Жас маманға сабаққа дайындаларда берілетін кеңестер
1.Сабақта өтетін бағдарламаның тарауын мұқият оқыңыз.
Осы бөлімді жадыңызға берік ұстаңыз.
3.Оқу материалын талдаңыз.
Сабақтың мақсатын белгілеп алыңыз. Сабақ нәтижесінде неге жетпек ойыңыз бар еді деген сауалға жауап беріңіз.
Сынып ұжымын, жеке оқушыларды елестетіңіз, олармен сабақ мақсатына жету жолдарын қарастырыңыз.
6.Берілген сынып оқушыларына ең нәтижелі әдіс-тәсілдерді таңдап алыңыз.
Таңдаған тәсілдеріңіз бен өз мүмкіндіктеріңізді келістіре отырып, сабақтағы өзіңіздің іс-әрекетіңізді анықтаңыз.
Сабақтың құрылысы мен барысын ойластырыңыз.
Барлық дайындықтарыңызды жоспарға немесе конспектіге жазып алыңыз.
10.Іштей немесе дыбыстап жоспардың түйінді жерлерін қайталаңыз.
Өзіңізді тексеріңіз.
→ а/ сабақта қандай деректер, жалпы түсініктер,себеп-салдарлық байланыстар болу керек;
→ ә/берілген сабақта қандай білім қалыптасады;
→ б/ қандай әлемдік көзқарастағы түсініктер, саяси, адамгершілік және эстетикалық бағалауларды қалыптастыру керек;
→ в/ берілген материалды оқу барысында оқушылардың бойында қандай сезім-күй тудыру керек.
Кабинетке қоңыраудан сәл бұрын келіңіз. Кабинеттің сабаққа дайындығын,/жиһаздың дұрыс тұрғанын, тақтаның таза екенін,
ТОҚ, көрнекіліктердің дайындығына көз жеткізіңіз.
Сыныпқа соңғы болып кіріңіз. Барлық оқушының ұйымдаса қарсы алғанын талап етіңіз. Сыныпқа көз жүгіртіп, әсіресе тәртібі нашар оқушыларға міндетті түрде көз салыңыз.Оқушыларға ұйымдасқан сабақтың көркемдігін көрсетуге тырысыңыз, тек бұған уақытты бірте – бірте аздатыңыз
2.Сынып журналынан өз пәніңізді іздеуге уақыт жұмсамаңыз. Оны қоңырауда дайындап қоюға болады. Кезекшілерді мұғалімнің үстеліне сабаққа келмегендердің аты-жөні жазылған парақты қалдыруға үйретіңіз.
Сабақты батыл бастаңыз.Оқушыларға: Кім үй тапсырмасын жасамай келді ?- деген сұрақты қоймаңыз.Бұл сауал үй тапсырмасын орындамауды күнделікті іс сияқы қылып көрсетуі мүмкін. Сабақ балалардың сабақ басынан аяғына дейін жұмыспен шұғылданып отыратындай құрылуы тиіс. Үзілістер, баяулық, әрекетсіздік — тәртіп бұзушылар екенін ескеріңіз.
Оқушыларды мазмұны қызық материалдармен, ой салумен баулып, сабақты бақылап, үлгерімі төмен балалардың өз күшіне сенуіне көмек беріңіз.Сынып түгелдей көзден таса қалмасын. Әсіресе назары тұрақсыз, әлденемен айналысып кететіндерді назардан тыс қалдырмаңыз.Жұмыс тәртібін бұзушылардың алдын алыңыз.
Сабақ үстінде өзге жұмыспен айналысатын оқушыларға көбірек сұрақтар қойып, зейінін өзіңізге аударыңыз.
Оқушы білімін бағалауда өз сөзіңізді іскерлік және қызығушылық қабілетпен ұштастырыңыз. Оқушының немен жұмыс істеу керектігіне нұсқау беріп, аталған тапсырманың орындалуын қадағалаңыз. Бұл еңбекке деген жауапкершілікке үйретеді. Оқушы мұғалімнің тапсырмасын міндетті түрде орындау керектігіне үйренеді.
Баға қою үшін оқушының ынтасы мен тәртібін ескеріп, оқушының білімін объективті түрде бағалаңыз.
Сабақты сыныптың жалпы бағалаумен және жекелеген оқушылардың біліміне баға қоюмен аяқтаңыз. Оқушылар сабаққа деген өз еңбектерінің нәтижесін сезініп, шаттыққа бөленсін. Тәртібі нашар оқушылардың жұмыстағы оң нәтижесін ескеріңіз, дегенмен де бұндай іс-әрекетпен болмашы жетістікті бағалауды жиі қайталамауға тырысыңыз.
Сабақты қоңыраумен аяқтаңыз.Кезекшіге өз міндетін ескертіңіз.
10.Орынсыз ескерту жасаудан аулақ болыңыз.
Басқалардың көмегіне сүйенбеңіз. Педагогикалық практикада
тәртіпке шақыру — мұғалімнің пайдасына шешілмейтінін ескеріңіз. Көмекке оқушыларды шақырыңыз. Сынып оқушылары тәртібі нашар оқушыларды қолдамаған жағдайда мәселені шешу оңай.
12.Сыныптың бөлігімен немесе тұтас сыныппен келіспеушілікке жол бермеңіз, егерде осындай жағдайға тап болсаңыз мәселені оңды шешу жолын қарастырыңыз.
Мұғалімнің қылығының дұрыстығына күмән туып, тіпті оның кінәсі сөзсіз дәлелді болса, келіспеушілік оқушылардың пайдасына шешілу керек екенін ескеріңіз.
Н.А.Добролюбованың «Оқушылардың көз алдында іс-әрекеті толық ақталған мұғалім – бұл әділ мұғалім» деген сөзін есте сақтаңыз.
Сабақ талдауы
Оқыту — бұл өнер әрі ғылым. Ол бір кезенде үйреніп, жетілдірусіз қайталай беретін дағды емес. Қоғам және оның балалары үздіксіз өзгереді. Сондықтан қазіргі мектепте сабақ беру, оқыту өз білімінді үнемі жетілдіруді , көтеріп отыруды талап етеді.
Сабақ талдаудың негізгі түрлері:
Қысқаша талдау
Құрылымдық талдау
(Аспектілі) біртұсты талдау
Толық талдау
Кешенді талдау Қысқаша талдау - аяқталысымен жасалатын талдау түрі. Келесі талдауға бастау болатын бұл түрі сабаққа шешуші баға бермейді. Сабақты бақылаушы қойылған мақсат пен міндеттерін орындалуын, сабақ нәтижесінен жасалған болжаулармен салыстырады.
Құрылымдық талдау – барлық сабақ түрлерінің негізі, әдетте, қысқаша талдау жасалғаннан кейін, сабақ құрылымдық талдау арқылы жіктеліп, талданады. Сабақ кезеңдерінің логикалық кезектесуін, өзара сабақтастығын анықтайтын бұл талдау түрі сабақтағы доминантты болған кезеңді де анықтайды.
Аспектілі, бір тұсты талдау – құрылымдық талдау негізінде жүзеге асырылады. Сабақтың бір тұсы, бір тұрғысының талдауына ерекше назар аударады.
Ол:
Сабақтың мақсаты
Сабақ құрылымы мен ұйымдастыру
Сабақ мазмұны
Сабақтағы мұғалім іс-әрекеті
Сабақтағы оқушылар іс-әрекеті
Үй тапсырмасы
Сабақтағы санитарлық — гигиеналық талаптар
8.Сабақтың психологиялық аспектісі
Толық талдау – бұл аспектілі, бір тұсты талдау жүйесі, сабақтың барлық тұрғысынан жасалған қортындысының нәтижесі болып табылады. Бұл талдау түрі мұғалім аттестациясында, озық тәжірбие жинауда, мұғалімнен болған даулы ситуациаларда жүргізіледі.
Жас маманға көмек
Сабаққа дайындықты неден бастау керек:
* Сабақ тақырыбын дәл анықтап оны тұжырымдау, қисынға келтіру.
* Оқу курсындағы тақырыптың орнын анықтау.
* Өтілетін сабақтағы негізгі ұғымдарды анықтау.
* Келесі сабақта қолданылатын ұғымды анықтау, болашақтағы іс-әрекетті жоспарлау.
Мұғалім және оқушылар үшін сабақтың мақсатын анықтау, оны тұжырымдау-бұл сабақ не үшін қажет? Осыған сәйкес сабақтың оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелік қызметінің міндетін белгілеу.
Сабақтағы оқу материалын жоспарлау.
Сабақтың өзіндік қызығын ойлап табу.
Таңдаған оқу материалын топтау.
Сабақ үстіндегі оқушылардың іс-әрекетін бағалауды жоспарлау үшін:
* Нені бақылау керек?
* Қалай бақылау керек?
* Бақылау қорытындысын қалай пайдалануға болады деген сұрақтарға жауап іздеу керек.
Сабақты өткізуге қажетті құрал-жабдықтарды дайындау.
Үй тапсырмасын ойластыру.
Осы ретте дайындалған сабақ конспектісінде жазылып, көрініс табуы керек.
«Рефлексия» формалары
1.Жүргізілген жұмыстар бойынша көңіл – күйді талдау мақсатында өткізілетін әңгіме. Бұндай әңгімелесу барысында балалар өздерінің алған әсерлері бойынша ойларын бөліседі, жетістіктері мен қынжылатын жайларды талдайды, бірін- бірі тыңдап үйренеді, өз іс- әрекеттерін талдап үйренеді.
Тазалық экраны, бұнда ортасында күн бейнеленген сурет, жан – жағында оқушылардың фотографиялары ілінеді. Стрелканың бағыты бүгінгі ең белсенді және тиянақты болған оқушыны нұсқайтын етіп қойылады.
«Тілшілер» ойыны, оның мәнісі — орта және жоғары буын оқушылары күнделік жүргізеді. «Тілші» өз жазғанын оқиды, ал басқалары оған өз көзқарастарын айтады, тілшінің деңгейін анықтайды.
Әр түрлітесттерді қолдану.
Мұғалімнің педагогикалық күнделігін оқу.
«Адамдар теңізі» психологиялық этюді, ойынға қатысушылар белгіленген кеңістікте бірнеше минут бір- бірінің көздеріне қарап, қолдарын бір- бірінің қолдарына тигізіп жүреді. Содан кейін шеңбер құрып отырып, алған әсерлері мен сезімдерімен бөліседі.
«Отырмақ», ойынға қатысушылар жұптасып бір – біріне қарсы қарап отырып, кезекпен ең жақсы және ең жаман нәрселер туралы айтады; одан кейін шеңбер құрап отырып, әңгіме тыңдаушының тыңдай білуі айтылады.
«Жәрмеңке», әр мүшесіне 6 қасиет жазылған кеспелер беріледі, оны жариялайды (батылдық, махаббат, мейірімділік, белсенділік, қолдау, мойындау т.б.). Қатысушылар әркімнің өзіне қажет деген қасиеттерін бір-біріне береді.
Психологиялық этюд, оның барысында ойынға қатысушы «Қазір және осы жерде мен іздеймін (сеземін, ойлаймын т.б.) … ».
10.« Эстафета» ойыны барысында қатысушылар үшке бөлінеді: әңгімелеуші, тыңдаушы, бақылаушы; әр қайсысы осылардың барлығында да болуы керек.
11.«Сурет шеберханасы» — әр қатысушының алдында альбомның беті жатады. Ол бет екіге бөлінеді: сол жағында өзінің жақсы жақтарын суретпен салып көрсетеді. Ал оң жағында өзінің ұнамайтын жақтары бейнеленеді. Содан кейін шеңберге отырып, кімнің қандай сурет салғандығын әңгімелейді. Суретінің әр бөлігінен бір детальді бөліп алып, сол бойынша әңгімелейді
Қазiргi сабақтардың негiзгi этаптары:
Ұйымдастыру бөлiмi
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақты меңгеру алдындағы бiлiм мен бiлiгiн тексеру
Оқушылар алдында сабақ мақсатын қою
Жаңа ақпаратты қабылдау мен тұжырымдауды ұйымдастыру
Түсiнiктi алғаш тексеру
Ақпаратты қайта айту және оның қолданылатын жаттығулары арқылы iс-әрекеттің түрлерiн меңгертудi ұйымдастыру
Алдында алған бiлiм мен бiлiкке сәйкес бiлiмнiң шығармашылық түрде қолданылуы мен меңгерiлуiн проблемалық тақырыптарды шешу арқылы ұйымдастыру.
Сабақта алғанды меңгеру және оны алдында алған бiлiм жүйесiне қосу.
10.Оқушы мен мұғалiмнiң оқу әрекетiнiң нәтижесiн бақылау.
11.Келесi сабаққа үй тапсырмасын беру
12.Сабақты қорытындылау
Өткізілген сабаққа мұғалімнің талдау жасау алгоритмі
Қандай талаптар басшылыққа алынды?
Тақырыптағы сабақтардың өзара байланысы қалай есепке алынды?
Оқушылардың ерекшелігі: нашар және жақсы оқитын оқушылар ерекшелігі қалай есепке алынды?
Сабақтың үш мақсаты қалай анықталды?
Оқушылардың іс-әрекеті қалай жоспарланды?
Сабақтағы оқу материалы дұрыс таңдалды ма?
Мұғалім мен оқушылардың әдіс-тәсілдері өзін ақтады ма, егер жоқ болса, неге?
Қолданылған техникалық оқу құралдары мен көрнекіліктер өзін ақтады ма, егер жоқ болса, неге?
Оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына не ықпал етті?
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының педагогикалық құндылығы неде?
Сабақ оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға, олардың тәрбиесі мен адамгершілік қасиеттерінің дамуына, жігері, мінез-құлқы мен жеке мәдениетіне қалай әсер етті?
Сабақ барысы: не көзделіп, қалай өтті?
Сабақ кезінде сыныпта, жекелеген оқушыларда қандай қиындықтар туындады? Олардың пайда болу себептері мен шешу жолдары.
Сабақ мақсаты мен міндеттеріне жетті ме, қандай көрсеткіштер бойынша ол анықталды, егер сабақ өз мақсатына жетпесе, не кедергі болды?
Сабақ нәтижелілігін бағалау.
Мұғалімнің өзін бағалауы.
Сабақты жетілдіру жолдары.
Сабақты жоспарлау және оны дайындау кезеңдері:
Бөлім немесе тақырып бойынша сабақтар жүйесін жасау, құрастыру;
Бағдарлама негізінде, әдістемелік құралдар, оқулық және қосымша әдебиеттер бойынша сабақтың үш мақсатын анықтау;
Сабақтағы оқу материалының тиімді мазмұнын анықтау, оны бірқатар тірек бөлімге бөлу, дидактикалық өңдеу;
Сабақта оқушы түсініп, есте сақтауы тиіс негізгі материалды бөліп алу;
Сабақтың оқу міндеттерін тұжырымдау;
Сабақ құрылымын жасау, оның типін, тиімді әдістер мен тәсілдерін анықтау;
Пәнаралық байланыс пен сабақта оны пайдалану әдістерін анықтау;
Сабақтың барлық кезеңдеріндегі, әсіресе стандартты емес жағдайларындағы оқушы мен мұғалімнің барлық іс-әрекетін жоспарлау;
Сабақтың дидактикалық құралдарын таңдау;
Техникалық оқу құралдары мен құрал-жабдықтарды тексеру;
Мұғалімнің тақтаға сызып, жазатындары мен оқушылардың тақтада немесе дәптерлерінде орындайтын ұқсас жұмыстарын жоспарлау;
Сабақтағы оқушылардың өзіндік жұмысының түрі мен тиімді көлемін анықтау;
Үйде және сыныпта алған білімді бекіту, білімді жинақтау және жүйелеу түрі мен әдісін таңдау;
Білім, білік, дағдысы олардың қалыптасу деңгейіне сәйкес әдістермен тексерілетін оқушылардың тізімін жасау, үй тапсырмасының түрі мен көлемін анықтау;
Сабақты қорытындылау түрін ойластыру;
Белгіленген талаптарға сәйкес сабақ жоспарын жазу.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
Сабаққа дайындық барысындағы мұғалім әрекетінің алгоритмі
Сынып оқушыларының ерекшелігін есепке алу:
- Сынып деңгейі;
- Оқушылардың пәнге қызығушылығы;
- Сыныптың жұмыс қарқыны
- Білім, білік, дағдының қалыптасуы
- Әр түрлі жұмыс әрекетіне қарым-қатынас;
- Оқу жұмысының әр түріне, сонымен қатар дәстүрден тыс жұмыс түрлеріне қатысы
- Оқушылардың жалпы тәртібі.
Жеке ерекшеліктерді есепке алу:
— жүйке жүйесінің типі
— тіл табысушылығы
— көңіл-күйінің өзгеруі, эмоционалдығы;
— оқушылардың жаңа материалды қабылдауына басшылық жасауы;
— көңіл-күйдің төмендеуін жеңе білуі;
— өз білімі мен біліктілігіне сенімділігі;
— импровизация жасай білуі
— техникалық оқу құралдары мен электронды есептеу техникасын, түрлі оқу құралдарын пайдалана білуі
Сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ережелерді сақтау.
Жалпы ережелер:
1) Сабақтың тақырыптағы, тақырыптың жылдық курстағы орнын анықтау, сабақтың жалпы міндеттерін бөлу;
2) Сабақ тақырыбына қатысты үш түрлі: ғылыми, ғылыми-көпшілік, әдістемелік кітаптарды таңдап алу, олардың мазмұнымен танысу;
3) Оқу бағдарламасын қарап шығу, түсіндірме хатты қайта оқу, берілген тақырып бойынша
стандарт талаптарын оқып шығу, сабаққа байланысты мұғалімнен не талап ететінін анықтау;
4) Оқулық материалын еске түсіру, тірек білім, білік, дағдыны бөліп алу;
5) Сабақ міндеттерін нақтылау, басты міндетті бөліп алу, оны оқушыларға түсінікті, олар қабылдай алатындай етіп тұжырымдап жоспарға жазу;
6) Сабақта оқушы нені түсінуі керек, нені есте сақтау керек, нені біліп, сабақтан нені үйренуі керектігін анықтау;
7) Оқушыларға қандай оқу материалын, қандай көлемде, қандай мөлшерде баяндау керектігін, жетекші идеяларды дәлелдейтін қандай қызықты деректерді келтіруге болатынын анықтау;
8) Сабақ міндеттеріне сәйкес сабақ мазмұнын жіктеп алу, жаңа білім, білік, дағдыны қалыптастыратын, жаңа материалды игертетін тиімді тәсілдерді таңдап алу;
9) Оқушылардың дәптерлері мен тақтада не және қалай жазылатынын ойластыру;
10) Сабақты тұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, көзделген сабақ барысын сабақ жоспарына жазу.
Сабақтың негізгі компоненттері:
Ұйымдастырушылық- сабақ бойы сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртіп.
Мақсаттылық- оқушылар алдына сабақ мақсаты мен оның жеке кезеңдерінің мақсатын қою.
Ынталандырушылық– оқылатын оқу материалының берілген тақырып бойынша да, жалпы курс бойынша да маңыздылығын анықтау.
Коммуникативтілік– мұғалімнің сыныппен қарым-қатынас деңгейі.
Мазмұндық– оқылатын, бекітілетін, қайталанатын, өзіндік жұмыстар және т.с.с. материалдарды таңдау.
Технологиялық– сабақ типіне, берілген тақырыпқа, берілген сыныпқа арнап тиімді оқыту түрін, әдісі мен тәсілдерін таңдау.
Бақылау– бағалаушылық – сабақтағы оқушы іс-әрекетін бағалауда оны белсенділікке ынталандыру, танымдық қызығушылығын дамыту үшін пайдалану, қолдану.
Аналитикалық (талдау)– сабақты қорытындылау, сабақтағы оқушылар іс-әрекетін талдау, сабақты ұйымдастыру бойынша өз әрекетінің нәтижесін талдау.
Сабаққа қойылатын талаптар
Дидактикалық талаптар: сабақтың ұқыпты, айқын, дұрыс ұйымдастырылуы, оқушылар алдындағы тақырыптың дұрыс таңдап алынуы, білімдік және тәрбиелік мақсаттармен қатар сабақтың нақты тапсырмаларын ұтымды жүргізіп пайдалануына әсер етеді. Бұл талаптар сабақ жоспары мен тақырыптық жоспардың жақсы жасалуына байланысты. Сабақ жоспарында сабақтың тақырыбы, мазмұнының қысқаша жоспары, білімдік және тәрбиелік мақсаты мен тапсырмалар, құрал-жабдықтар, көрнекіліктер, сабақтың құрамының кезеңдік түрлері, оқыту әдістері мен дидактикалық әдіс-тәсілдердің түрлері жазылады.
Сабақ жоспарын жасаған уақытта мұғалім сол өтілетін тақырыбының мазмұнына сай оқыту әдісін дұрыс таңдай білуі тиіс. Мұғалімдер оқыту әдістерінің жіктелуіне түрлі жол таба білуі керек. Ғылыми әдебиетте жіктеудің 20-дан астам түрі бар. Солардың ішінде ең кең тараған түрі: Огородников, Бабанский, Лемберг сынды ғалымдар ұсынған оқыту әдістерінің жүйелері. Олар оқыту әдістерін үш топқа бөлген:
Ауызша(әңгіме, кеңес, дәріс, кітаппен жұмыс)
Көрнекілік(суретпен сипаттау, картамен жұмыс)
Зертханалық, тәжірибелік жұмыстар.
Бұл жүйе білім алудың негізгі түпнұсқасына негізделген. Егер балалардың есту қабілеті арқылы ақпараттың 20%, көру қабілеті арқылы 40-60% қабылдай алатынын ескерсек, бұл әдістердің тиімді екеніне дау жоқ.
Сабақта мұғалімнің шеберлігі оқыту әдістемесін жақсы меңгерумен қатар педагогикалық ғылымдағы жаңа әдіс-тәсілдер мен шығармашылық жұмыстарды ұтымды пайдалануынан да көрінеді.
Оқу-тәрбие жұмысындағы нәтижеліліктің басты белгілері мұғалімнің жеке басының білімділігі, шеберлігі, өмір танымы, өз пәніне шәкірттерін иландырып қызықтыра білуінде. Ең бірінші, мұғалім өз пәнін сүйетін, терең білімді, шығармашылықпен жұмыс істейтін, ізденгіш, әдіскер, шебер болуы керек. Оның үстіне өз пәнін талдай алатын теориялық білімі мол, сауатты болуы шарт.
Екіншіден, шәкіртермен қарым-қатынасының жоғары мәдениеттілігі талап етіледі. Мұғалім шәкіртімен терезесі тең адамдай сөйлесіп, оларды өз ойларын қысылмай-қымсынбай айтуға, пікірін еркін, ашық айтуға тәрбиелеп отыруы керек. Оқушы мұғалім қойған талапты зорлықпен емес, саналылықпен орындасын. Сонда ғана оқу да, тәрбие де арнасына түседі.
Технологиялық талаптар: Мұғалім өзі сабақ беретін сыныбындағы оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, айтып жеткізуін, сабаққа ынта, көңіл қоюын, ерік-жігерін, т.б. психологиялық жағдайы сабақ үрдісіне ерекше әсерін тигізеді.
Мұғалімнің көңіл-күйі, жинақтылығы, жүріс-тұрысы оқушыларға беріліп, оқу еңбегінің дұрыс немесе бұрыс болуына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалім өз бойындағы әр түрлі психикалық, эмоциялық көңіл-күйлеріне ерік бермей өзін тежеп ұстауы қажет. Оқушылардың жеке басын танып, зерттеу арқылы сабақ үстінде оларды мадақтап, қолдап, көмек беріп және сол сияқты сабаққа үнемі қатысып отыруын ескеруі мұғалімнің назарынан тыс қалмауы қажет.
Гигиеналық талаптар: Сынып бөлмесіндегі гигиеналық талаптардың сақталуы, қалыпты температура мен жарықтың мол болып түсуі- балалар денсаулығының кепілі. Мұғалім оқушыларға шектен тыс физикалық немесе миға, жүйкеге салмақ салатындай ауыр тапсырмаларды бермеуі керек. Ақыл-ойдың тежелуі мен зорығуы сабақтың бір сарында болуына әкеп соқтырады. Ақпаратты қабылдауды өмірлік тәжірибемен ұштастырмау дұрыс емес. Ең бастысы, дененің әр түрлі сезім мүшелері бірдей жұмыс істеуін қатаң ескеру қажет. Мұндай үзіліс оқушының демалып, әр түрлі органдарының қалыпқа келуіне әсер етеді.
Сабақтың үш мақсаты:
Білімділік: оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.
Тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл-күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.
Начало формы
Достарыңызбен бөлісу: |