Сабақтың тақырыбы : Кіріліктірген ашық сабақ «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісімен



Дата25.06.2017
өлшемі78,6 Kb.
#19966
түріСабақ




(Кіріліктірілген ашық сабақ)





ПӘНІҢІЗ Мектеп алды даярлық топ мұғалімі

ФИО Нұғыманова Кульжанат Кабикановна



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным, Қатынас,Шығармашылық
Білім саласын кіріктіру: Математика, Көркем әдебиет, тіл дамыту, сурет.
Сабақтың тақырыбы: Кіріліктірген ашық сабақ

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісімен
Сабақтың мақсаты: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, Балаларды ертегіні жақсы қабылдай білуге үйрету, сахналап беруге талпындыру. Ойынның шартын сақтап ойнауға, төзімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу. . Тілін, сөздік қорын, танымын, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Мысық суретін салын бояу білу уйрету,
Көрнекілігі: сандар, суреттер, дидактикалық материалдар, үлестірмелі материалдар, слайд, түрлі-түсті бояулар, қылқалам, су,сүрткіш.
Сабақтың түрі: Кіріліктірген ашық сабақ.
Әдіс - тәсілдер: ой қозғау, сұрақ - жауап, салыстыру, түсіндіру, дидактикалық ойындар, тапсырмалар.






Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті










Мотивациялық

қозғаушы

Жылулық шеңбері:

Балалар бүгін бізде ерекше күн, қонақ апайлар келді.


Қәне бәріміз амандасайық.
Сәлеметсіздер ме?
Шаттық шеңбері
Армысың, алтын Күн!
Армысың, асыл Жер!
Армысың, көк Аспан!
Армысың, құрметті қонақтар!
Армысың, жан достар!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым!

Балалар біздің бүгінгі сабағымыз өзгеше болады. «Ертегілер еліне саяхатқа» барамыз.


Балалар сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?
Қандай ертегілерді білесіңдер?

Балалар қонақтармен шеңбер бойында амандасады.

Шаттық щеңбер қимылдарын орындайды

Балалар жауап береді.


Балалар суретте көріп отырғандарын әңгімелейді


Іздену-ұйым-

дастырушы

-лық

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ:
Өзі жап - жас мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйде,
Түкті тоны шұп - шұбар.
Балалар мына суретке зер салайықшы. Бұл
«Мысық пен тышқан» туралы ертегі, бұл ертегіде басқы кейіпкері мысық, тағы қандай ертегіде мысық басты кейіпкер болады?
Өте жақсы, бүгін ертегіні оқып, түсініп, біліп қана қоймай ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап көрсетеміз. Бұл ертегі Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.
Сұрақтармен жұмыс.
Балалар біздің ертегімізде неше кейіпкер бар?
Ал енді балалар мақта қыз бен мысық ертегісін сахналайық.
Балаларға ертегіні рөлге бөліп ойнату.
Тәрбиеші: Баяғыда Мақтақыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді.
Қыз: Мысық мысық бері келші.
– Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:
– Неге шақырдың? – деп сұрайды.
Мақта қыз үндемей қояды.
– Ендеше қатығыңды төгем! – дейді Мысық.
Мақта қыз:– Мен құйрығыңды кесіп аламын!.
Онда мен қатығыңды төгемін - деп қатықты төгеді.
Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
Мысық: Мақта қыз, мақта қыз құйрығымды берші!
Мақта қыз: Менің қатығымды төле және мына менің тапсырмаларымды орында содан кейін құйрығыңды беремін деп мақта қыз мысықтың қолына тапсырма берілген хат береді. Мақта қыз мен мына тапсырмаларды орындай алмаймын деп, сиырға барады.
Мысық:– Сиыр, маған қатық берші! – дейді.
Сиыр:– Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп бер және менің мына тапсырмаларымды орында деп мысыққа хат береді. Мысық сиырдың берген тапсырмасын орындай алмай ағашқа барады.
– Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.
Ағаш:– Мен шөлдеп тұрмын. Су әкеліп бер және менің мына тапсырмамды орында сонда ғана саған жапырақ беремін деп мысыққа тапсырма салынған хат береді. Мысық ағаштың берген тапсырмасын орындай алмай суға кетеді. Осы кезде
су әкеле жатқан қыздарды көреді.
– Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші!
Қыздар оған: – Бізге сағыз әкеліп бер және мына тапсырмаларымызды орындасан су береміз деп қолына хат береді. Мысық қыздардың да тапсырмаларын орындай алмай ары қарай дүкенгебарады.
– Әй, дүкенші, маған сағыз берші!
Дүкенші:– Маған жұмыртқа әкеп бер және менің мына тапсырмамды орынды сонда ғана саған сағыз беремін деп қолына хат береді. Мысық дүкеншінің де тапсырмаларын орындай алмай тауыққа барады.
– Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші!
Тауықтар:– Бізге дән әкеліп бер және біздің тапсырмамызды орындасаң саған жұмыртқа береміз деп тапсырма салынған хат береді.
Мысық тапсырмаларды орындай алмай енді не қыламын?» – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.
– Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар?
Тышқан қорыққанынан:– Үйімде бір табақ тары бар.
Мысық: – Маған бір уыс тары бер.
Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді.
II. Осыдан кейін мысық балалардан көмек сұрайды.
Мысық: Балалар маған көмектесіңдерші, мен құйрығымды алуға және мына тапсырмаларды орындауға.
Балалар бәріміз бірігіп мысыққа көмек берейік. мысық тарыны апарып тауыққа береді де, тауықтың тапсырмасын балалармен бірге орындайды. Тауықтың тапсырма: Цифрлар қайда жасырылынған?

Мысық: мяу, мяу тапсырмамды орындап, тарыны тауыққа беріп, тауық жұмыртқа-сын береді.



Дүкеншінің тапсырмасы: Мәтінді есепті шығар.

Мысық: мяу, мяу тапсырмамды орындап жұмыртқаны дүкеншіге беріп, дүкенші мысыққа сағызды береді.


Балалар қанекей бәріміз бірігіп сергіп алайықшы. Сергіту сәті: Қолды белге қояйық,

Басты оңға бұрайық.

Басты солға бұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып қалайық

Оңға, солға қарайық,
Орнымызды табайық.

Ммысық сағызды апарып қыздарға барады. Қыздардың тапсырма:


Тоғайдың тапсырмасы: «Кім білгіш ойыны».

2+3= 5+2= 8+1=

3+3= 6+1= 9+1=

4+3= 7+2= 5+5= Тоғай жапырақтарын беріп, мысық сиырға келеді. Сиырдын тапсырмасы:

Ойын: «Сандарды өсу ретімен орналыстыр.»

1 9 6 3
8 5 10 2

Сиырдан қатық алып мақта қызға келеді. Мақта қыздын тапсырмасы:

«М ысықтың бейнесін саусақ әдісімен бейнелеу».

Тәрбиеші: Балалар сендер шаршаған шығарсыңдар, тағы бір серігіп алайық.

Сергіту сәті: Қылқаламды қояйық,

Орнымыздан тұрайық,

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Белімізді жазайық.



Балалр жауабы -Мысық

Балалар қос тілде айтып береді: «Мақта қыз бен мысық».


Балалар мұқиыт тыңдайды.

Баллар жауабы: Мақта қыз, мысық ....

Балалар ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өздері ойнап көрсетеді.

Балалар барлық кейіпкерлердін тапсырмаларын орындайды, дұрыс

және жылдам орындағандар бес жұлдыздар алады.

Балалар сергіту сәтін қимылдарын орындап сергіп алады.


Балалар барлық кейіпкерлердін тапсырмаларын орындайды, дұрыс

және жылдам орындағандар бес жұлдыздар алады

Балалар мысық суретін бояп көрмеге орналастырады

Балалар сергіту сәтін қимылдарын орындап сергіп алады.




















Рефлексивті-қорытындылау

Сұрақ-жауап әдісі:

Бағалау:

- Балалар сендерге сабақ ұнады ма?

- Кім сабаққа жақсы қатысып отырды?

- Өздеріңді қалай бағалайсыңдар?

Балаларды жақсы қатысқандары үшін мадақтау,

Мақта қыз сиқырлы сандығынан сыйлықтар алып балаларға таратады.



Балалардың жауабы


Күтілетін нәтиже:

Білу немесе хабардар болу: Балалар»Мақта қыз бен мысық» ертегісін , есеп шығару, 1-10 дейін сандарды , суретті саусақ әдісімен салу білді.

Қалыптасқан әдет: Балалардың ертегілер кейіпкерлер рөлін орындау, математика есептер қандай болатынын, саусақ ідісімен сурет салу жайында түсініктері бар.

Істей біледі: ертегілер кейіпкерлер рольдерін орындай алады, есептер шығара алады, 1-10-ға дейін сандарды тура кері санай алады,сұрақтарға жауап бере алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет