Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру



бет1/3
Дата29.01.2018
өлшемі1 Mb.
#36102
түріСабақ
  1   2   3




С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ




1.4 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

1 КРЕДИТ

№ 1 тақырып. Кіріспе сабақ. Патофизиологиядағы тәжірибелік әдіс

Сабақтың мақсаты:


  • Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру

  • Тәжірибе жасаудың, жануарлармен жұмыс жасауды, функциялық зерттеулерді жүргізудің негізгі әдістерін үйрену

  • Топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • Оқу пәні ретінде патофизиологияның мақсаты, міндеттері, құрылымы, мазмұны, жалпы нозологияның негізгі түсініктері бойынша білімін қалыптастыру

  • Тышқандарда кинетоз ауруының үлгісін өздігінен жүргізу, кинетоз ауруының көріністеріне назар аудары, қорытынды жасау

  • Топпен жұмыс жасау дағдыларын (өз көзқарасын жеткізу, көшбасшының рөлін атқару) қалыптастыру


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Патологиялық физиология пәні. Патофизиологияның жоғары медициналық білім беру саласында алатын орны және маңызы, оның басқа пәндермен байланысы. Патологиялық физиологияның негізгі міндеттері.

    2. Патологиялық физиологияның зерттеу әдістері. Медициналық-биологиялық тәжірибе жасаудың жалпы ұстанымдары. Тәжірибелік әдістің маңызы, жануарларда дерттік үрдістердің үлгісін алудың адам ауруларын зерттеудегі жетістіктері мен кемшіліктері. Медицина тәжірибе және басқа зерттеу әдістерін жасаудың шектелуі және онымен күресудің жолдары.


Оқыту мен үйретудің тәсілдері:

Сабақтың негізгі сұрақтары бойынша оқытушының қатысуымен және бақылауымен пікірсайыс, кіші топтарда жұмыс жасау - жедел-ойын, тәжірибелер жасау.



Бақылау тәсілі:

Ауызша сұрау, жедел-ойын, тәжірибелер қорытындысын тексеру, тест жүргізу


Тәжірибелік жұмыс


1 тапсырма.

«Патофизиологиялық тәжірибенің негізгі сатыларын дұрыс бірізділікпен орналастыруға» арналған жедел ойын.




Әдісі: Әрбір студент патофизиологиялық тәжірибе сатыларының дұрыс бірізділігін өзі анықтайды және мұны «жеке бағалау» бағанасында цифрмен белгілейді. Осы тапсырманы орындағаннан соң студенттер үш адамнан топқа бірігеді және бірлесе отырып нәтижелерді талдайды, бірдей пікірге келеді және «топтасып бағалау» бағанасында тәжірибе сатыларының дұрыс бірізділігін белгілейді. Сонан соң оқытушы дұрыс жауапты айтады. Қателермен жұмыс істеу басталады, жеке және топтасып бағалауда кеткен қателер саналады.


Тәжірибе сатылары

Жеке (өз бетінше) бағалау

Жеке бағалауда кеткен қате

Дұрыс жауап

Топтасыпөзара келісіп бағалау

Топтасып бағалауда кеткен қате

Тәжірибе мақсаты мен міндеттерін анықтау
















Тәжірибе жоспарын құру
















Алынған деректерді статистикалық өңдеуден өткізу
















Зерттеу әдістері мен сайма-сай үлгіні қалау
















Зерттеудің нәтижелер-ін талдау және тұжырым жасау
















Дерттік үрдісті зерттеу
















Дерттік үрдістің үлгісін алу
















Тәжірибелік емдеу
















Тәжірибенің тың ойын анықтау
















Зерттеушінің теориялық дайындықтан өтуі



















2 тапсырма.

Тышқандарда кинетоз ауруы үлгісін үдеу әсерімен алу.




Әдісі: Екі ақ тышқан қапшыққа жекелей салынады да, олар центрифуганың сақинасына қарама-қарсы бекітіледі. Центрифуганың сақинасын 1 минөттей айналдырамыз (тұтқаны 2 секөндте бір рет айналдырады), сонан соң лоар қапшықтан шығарылады. Жануарлардың жағдайына, қозғалыс үйлесімділігіне назар аударылады. Жануарларда кинетоз ауруы белгілерінің жоғалу мерзімі анықталады. Тұжырым жасалады.
ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 5-22.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с.25-61

  3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 3-10, 12-17.

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 4-30.

  5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 1-34.

Қосымша

6. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 3-11.

7. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 9-37.

8. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 10-31

БАҚЫЛАУ

Тесттерге жауап беру - Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмаларды қараңыз / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 5-11 беттер


2 тақырып ЖАЛПЫ НОЗОЛОГИЯ



Сабақтың мақсаты:

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру

Оқытудың міндеттері:

  • Жалпы нозология сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру

  • Сөзжұмбақ шешкенде нозологияның негізгі атаусөздерін қолдануды үйрену


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Нозологияның негізгі түсініктері: денсаулық, ауру, ауруалды, дерттік әсерленіс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай.

  2. Аурудың нышандары. Ауруларды жіктеудің негізгі ұстанымдары.

  3. Аурудың өту кезеңдері, олардың сипаттамасы

  4. Өлім аурудың аяқталуы ретінде. Өлімнің түрлері. Өлімнің сатылары, сипаттамасы.


Оқыту әдістері:

Оқытушының қатысуымен және оның бақылауымен студенттер арасында тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша пікірсайыс, сөзжұмбақ шешу.


Бақылау әдістері:

Ауызша сұрау, сөзжұмбақ шешуін тексеру, тестілеу


СӨЗЖҰМБАҚ ШЕШУ

Тігінен:

2. «аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, физикалық, психикалық

және әлеуметтік толық сәттілік жағдай»

4. өлім сатысы

6. аурудың нышаны

8. гипоксияға ең сезімтал ми бөлігі

10. өлген организмді тірілтуге үлес қосқан ғалым

12. сауығудың тұрақты механизмдерінің бірі

15. клиникалық көріністердің қайталануы

16. сутегі ионы мөлшерінің артуы

18. пневмониядан өлген баланың оқшауланған жүрегін 19 сағат 30 минөттен соң тірілткен (1902) ғалым, Верный қаласында тұрған.

19. «әртүрлі зақымдаушы агенттің әсерінен қоршаған ортаға бейімделуінің шектелуімен және еңбекке қабілетінің төмендеуімен организмнің қалыпты өмірінің бұзылысы»

21. Ф.А. Андреев (1913) ұсынған организмді тірілту мақсатында жүрекке қарай артерия арқылы сұйықтықты енгізу әдісі

23. денсаулықтың өлшемі

26. денсаулық пен ауру арасындағы аралық жағдай

Көлденеңінен:

1. ауру туралы жалпы ілім

3. өлімнің түрі

5. өлген организмді тірілту туралы ғылым

7. өлімнің түрі

9. аурудың аяқталуы

11. патофизиологтардың Қазақстандық мектебінің негізін қалаушы

13. өлім кезінде дамитын негізгі дерттік үрдіс

14. аурудың аяқталуы

17. жұқпалы аурулардың бірінші кезеңі

20. патологияның жасушалық теориясын құрған неміс паталоганатомы

22. аурудың клиникалық белгілерінің уақытша жойылуы

24. оттегі тапшылығына ең сезімтал жасуша

25. қанағымының қалпына келуі








Кроссворд




ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 5-22

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с.63-89

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 4-30.

  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 1-34.

  5. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 3-10, 12-17

  6. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмалар / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 5-24 беттер

Қосымша

7. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 10-31

8. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 11-19.

9. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 9-37.

10. Крыжановкий Г.Н. Патофизиология на рубеже нового столетия // Второй Российский конгресс по патофизиологии. Патофизиология органов и систем. Типовые патологические процессы. Тезисы докладов. М.: 2000, с.6 – 10.

11. Адо А.Д. Вопросы общей нозологии. - М.: Медицина, 1982 . - 240 с.


БАҚЫЛАУ

Тесттерге жауап беру - Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмаларды қараңыз / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 12-23 беттер


3 тақырып: ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПАТОГЕНЕЗ.

Сабақтың мақсаты:

  • Жалпы этиология мен патогенездің негізгі түсініктерін меңгеру

  • Теориялық материалдан алған білімдерін патогенезжің сызбанұсқасын құрастырғанда және есептерді шығарғанда қолдану

  • Этиология және патогенез сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру


Оқыту міндеттері:

  • Жалпы этиология мен патогенездің негізгі түсініктерін меңгеру

  • Патогенездің сызбанұсқасын, негізгі тізбекті және кері айналып соғу шеңберін құрастырып үйрену

  • Этиология және патогенез сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру

  • Теориялық материалдан алған білімдерін патогенезжің сызбанұсқасын құрастырғанда және есептерді шығарғанда қолдана білу


Сабақтың негізгі сұрақтары:

  1. Этиология туралы түсінік. Ауру туындауындағы себеп пен жағдайдың маңызы. Ауруларды алдын алудың және емдеудің этиотроптық ұстанымдары.

  2. Эиологиялық жайттардың жіктелуі және олардың сипаттамасы. Ауру туындауында сыртқы орта жайттары мен организмнің ерекшеліктерінің маңызы. Жалпы этиологияның экологиялық аспектілері.

  3. Аурулар этиологиясында әлеуметтік жайттардың маңызы. Ятрогенді аурулар туралы түсінік. Қазақстанның экологиялық мәселелері, аурудың алдын алуда қоршаған орта мен жұмыс орнын қорғау мәселелері

  4. Патогенез, анықтамасы. Бүлініс патогенездің бастапқы тізбегі ретінде. Бүлініс деңгейлері. Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастар. Патогенездің негізгі тізбегі, «кері айналып соғу шеңбері» туралы түсініктер, мысалдар келтіру.


Оқыту әдістері:

Оқытушының қатысуымен және оның бақылауымен студенттер арасында тақырыптың нешізгі сұрақтары бойынша пікірсайыс, есептерді шешу.


Бақылау әдістері:

Ауызша сұрау, патогенездің сызбанұсқасы мен есептердің қорытындыларын тексеру, тестілеу


Тәжірибелік жұмыс

1 тапсырма. Пол Бер тәжірибесін сараптау

Тәжірибеге екі топ тышқан алынады. Біріншісі ауа толтырылған барокамераға отырғызылып, барометрлік қысым біртіндеп 210 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл кезде жануарда биіктік ауруының белгілері көрініп, тырысу дамиды.

Екінші топ тышқандарын оттегіге толтырылған барокамераға отырғызылады. Бұл камерада барометрлік қысым 200 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл тышқандарда биіктік ауруының белгілері байқалмайды.

2 тапсырма. Ситуациялық есептер щығару
1 . Егеуқұйрықты барокамераға үш минут бойы отырғызып, барометрлік қысым 180 мм. с.б. деңгейіне дейін ауа сорылды. Төмен барометрлік жағдайда болғаннан кейін жануарда 4 минуттан соң тырыспа-селкілдек пайда болды. 5 минуттан соң ақтық тыныс (сирек дем алу) пайда болып, бір бүйіріне қисайып жатты. Кейін тыныс алуы мүлдем тоқтайды. Төменгі барометрлік жағдайда (барометрлік қысым 180 мм. с.б.) өмір сүру ұзақтығы 6минутты құрады.


  1. Аталған тәжірибеде жануар қандай жайттың әсеріне ұшырады?

  2. Көрсетілген жайттардың қайсысы дамыған дерттік үрдістің (гипобариялық гипоксияның) себебі болуы мүмкін?

  3. Айтылған болжамдарды тәжірибе жүзінде қалай көрсетуге болады?

  4. Аталған гипоксияда жануарда ҚСҮ мен қанның газдық құрамы қалай өзгереді?

2 . 10 000 метр биіктікте жолаушылар авиалайнерінің тығыз жабылмағандығы анықталды. Бірнеше секөнттің ішінде ұшақтағы барометрлік қысым сол биіктіктегі атмосфералық қысымның көрсеткішімен бірдей (170 мм.с.б.) болды. Экипаж төмен түсе алмай, ұшақ сол биіктікте бірнеше минөт бойы ұшты.



  1. Осы апатқа сәйкес жолаушылар организмінде дамыған қандай дерттік үрдістер олардың денсаулығына қауіп төндіріп, өлімге әкелуі мүмкін?

  2. Бұл дерттік үрдістердің туындау себептері мен даму жолдары қандай?

  3. Аталған дерттік үрдістердің қайсысы жолаушылар организміне қауіпті және не себепті?

3 Екі жағдайды салыстырып сараптау



А жағдайы

Алпинистер тобының Эвереске шығар жолында теңіз деңгейінен 6500 м биіктікте бір альпинист есінен танды. Оттегі маскасымен дем алдырған соң жағдайы жақсарып, ол есін жиды. Бірақ бұлшық еттееріндегі құрысулар мен ауыру сезімінің әсерінен оның шыңға шығуға мұршасы келмеді және оны теңіз деңгейінен 3000 м биіктіктегі лагерге апарды, ол жерде оның жалпы жағдайы қалпына келді.



Б жағдайы

10 000 метр биіктікте жолаушылар авиалайнерінің тығыз жабылмағандығы анықталды. Осы биіктікте ұшуды жалғастыру үшін ұшқыш оттегі маскасымен дем алды, бірақ оның жалпы жағдайы жақсармады, сол себепті ол жедел жерге қонды.



Сұрақтар

  1. Бұл екі жағдайдағы дерттік үрдістің себебі қандай?

  2. Не себепті оттегі маскасымен демалдырғанда біреуінің жағдайы жақсарса, екіншісіне тиімсіз болды?

4. 1946ж. Зерттеушілер Хаустон мен Рилей (АҚШ) барокамерада «Эверест операциясы» тәжірибесі жүргізді. Тәжірибеге жастары 19-27 жас аралығындағы төрт ер адам қатынасты. Тәжірибенің жалпы ұзақтығы – 35 тәулік, оның 32 күнін зерттелушілер барометрлік қысымды таудағы биіктікті сипаттайтын, біртіндеп, алдымен 600 м-ден 2400-ге дейін, сосын 300 м-ден 6000м-ге дейін, соңында 150 м-ден төмендетілген барокамерада өткізді. 27 - тәулікте зерттелушілер 6850 м биіктікке жетіп, сол биіктікте бірнеше күн бойы қалды, содан соң шыңды «бағындыру» жасалынды, яғни барокамерадағы қысым 235 мм с.б. дейін төмендетілді – бұл Эверест шыңының шамасына сәйкес келеді.

Алты сағаттық «бағындыру» кезінде екі зерттелушіге оттегі беруге тура келді, ал қалған екеуі өздігінен «шыңға шығып» және сол жерде жарты сағат болды.


  1. Тәжірибе жағдайларының қайсысы зерттелушілерде гипоксияға төзімділікті қамтамасыз етті?.

  2. Берілген эксперименттік зерттеу жағдайында организмнің гипоксияға төзімділігі жоғарылауының тетіктері қандай?

  3. Аталған тәжірибеде зерттелушілерде гипоксияға бейімделу дәрежесі (дені сау адамдарда) әртүрлі?

ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 22-31, 75-80

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 73-87

  3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 17-22.

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 30 -38.

  5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 8-14.

  6. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмалар / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 24 -57беттер

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 33-37.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 37-45.

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 19-21, 23-25

  4. Давыдовский И.В. Проблемы причинности в медицине (этиология). М.: Медгиз. - 1962. -176 с.

  5. Царегородцев Г.И., Ерохин В.Г. Диалектический материализм и теоретические основы медицины. М.: Медицина, 1986, С.226 - 233.

  6. Саркисов Д.С., Пальцев М.А., Хитров Н.К. Общая патология человека. М.: Медицина, 1995. - С.49 - 90.

  7. Нурмухамбетов А.Н. Спорные вопросы этиологии (лекция) // Вестник КазГМУ, 1999. - № 5,.с.114 - 117.

БАҚЫЛАУ

Тесттерге жауап беру - Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмаларды қараңыз / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 24-32 беттер


4 тақырып: ОРГАНИЗМГЕ ЭЛЕКТР АҒЫМЫ МЕН ИОНДАУШЫ СӘУЛЕНІҢ ЗАҚЫМДАУШЫ ӘСЕРІ

Сабақтың мақсаты:

  • Жалпы этиология мен патогенездің негізгі түсініктерін организмге электр ағымы мен иондаушы сәуленің әсерін мысалға ала отырып меңгеру

  • Патогенездің сызбанұсқасын құрастырғанда теориялық материалдан алған білімін қолдану

  • Этиология мен патогенез сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру


Оқыту міндеттері:

  • организмге электр ағымы мен иондаушы сәуленің патогенді әсерінің тетіктерін меңгеру

  • патогенездің сызбанұсқасын құрастыруды үйрену, бастапқы тізбекті, кері айналып соғу шеңберін ажырата білу

  • Этиология мен патогенез сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын меңгеру


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Техникалық электр ағымының патогенді әсері

  2. Электр жарақатына организмнің жергілікті серпілістері

  3. Электр жарақатына организмнің жалпы серпілістері

  4. Иондаушы сәуленің тірі организмге әсер ету тетіктері. Иондаушы сәуленің тікелей және жанама әсерлері

  5. Иондаушы сәуленің жасушаларға әсері

  6. Жіті сәулесоқ ауруы, түрлері, сатылары, патогенезі

  7. Созылмалы сәулесок ауруы, патогенезі

  8. Иондаушы сәуленің ұзаққа созылған салдарлары (өспелік, өспелік емес)


Оқыту әдістері:

Оқытушының баұылауымен және қатысуымен сабақтың негізгі сұрақтарын талқылау, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру



Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, тесттілеу

Тәжірибелік жұмыс

1 тапсырма. Электр ағымының зақымдаушы әсерінің патогенездік сызбанұсқасын құрастыру.

2 тапсырма. Иондаушы сәуленің зақымдаушы әсерінің патогенездік сызбанұсқасын құрастыру.

ӘДЕБИЕТ


Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 35– 42.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 121-135

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 42-52.

Қосымша

    1. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов // Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы: КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. – С. 14-18

БАҚЫЛАУ


Тесттерге жауап беру - Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмаларды қараңыз / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 43-47 беттер

5 тақырып: ОРГАНИЗМГЕ ЖОҒАРЫ БАРОМЕТРЛІК ҚЫСЫМНЫҢ, ШУДЫҢ, УЛЬТРАДЫБЫСТЫҢ, ЛАЗЕР СӘУЛЕСІНІҢ, ГИПОТЕРМИЯНЫҢ ЗАҚЫМДАУШЫ ӘСЕРІ



Сабақтың мақсаты:

  • Жалпы этиология мен патогенездің негізгі түсініктерін организмге физикалық этиологиялық жайттардың әсерін мысалға ала отырып меңгеру

  • Патогенездің сызбанұсқасын құрастырғанда теориялық материалдан алған білімін қолдану

  • Этиология мен патогенез сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру


Оқыту міндеттері:

  • организмге жоғары барометрлік қысымның, шудың, ультрадыбыстың, лазер сәулесінің, гипотермияның патогенді әсерлерінің тетіктерін меңгеру

  • патогенездің сызбанұсқасын құрастыруды үйрену, бастапқы тізбекті, кері айналып соғу шеңберін ажырата білу

  • Этиология мен патогенез сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын меңгеру


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Жоғары барометрлік қысымның (гипербарияның) зақымдаушы әсері. Компрессия мен сатурация туралы түсінік. Декомпрессия кезіндегі организмдегі бұзылыстардың патогенезі. Организмнің гипербариялық оксигенациясы, организмге оң және теріс әсерлері.

  2. Организмге шудың патогенді әсері

  3. Организмге ультрадыбыстың патогенді әсері

  4. Организмге лазер сәулесінің патогенді әсері

  5. Организмге гипотермияның патогенді әсері


Оқыту әдістері:

Оқытушының бақылауымен және қатысуымен сабақтың негізгі сұрақтарын талқылау, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру


Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, тестілеу
Тәжірибелік жұмыс

1 тапсырма. Жоғары барометрлік қысымның зақымдаушы әсерінің патогенездік сызбанұсқасын құрастыру.

2 тапсырма. Шудың зақымдаушы әсерінің патогенездік сызбанұсқасын құрастыру.

3 тапсырма. Ультрадыбыстың зақымдаушы әсерінің патогенездік сызбанұсқасын құрастыру.

4 тапсырма. Лазер сәулесінің зақымдаушы әсерінің патогенездік сызбанұсқасын құрастыру

ӘДЕБИЕТ


Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 23– 30.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 121-135

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 42-52.

Қосымша

  1. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов // Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы: КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. – С. 14-18

БАҚЫЛАУ


Тесттерге жауап беру - Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмаларды қараңыз / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 32 -50беттер
6 тақырып: «ОРГАНИЗМ РЕАКТИВТІЛІГІНІҢ ДЕРТТАНУДАҒЫ МАҢЫЗЫ»

Сабақтың мақсаты:

  • Ауру туындауы мен дамуындағы организм реактивтілігінің, төзімділігі мен тұқым қуалаушылықтың маңызын меңгеру

  • Есептерді шешкенде теориялық білімін қолдану

  • Организм реактивтілігі мен төзімділігі сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру

  • Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру

  • Гипоксияға төзімділікте жас ерекшелігінің, жыныстың, ОЖЖ қызметінің, сыртқы орта жайттарының ерекшеліктерін анықтау үшін тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу


Оқыту міндеттері:

  • Организм реактивтілігі мен төзімділігінің дерттанудағы маңызын зерттеу

  • Организм реактивтілігі мен төзімділігі сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру

  • Тәжірибедегі организм реактивтілігіне қарай тітіркендіргішке организмнің жауап қайтару түрлерін бағалау

  • Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу

  • Алған теориялық білімді ситуациялық есептерді шешкенде қолдануды үйрену


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Организм реактивтілігі мен төзімділігі туралы түсінік. Қоздырғышқа организмнің жауап қайтару түрлері

  2. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Реактивтілікті анықтайтын жағдайлар (тұқым қуалаушылық, дене бітімі, жас мөлшері, жыныс, жүйке, ішікі сөлденіс, иммундық т.б. жүйелердің ерекшелігі).

  3. Организмнің реактивтілігін бағытты түрде өзгерту аурулардың алдын алу мен емдеудегі маңызды жол.


Оқыту әдістері:

Оқытушының бақылауымен және қатысуымен сабақтың негізгі сұрақтарын талқылау, бейнекөрініс көру, тәжірибелер жасау, тәжірибе нәтижелерін талқылау.


Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, тәжірибе хаттамаларының дұрыс толтырылуын және тәжірибе нәтижелері бойынша қорытындының, ситуациялық есептер жауаптарының дұрыстығын тексеру, тестілеу.


ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

Тәжірибе жасау немесе «Гипоксияға төзімділікте түрлік реактивтіліктің, ОЖЖ жағдайының, жастың маңызы» бейнефильмін көру (кассета № 1)



1 тапсырма

Организм реактивтілігінде жануарлар түрлерінің маңызын айқындау

Әдісі: Комовский аспабының астына бір ақ тышқанды және бір бақаны отырғызады. Олардың жалпы тәртібіне, тыныс алуына, терілерінің түсіне назар аударады. Содан кейін барометрлік қысымды біртіндеп 200 мм.с.б. дейін азайтып, жануарлардың жалпы тәртібі, тыныс алуы, терілерінің түсінің өзгерістерін байқайды. Алынған деректерді талдап, тұжырым жасайды.


2 тапсырма.

Реактивтіліктегі жас мөлшерінің маңызын анықтау

Әдісі: Тәжірибеге бір ересек (салмағы 15-20 г), бір жаңа туған ақ тышқанды алады. Олардың жалпы тәртібіне, тыныс алуына, терілерінің түсіне назар аударады. Содан кейін барометрлік қысымды біртіндеп 200 мм.с.б. дейін азайтып, жоғарыда келтірілген көрсеткіштерді қадағалап, салыстырады. Екі тышқанда биіктік ауруының дамуын қадағалайды. Биіктік ауруы дамуында жас мөлшерінің маңызы туралы қорытынды жасалады.


3 тапсырма.

Организм реактивтілігіндегі ОЖЖ-нің функциялық жағдайының маңызын анықтау

Әдісі: тәжірибеге үш ақ тышқан алынады. Біреуіне тері астына 1% гексенал ерітіндісі 100 г дене салмағына 0,5 мл. ерітінді есептеліп енгізіледі. Екіншісіне - 10% кофеин ерітіндісі дене салмағына 0,5 мл. ерітінді есептеліп енгізіледі. Үшінші тышқан бақылау болып есептеледі. 5 - 6 мин. соң үшеуін де Комовский аспабының астына отырғызады. Алдыңғы тәжірибеде жүргізілген ретпен қайталанады. Жануарлардағы өзгерістердің айырмашылығын анықтайды. Алынған мәліметтерді сарапталады.

4 тапсырма.

Организм реактивтілігіне сыртқы орта жайттарының ықпалын зерттеу.

Әдісі: Тәжірибеге үш тышқан алынады. Біреуін тоңазытқышта 20 минөт мұздатады, екіншісін 400С термостатта 10 мин ұстайды. Үшінші тышқан –бақылау тышқаны. Оларды комовский аспабының астына отырғызып, биіктік ауруын шақырады. Жануарлар тәртібінің айырмашылықтарына назар аударып, қорытынды жасайды.

Хаттаманың кестесі



Жануарлар

Барометрлік қысым

Тәртібі

тыныс алуы сипаты

Терісінің түсі

Жауап қайтару түрі

Бақа

Бастапқы жағдай













Биіктік ауру













Тышқан №1

(бақылау)



Бастапқы жағдай













Биіктік ауру













Тышқан №2 (жаңа туған)

Бастапқы жағдай













Биіктік ауру













Тышқан

№3(наркоз)



Бастапқы жағдай













Биіктік ауру .













Тышқан

№4 (кофеин)



Бастапқы жағдай













Биіктік ауру













Тышқан №5

(гипертермия)



Бастапқы жағдай













Биіктік ауру













Тышқан №6

(гипотермия)



Бастапқы жағдай













Биіктік ауру













Студенттер хаттаманың жалпы кестесін толтырады және гипоксияның бүліндіргіш әсеріне организм төзімділігінің әртүрлі екені туралы тұжырым жасайды, бұл неге байланысты екенін түсіндіреді.
5 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу

1. Екі егеуқұйрыққа келесі тәжірибе жасалды: № 1 егеуқұйрық су температурасы 10 °С аквариумға салынды. 5 минуттан соң егеуқұйрықты шығарып бақылау жануарымен (№ 2 егеуқұйрық) және 10 минут бұрын 2,5 мг/кг психостимулятор фенамин салынған егеуқұйрықпен (№ 3 егеуқұйрық) бірге барокамераға отырғызылды. Сосын барокамерадағы ауа 180 мм с.б. дейін сорылды. Өмір ұзақтығы (барометрлік қысымның деңгейі 180 мм с.б. болғаннан тыныстың тоқтағанына дейінгі кезең) № 1 егеуқұйрықта 15 минут, № 2 егеуқұйрықта – 7 минут, № 3 егеуқұйрықта – 4 минут болды.



  1. Гипотермия мен психостимулятор фенамин гипоксияға төзіділікке әсер етеді ме?

  2. Гипотермия мен фенамин жануарлардың гипоксияға төзімділігіне қалай әсер етеді?

  3. Организмнің гипобариялық гипоксияға төзімділігін арттыратын және төмендететін басқа жайттардан мысал келтіріңіз.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 80-115.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 308-324, 232-307

  3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 23-33.

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 81-90.

  5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 73-89.

  6. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмалар / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 57-63 беттер

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 21-23, С. 26-42

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007. - С. 21-23, С. 26-42.

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 41-44.

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С.133-149

БАҚЫЛАУ

Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмаларды қараңыз / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 57-63 беттер


7 тақырып: ЖАСУШАНЫҢ ЖАЛПЫ ПАТОЛОГИЯСЫ

Сабақтың мақсаты:

  • Жасуша зақымдануының жалпы этиологиясы мен патогенезі бойынша негізгі сұрақтарды меңгеру

  • Теориялық білімді патогенездің сызбанұсқасын құрастырғанда және ситуациялық есептерді шығарғанда қолдану

  • Дерттік үрдістердің жасушалық деңгейде пайда болу себебін, даму тетіктерін және аяқталуын патофизиологиялық сараптау дағдыларын қалыптастыру

  • Берілген тақырыпты талдағанда қолданылатын атаусөздерді меңгеру дағдыларын қалыптастыру

  • Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану


Оқыту міндеттері:

  • жасуша зақымдануының себептері мен патогенезін зерттеу

  • Берілген тақырыпты талдағанда қолданылатын атаусөздерді дұрыс қолдану

  • Тақырып бойынша патогенездің сызбанұсқасын құрастырып үйрену

  • Тәжірибеде жасушадағы бүліну белгілерін анықтауды үйрену

  • Ситуациялық есептерді шешкенде теориялық білімді қолдануды үйрену

  • Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдануды үйрену



Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Жасушаның бүлінуі, анықтамасы. Жасушаның бүлінісін туындататын себептер. Бүліністерге жасушаның төзімділігін анықтайтын жайттар.

  2. Жасуша бүліністерінің түрлері, сипаттамасы. Жасушаның жіті және созылмалы бүліністерінің сатылары.

  3. Жасуша өлімінің түрлері. Некроз және апоптоз, даму тетіктері.

  4. Жасуша бүліністерінің арнайы және арнайыланбаған (иондық дисбаланс, қажыммен қамтамасыз етілуінің азаюы, рН, мембраналық потенциалдың, сіңірулік қабілеттің өзгеруі) көріністері, даму тетіктері.

  5. Жасуша мембранасы бүлінулерінің патогенезі (МАТ, фосфолипаза және басқа гидролазалардың әсерленуі, осмостық және иммундық бүліністер).

  6. Бүліністер кезіндегі жасушадағы теңгерілулік тетіктер.

  7. Патогенді жайттардың әсеріне жасушаның төзімділігін арттыратын және зақымданған жасушада қалпына келтіру үрдістерін күшейтетін алдын алу және емдік шаралар.


Оқыту әдістері:

Оқытушының бақылауымен және қатысуымен сабақтың негізгі сұрақтарын талқылау, бейнекөрініс көру, тәжірибелер жасау, тәжірибе нәтижелерін талқылау, есептерді шешіп, талқылау, бейнекөрініс көру.


Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, тәжірибе хаттамаларының дұрыс толтырылуын және тәжірибе нәтижелері бойынша қорытындының, ситуациялық есептер жауаптарының дұрыстығын тексеру.


Тәжірибелік жұмыс

1 тапсырма. Қоян эритроциттерінің осмостық төзімділігіне температураның әсерін зерттеу



Әдісі: Дені сау қоян құлағының шеткі көктамырынан 0,5 мл қанды алдын ала 1 тамшы гепарин құйылған центрифугалық пробиркаға алады. Сали гемометрімен қанды әрқайсысына 5 мл 0,3%, 0,45%, 0,65%, 0,85% хлорлы натрий ерітіндісі құйылған 4 пробиркаға тамызады (бақылау сериясы).

Қалған қанды температурасы 500С су моншасында 5 минөт бойы ұстайды. Осыдан соң ысытылған қанды 0,02 мл мөлшерде басқа штативтегі хлорлы натрийдің сондай ерітіндісіне тамызады (зерттеудің тәжірибелік сериясы). 10 - 15 минөттен соң бақылау және тәжірибелік сериядағы пробиркалардың боялу қарқынын салыстырады. Алынған деректерді кестеге жазып, тұжырым жасайды.

Схема протокола

Тәжірибе сериялары

хлорлы натрий ерітіндісінің мөлшері




0,3%

0,45%

0,65%

0,85%

    1. бақылау

    2. тәжірибе













Ескерту: ерітінділердің боялу қарқынын + белгісінің әртүрлі санымен белгілейді.

2 тапсырма. Қоян қаны эритроциттеріне этил спиртінің зақымдаушы әсерін зерттеу.



Әдісі: Дені сау қоян құлағының шеткі көктамырынан қанды алдын ала 1 тамшы гепарин құйылған пробиркаға алады. Сосын пробиркаға бір тамшы этил спирті тамызылып, 370С термостатта 5 – 10 минөт ұстайды. Лаборанттар қанды әйнекке жағып жағынды жасайды, оны Романовский-Гимза бойынша бояйды.

Студенттер жағындыны микроскоптың иммерсиялық объективімен қарап, эритроциттердің пішіні өзгергенін анықтап тауып, олардың туындауын түсіндіреді.


3 тапсырма Азот қышқылды күмістің әсерінен бүлінген бақа тілі тінінің бояуды қабылдау қабілетін зерттеу

Әдісі: Бақаны жұлынын зақымдау арқылы жансыздандырады. Тіл препараты жасалады. Оған бірнеше түйір азот қышқылды күмісті салады және сау тін мен зақымданған тін арасындағы айырмашылықты көзбен қарап ажыратады. Сосын тілге бірнеше тамшы метилен көгін тамызады және тез арада дистилденген сумен жуып тастайды. Тілдің зақымданған бөлігінің боялуын жай көзбен және микроскоппен салыстырады, тілдің көрінген өзгерістерінің суретін алып, тұжырым жасайды.
4 тапсырма. Инфузорийге калий бихроматының зақымдаушы әсерін зерттеу.

Әдісі: әйнектің үстіне инфузория өсірілген суды тамызады. Микроскоптың кіші үлкейтуімен қарапайым жәндіктің қозғалысын, пішінін, көлемін анықтайды. Сосын сол жәндіктердің үстіне калий бихроматының 10% ерітіндісінен бір тамшы тамызады. Бұл кезде жәндіктердің қозғалыс белсендігі өзгеріп, олар өлімге ұшырайды препаратты метилен көгімен боялады, тұжырым жасалады.
5 тапсырма Ситуациялық есептерді шығару

1 есеп. Токсикологиялық зертханада бір химиялық өндіріс орнындарынан шығарылатын қалдықтардың құрамына кіретін уытты заттың жасушаға әсерін зерттеді. Жасанды ортадағы қалыпты эпителий жасушасына өнімнің уытты мөлшерін енгізеді. Жасуша зақымдалуының көріністерін 3 сағат бойына әрбір 30 минут сайын бақылады. 3 сағаттан соң 85% жасушаның тіршілігін жоғалтқаны анықталды.



Сұрақтар:

  1. Осы тәжірибедегі эпителий жасушаларының қайтымды (А) және қайтымсыз (Б) бүліністерін бағалау үшін қандай құрылымдық және биохимиялық нышандарды (белгілерін) ұсынуға болады.

  2. Жасуша жағдайын бағалауға ұсынылған нышандарды негізге ала отырып, жасушадағы дерттік өзгерістерді және олардың даму тетігінің бірізділігін келтіріңіз.

2 есеп. Тәжірибеде гемолиздік анемияның үлгісін алу үшін тышқандарға фенилгидразин енгізді, ол өз кезегінде жасушада бос радикалды тотығуды ынталандырады. Фенилгидразин енгізгеннен кейін жарты сағаттан соң жануардың қанында эритроциттердің мөлшерінің төмендегені, бос Hb және метгемоглобин анықталды.



Сұрақ

Эритроциттердің мембранасының зақымдануының даму тетігін және бос гемоглобин мен метгемоглобин түзілуін түсіндіріңіз.


3 есеп. Терінің эпителий жасушасына жаңа антибиотиктің уыттық әсерін зерттеу үшін тәжірибенің екі топтамасы жүргізілді (А және Б).

А. In vivo тәжірибесінде тәжірибелік сызықтық егеуқұйрықтарда алты сағат бойы жануардың терісіне антибиотиктің ертіндісі бар жапсырғышты таңып қойды (дәрінің мөлшері емдік көрсеткіштен өте жоғары болды). Дәрінің тиімділігін жапсырғышты алғаннан кейін 8 сағаттан соң өмір сүру барысында теріні микроскоппен қарау арқылы бағалады. Кейіннен арасы 8 сағат сайын екі рет микроскоппен қарады.

Б. In vitro тәжірибесінде зерттелетін дәрі бар ортада эпителиалды жасушасының дақылын өсірді. Дәрінің мөлшері in vivo тәжірибесіндегі мөлшерге сәйкес келеді. 6 сағаттан кейін дақылды жуып, дәрісі жоқ ортада ұстауды жалғастырды. Дәрінің әсерін жарықтық әдіспен және in vivo тәжірибесіне сәйкес, сол мезгілде электронды микроскоппен тексеру арқылы бағалады.

Тәжірибелердің нәтижелері

А. In vivo: Жапсырғаннан кейін 8 сағат өткен соң эпителийдің майда ошақты некрозы мен дистрофиясы анықталды. Кейіннен осы дерттік өзгерістердің теріде өскені байқалды.

Б. In vitro: зерттеудің барлық сатыларында тері эпителийінде зақымдану белгілері анықталған жоқ. Тек басында жасушалардың агрегациясы байқалды, кейіннен жүргізілген тексерулерде анықталған жоқ.

1. In vivo жүргізілген тәжірибеде эпителий жасушасының бүлінісі тікелей немесе жанама деп ұйғаруға болады ма? Өзіңіздің ұйғарымыңызды растайтын мәліметтер келтіріңіз.

2. Дәрінің жасушаға бүліндірігіш әсерінің даму тетігі қандай? In vitro жүргізілген тәжірибенің нәтижелерін ескере отырып. сіздің көрсеткен даму тетіктеріңіздің қайсысы (қайсылары) дұрыс болып табылады?

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:


  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 268-284.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 145-196

  3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 33-42.

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 136-162.

  5. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмалар / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 63 – 81 беттер.

Қосымша

  1. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 16-48.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 43-60.

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007. - С. 43-60.

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 89-140.

  5. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 66-89.

  6. Воложин А.И. Общая патология клетки // Общая патология клетки // патологическая физиология под ред А.И. Воложина и Г.В. Порядина. М.: МЕДпресс. – 1998. – с. 41 – 104.

8 тақырып. ЗАҚЫМДАНУҒА ОРГАНИЗМНІҢ ЖАЛПЫ ӘСЕРЛЕНІСІ



Сабақтың мақсаты:

  • Зақымдануға организмнің жалпы серпілісінің этиологиясы, патогенезі, организм үшін маңызы бойынша сұрақтарын меңгеру

  • Патогенездің сызбанұсқасын құрастырғанда және есептерді ығарғанда теориялық материал бойынша білімін қолдану

  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру

  • Қозғалтпайтын стресті үлгілеудің тәжірибелік дағдысын меңгеру

  • Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану


Оқыту міндеттері:

  • «Жедел кезеңнің» жауабы мен стрестің этиологиясын, патогенезін, қорғаныстық бейімделулік және патогендік маңызын зерттеу

  • Тақырып сұрақтары бойынша патогенездік сызбанұсқаны құрастыруды үйрену

  • Тақырыпты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдануды үйрену және пікірсайыс жүргізу дағдыларын меңгеру

  • Теориялық білімді ситуациялық есептерді шығарғанда қолдана білу

  • Қозғалтпайтын стресті үлгілеу әдісін меңгеру және оның егеуқұйрықтың дене қызымына әсерін зерттеу.

  • Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Зақымдануға жалпы әсерленістер туралы түсінік, мысалдар келтіру.

  2. «Жедел кезеңнің жауабы», себептері, дәнекерлері және олардың әсері. «Жедел кезең жауабының» нәруыздары, олардың қызметі. Организм үшін жауаптың «жедел кезең жауабының» маңызы. Жүйелік қабынулық жауап синдромы туралы түсінік.

  3. Қан плазмасының протеолиздік жүйесінің әсерленуі. Калликреин-кинин жүйесі және комплемент жүйесі.

  4. Жалпы адаптациялық синдром (стресс), себептері, кезеңдері, даму тетіктері. Стрестің қорғаныстық – бейімделулік және дерттуындатулық маңызы. Адаптация дерттері туралы түсінік.

Оқыту әдістері:

Оқытушының бақылауымен және қатысуымен сабақтың негізгі сұрақтарын талқылау, бейнекөрініс көру, тәжірибелер жасау, тәжірибе нәтижелерін талқылау, есептерді шешіп, талқылау.



Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, патогенездің сызбанұсқасының және тәжірибе нәтижелері бойынша қорытындының дұрыстығын тексеру.


ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

1 тапсырма Калликреин -кинин жүйесі және комплемент жүйес әсерленуінің патогенездік сызбанұсқасын құрастыру.

2 тапсырма. Жалпы адаптациялық синдромның патогенездік сызбанұсқасын құрастыру

3 тапсырма. Қозғалтпайтын қауырт стрестің егеуқұйрықтың дене температурасына әсерін зерттеу.

Егеуқұйрықтарда стрестің үлгісін әртүрлі ықпалдар арқылы алуға болады: қозғалтпау, гипоксия, қоршаған ортаның жоғары және төмен температурасы, ауырулық тітіркендіру, ашығу, оташылдық әсер, физикалық күштеме ж.б. Қозғалтпаулық стресс егеуқұйрықтарда оларды қатты байлап тастау арқылы туындатылады. Осы мақсатпен егеқұйрықты корнцагпен ұстап алып, эфир наркозы арқылы ұйықтатады, сонан соң оны аяқтарынан 30 минөт бойы тақтайшаға мықтап байлап тастайды. Байлағаннан соң дереу, 15 және 30 минөттен соң егеуқұйрықтың тік ішегіндегі қызуды өлшейді. Алынған нәтижелерді салыстырады және стресстің егеуқұйрықтың дене қызуына әсері тұралы қорытынды жасалады. Алынған нәтижелерді түсіндіреді.

4 тапсырма. Есепті шешу

28 жастағы ер адамның жол апаты әсерінен аяқ-қолдарында көптеген сынықтар, денесі соғылған. Стационарға апаттан соң бір сағаттан соң ауыр халде әкелінді: есі кіресілі-шығасылы, бозарған, «суық» жабысқақ терге шыланған, көз қарашықтарының жарыққа реакциясы әлсіз, тынысы сирек, беткей, жүрек соғысы әлсіреген, пульсі әрең анықталады, ҚҚ 60/40 мм с.б., сыртқа немесе ішке қансырау белгілері жоқ..

1. Жарақаттың әсерінен науқаста қандай жағдай дамыды? Науқас оның дамуының қай сатысында?

2. Аталған науқаста бұл жағдайдың әрі қарай дамуының мүмкіндік болжамдары қандай?

3. Науқастағы қанайналымдық және тыныстық бұзылыстардың патогенезі қандай?

4. Науқасты бұл жағдайдан шығару үшін төтенше емдеудің қандай әдісін жүргізуге болады?
ӘДЕБИЕТ


Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет