ПЕДАГОГТАРҒА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ
Сабақтың мазмұны:
1-кездесу: Мұғалімдердің қарым-қатынас дағдыларын дамытуға қадам жасау
2-кездесу: Жақсы көңіл-күй жан азығы
3-кездесу: Қарым-қатынаста өзін-өзі ашу
4-кездесу: Әріптестерімен жағымды қатынас орнату
5-кездесу: Эмоцианалды қысымды түсіру
6-кездесу: Тиімді педагогикалық шеберліктің құпиясы
7-кездесу: Мұғалім-оқушы
8-кездесу: Мұғалім-мектеп
9-кездесу: Мұғалім-сынып
10-кездесу: Мен-мұғалім
Мақсаты: мұғалімдердің бойына кәсіби іс-әрекеттердің эффективті индивидуалды стилін қалыптастыру; оқушылармен, олардың ата-аналарымен, мектеп басшылығымен, әріптестерімен сонымен қатар өз отбасы мүшелерімен ойдағыдай қарым-қатынас жасай алуын қалыптастырып, дамыту.
Міндеті: Оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнатудың жолын шешу. Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.
Тренинг жұмысында қолданатын негізгі әдістер: ойын, топтық пікірталас, психогимнастика және денеге бағытталған тераия техникалары.
Жүргізілу формасы: Жекелей жұмыс, жұппен, топпен.
Кездесу уақыты: айына бір рет
Сабақ ұзақтығы: 1-2 сағат
1- кездесу
Тақырыбы: Мұғалімдердің қарым-қатынас дағдыларын дамытуға қадам жасау.
Амандасу: Сәлеметсіздерме! Бүгінгі треннингке қош келдіңіздер, сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.
Уақыты: 2 сағат.
«Танысу» ойыны:
Уақыты: 15 минут.
Менің атым ... Құрметті треннинг қатысушылары барлығымыз өзімізді таныстырайық. Барлығымыз орнымызда отырып, өзіміздің атымызды айтамыз және атымызға затымыз сай дегендей өзімізді қандай да бір табиғат құбылысына теңейміз, неге осы табиғат құбылысына өзіңізді теңедіңіз, сіздің мінез-құлқыңызға қай жағынан жақын екенін айта кеткеніңіз жөн.
«Карусель» ойыны.
Мақсаты: Ойын түрлі жағдайда сөйлесу ептіліктерін қалыптастырады. Қатысушылардың әртүрлі рөлдерді ауыстырып ойнауы, күтпеген жағдайда қарым-қатынасқа түсу ерекшелігін үйретеді.
Уақыты: 25 мин.
Топ мүшелері карусель принципінде тұрады, бір-біріне қарама-қарсы екі шеңбер жасайды: ішкі қозғалмайтын (қатысушылар круг орталығына арқаларымен тұрады.), сыртқы қозғалмалы (қатысушылар шеңбер ортасына бетімен қарай орналасады). Жүргізушінің сигналы бойынша сыртқы шеңбердің барлық қатысушылары бір уақытта бір немесе екі қадам оңға басады. Мүмкін болатын жағдайдың мысалы:
сіздердің алдарыңызда реніш сезімімен бір адам отыр, сіз келіп әңгімелесіңіз, сабыр сақтауға көмектесіңіз.
Сіздің алдыңызда сіз соңғы рет көрген адам отыр, сіз оны бірінші сыныпта көргенсіз, сіз оны бірден таныған жоқсыз, біраз уақыт ойланып кейін назар аударасыз.
Мектеп ауласында екі баланың төбелесіп жатқанын көрдіңіз, сізді көріп олар қашып кетеді. Екіншісі орнында қалады, онымен сөйлесіп қақтығыстың себебін анықтаңыз.
Сіздің алдыңызда оқушы, бүгін сіздің сабағыңызда ренжулі отырды.Сіз өте дөрекі типте ескерту жасадыңыз. Сіз одан сабақтан кейін қалуды сұрадыңыз.Сөйлесіп не болғанын анықтаңыз.
Әңгіменің өтуіне әр ситуация үшін 3 минут уақыт беріледі. Кейін жүргізуші сигнал береді. Қатысушылар 30 секундта әңгімені аяқтау керек., қоштасады, оң жағындағы жаңа партнерға жылжиды.
Сұрақтар: 1. Жаңа жағдайға байланысты сізде қандай сезім пайда болды.
2. Жаңа рөлді қабылдау сізге жеңіл болды ма, әлде ауыр болды ма.
«Телепатия» ойыны.
Мақсаты: Қарым-қатынаста партнердің ойлары мен сезімдерін қамтамасыз етеді, трансляцияланған бейненің эмоцианалды фонын дұрыс анықтауға көмектеседі.
Уақыты: 30 мин.
Қатысушылар екіге бөлінеді. Бір-біріне қарама-қарсы отырып келіседі, біреуі жүргізуші екіншісі қатысушы болады. Жүргізуші қандай да бір ойды немесе бейнені береді. Жүргізуші 4-5 минут ішінде өз партнерін сендіру қажет. Соңғы тапсырма жүргізушінің не ойлағанын түсіну немесе сезіну.Бейне құрылғаннан кейін қабылдаушы өзінің нені сезінгенін және түсінгенін жүргізушіге айтады.
Сұрақтар: 1. сізге басқа адамның ойын қабылдау қиынға соқты ма.
2. өзіңізді қалай сезінесіз.
«Өзіңізді жайлы сезініңіз» ойыны.
Қатысушылар көздерін жұмып өздеріне ыңғайлы жағдайды жасайды. Осы негізде өздерінің сезімдерін айтады.
Сұрақтар: 1) Бұл сезім сіз үшін қаншалықты маңызды.
2) Мұндай сезімді қандай сипатта бағалайсыз.
3)Қарым-қатынас процесінде мұндай сезімдерді қолдануға бола ма.
4) Сіз үшін өміріңіздегі қарым-қатынастың рөлі қандай.
Сау болыңыздар! Келесі кездескенше.
Шығу парағын толтыру.
2 - кездесу
Тақырыбы: Жақсы көңіл-күй жан азығы
Мақсаты: мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, әріптестерін жақынырақ танып, жағымды қатынас орнату.
Уақыты: 1,5 сағат
Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезге бай мұғалім жоғары бағаланады.
-Қазір сіздердің еркін, ыңғайлы отыруларыңыз сұралады. Баршаңыздан мына табиғат көріністері бейнеленген суретке зейін қойып, мұқият қарауларыңыз сұралады.
Табиғат суреттері
Уақыты: 15 минут
- Көз алдыңызға жаңа суретте көрген табиғатты елестетіңіз.
Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударыңыз.
Соқпақ жолмен жүріп келесіз.......
Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз.................
Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінеді............
Алма бағы..................
Тест «Ашуыңызды ірке білесіз бе?»
Уақыты: 20 минут
Бұл тест 20 сұрақтан тұрады. Әр сұрақтың 3 жауабының біреуін таңдау керек. Мұғалімнің бәрі бірдей емес. Әр мұғалімнің шыдамдылығы әр алуан.
1. Егер басшымен ұрысысып қалсаңыз, татуласуға жол іздейсіз бе?
1) Әрқашан; 2) Анда-санда; 3)Ешқашан;
Қиын жағдайда өзіңізді қалай ұстайсыз?
1) Ішімнен ашуланамын; 2) Өз-өзімді ұстаймын; 3)Өз-өзімді ұстай алмаймын;
3. Ұстаздар сізді қандай адам деп санайды?
1) Өзімшіл және қызғаншақ; 2) Мейірімді; 3) Салмақты және өз-өзіне сенімді;
4. Егер сізге жауапты жұмыс берілсе не деп жауап бересіз?
1) Сенімсіздікпен келісім беремін; 2) Ойланбай келісем; 3) Өзімнің тыныштығым үшін келіспеймін;
5. Егер сіздің рұқсатыңызсыз мұғалім үстеліңізден қағаз алса, сіз өзіңізді қалай ұстайсыз?
1) Қатты ұрсамын; 2) Орнына қойдырамын; 3) Тағы ештеңе керек жоқ па деп сұраймын;
6. Егер сіздің күйеуіңіз (әйеліңіз) жұмыстан кешігіп келсе оны қалай қарсы аласыз?
1) Сен неге кешіктің? 2) Кеше қайда қаңғыдың? 3) Мен енді уайымдай бастадым.
7. Сіз өзіңізді машинаның рөлінде қалай ұстайсыз?
1) Алдындағы машинаны қуып жатасыз; 2)Сізге бәрібір, қанша машина озады;
3) Машинаны қатты жылдамдығына салам.
8. Сіз өмірге қалай қарайсыз?
1) Орташа; 2) Жеңіл; 3) Қатты.
9. Егер жолыңыз болмаса сіз не істейсіз?
1) Жаланы басқа біреуден көремін; 2) Көнесіз; 3) Келесі жолы абай боласыз.
10. Жастардың өзінің бос уақытын дұрыс өткізбеуіне сіз қалай қарайсыз?
1) Оларға тыйым салу керек; 2)Оларды дұрыс ұйымдастыру керек (мәдениетті демалу) 3) Солармен біз неге әуреленеміз;
Егер сіздің жұмыс орныңызға басқа біреуді қойса, сіз қайтесіз?
1)Несіне босқа жүйке-жүйемді тоздырам; 2)Оның бет-әлпеті бастыққа ұнады;
3) Келесі ретте менің жолым болады;
Қорқынышты киноны қалай көресіз?
1) Қорқасыз; 2) Жалығасыз; 3) Жақсы көңіл бөлем;
Жолдың кедергісінен маңызды жиналысқа кешіксеңіз:
1) Жиналыста мазасызданып кетесіз; 2) Тіл табысуға тырысасыз; 3) Өкінесіз;
Спорттық жетістіктерге қалай қарайсыз?
1) Жеңуге тырысасыз; 2) Өзіңізді жас сезінесіз; 3) Жеңілсеңіз ашуланасыз;
15. Егер сізді мейрамханада дұрыс күтпесе:
1) Айғай-шу болмас үшін үндемейсіз; 2) Күтушіні шақырып сөгіс бересіз; 3) Арыз кітабымен директорға барасыз.
16. Сіздің балаңызды мектепте ренжітсе:
1) Мұғаліммен сөйлесем; 2) Ренжіткен баланың ата-анасына айқай шақырамын;
3) Балаға «өзің ақылмен шеш» деймін;
17. Сіз қандай адамсыз?
1) Орташа; 2) Өз-өзіме сенімді; 3) Өткір.
18. Егер мектеп есігінің алдында әріптеспен қақтығысып қалсаңыз, ол сізден кешірім сұраса сіз не дейсіз?
1) Оқасы жоқ; 2) Көзіңе қарамайсың ба; 3) Кешіріңіз мен кінәлімін.
19. Жастардың арасындағы бұзақылыққа қалай қарайсыз?
1) Қашан бұл жастарға тыйым салынады; 2)Жүрекке тиетін жаза беру керек; 3) Тек қана жастарды кінәламау, бұл жерде тәрбиешілер де кінәлі.
20. Егер бұл дүниеге аң болып келсеңіз, қай аңды тандайтын едіңіз?
1) Жолбарыс; 2) Үй мысығы; 3) Аю.
Жауабы: 36-44 ұпай алса, мұғалім өз-өзіне сенімді, шыншыл, өмірде өз жолын таңдай білген, агрессиясы орташа адам.
45-тен жоғары ұпай алса, ол өте ашушаң, басқа адамдарға қатал қарайтын, өз-өзін ұстай алмайтын адам. Жеңіске жету үшін, биікке көтерілу үшін, ол жанұясын, қоршаған ұжымын құрбандыққа шалуы мүмкін.
35-ұпайдан төмен алған мұғалім өте мейірімді, өз-өзіне толық сенбейтін адам, оған өмірде кішкене батылдық сенімдік қажет.
«Тиімді қарым-қатынас орнату» бағытында бейне жаттығу
Уақыты: 40 минут
Ортаға 6 мұғалім шақырамын. Сіздерге тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды үнсіз оқып, вербалдық емес қарым-қатынас құралдарының көмегімен жағдайяттарды ойнап шығуы тиіс. Басқа қатысушылар не жайлы «баяндап» жатқанын шешулері керек.
Тапсырмалар:
Басқаларға өзіңіздің сүйікті киіміңіз жайлы айтыңыз, оның түсін, үлгісін сипаттап беріңіз. Оны жиі киесіз бе, қандай жағдайларда киесіз?
Соңғы көрген фильміңіз және оның не туралы болғанын айтыңыз: ол сізге ұнады ма?
Жақында қандай қуанышты оқиға болды, соны бөліскенде қасыңызда кім болды?
Бос уақытыңызды қалай өткізесіз, немен айналысасыз, қайда барасыз кіммен араласасыз?
Сүйікті кітабыңызды, оның оқиғаларын айтып беріңіз, басты кейіпкерлері кімдер?
Үй шаруашылығымен айналысқанды ұнатасыз ба? Сізге үй ішінде атқарылатын жұмыстың қайсысы ұнайды, қайсысы ұнамайды
Тренингтен алған әсерлерін, сезімдерін, өзара тренинг қатысушыларына арнаған тілектерін ортаға салу. Келесі тренингте не күтетінін,не алғысы келетінін ашық айту.Топ қатысушыларымен қоштасу. Шығу парағын тотыру.
3-кездесу
Тақырыбы: Қарым-қатынаста өзін-өзі ашу
Мақсаты: Қарым-қатынас принциптерін анықтау.
Уақыты: 1,5 сағат.
1 тапсырма.
Уақыты: 15 минут
Сіз өзіңіз қарым-қатынас жасайтын қандай да бір адамыңызды елестетіңіз, Өзіңізді және сол адамды екі түрлі шеңберде бейнелеңіз. Белгілеңіз сіз қайдасыз, партнеріңіз қайда.
Сұрақтар: 1. Қарым-қатынас жүйесіндегі сіздің орныңыз қаншалықты маңызды.
2. Қарым-қатынасты қаншалықты бағалайсыз.
2 тапсырма.
Уақыты: 15 минут
Тұтас орталығы бар әртүрлі өлшемдегі бірнеше шеңберді салыңыз. Орталығы сіз, қарым-қатынас жақындығы мен алыстығына байланысты әртүрлі шеңберден адамдарды орналастырыңыз.
Сұрақтар: 1. Сізде бірінші шеңберде қанша адам болды.
2. Келесі шеңберде қанша адам болды.
3 тапсырма. Сөйлемге комментарии жасаңыз
Уақыты: 20 минут
«адамның адамгершілік сапаларын жеке күш сипатында талқылау емес, күнделікті өмірде талқылау керек» (Б.Паскаль)
«сыртқы түрмен емес ішкі бейнеңмен қалыптас» (Ф.Петрарка)
«тозақ – бұл басқа» (Ж.Сартр)
«бір адамды жекеліктен емес жалпы тану жеңіл» ( ФЛаролифуко)
Сұрақтар: 1. Сізге қайсысы ұнады.
2. Сіздің өміріңіздегі ұстанатын қандайда бір принципіңізге өзіңізге ұнаған фраза қаншалықты жақын.
4 тапсырма. «Капитан, Рөлдік, Пассажир» тесті
Уақыты: 20 минут
Инструкция: Сізге 14 сұрақ беріледі, сұрақтарға «иә», «жоқ», «білмеймін» деп жауап бересіз.
Сұрақтар.
Менің өмірімде болып жатқан барлық жағдайларға жауапкершілікті сезінемін.
Менің өмірімде көп мәселе болмас еді, егер кейбір адамдар өз қатынастарын өзгертсе.
Кейде мен бақытсыз жұлдыз болып туған сияқтымын.
Менің ойымша алкоголиктер ауруына өздері кіналі.
Менің өмірімдегі көп нәрсеге мені қалыптастырған адамдар жауапты.
Егер мен тұмауратып қалсам өзбетімше емделемін, дәрігер көмегіне жүгінбеймін.
Әйелдердің агрессивтілігіне, ашушаңдығына басқа адамдар кінәлі.
Өмірлік қиындыққа қарамастан кез-келген мәселені шешуге болады.
Басқа адмның маған жасаған жақсылығы үшін, басқаларға көмектесуді жақсы көремін.
Егер қақтығыс болса, ойлана келіп, кінәні іздегенді өзімнен бастаймын.
Егер қара мысық жолымды кесіп өтсе, көшенің басқа жағымен өтемін.
Әрбір адам жағдайға қарамастан күшті және өзбетінше болу керек деп санаймын.
Мен өз кемшіліктерімді білемін, бірақ қоршаған орта оған снисходительно қарауын қалаймын.
Менің жағдайым жетпейтін жағдайға мен бас иемін.
Қорытынды.
«иә» - 1,3,5,7,9,,11,13, «жоқ» - 2,4,6,8,10,12,14 – 10 ұпай, «білмеймін» жауаптары үшін 5 ұпай қойылады.
100-150 ұпай. Сіз өз өміріңіздің капитанысыз, жауапкершілік сезімі, қиындықты жеңесіз. Сіз өз алдыңызға маққсат қойып, оны қалай шешу керектігін ойланасыз. Осыдан өз жандүниеңізде не болып жатқанын сезінесіз.
50-99 ұпай. Сіз көбінесе рөлде отырасыз. Өз қиындықтарыңыздың себебін бағалауда реалистикалық сипаттасыз. Нақтылық, ақылдылық, икемділік үнемі сіздің қасыңызда. Сізге қатысы жоқ жағдайға жауапкершілік алмайсыз, талапқа сай жұмыс істейсіз. Басқа адамдардың мейірімді келісімімен өмір сүре аласыз.
49 ұпайға дейін. Өз өміріңіздің пассажирісіз. Сыртқы күшке тез бағынасыз. Жағдай күрделенсе ол тағдыр. Қыиндықтарды өзіңізді емес басқаны айыптаусыз, ешқашан нағыз тәуелсіздікке жетпейсіз.
Сұрақтар: Сіздің өміріңізге, көзқарасыңызға берілген жауап сәйкес келеме.
Келесі кездескенше сау болыңыздар! Шығу парағын толтыру.
4-кездесу
Тақырыбы: Әріптестерімен жағымды қатынас орнату
Уақыты: 1,5 сағат.
Мектеп директоры» жаттығуы.
Мақсаты: Мектеп директорымен қарым-қатынас жасаудың эффективті амалдарын дамыту.
Уақыты: 30 минут
Бұл жерде мұғалімнің мектеп директорымен қарым-қатынас жасаудағы жағдайларын қарастырамыз. Мұғалім мектеп директорынан жыл ортасында ден саулығына байланысты демалыс беруін өтінуі немесе қатысушылар практикасында кездескен басқа да жағдайларды ойнауға болады.
Бұл жаттығуды талқылау алдынғы жаттығудың схемасы бойынша жүреді.
«Эмоция » жаттығуы.
Уақыты: 30 минут
Мақсаты: Мұғалім бойында артистизм, эмоционалдылық, иілгіштік, оқушылармен қарым-қатынаста образдық пен тірлік техникаларын дамыту.
Топ жарты шеңбер болып отырады. Әрбір қатысушы психологиялық жұмбақ жасырады. Жұмбақты бет әлпет қимылы, позасы, іс-әрекеті, жесті және кейбір нейтральді фразаларды қолдануы, өзі ойланған эмоцияналдық күйлердің біреуін топқа жасыруға болады, топ мүшелері оны табуы қажет.
Кейіннен психолог мұғалім жұмбақты қаншалықты шеше алғандығы жайында ойланауға, ол өз күйін демонстрациялауда қандай сыртқы амалдарды қолдануда қайсысы ( бет, қол, интонация және т.с.с) мәндері болып келетіндігі жайлы ойлануды ұсынады. Мысалы: дерективті дауыс немесе «мұғалімдік» қатты мүсін.
«Кім екенін тап» ойыны.
Мақсаты: адамның өзі туралы пікірінің қалыптасуы, және оның қоршаған ортада көрінуі.
Уақыты: 20 мин.
Қатысушылар өздеріне 10-12 сөйлемнен тұратын мінездеме жасайды. Жүргізуші жинап алып араластырады. Біртіндеп барлық мінездемені оқиды. Қатысушылар мінездеменің авторын табады.
Сұрақтар. 1. Бір-бірлеріңізді мінездеменің қандай белгісінен таныдыңыздар.
Өзіңізге мінездеме жазу сізге қын болды ма.
Құрметті треннинг қатысушылары бүгінгі тереннингке қатысқандарыңыз үшін көп рахмет, болашақта сіздермен әлі кездесеміз деп ойлаймын. Сау болыңыздар.Шығу парағын толтырады.
5-кездесу
Тақырыбы: Эмоцианалды қысымды түсіру
Мақсаты: оқу процесі аяқталғаннан кейін психо-эмоционалдық қысымды түсіру және әр мұғалімнің жекелік ерекшелігін ескеріп, жаңа оқу жылына психологиялық дайындық жасау.
Уақыты: 1 сағат
Танысу. «Қуаныш шеңбері».
Уақыты: 20 минут
Қатысушылар шеңбер бойына отырып өз есімдері мен сүйікті тағамын атайды. Мұнан соң көршісінің қолын қысып. үнсіз қол жылуын жібереді. Бір-бірінің көздеріне қарап, күлімсіреп, ойша жақсы көңіл-күй тілейді.
Жаттығу: «Қар үйіндісі»
Уақыты:15минут
Мұғалімдер шеңбер бойына тұрып өмірдегі өз ұстанымдарын айтып, келесі ойыншыға жіп орамын жібереді. Ол бірінші мұғалімнің ұстанымын қайталап, одан кейін өз ұстанымын айтады. Осылай жалғаса береді. Шатасқан жіп нәтижесінде топта бірлік пен ұйымшылдық орнағандай сезіледі.
Жаттығу: «Менің жүрегім ән айтады, егерде мектепте...», «Менің жүрегім қайғырады, егерде мектепте...»
Шеңбер бойынша әрбір ойынға қатысушы өзінің жүрегі не үшін қуанып, не үшін қайғыратынын аайтады. Біріншісі қуанышы туралы, екіншісі қайғыруы туралы, үшіншісі қуануы туралы... ары қарай жалғаса береді.
Рефлексия: алған әсерлеріңізді түрлі-түсті жапсырмаларға жазып,өз ойларыңызбен бөлісіңіздер.
Педагогикалық тренингтің талдау сұрақтары:
Ұжымдағы психологиялық қарым-қатынас.
Мұғалімнің кәсіби өсуіне қажетті жағдайлар, мұғалімге кәсіби және әдістемелік көмек берудің нәтижелігі.
Ата-ана, отбасының мектеп жүйесіндегі орны..
Сіздің жұмысыңыздың тиімді ұйымдастырылуы және оның оқушы денсаулығына тигізер әсері.
Ұжымдағы қалыптасқан дәстүрлердің денсаулықты сақтау педагогикасы принциптерін жүзеге асырудағы маңызы..
Ұжым тақырыптарға байланысты 5 топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің тақырыбы бойынша 15 минут ішінде анализ жасап, дайындайды. ( Музыка қосылып тұрады). Топтардың эксперті шығып оқиды.. Әр топ қорғап болған соң, ұжым өз ойларын білдіруге болады.
Рефлекция: (талдау, пікірлесу, тілек білдіру).
Жаттығу «Мұғалімді сомдау»
Уақыыт:25минут
Мұғалімдер қайырымды содан кейін ашулы мұғалімді бейнелейді.
Рефлексия: берілген шығу парақтарын толтырып, өз ойларыңызды жазыңыздар!
6-кездесу
Тақырыбы:Тиімді педагогикалық шеберліктің құпиясы
Мақсаты: Қатысушылардың психологиялық қасиеттерімен кәсіби мәселелерінің байланыстыру.
Уақыты: 2 сағат
«Есімдер» жаттығуы
Уақыты: 20 минут
Қатысушылар есімдерін атай отырып, өздерінің қасиеттері мен қабылеттерін есімінің бас әріпімен айтуы керек. (мысалға: Алмагүл-ақылды, ақкөңіл және ардақты.)
«Сыйлықтар» ойыны.
Уақыты:25 мин.
Қоршаған ортамен қуанышын бөлісуге, басқа адамдардың ниетіне назар аударуға, адамдардың бір-бірін жақсы білуге көмектеседі.
Әрбір қатысушы жанында отырған адамға қандай да бір сыйлықты ойлап табады. Ең басты шарт бұл сыйлық сол адамды қуантатындай болу керек. Болжамдалған сыйлық туралы айтып, әрбіреуі түсіндіреді. Неге дәл сол сыйлық таңдалды.
Сұрақтар: 1. Сыйлық сізге ұнады ма.
2. сыйлықтың сіздің өміріңіздегі қандай да бір оқиғалармен байланысы бар ма.
Гештальт жаттығуы:
Мақсаты:Адамды тыңдай білу адамдардың сезімдерімен жұмыс істеуге дамыту. Қарым-қатынасқа тыңдай білу арқылы да тартылу мүмкіншілігін арттыру
Уақыты: 50мин
Өмірде өз белсенділігіңді көрсетіп, әңгімеге тартып қана қоймай, үндемей әңгімелесетін адамды тыңдауда қажет, бұл басқада адамды түсініп, ол үшін алаңдау қарым-қатынас барысында маңызды процесс болып табылады. Қатысушылар екіге бөлініп, парға бірігеді. Жұптың біреуі өзі алаңдап жүрген жайтты, проблемасын баяндап жатқанда, екіншісі тек әңгімеге қатысты вербальды емес сезімдерімен қатынасын көрсетуге рұқсат етіледі. Енді орын ауыстырылады.
Жүргізуші үшін коментарий: жаттығу барысында пайда болған сезімдері мен алмасу, ол тек қайтадан топ біріккенде жүреді. Жүргізуші:Енді өз сезімдеріңізбен бөлісіңіздер?
Рефлексия сұрақтары:
Жаттығу барысында сіз проблемаңызбен бөліскенде жеңілдедіңіз бе?
Сізге біреуді тыңдау жеңіл ме?
Қандай сезімде болдыңыздар?
Қорытынды жаттығу.Топ мүшелері бір-бірінің көздеріне қарап алғыс айтып,одан осы тренинг барысында не үйренгендерін ортаға салады. Шығу парағы толтырылады.
7-кездесу
Тақырыбы: Мұғалім-оқушы
Мақсаты: Мұғалімнің коммуникативті шеңберін кеңейту, жоғары сынып оқушыларымен тиімді педагогикалық қарым-қатынас орнатуға үйрену.
Уақыты:1,5 сағат
«Позитивті қатынас» жаттығуы
Уақыты: 30 минут
Қатысушылар ішінен екі адам шығып «мұғалім мен жоғары сынып оқушысының» арасындағы өзара іс-әрекеттегі жағдаятты келтіреді. Қалған қатысушы бақылайды. Келесі жағдаяттар:
«Оқушы сабаққа кедергі жасағаны үшін мұғалім онымен әңгімелеседі»
«Оқушы жаман әдеттерге елігіп жүр»
« Жоғарғы сынып оқушысының сабақ үлгерімі түсіп кетті» және тағы басқа.
Жалпы талқылау сұрақтары: Мұндай әңгімелесуден оқушының алған әсері?
Мұғалімнің ойында не болды?
Осы жағдайда топта қандай ой және эмоция туды?
«Педагогикадағы сезімдер»
Уақыты:30 минут.
Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Мен сіздерге карточка таратып беремін. Карточкадағы тапсырмалар: «Қуаныш», « ашу-ыза», «немқұрайлылық», « Қызығушылық», « қолдау», « қарсылық білдіру». Мұғалім карточкадағы тапсырмаларды топ алдында дайындауыкере, кішігірім көрініс көрсетеді. Жоғарғы сынып оқушыларымен қатынаста қайсысы тиімді екенің талқылайды.
Гештальт жаттығуы : «Мен сен туралы білемін»
Уақыт:40мин
Бұл тренинг ішіндегі қатысушы санына байланысты карточкалар таратылады.Оның артында міндетті түрде аты тұрады. Сол карточкаға кем дегенде екі адамның өмірге көзқарасын, нені жақсы көретінін, нені бағалайтынын, өмірде өзін қандай адамман көретіндігін, өмірлік құндылығын оның көзімен жазады. Бәрі аяқтағаннан кейін жазылған сөздер оқылады. Осы айтылғандар қатысушылардың өмірлік бағдарларымен сай келгенін салыстырады. Жаттығу ережесін түсінбеген қатысушыларға болысып, нұсқау беру керек, бұл жерде кейбір қатысушылардың жеке құпияларын ашуға болмайды.
Рефлексия сұрақтары:
Басқаның көзімен оның ойын, құндылығы мен өмірлік бағдарын табуда қандай сезімде болдыңыз?
Сізге бұл жаттығу қиынға соқты ма?
Осы айтылғандар сізге сай келе ме?
Жалпы шеңберде отырып,барлық қатысушылар көздерін жұмып,жанындағы топ мүшелерінің иығына қолын қойып,позитивті эмоциямен ақ тілектерін ойша топқа береді.
Шығу парағын толтырады.
8-кездесу
Тақырыбы: Мұғалім-мектеп
Уақыты: 2 сағат
Мақсаты: Әріптестерімен қатынас кезіндегі мұғалімге жұмсақтықпен сыпайылық орнату. Мұғалімдердің бір-бірін қолдау, өзарақабылдау және түсінісу.
«Қалайсын» жатығуы.
Мақсаты: Көңілді атмосфера орнату мен күнделікті шынайы амандасуға баулу.Топ ішінде тығыз байланыс орнату.
Уақыты: 20 минут
Өз еркімен бір қатысушы ортаға шығып сәлемдесу ниетімен өзіндік оригиналды амандасу тәсілін қолданады.Ал,қалған қатысушыларда артынша өзіндік амандасу тәсілімен сәлем береді.
«Көпір» жаттығуы.
Уақыты: 30 минут
Қатысушылар екі топқа бөлініп отырады. Мен сіздерді қосып тұратын көпір саламын. Бормен тігінен сызылады. Тапсырмасы: көз алдарыңызға елестетіңіздер мына көпір жіңішке арқандардан құралған, әлсіз, шайқалып қозғалып тұр. Көпір астында сарқырап өзен ағып жатыр. Қатты жел көпірді шайқап тұр. Екі жақтан бір-бір қатысушы қарама-қарсы көпірге шығады. Екеуі қатынас кезінде көп сөз қолданбай бір-біріне қолдау көрсетіп, жағаның келесі жағына өтуі керек.
Топта талқыланады.
«Кезек» жаттығуы.
Уақыты: 25 минут.
Қатысушылар ішінен сегіз қатысушы шығады. Олар бір-бірінің артына кезекте тұрады. Кезектің ең соңында тұрған қатысушы дүкенге кезексіз кіруі керек. Ол кезекте тұрған қатысушылардың әрбірімен сөйлесіп өтуі керек.Оның тапсырмасы өз мақсатына жету болса, ал кезекте тұрған қатысушылар оны кезексіз жібермеу.
Рефлексия сұрақтары: Әріптесіңізден қолдау сездіңізбе?
Осы жағдайдан шығуда жеке басыңызды ойладыңыз ба?
«Түсіну» жаттығуы
Уақыты: 30 минут.
Мақсаты: Біреуді түсінуге, ойына енуге үйрету, тұтқиылдан қойылған сұраққа жауап табуға баулу, үнсіз бір-бірін тыңдай білу.
Топ мүшелерінің бірі орындықта отырып, екінші топ мүшесі оның артында тұрып,қолын иығына салады. Артында тұрған қатысушы отырған қатысушы атынан,оның атын атайды. Бір минут ішінде арттарында тұрған қатысушы, отырған адамның рөлін ойнайды. Топ мүшелері артта тұрған қатысушыға сұрақ қойған кезде, ол отырған адам атынан жауап береді. Мүмкін қойылған сұраққа шынайы жауапты білмесе де, алдында отыраған адам қалай жауап берер екенін сезініп, түсіну қажет. Әрине, отырған қатысушы араласпай, осы уақыт ішінде сөйлемеуі тиіс.
Егерде артта тұрған қатысушы жауапқа қиналып жатса, басқа адамда шығуға болады.
Рефлексия сұрақтары:
Өз жұбыңыздың презентациясының табыстылығын бағалаңыз?
Жұбыңыз дұрыс жауап бере алмай жатқанда қандай сезімде болдыңыз?
Сіздің жұбыңыз сіз туралы ақпаратты дұрыс жеткізді ме?
Сіздің жұбыңыз сіздің егізіңіз бола алды ма?
Сіздің атыңыздан сұраққа дұрыс жауап берді ме?
Қорытындылау. Қоштасу. Шығу парағын толтыру.
9-кездесу
Тақырыбы: Мұғалім-сынып
Уақыты:1 сағат
Мақсаты: Мұғалімнің сыныппен қарым-қатынасын дамыту. Сыныпта жағымды эмоция мен позитивті атмосфера орнату.
«Атмосфера» жаттығуы
Уақыты: 30 минут
Қатысушылар жайғасып отырып босаңсып, көздерін жұмады. Мен сіздерге текст оқимын, көз алдарыңызға елестетіңіздер: Жақын арада болған өзіңізге жағымды жағдайды есіңізге түсіріңіз. Қандай сезімдесіз? Осы жағдай бойынша не сезіңгеніңізді нақтылап айтыңыз: қуаныш, қанағаттану, рахаттану, тыныштану. Енді мен айтқан картинаның әр сәтін ішкі жағдайдағы қуанышты сақтауға тырысыңыз. Сіз сыныпқа кіресіз. Өзіңізге сенімді болыңыз. Сыныпқа кірген бетте оқушылармен амандасып, оларға күлімсіреңіз. Ішкі жағдайыңызда өткір қаталдықпен ақжарқын, ақкөңілділік арасындағы балансты сақтаңыз. Өзіңіздің үстеліңізге келдіңіз. Қандай қалыпты таңдар едіңіз өзіңізге ыңғайлы. Ыңғайлы қалыпты отырып сабақты бастаңыз. Енді сыныптың ішінде жүріңіз. Жүрісітің ыңғайлы темпін табыңыз - не баяу, не жылдам емес. Өзіңіздің ішіңіздегі темпоритм сақтай отырып, сыныпқа кәсібилілік, беделдік және өзіңізге сенімділікті көрсетеңіз.
Енді әрбір қатысушылар осы картинаны бейнелеп шығады. Топтық талқылау: Осы жаттығудан кейін әрекеттің қандай формасын таныды?
Жаттығу барысында не сезіңдініз?
Мектепте жұмыс кезіндегі қиындықтар?
«Ритмді бұзу» жаттығуы
Уақыты: 30 минут
Қатысушылар ішінен бір адам шығып «мұғалім» рөліне енеді де, қалған қатысушылар жоғары сыныптағы оқушылар рөліне енеді. Тапсырмасы «мұғалім» қатты сөйлеп, тәртіп бұзып отырған сыныпты 1-2 минуттың ішінді өзіне қаратып, тыныштандырту керек. «Мұғалім» әр түрлі әсер етудің әкімшілік әдістерін қолдануына болады: даусын жоғары көтеру, ескерту жасау.Сыныпқа тиімді әсер ету балалар зейінің өзіне қаратып, ең тынымсыз оқушыны тыныштандыру. Өстіп қатысушылар рөлдерімен ауысып, топта талқылайды: Тиімді әдістерді қалай қолдану? Қандай қиындықтар туады?
Топ мүшелері бір-бірінің көздеріне қарап алғыс айтып,одан осы тренинг барысында не үйренгендерін ортаға салады. Шығу парағы толтырылады.
10 –кездесу
Тақырыбы: Мен-мұғалім
Уақыты: 1 сағат
Мақсаты: Мұғалімдердің темпоритмін баялатып, энерегетикалық балансты жоғарылатып, өзін-өзі ұстауын қолға алуын үйрету.
«Баяулау» жаттығуы
Уақыты: 40 минут
Қатысушылар сағаттарын алып, шетке қояды. Қатысушыларға ақ парақ таратылып береді, олар 10-15 минут ішінде ойына бірінші келген фразалар мен сөздер жазады. Содан кейін топты жұппен бөледі де, бір-бірлеріне ассоциативті сөздері мен фразаларын оқып береді де, сезімдерімен бөліседі. Қатысушылар әңгімелесу барысында уақытты өлшемей, ақырын әңгімелесу керек.
Талқылау:
Серіктесімен әңгімелесу барысында кім рахаттықты сезіңді?
Жаттығуымыз басталғаннан бері қанша уақыт өтті деп ойлайсыз?
Серіктесіңіз қандай сезімде болды, сізбен әңгімелесу барысында?
«Бұл кім?» жаттығуы
Мақсаты: Топ қатысушылары өз пікірін айтып, кері байланыс алу басқа адамның мінез-құлық дағдыларын анализдеуін дамыту.
Уақыты: 15 минут
Әр қатысушы өзіне «обьект» таңдап оның мінез-құлқын,әдетін,психологиялық портретін жазады.Жүргізушіге жазылған қағазды береді, ол дауыстап оқылады. Қалғандары кім туралы айтылып тұрғанын табады. Өз сезімдеріңізбен бөлісіңіздер.
Талқылау сұрақтары:
Сіз туралы айтылғанда қандай сезімде болдыңыз?
Өзіңізге обьект таңдап жазу оңай болды ма,сезімдеріңіз?
Осы обьект пен шынындада ортақ қасиетіңіз бар деп есептейсізбе, неліктен?
Қорытынды жаттығу.
Бұл тренингте қатысушылар осы тренинг барысында алған ойларын,сезімдерін,алғыстарын алтын сандыққа салса,айта алмай қалған ойларын, сезімдерін, өзінде көргісі келмеген қасиеттерін мусор жәшігіне салады
Қоштасу. Қатысушылар бір-біріне тілек айтып, өз сезімдерін ортаға салады. Өз ойларымен, тренингтен не алғандарын бөліседі.
Шығу парағын толтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |