Сабақтың тақырыбы: «Қыс қызығын тамашалауға саяхат»
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ,ойын
.
Сабақтың әдісі:Ойын,сұрақ-жауап,әңгімелеу
.
Мақсаты: 1.Табиғат тамашаларына деген қызығушылығын арттыру.
2.Балалардың жыл мезгілдері туралы білімдерін жетілдіру.қыс мезгілі туралы білім қалыптастыру.
3.Қыс мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
Көрнекі құралдары: Қыс мезгіліндегі ауыл,дала, қала көріністерінің суреттері,қыс туралы жұмбақтар, автобус макеті.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Жылулық шеңбері.
–Кел, балалар ,кел бері.
Қыздырайық денені,
Орнымызда тұрып-ақ
Жүгірейік бір уақ.
Топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық
Жаса-жаса алтын күн
Жаса-жаса нұрлы күн
II. Жаңа сабақ.
-Бізде бүгін күннің көзі шығып тұрма?
-Қане, барлығымыз терезеге қарайық!
-Дала қандай?
-Жылдың қай мезгілі?
-Ағаштар қалай өзгерген?
2-кезең
-Ендеше біз сол қыс мезгіліндегі қызықтарды көру, бақылау үшін автобуспен саяхатқа аттанамыз.
3-кезең.I Аялдама күту.
-Мына сурет туралы Бекежан тақпағыңды айтшы.
1-бала
Жауды міне., қар аппақ .
Айналаның бәрі аппақ.,
Жасырыпты жолдарды.
Тегістепті оларды.
2-бала
Қонақтайды бақтарға,
Ақ көбелек,ақ мамық
Аунап таза ақ қарға,
Балалар жүр мақтанып.
4-кезең. Автобус келді, балалар,Ура!
-Мына суреттерде не бейнеленген ,соны айтқан бала билет ( яғни жұлдызшаларды) алып ішке кіреді.
-Мынау қай мезгіл?
-Мынау не?
-Автобустың ішіндегі әңгіме!
1.Бәріміз отырдықпа?
Енді бір ән айтамыз «Қошақаным»
II аялдама. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
1.Қысқы ойындар туралы.
-Кімде шана бар?
-Кімде коньки ,шаңғы бар?
-Оларды тебе аламыз ба?
-Аққала жасау үшін не істейміз?
2.Ал тез автобусқа отырамыз!
-Ал енді Мейірлан сен айтшы тақпағыңды
3-бала
Тазартып бар кір-шаңнан
Қыс өнерін бастады,
Терезеге қыраудан,
Сурет салып тастады.
-Жұмбақ шешіп көрейік!
1. Мамықтай ұлпа,
Қанттай ақ
Қыста жер бетін басады.
Жазда сайға қашады.
(қар)
Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді.
Ауызы жоқ ұлиды.
(боран)
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады.
(аяз)
III аялдама .
-Әже не ойлап отыр?(сурет бойынша әңгіме)
Тұманбай Молдағалиевтің «Боран» өлеңінен үзінді оқиды балалар.
4-бала(Нұрайым)
Боран,боран,ақ боран!
Адаспаса екен атты адам.
Даланы кезіп барады,
Ақ киімділер қаптаған.
5-бала(Мөлдір)
Боран қайда барасың?!
Сәл ғана сабыр ет енді;
Әже отыр күтіп баласын,
Мен күтем шофер көкемді.
6-бала(Айкүміс)
Ауыл сырты биік жар,
Бізді күтіп тұр қарап,
Төбесіне шығып-ап,
Жөнелеміз сырғанап.
-Ал осы жерде әжені көңілдендіру үшін біздің биші қыздар би билеп береді.
-Ал, балалар,өлең айтып беріңдер әжеге және қардан аққала соғып беріңдер.
-Енді үйге қайтамыз.
-Мен осындағы бір сурет туралы әңгіме оқимын.Сендер соны суретпен тауып алыңдар.
1-«Жер бетін түгел қар басқан,Елсіз далада жалғыз трактор ғана қар тоқтатып жүр.Тракторда жазғы егін қамын ойлаған тракторшы аға отыр.Қар тау-тау болып үйіліп қалыпты.»
(Содан соң,балалар суретті көрсетеді)
2-Шеберін-ай аяздың,
Әйнектерді қағаз қып
Әшекейлеп қойыпты,
Бірнеше ою ойыпты.
(Суретін көрсетеді)
III Қорытындылау
-Балалар, енді үйге қайтамыз!Орындықтарды ауыстырып қою.
-Сонымен, бүгін сабақта қандай жыл мезгілі туралы өттік?
-Қандай ойындар бар?
-Қыста ауа-райы қандай?
IV Бағалау, мадақтау.
-Бүгін балалардың бәрі де өте жақсы ,тамаша қатысты, сұрақтарға жауап берді.Жақсы қатысқандары үшін ойыншықтар беремін.Сау болыңдар!
Жамбыл бастауыш мектебі
«Қыс қызығын тамашалау»
Орындаған: Какенова А.С
Достарыңызбен бөлісу: |