Сабақтың тақырыбы : «Салық жүйесі»



Дата26.08.2017
өлшемі36,77 Kb.
#29054
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы : «Салық жүйесі»

Сабақтың мақсаты: Салық жүйесі қызмет етуіне қарай нарықтық қатынастардың негізгі бөлігі болып табылады, көп жағдайда елдегі экономикалық реформалардың жетістіктері жүйесінің байланысын білу.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын

арттыру, ойын,салыстыру, жұмыс жасау

арқылы іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: өзбетімен ізденуге, бір-бірін бағалай білуге, топтаса отырып ынтымақтастықта еңбек етуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: «Салық кодексі», Кәсіпорын экономикасы

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ түсіндіріу

Сабақтың әдісі: Аралас сабақ (Сын тұрғысынан ойлаудың элементтері, модульдік

технологияның элементтері)



Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, Мәтінмен жұмыс, Мультимедия тақта

Сабақтың жүрісі:1. Ұйымдастыру бөлімі.

Студенттермен амандасу сабаққа дайындығын тексеру,түгендеу

2. Үй тапсырмасын сұрау

Тақырыбы: Салық жүйесі

Бірінші кезеңде Қазақстанның салық жүйесін құруға өзіндік тәжірибесі болмағандықтан , көбіне көрші мемілекеттер тәжірибесі , бәрінен бұрын Ресей Федерациясының тәжірибесі пайдаланылды. 1991 жылдың 24 желтоқсанында қабылданған «ҚР-дағы салық жүйесі туралы» тәжірибелік Заңы Ресей заңының көшірілген нұсқасы ретінде саналды. Нәтижесінде , Қазақстанда үш салық жүйесі құрылды.

1.Жалпы мемлекеттік салықтар-10;

2. Жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен алымдар-9;

3.Төлемақы 13.

Салықтың көп болуы заңның тұрақсыздығы, есеп базасы өзіндік құн болып табылатын төлемнің көптігі, жеңілдіктердің көп мөлшерде пайдаланылуы салық жүйесінің тиімсіздігіне әкеліп соқты. Қазақстандағы салық жүйесін жетілдіру жұмысы 1992 жылдан бері басталды.

ҚР-дағы салық жүйесінің даму тарихында 1994 жыл ерекше орын алады. Осы жылы салық жүйесін реформалау жолында алғашқы қадам жасалды. Салық реформасының негізгі идеялары ретінде ҚР-да келесі кезеңдер өсе бастады:



  1. Нарықтық қатынастарды ынталандыру , дәлірек айтқанда:

-кәсіпкерлікті белсенді қолдау;

-жеке салық төлеушілердің алған табысын кәсіпкерлік қызметке салуға ынталандыру;

-салық салуға заң шығару базасын белгілеу;

-табысқа 2 рет,3 рет салық салудан сақтау механизмін құру.

2. Салық салуда белгілі әділеттікке қол жеткізу, дәлірек айтқанда:

-тұрмысы төмен отбасыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;

- табыс көзінен тыс салықсалудың бір тұтас шкаласын құру;

- салық салу жүйесін құрудың әлемдік тәжірибесін шығармашылық пайдалануға ұмтылу.

ҚР-ның 1999 жылғы 16 шілдедегі №440-1 Заңына сәйкес, ҚР-сы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі № 2235 заңдық күші бар «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» Жарлығы ҚР-ның Заңы мәртебесіне иеленді. ҚР-ның салық жүйесіне жоғарыда көрсетілген құжатқа сәйкес төмендегідей салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер енді.

ҚР-ның салық жүйесі

1.Қосылған құн салығы

2.Акциздер

3.Көлік құралдар салығы

4.Әлеуметтік салық

5.Жеке табыс салығы

6.Жер қойнауын пайдаланушылар салығы

7.Жер салығы

8.Мүлік салығы

9.Корпорациялық салық

10.Ойын бизнес салығы

Шет елдердің салық жүйесі

1.Ұлыбританияның салық жүйесі

2. Франциның салық жүйесі

3. Германияның салық жүйесі

Бақылау сұрақтары


  1. ҚР-сы салық заңнамасының дамуы қанша кезеңнен өтті



Бағалау

Өз-өзіме хат»



Бағалау критерийлері:

А критерийі:

Топтың өзге оқушыларының ойын толықтырып отырдым – 2 ұпай

Талқылауға қатыстым – 3 ұпай

В критерийі:

Дәлелді ойлар ұсындым – 3 ұпай

Өзгелерді мұқият тыңдадым – 4 ұпай

Топ мүшелерін ұйымдастырдым және оларға тапсырманы орындауда көмек көрсеттім – 5 ұпай



С критерийі:

Топта тапсырманы бар ынтаммен жасадым – 6 ұпай

Топта өзіме жүктелген міндеттерді уақытылы және сапалы орындадым – 7 ұпай

Бағалау шкаласы:

30-18 ұпай – «5»

17-6 ұпай – «4»

5-2 ұпай – «3»



Үйге тапсырма

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет