Сабақтың тақырыбы : Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сабақтың мақсаты



Дата20.06.2018
өлшемі19,81 Kb.
#43571
түріСабақ
Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы №15 орта мектеп

Математика пәнінің мұғалімі Таскараева Агирке Тугельбаевна

6 сынып математика пәнінен тақырыбы: Шеңбердің   ұзындығы. Дөңгелектің  ауданы. Шар

Сабақтың тақырыбы: Шеңбердің   ұзындығы. Дөңгелектің  ауданы. Шар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға   шеңбердің   ұзындығына,шар,дөңгелектің ауданына  анықтама бере отырып  білімдерін толықтыру

Дамытушылық: оқушылардың  нақты  ойлау, есте  сақтау  қабілетін  дамыту, алған  білімдерін  есеп шығаруда  пайдалана білуге  үйрету

Тәрбиелік: оқушыларды өз бетімен  еңбектенуге, теориялық  білімдерін  есеп  шығару шеберлігімен ұштастыру, жүйелі білім алуға  тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа  материалды игерту

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, ой қозғау, түсіндірмелі

Көрнекіліктер: оқулық, тест тапсырмалары,  математикалық  диктант, бағалау парағы, компьютер  жабдықтары,интерактивті  тақта

Пән аралық байланыс: биология

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасып, түгелдеп, сабаққа әзірлігін  қадағалау



ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру.

Әр қатарға бағалау парағын таратып, тест тапсырмасын тарату  арқылы   өтілген  тарауды  қайталау

Ребус шешу/ жауабы: бидай/

1-тапсырма   «Бидайда егу»

ІІІ Үй тапсырмасын  бекіту:

 Тест тапсырмасы

1.   Қиылысатын  екі  түзудің  ортақ…………  нүктесі  болады.

а/ бір      ә/ екі      б/болмайды

2.Вертикаль  бұрыштар  өзара……………..

а/ артық        ә/тең       б/кем

3.Перпендикуляр  түзулер  жазықтықты  ………тік  бұрышқа  бөледі.

а/ 3        ә/ 2     б/4

4.Бірбірімен  тік  бұрыш  жасап  қиылысатын  екі  түзу  ……………  түзулер  деп аталады.

а/ параллель       ә / қиылысатын      б/ перпендикуляр

5.Бір жазықтықта  жататын  бір-бірімен  қиылыспайтын  екі  түзі  ……………….түзулер деп аталады.

а/ параллель     ә / қиылысатын    б/ перпендикуляр

6.Егер түзу  фигураны  симметриялы  екі  бөлікке  бөлсе,онда ондай  фигура  ……………. симметриялы  фигура деп аталады.

а/  осьтік                               ә/центрлік                                      б/вертикаль

7.Центрлік  симметрияны көрсет

а/  шеңбер     ә/ ромб     б/ үшбұрыш

8. Сүйір  бұрыш не градусқа тең?

а/ 90º-тан кем     ә/90º-нан артық     б/ 90º

9. Доғал  бұрыш не градусқа тең?

а/ 90º-тан кем     ә/90º-нан артық    б/ 90º

10. Тік  бұрыш не градусқа тең?

а/ 90º-тан кем     ә/90º-нан артық   б/ 90º

 

Ой  қозғау.   Ребус  шешу

Жауабы: шеңбер,дөңгелек,шар



2-тапсырма. «Бидайды суару»

ІУ. Жаңа сабақ

Шеңбер –барлық  нүктелері  қайсыбір  О  нүктесінен  бірдей  қашықтықта  жататын  тұйық  сызық. Кез  келген  шектеулі  сызықтың  ұзындығы  бар, яғни  шеңбердің  де  ұзындығы  бар.

Шеңбердің   ұзындығын  табуды  қарастырсақ, мысалы  стаканды  алайық. Оның жиегін  жіппен  орап, шеңберінің  ұзындығын  өлшегенде, жиегінің  ұзындығы  18,85 см, диаметрі  6см, ал ал кесенің жиегінің  ұзындығы 34,55 см, диаметрі  11см болады. Стакан үшін де, кесе  үшін  де олардың жиегі  болып  табылатын  шеңбер  ұзындығының  оның  сәйкес  диаметріне  қатынасы  тұрақты  шама. Оны  гректің  π (пи) әрпімен  белгілейді:

 Π

Π-дің  нақты  мәні  шектеусіз  ондық  бөлшек-иррационал  сан, π=3,14159265….



Есептеулерде  π-дің  жуық  мәні  π3,14  мәні  алынады.Шеңбердің  ұзындығын

С әрпімен ,ал  диаметрін  D  әрпімен  белгілесек:

С= π D

Шеңбердің  ұзындығы   π саны  мен шеңбер  диаметрінің  көбейтіндісіне  тең.

Егер  диаметрді  радиус  арқылы  өрнектесек, D=2R. Онда  шеңбер  ұзындығының  формуласы   C=2 πR  түрінде  жазылады.

R

Егер  дөңгелектің  радиусы  R см  болса, қабырғасы  дөңгелектің радиусына  тең  квадратраттың  ауданы  R2  см2болады.



Демек, дөңгелектің  ауданын  мына  формуламен  есептейміз:

S=πR2

Мұндағы   S-дөңгелектің  ауданы, R-дөңгелектің  радиусы.

Дөңгелектің  ауданы  оның  радиусының   квадраты  мен  π-дің  көбейтіндісіне  тең.

Жердің  дәл  моделі  болып  табылатын  глобус,  ойын  добы, жеңіл  атлетикада  лақтырылатын  ядро және  т.б  шар  деп  аталатын  фигура жайында   түсінік  береді. Шардың  беті   сфера  деп  аталады.  «Сфера» грек  сөзі ,  ол  қазақша  «доп»  дегенді  білдіреді. Сфера  нүктелерінің  барлығы  шар  центрі  деп  аталатын  нүктеден  бірдей  қашықтықта  жатады.

Сфераның  кез келген  нүктесін  шардың   центрімен  қосатын  кесінді  шардың   радиусы деп  аталады.

Шардың  центрі  арқылы  өтіп,  сфераның  екі  нүктесін  қосатын  кесінді  шардың  диаметрі  деп  аталады.

Жер-шар  тәрізді  дене. Сондықтан  оны  Жер  шары   деп  атайды.

 

3-тапсырма.  «Бидайды   арамшөптерден  тазалау»  дәптермен жұмыс

 Тапсмырмалар орындау:

R=10см,                                    C=2πR=2*3.14*10=62.8см

R=20см,                                     C=2πR=2*3.14*20=125.6см

R=100см,                                   C=2πR=2*3.14*100=628см

 

4-тапсырма. «Бидайды  шабу»

Сергіту кезеңі:

Тақтада   көрсетілген суретке  мұқият  қарап   отырып  сұрақтарға  жауап береміз.



5-тапсырма   «Бидайдан  ұн  алу»

Ауызша тапсырма:

1.   -2,7:0,9+1,8=-3+1.8=-1.2

2.   -4.8:(-1.6)-7.5=3-7.5=-4.5

3.   (-2)2: (-0.5)-3=4: (-0.5)-3=-8-3=-11

4.   (-1)2*0.17+1=-0.17+1=0.83

5.   (-3)2*0.5+3.5=-27*0.5+3.5=-13.5+3.5=-10

6.   (-5)2*(-3):25=25*(-3):25=-3

 

6-тапсырма  «Ұннан  қамыр илеу»



Қосымша тапсырмалар орындау:

1)D=6м,


R=3м                                     S=πR2                      S=3.14*32=3,14*9=28.26cм2

S=?


 2)R=15см                              S=πR2              S=3.14*152=3.14*225=706.5см2       

S=?


 3)C=15.7м                             C=2πR                S=πR2             

S=?                                   R= = =2.5см               S=3.14*2.5=3.14*6.25=19.625cм2

 7-тапсырма  «Нан пісіру»

У.Бекіту:

      Математикалық диктант   /5 сұрақ/ 

1. Шеңбердің  ұзындығы  π  саны мен шеңбер  диаметрінің  ………………………………тең

2. Дөңгелектің  ауданы  оның  радиусының  …………..мен   π  -дің  көбейтіндісіне тең.

3. Шардың  беті  ……..деп аталады.

4. π  -дің  жуық  мәні  нешеге  тең?  ………………….

5. Шар тәрізді  денелерге  мысал  келтіріңдер:…………………………………………………………………



 

 УІ Үй тапсырмасын беру. Тест жұмысы 1-15 сұрақ



УІІ Бағалау

Оқушыларды  қабілетіне қарай бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 12e8
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12e8 -> Тақырыбы: Цилиндрлік бөлшектерді қолмен дайындау. Мақсаты
12e8 -> Сабақ: Процент Мектеп: №25 жом күні: Мұғалімнің есімі
12e8 -> Сабақ тақырыбы: Дене салмағы. Салмақсыздық. Сабақ мақсаты: Танымдық
12e8 -> Тақырыбы: «Әдеп және әдет» Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет