Сабақтың тақырыбы : «Көлік түрлері»



Дата26.08.2017
өлшемі46,85 Kb.
#29363
түріСабақ
Кантарбаева Жаркын Сералиевна

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Жарқайың ауданы «Шойындыкөл негізгі мектебі» ММ
Сабақтың тақырыбы : «Көлік түрлері»

Сабақтың мақсаты :

Білімділік:

Автокөлік туралы білімдерін толықтыру, әр түрлі әдіс – тәсілдер арқылы оқушылардың грамматикалық тақырыбынан алған білімдерін тексеру;



Дамытушылық:

Өз бетінше ізденуге,ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,өз ойын еркін жеткізуге баулу,жылдам жауап беруге дағдыландыру;



Тәрбиелік:

Жолда жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап, талдау, іздену, баяндау,

Сабақтың көрнекілігі : суреттер, слайд, үлестірмелі қағаз, интербелсенді тақта, семантикалық карта.

Пәнаралық байланыс : орыс тілі

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі .

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізде ерекше сабақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр. «Қош келдіңіздер!» деймін. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген қазақ халқы. Сондықтан мен сендерге бүгінгі сабақта сәттілік тілемін.

Оқушылар бір-біріне жылы тілектер айтады:


  • Мен саған шыдамдылық тілеймін!

  • Мен саған шығармашылық табыс тілеймін!

  • Мен саған жақсы баға тілеймін!

Үй тапсырмасын тексеру.

- Бүгін нешесі?

- Сабақта кім кезекші?

- Қазір қандай жыл мезгілі?

- Бүгін ауа райы қандай?

Өткен сабақта біз автокөлік тақырыбын өттік. Балалар, сендердің үйлеріңде автокөлік бар ма? (оқушылар жауабы)

Сендердің алдарыңда сөздер жазылған қима-қағаздар жатыр. 1-қатардағы сөздерге 2- қатардан баламасын табу керек.

тұлпар пассажиры

шаһардай издревле

шәлкес убедительная просьба

мін встречаться

көше заңы беда, неприятность

жолығу правила дорожного движения

бәле недостаток

зор өтініш неправильный

ежелден как город

жолаушылар крылатый конь

Жаңа сабақ.

а) Мәтінмен жұмыс. (оқушылар мәтінді оқып, көршісіне түсіндіреді)

ә) Мәтіннен жаңа сөздерді сөздікке жазып алыңдар.

пайдалану – пользоваться

кең-байтақ – просторный

кемемен жүзу- плавать на судне, на корабле

теміржол – железная дорога

тас жол – асфальтовая дорога

теңіз қатынасы - навигация

б) Жаңа сөздермен сөз тіркесін құрастырыңдар.

Кең-байтақ жер, тас жолмен жүру, кеңінен қолдану, теміржол көлігі.

Интербелсенді тақтамен жұмыс. (көлік түрлері бейнеленген слайд)

Балалар, көліктің қандай түрлері бар? (Оқушылар жауабы)

Иә жермен, әуемен, сумен, темір жолымен жүретін көлік түрлері бар екен. Сендердің алдарыңда кесте жатыр, сол кестеге көлік түрлерін қойып толтырыңдар. (слайд)

Кітап бойынша үшінші тапсырманы орындаңдар. Бұл жерде сұрақ қою арқылы мөлшер үстеуді анықтаңдар.

Анағұрлым көп, әжептәуір үйреніп қалыпты, аз екен, біраз уақыт.



Сергіту сәті: «Қаражорға» биі.

Топтастыру стратегиясы



Күрделі сөздер


Семантикалық карта толтыру.

Күрделі сөздер

Қос сөз

Тіркесті сөз

Біріккен сөз

Қысқарған сөз

Бару үшін




+







Кең- байтақ

+










өзен көліктері




+







теміржол







+




Тасу үшін




+







Тас жол




+








Тақтаға назар аударамыз. Көлік туралы сөзжұмбақты шешейік.

Құс ұясы секілді,

Үйшігі бар биікте.

Өрілген қос кекілді

Тұрар мойын иіп те.

Бұл не, балалар? (Кран)

Кранмен қандай жұмыс атқаруға болады?

«Бес жолды өлең» стратегиясы.

Кран


Биік кран

Биік кран көтерді.

Биік кран тасты көтерді.

Биік кран ауыр тасты көтерді.



Жол ережесіне шолу жасау.

- Балалар, кім жол ережесін жақсы біледі?

- Машина жүріп жатқан жерден қалай өтуге болады?

- Бағдаршам не үшін керек?

- Қызыл түс ненің белгісі?

- Жол ережесін сақтау керек пе?



Сабақты қорыту. Балалар, осы сабақта сендер не үйрендіңдер, өздеріңе не алдыңдар?

Алдарыңдағы смайликтермен бүгінгі сабақтан алған көңіл – күйлеріңді білдіріңдер.



Үйге тапсырма: бет 99 сөздік жаттау, үйдегі көліктерің туралы шағын әңгіме жазып келу.
Каталог: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Оқулық, ғаламтор, «А.Құнанбаев»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Атақты жерлесіміз І. Есенберлин туралы мәлімет беріп білімді қалыптастыру
Razrabotkaurokov -> Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан
Razrabotkaurokov -> «Қазақ батырлары»
Razrabotkaurokov -> СӘкен сейфуллин «наурыз» Мақсаты: Білімділік
Razrabotkaurokov -> Ханаева Лаззат Кайкеновна Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің педагог -психологі Тақырып
Razrabotkaurokov -> Гомбо Серікгүл Красный яр селосы «№13 «Амина» бала бақшасының» тәрбиешісі Тақырыбы: «орманға саяхат»
Razrabotkaurokov -> Нұрмұқанова Жұмагүл Жабенқызы Көкшетау қаласы №18 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Топқа бөліну І топ “Сұңқарлар” ІІ топ “Алғырлар” ІІІ топ “Білімділер” іvтоп “Тапқырлар”


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет