрісханада терезенің қасында отырмын. (Сіз). 2. Біз дүкеннің жанында тұрмыз. (Сендер). 3. Берік театрдың алдында тұр. (Сен). 4. Сара орындықтың үстінде отыр. (Сіздер). 5. Балалар үйдің алдында жүр. (Мен). 6. Жомарт екі егде адамның арасында отыр. (Біз). 7. Бала кереуеттің шетінде жатыр. (Сен). 8. Біз орманның ішінде жүрміз. (Сіздер). 9. Шешем үйдің артында жүр. (Сендер). 10. Болат пештің түбінде жатыр. (Сен). 11. Біз мектептің қарсысында тұрмыз. (Сіз). 12. Бала керуеттің үстінде жатыр. (Сендер).
Тапсырма 18.5.Мәтінді орыс тіліне аударыңыз
Мыс
Күллі металдардың ішінен күміс қана мыстан гөрі электр тогын тәуір өткізеді, бірақ оның есесіне мыс жер бетінде күмістен мың есе көп. Сондықтан электр аспаптарының және машиналардың ток жүретін бөлшектерін мыстан жасайды.
Мыс - өте қақталғыш, созылғыш және оңай өңделетін металл. Тағы бір таптырмайтын қасиеті — мыс көптеген металдармен қорытпа түзгіш келеді. Мәселен, қола — мыс пен қалайының қорытпасы. Бұл қорытпаны алуды адамдар өте ерте кезде үйренген. Қоладан мүсін құйып, ақша жасаған.
Мысты мырышпен қосып балқытқанда жез алынады. Бұл өезі — арзанға түсетін, берік құйма. Жезден химиялық аппараттардың түтіктерін және автомобиль радиаторларын жасайды. Біздің мыс шақаларымыз да жезден істелген.
Мыс қорытпалары пайдаланылмайтын саланы табу қиын. Кеме двигательдерінің подшипниктерінде, су турбиналарында және станоктарда айрықша бір қолалар қолданылады; мыс пен никельдің қорытпасы мельхиордан түрлі ыдыстар және бу турбиналарының бөлшектері; мыс пен бериллийдің қорытпасынан аса мықты серіппелер істеледі.
Мыс техникадан басқаға да қажет. Ол өте аз мөлшерде топырақта, өсімдіктерде және біздің денемізде болуы керек. Адам денесіндегі барлық мыстың мөлшері түймедей де болмайды, бірақ ол жоқ болса адам сырқатқа ұшырайды. Ал топырақта мыс болмаса, онда өсімдік қалыпты жетілмейді. Демек, мыс адамға алтыннан да гөрі қажет екен.
Сөздерді аударыңдар.
Аспап-
Машиналардың ток жүретін бөлшектері-
Қақтағыш-
Созылғыш-
Оңай өңделетін-
Қорытпа-
Мүсін-
Құйма-
Жез-
Түймедей-
Балқыту-
Мәтін бойынша тапсырмалар.
Тапсырма 18.6. Кестені толтырыңдар. /Мыс/
Металл аты
|
Қорытпасы
|
Қасиеттері
|
Қай салада қолданылады
|
|
|
|
|
Тапсырма 18.7.Мәтіндердегі септік жалғауы жалғанған сөздерді келесі бағандарға теріп жазыңдар.
Атау
|
Ілік
|
Барыс
|
Табыс
|
Жатыс
|
Шығыс
|
Көмектес
|
|
|
|
|
|
|
|
Тапсырма 18.8.Келесі сұрақтарға жауап беріңдер.
А. Қандай металдар электр тогын жақсы өткізеді?
Б.Жер шарында көп кездесетін металдарды атаңыз.
В.Мыстың қандай ерекшеліктері бар?
Г.Мыс Қазақстанның қай аймағында кездеседі?
Д. Алюминий кендері Қазақстанның қай аймағында кездеседі?
Е.Алюминий басқа металлдардан несімен ерекшеленеді?
Ж.Мыс Қазақстанның қай өңірінде өндіріледі?
З.Алюминий рудалары құрамына қарай неше топқа бөлінеді?
И.Алюминий мен мыс қай салаларда қолданылады, және олардан не жасалынады?
Тапсырма 18.9. Мәтіндерден көмекші есім бар сөйлемдерді тауып, дәптеріңізге жазып алып, қай септікте тұрғанын анықтаңыз.
Тапсырма 18.10. 18.6, 18.8 тапсырмаларға сүйене отырып, мыс пен алюминий туралы айтып беріңіздер.
Тапсырма 18.11. Мәтіннен есімдіктерді тауып, оларды түрлеріне қарай ажыратыңыздар.
Тапсырма 18.12. Орыс тіліне аударыңыз
Достарыңызбен бөлісу: |