5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Ана тілінің қызметі
Сабақтың мақсаты :
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын жеткізе білуге сауатты жазуға,мұхият тыңдап,ұқыпты жазуға дағдыландыру ;
ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;
б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі : Жаңа сабағы
Сабақтың әдісі : түсіндіру,іздендіру т.б
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,семантикалық карта т.б
Халықтық педагогика мақал-мәтелдер.
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) үй тапсырмасын пысықтау:
Өткен сабақтарға шолу жасаймын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етеді.Тілінен айрылған халық өзіне тән барлық қасиетін жоғалтып,халық болудан қалады.Тіл ана тілі аталуы үшін,ол күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуға тиіс.
Тілдің ең негізігі,яғғни бірінші қызметі – адамдардың бір-бірімен сөйлесу, бір нәрсе жайлы пікір алмасуы үшін қызмет етуі.Екінші қызметі – адамдардың қоршаған орта жөніндегі өз ойларын тіл арқылы жеткізуі.Үшінші қызметі – адам өзінің бір нәрсе туралы көзқарасын, күйініші мен сүйінішін, жақсы көру,жек көру сезімдерін тіл арқылы білдіруі.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі.Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 5651 тіл бар.Сөйлеушілерінің саны жағынан алғанда қазақ тілі осы тілдердің ішінде 70-орынға ие болып отыр.
Кітаппен жұмыс: 3-жаттығу. Рөлге бөліп оқыңдар.Мәтіндегі ойдың негізгі түйіні қай жолдарда берілген?.Бала әке өсиетін бірден түсінбеуі қай сөздің ауыспалы мағынада қолданылғанынан деп есептейсіңдер?
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 4-жаттығу.Өлеңді түсініп оқыңдар.Өлеңнің соңғы жолын қалай түсінгендеріңді баяндаңдар.Өлеңнің мазмұны бойынша тілдің қызметі туралы айтыңдар.
5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Әдеби тіл туралы түсінік
Сабақтың мақсаты :
а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баул ;
ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;
б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту т.б.
Сабақтың көрнекілігі : суреттер т.б.
Халықтық педагогика сақтықта қорлық жоқ.
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Тілдің ең негізгі қызметі не?
2.Дүние жүзінде шамамен қанша тіл бар? т.б.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазақ тілінде «әдеби» сөзі «әдебиет» деген сөздің негізінде жасалып,қалыптасқан.
Әдеби тіл – сөйлеу тілінен жоғары тұрған көркем тіл.Ол сол халықтың бәріне ортақ әрі бәріне бірдей түсінікті болып келеді.
Кітаппен жұмыс : 6-жаттығу Мәнерлеп оқыңдар.
Жаттығумен жұмыс : 9-жаттығу «Сөз» қай жерде қандай мағынада қолданылып тұрғанын айтыңдар.
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау : Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 5-жаттығу. Мәтінді тыныс белгілерін қойып көшіріп жазыңдар.Қарамен жазылған сөйлемнің мәнін түсіндіріңдер.
5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Әдеби тілдің түрлері
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негезгі әселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.
ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу.
б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту
Сабақтың көрнекілігі : суреттер,кітаптар
Халықтық педагогика Ақылды қария – ағып жатқан дария
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Ана тілінің қызметі дегенді қалай түсінесің?
2.Әдеби тіл дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Әдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді: ауызша тіл және жазбаша тіл.Мысалы, мұғалімнің сабақты түсіндірген сөзі,оқушының сабақта берген жауабы,радио,теледидардан сөйленген ауызша сөздер ауызша тіл болады да,кітапта,газет-журналдарда жазылғандар жазбаша тіл болып есептеледі.
Жаттығумен жұмыс:13-жаттығу. Төмендегі тыйым сөздерді оқып,жаттап алыңдар.Олар сөйлеудің қай түріне қатысты екенін дәлелдеп айтыңдар.
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Әдеби сөз қанша түрлі формада өмір сүреді?
2.Журналдарда жазылғандар қандай тіл болып есептеледі?
3.Радиода,теледидарда сөйленген сөз қандай тіл болып есептеледі?
Білімді бағалау : Оқушылардың ынтасына,берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 7-жаттығу. Мәтіндегі ойды түсініп оқыңдар.Тіл,сөз туралы 2-3 мақал ойлап жазыңдар.
5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Мәтін
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушылардың лексика тарауы бойынша түсінігін кеңейту,қазақ тілінің сөздік құрамы туралы түсінік беру,меңгерту ;
ә) Жаңа сабақты түсіндіру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттыру,тіл байлығын сөздік қорын молайту ;
б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : түсіндіру,сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі : ребустар,кеспе қағаздар
Халықтық педагогика мақал-мәтелдер.
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырма еркін тақырып бйынша әңгіме жасау.Оқушылардың әңгміелерін оқытамын.Сөздік қордан өткенді қайталау үшін пысықтауға арналған сұрақтар
.
1.Қазақ тілінің сөздік қорына жататын атаулар қандай?т.б.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Мәтін – «байланысу,бірігу»деген мағынаны білдіретін сөз.Ол сөйлегенде,жазғанда пайда болады да,қажетті бір тұтас ойды аяқтайды.
Мәтіннің тақырыбы болады.Мәтін сөздерден,сөйлемдерден,абзацтардан тұрады.
Мәтін әр түрлі мазмұнға құрылады.Онда оқиғалар хабарланады,баяндалады,әңгімеленеді,құбылыстар сипатталады,суреттеледі.
Мәтінге газет-журнал материалдары,өлең шумақтары,оқулықтағы ережелер және әр түрлі тақырыптағы сөйлесулер жатады.
Кітаппен жұмыс : 16-жаттығу. Оқыңдар.Жатығу бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады,талқылау.
Жаттығумен жұмыс: 19-жаттығу. Шоқан мен әжесі әдеби тілдің қай формасында әңгімелесті?
Мәтіннің түрін (ғылыми мәтін,көркем әдебиет мәтіні немесе ауызекі сөйлеу мәтіні,т.б.) ажыратып айтыңдар.Мәтіндегі автор сөзін бөліп көрсетіңдер.Ол қандай мақсатпен қолданылып тұр.
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. 1.Мәтін қандай мағынаны білдіретін сөз? 2.Мәтін нелерден тұрады?
3.Мәтінге нелер жатады? 4.Мәтін неге құрылады?
Білімді бағалау :Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 17-жаттығу.Мәтінді оқып,ондағы баяндалған оқиғаларды анықтаңдар.Мәтінге тақырып қойыңдар.Тірек сөздерді табыңдар.
5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Қосымша түсінік
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп шешендік өнерге баулу ;
ә) Болашақ ұрпақты имандылыққа,салауаттыққа тәрбиелей отырып,халықтық дәстүрді жүрегіне ұялату,танымдық деңгейін көтеру,ауызекі сөйлеуге,әңгімелей білуге үйрету,сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру ;
б) Қазақ халқының өнерімен таныстыру,халық өнерін бағалай білуге тәрбиелеу,отансүйгіштікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : білімді жүйелеу,жинақтау
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,жартылай ізденгіштік
Сабақтың көрнекілігі : суреттер, кеспе қағаздар
Халықтық педагогика нақыл сөздер.
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет.
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Ана тілінің қызметі дегеніміз не? 2.Әдеби тіл дегеніміз не?
3.Әдеби тілдің түрлерін ата? 4.Мәтін дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Әрбір мәтіннің тақырыбы онда не туралы айтылатындығын білдіреді.Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер тек тақырып бойынша ғана байланыспайды,белгілі бір негізгі ой,айқын идея арқылы бірігеді.Яғни мәтіндегі негізгі ойда қандай мәселеге баса назар аударылады,неге көз жеткізу мақсат етіледі,неге үйретеді деген жайлар арқылы анықталады.Негізгі ой мен тақырып мәтіннің өн бойынан ажырамас бірлікте көрініп,ашылады.
Жаттығумен жұмыс: 25-жаттығу. Төменде берілген өлең жолдарынан ойдың байланысына қарай шумақтарды қайта құраңдар.осыдан шыққан мәтінге ат қойыңдар.
- Құп,атажан,жүгіріп Атасы мәз боп тұр күліп,
Қарайын да санайын. Деді,кетті жүгіріп,
Қозыларға барайын. Қызыл арай кешкі шақ.
Күркесіне иіріп, Байғасқаны ертіп ап. ( Ө.Тұрманжанов )
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 24-жаттығу. Суреттер топтамасындағы 26-суретке қарап,байқағандарыңды әңгміелеңдер.Жазбаша мәтін құраңдар.Мәтінге ат қойыңдар.Құраған мәтін мен тақырыбы байланысып тұр ма? Ойларыңды дәлелдеңдер.
5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Мәтінмен жұмыс
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру;
ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) Сөйлеу тілін сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Кеспе қағаздар таратып,үй тапсырмасын сұраймын.
1. Заттың қозғалысын білдіретін сөздер жаз.
2. Заттың түр түсін білдіретін сөздер жаз.
3. Мағынасы жоқ сөздерді теріп жаз.
4.Берілген сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем жаз ( түс көрдім,аттан түс ).
5. Күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды ата.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Мәтін деп айтылған ой-пікірдің,белгілі бір шығармашылық жұмыстың,біреудің шығармасының не оның үзіндісінің қағазға түскен немесе ауызша айтылған түрін айтады.Мәтін өзара байланысты бірнеше сөйлемнен тұрады да,олардағы жинақталып келіп, автордың белгілі бір пікірін,көзқарасын білдіреді.
Мәтінмен жұмыс:
Мәтін туралы түсінік берген соң,суреттер қойып соған қарап мәтін құратқызамын.
Шығармашылық жұмыс:
Оқушыларға мынадай тапсырма беремін.
1. Жолдасына хат жазуды тапсыру.
2. Өзінің бір нәрсеге қуанған кезіндегі көңіл күйін баяндап жаздыру.
3. Бір нәрседен шошынып,қорыққан жай-күйін жаздыру
4. Табиғат көрінісін суреттеу.
5. Әжесінің,атасының,әке-шешесінің айтқан жақсы әңгіме,тілектерін баяндап жаздыру.
Білімді бекіту : 1. Мәтін дегеніміз не? 2. Мәтіндегі ой бөліктері дегенді қалай түсінесің ?
3. Мәтін мен мазмұнның байланысы дегенді қалай түсінесің ?
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Үйге кез-келген тақырыпқа мәтін құрап келуге беремін
5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Мәтіннен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты :
а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу. ;
ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу, халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;
б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі : Өткенді еске түсіру
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,суреттер.
Халықтық педагогика Адамға саусағыңды шошайтпа.
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.
1. Омонимдер дегеніміз не? 2.Синоним дегеніміз не? 3.Антоним дегеніміз не?
4.Ашық,қара,күшті сөздерінің антонимін тауып бер.
5.Сұлу сөзінің синонимін тап.
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Мәтін – «байланысу,бірігу» деген мағынаны білдіретін сөз. Ол сөйлегенде,жазғанда пайда болады да,қажетті бір тұтас ойды аяқтайды.
Мәтіннің тақырыбы болады.Мәтін сөздерден,сөйлемдерден,абзацтардан тұрады.
Мәтін әр түрлі мазмұнға құрылады.Онда оқиғалар хабарланады,баяндалады,әңгімеленеді,құбылыстар сипатталады,суреттеледі.
Мәтінге газет-журнал материалдары,өлең шумақтары,оқулықтағы сөйлесу жатады.
Жаңа сабақтан кейін суретке қарап мәтін құрайды.
Жаттығулармен жұмыс жүргіземін.
Кеспе қағаздарды таратып,жауап талап етемін
Білімді бекіту : 1.Мәтін дегеніміз не?
2.Мәтін мен мазмұнның байланысы дегенді қалай түсінесіңдер?
3.Мәтіннің тақырыбы дегеніміз не?
Үйге тапсырма : Үйге «Менің борышым» деген тақырыпқа мәтін құрап келуге беремін.
Бағалау : Оқушылар білімдеріне қарай бағаланады.
5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Лексика
Сөз бен мағына
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;
ә) Әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік беріп,өзінше ой қорытуға,ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным – түсініктерін дамыту ;
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,кітап
Халықтық педагогика Еріншек егіншіден
элементтерін қолдану : елгезек масақшы озыпты
Пәнаралық байланыс : әдебиет.
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Өткен сабақты еске түсіру үшін бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Ана тілінің қызметі дегеніміз не? 2.Әдеби тіл дегеніміз не?
3.Әдеби тілдің түрлерін ата? 4.Мәтін дегеніміз не?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Лексика – Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы.Сөздер заттар мен құбылыстардың аты (кітап,адам,күн),түр-түсі (қызыл,жасыл),саны мен сапасы (бес,алты,жақсы,жаман),қимыл әрекеті (отыр,тұр,жазды) сияқты алуан түрлі мағыналарды білдіреді.Ал сөз қалай болса солай айтыла салған дыбыстардың жүйесіз тіркесі емес,жүйелі дыбыс қосындыларынан жасалады.Мысалы, лот десек,қазақ тілінде бұлай дыбысталатын сөз жоқ.Дыбыстар тіркесінде мағына болмаса,сөз де болмайды.Сөз мағынамен тығыз байланысты.Дыбысталу – сөздің сыртқы қабығы,мағына – сөздің ішкі мазмұны.Бірақ тілде мағынасын жоғалтқан сөздер де кездеседі.Мысалы,үшін,дейін,таман деген сөздердің нақты мағыналары осы күнде жоғалған,жеке тұрғанда ешқандай мағына бермейді.Мұндай сөздер басқа мағыналы сөздермен тіркесіп қана қолданылады.
Ал осыған керісінше,сөздің ішкі мағынасы сақталып,дыбысталу түрі өзгеретін жағдайлар да кездеседі.Мысалы,елу деген сөздің бастапқы түрі елліг болған.Ол бірте-бірте мынадай өзгеріске түскен:
еллігеліг елу:ал огулогл ұл.
Жаттығумен жұмыс: 29-жаттығу. Мәтіндегі толық мағыналы сөздер мен мағынасы толық емес сөздерді бөлек-бөлек теріп жазыңдар.
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. 1.лексика дегеніміз не? 2.Сөздің ішкі мағынасы сақталып дыбысталуы өзгерген сөздерді ойлап тап. 3.Дыбысталу дегеніміз не№ 4.Мағына дегеніміз не?
Білімді бағалау : Оқушылардың ынтасына,берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 31-жаттығу. Мына сөздердің құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып,лексикалық мағынасы бар сөздер құрап жазыңдар.
Үлгі: жазба – жаз,баз,бажа,азба,аз,аза,т.б. Жазба, саналы, мейірім, келіншек, достық.
5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Қосымша түсінік
Сабақтың мақсаты :
а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;
ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу, халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;
б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар
Халықтық педагогика Жақсы болсаң жақын көп.
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Өткен сабақты еске түсіру үшін бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Ана тілінің қызметі дегеніміз не? 2.Әдеби тіл дегеніміз не?
3.Әдеби тілдің түрлерін ата? 4.Мәтін дегеніміз не?
5.Лексика дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Сөздердің мағынасы бірде өзгеріп,бірде жоғалып,бірде жаңарып отырады.
Қазақ тілінде малай сөзі «біреудің есігінде жалданып жүрген қызметші,жалшы» дегенді білдірсе,башқұрт пен татар тілдерінде малай сөзі «бала» деген мағынада қолданылады.
Бала-шаға деген қос сөз құрамындағы «шаға» сөзі қазақ тілінде жеке қолданылмағанымен,түрік,әзірбайжан,түркімен тілдерінде «бала» деген мағынады жұмсалады.
Қыз-қырқын сөзінің құрамындағы қазір жеке қолданылмайтын қырқын сөзі көне түркі тайпалары тілінде күң қыз,яғни күңнен туған қыз мағынасында қолданылған.Кейін ол өзінің дербестігінен айрылып,бұл мағынады қолданылмайтын болған.Қазір қыз сөзімен қосарланып,қыздар,қыз балалар мағынасын береді.
Қазақ тіліндегі көкпар сөзі екі сөзден құралған: көк және бөрі .бөрі сөзі түркі тілдерінде «қасқыр» деген ұғымда жұмсалады.Бөрі сөзіне қосылған көк сөзі «мықты,азулы,нағыз көк жал қасқыр» деген ұғымды білдіреді.Кейін ұлт ойынының біріне айналып,көкпарға тартатын қасқыр емес лақ,қозы сияқты малдың төліне ауысты.
Сөздің лексикалық мағынасы,олардың өзгеру сипаты қазақ тілінің түсіндірме және этимологиялық сөздіктерінде ашылып отырады.
Кітаппен жұмыс : 38-жаттығу. Осы атаулардың қайсылары қазіргі қазақ тілінде қолданылады?
Мысалдармен дәлелдеңдер.
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау : Оқушылардың сұраққа жауап бергеніне қарай білімдерін бағалаймын.
Үйге тапырма : 39-жаттығу Мәтінді түсініп оқып дәптерлеріңе жазыңдар.Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын анықтаңдар.
5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сабақтың мақсаты :
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын жеткізе білуге сауатты жазуға,мұхият тыңдап,ұқыпты жазуға дағдыландыру ;
ә) Болашақ ұрпақты имандылыққа,салауаттыққа тәрбиелей отырып,халықтық дәстүрді жүрегіне ұялату,танымдық деңгейін көтеру,ауызекі сөйлеуге,әңгімелей білуге үйрету,сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру ;
б) Қазақ халқының өнерімен таныстыру,халық өнерін бағалай білуге тәрбиелеу,отансүйгіштікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |