Сабақтарда бейне материалдарды қолдану тиімділігі ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Шалқар қаласы №5 орта мектеп



бет1/6
Дата03.12.2022
өлшемі178 Kb.
#161029
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Баяндама Сабакта бейне материалдардын тиимдилиги


БАЯНДАМА
САБАҚТАРДА БЕЙНЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ


Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
Шалқар қаласы №5 орта мектеп
Бегімбетова Жансауле Құлтасқызы
информатика пәні мұғалімі
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру саясаты еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Заманауи қоғамның негізгі бөлшегі – білімді ұрпақ. «Білімді ұрпақ» дегеніміз алдымызда жан-жақты білім нәрімен сусындатып отырған оқушы. Ал заманымыздың негізгі талабы – бүгінгі қоғамдағы ақпараттану желісінің негізгі құралы – компьютерді жетік меңгеру, ақпараттық-коммуникация құралдарын талапқа сай пайдалана алу, ақпарат алмасудың негізгі көзі – Интернет желісін тиімді пайдалану болып табылуда. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу.
Бүгінгі жаңа ғасырдың жаңашыл білімді ұрпағын тәрбиелеуші мұғалімдер- сонау ұстаз деген есімнің ұлылығын дәлелдеп кеткен, ұлы ұстаздардың еңбегімен сусындаған, әмбебап жандар. Бүгінгі таңдағы ұстаздар қауымының жан-жақты дамыған, жеке тұлға қалыптастыруда атқарып жатқан еңбектері ұшан – теңіз. Жаңашыл ұстаз болмысы, біріншіден, мұғалім – үздіксіз ізденуші. Қазақстан Республикасының ұстаздарының негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой-өрісі жоғары жеке тұлға дайындау. Ұстаздың тағы бір ерекше қасиетінің бірі – жетелеуші, алға ұмтылдырушы. «Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ...Егер мұғалім өз ісін ұната білсе, ол жақсы мұғалім болады.»- деген еді Л.Н.Толстой.
Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс-әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне бейнесабақтар, интернет сабақ, спектакль-сабақ, экскурсия-сабақ және т.б. жатқызуға болады. Соның бірі сабақтарда бейне материалдарды пайдалану тиімділігі туралы сөз қозғасақ.
Қазіргі кезеңдерде негізгі мәселелердің бірі – оқыту процесінде білім, тәрбие берудің пәрменділігін, білімнің тәрбиелік, тәрбиенің білімдік мәнін жоғары дәрежеге жеткізу болып табылады. Оқушы өзін қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері арқылы танып, біледі, алайда олардың қабылдауы әртүрлі. Ақпаттарды қабылдаудың негізгі арналары: есіту, көру және сезу болып табылады. Өзін қоршаған ортадан қабылдайтын мәліметтердің 90 пайызын көру жүйесі арқылы, 9 пайызын есту жүйесі арқылы, тек 1 пайызын сезім мүшелерінің көмегімен қабылдайды. Көру жүйесі – есте сақтаудың түрлері ішінде жетік, үздік дамығаны. Педагог – психологтардың зерттеулері бойынша берілетін білім оқушының ішкі мұқтаждығымен сәйкес келмесе, онда оқу процесінде қиындық туындайды. Қазіргі кезде оқу орындарында жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен мұғалімге байланысты. Қазіргі заман мұғалімінен өз пәнінің терең білгірі болуымен қатар, тарихи танымдық, педагогикалық, психологиялық, саяси экономикалық, білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу-тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Оқушы білімінің сапалы болуы бір жағынан мұғалімнің сабақ беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне байланысты болса, екінші жағынан оқу орынныңда техникалық материалдық базасының жабдықталуы да әсер етеді. Оқушының мектепте алған білімді тек игеріп қана қоюы жеткіліксіз, оны жетік меңгеру арқылы болашақ өмірінде өз қажеттілігіне жарата білуі керек. Соңғы кездері оқу орындар сабаққа қажетті электрондық оқулықтармен, интерактивті тақтамен және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталды.
Білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Біз оқушыларға күрделі және көлемі үлкен материалдарды бергенде зейіндерін сабаққа аудара алмай отыратындықтарын жиі байқаймыз. Дәл осы уақытта оларды қызықты әңгімемен немесе ойын арқылы ықыластарын аударып, сабаққа қарай көңілдерін аудару қажет. Әлем күн сайын өзгереді. Жаңа адамдар, жаңа оқиғалар, үйреншікті заттардың жаңа сапасы. Өткен уақыт бүгінгі күнмен алмасады, ал қазіргі уақыт келешекпен алмасады. Ақпарат біздің қасымыздан және біз арқылы орасан зор жылдамдықпен зымырап өтеді, ал сана айналада болып жатқаннын барлығын есте сақтауға қарсы болады. Өткенді есте сақтай алатын, қазіргіні бейнелейтін және болашақты алдын ала болжау жасайтын технология бар. Бұл бейне , бейнені сабақта қолдану арқылы оқушыларға жаңа материалды көрнекі түрде көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, материалды дайындауды және оны қолдану процесінде жеңілдетеді және сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етеді. Бейнефильмдер оқушылардың көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді. Бұл жөнінде Я.А.Коменский былай деген: «Алтын ереже-бала сезім әсерлерін туғызып білдіргені жөн: көруге болатын нәрсені көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иісін иіскеп көрсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап нәрсенің қатты-жұмсақтығын байқасын. Кейбір нәрселерді түрлі сезім мүшелері бірдей түсініп қабылдағаны жақсы». Сондай-ақ сабақтарда бейнсабақтар оқушылардың іскерлігін дамыту үшін де қолданылады. Оқушылардың белсенділігін арттырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін, ойын дамытуда бейнефильмдердің пайдасы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет