Пәні: Математика Сабақтың тақырыбы : Алғашқы функция және анықталмаған интеграл
Cабақ мақсаты :
Теориялық материалдарды нақты есептер шығарту
арқылы меңгерту.Алғашқы функция, интегралға арналған есептерді шешу дағдыларына жетілдіру
Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу
Оқушылардың ойын жеткізе білуін және ой-өрісін дамыту
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ Сабақтың көрнекілігі: формула, интер. тақта
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ. Алғашқы функция ұғымы.
Анықтама: Егер берілген аралықта F′(х) = (х) теңдігі орындалатын болса, онда осы аралықта F(х) функциясын (х) функциясы үшін алғашқы функция деп атайды.
1- мысал: (х) =3х2, хR функциясы үшін алғашқы функция F(x)=x3 болады, себебі F' (x)= 3х2 = (х) әрбір хR функциясы үшін.
2- мысал: F (x)= х3 / 3 функциясы F (x)= х2 функция үшін (- ; ) интервалында алғашқы функция болады , өйткені барлық х (- ; ) үшін
F' (x)= ( х3 / 3 )' = 1 / 3 (х3) ' =1 / 3 ∙ 3х2 = x2 = (х).
Алғашқы функцияның негізгі қасиеті
Белгілі бір I аралықта (х) функциясы үшін алғашқы функциялардың кез-келгенін мына түрде жазып көрсетуге болады,
F (x) + С (1)
мұндағы С - кез-келген тұрақты шама, ал F(x)+С I аралығында (х) функциясы үшін алғашқы функция болып табылады.
егер у = x2, онда у' = 2x
егер у = x2 +84, онда у'=2x
егер у = x2-15, онда у'=2x
Алғашқы функцияны табудың үш ережесі
Бұл ережелер дифференциалдаудың сәйкес ережелеріне ұқсас.
1 – ереже. Егер үшін алғашқы функция F, ал g үшін алғашқы функция G болса , + g үшін алғашқы функция F + G болады .
Шынында да, F = және G = g болатындықтан, қосындының туындысын есептеу ережесі бойынша: (F + G) = F + G = + g
2 – ереже. Егер үшін алғашқы функция F, ал k – тұрақты шама болса , онда k үшін алғашқы функция k F болады .
Шынында да, тұрақты көбейткішті туынды таңбасының алдына шығаруға болады, сондықтан (kF) = kF = k
3 – ереже. Егер F(x) функциясы (x) үшін алғашқы функция, ал k мен b – тұрақты шамалар болып , k 0 болса , онда (kx + b) функциясы үшін алғашқы функция
Шынында да, күрделі функцияның туындысын есептеу ережесі бойынша
1 1
── (F (kx + b)) = ── F (kx + b)(kx+b) = (kx + b)
k k
Функцияның тұрақтылық белгісі . Егер қандай да бір I аралықта
F' (x)=0 болса, онда F функциясы осы аралықта тұрақты шама болады.
Анықталмаған интеграл дегеніміз не?
Анықтама : Берілген аралықтағы ¦(х) функциясының алғашқы функциясы осы аралықтағы ¦(х) функциясының анықталмаған интегралы деп аталады.
Белгіленуі: ¦(х) dx ( икстен эф де икс функциясының анықталмаған интегралы деп оқылады)
Анықтамаға сәйкес: ¦(х)dx=F(x)+C
Мұндағы: - интеграл таңбасы
¦(х) – интеграл астындағы функция
¦(х) dx – интеграл астындағы өрнек
х- интегралдау айнымалысы
C- кез-келген тұрақты шама
Интегралдау ережелері
Алғашқы функцияны табудың ережелерін анықталмаған интеграл белгісінің көмегі арқылы жазған ыңғайлы.
∫ [¦ (x) g (x)]dx =∫ ¦(x)dx ∫ g (x)dx
2. ∫ k∙¦ (x)dx = k∙∫ ¦ (x)∙dx, k- const
1
∫ ¦ (kx+b)dx = F (kx+b)+C, k0
k
Анықталмаған интеграл қасиеттері:
( ∫ ¦ (x)∙dx) = ¦(x)
d ( ∫¦ (x)∙dx) = ¦(x)∙dx
∫ ¦ (x)∙dx = ¦ (x)+C
∫ d ¦ (x) = ¦ (x) + C
∫ k∙¦ (x)∙dx = k∙∫ ¦ (x)∙dx
∫ [ ¦ (x)+ g (x) - h (x)]∙dx =∫ ¦(x)∙dx +∫ g (x)∙dx - ∫ h (x)∙dx
ІҮ. Жаттығу жұмысы:
Анықталмаған интегралды табыңыз:
X2
4. ò3х dx = 3òх dx=3 + C
2
x3
5. ò(3х2-1) dx = ò3х2 dx- ò1dx=3 - x+C= x3- x+ C
3
x -4+1 x -3 1
6. òdx / x4 = ò x -4 dx= + C= + C= - + C
-4+1 -3 3х3
Ү. Бақылау сұрақтары: /1-5/
ҮІ. Үйге тапсырма: п-1 бет 5-9 №7
ҮІІ. Бағалау.
Пән мұғалімі: Ельжанова Г.Х.
Достарыңызбен бөлісу: |