Мекеме атауы: № 29 жалпы орта білім беру мектебі
Аты –жөні: Рахметжанова Зайда Төлегенқызы
Лаузымы: Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Жұмыс өтілі: 10 жыл
Санаты: II санатты
Пәні: қазақ тілі
Тақырыбы: Дара және күрделі сан есімдер
Сыныбы: 6 сынып
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік мақсаты: сан есім туралы түсініктерін ары қарай толықтыру, сан есімдердің құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінетінін түсіндіру, күрделі сан есімдердің жасалу ерекшеліктерін таныту;
Ә) Дамытушылық мақсаты: Ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту, ой қорытып нақты шешім жасата білу, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;
б) Тәрбиелік мақсаты: Адам өміріндегі сандардың маңыздылығын жете түсіну, сандарға қатысты халықтық ұғымдарға мән беру.
Міндеті: 1.Ынтымақтастық атмосферасын құру
2. Оқушылардың өзін және өзгені бағалай білуіне ықпал ету.
3. Сыни ойлауын арттыру.
Қолданылатын модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ақпараттық- коммуникативтік технологияларды қолдану, білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау, талантты. және дарынды балаларды оқыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:, «СТО», «Джигсо», «6 қалпақ», «Бас бармақ», сұрақ-жауап,талдау,іздену.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар,кестелер, презентация, дидактикалық материалдар т.б
Қолданылатын модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, тарих, биология
Сілтеме: Исаев С., қазақ тілі, «Атамұра», 2011,77 бет.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі
|
Жоспардың мазмұны
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Күтілетін нәтиже
|
Мотивациялық кезең.
Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.
(5 мин)
(2 мин)
(2 мин)
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
Оқушылармен амандасады.
|
Мұғаліммен амандасу. «Жүрек жылуы» әдісі арқылы бір-біріне тілек білдіреді.
|
Суреттер
|
Сабаққа деген қызығушылықтары оянады
|
Сын есім арқылы топқа бөлу (адамның келбетіне, табиғат құбылысы, адам мінезі, тұрақты тіркес, өнер-білім)
1 слайд
|
Оқушыларға кеспе қағаздар, суреттер таратылады
Суреттердің ар жағында сын есімдер берілген.
|
Оқушылар берілген сын есімдерге байланысты орындарына отырады, яғни 5 топ құрылады
«Сұлулар»
«Суреткерлер»
«Білімділер»
«Ақылдылар»
«Шешендер»
|
Кеспе қағаз
|
Топқа бөлінеді
|
Үй жұмысын тексеру
|
Қолдарындағы кеспе қағаздағы сөздердің сын есімнің қай мағыналық тобына жататынын сұрау
|
Оқушылар сын есімдердің мағыналық топтарына тоқталады
|
Кеспе қағаз
|
Өткен тақырып қайталанады
|
Сабақтың тақырыбына шығу
2 слайд
3 слайд
4 слайд
|
«Жабулы тақырып»
Интертақтада артық сан есімді жасырады.
|
Артық сан есімді табу арқылы оқушылар тақырыптың мақсатына шығады.
|
Мақсатын слайдтан 1 оқушы оқып береді
|
Сабақтың тақырыбына шығады
Сабақтың мақсатын анықтайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |