Сабақтың тақырыбы:
№ 4 зертханалық жұмыс.
«Тiзбек бөлiгi үшiн ток күшінің кернеуге және кедергіге тәуелділігін зерттеу»
Оқу мақсаттары:
8.4.2.5 –сипаттамасын графикалық түрде бейнелеу және түсіндіру;
8.1.3.1 – эксперименттен деректерді жинақтау, талдау және қателіктерін ескеріп жазу
8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
Бағалау критерийлері
- Тұрақты температурада металл өткізгіштің вольт – амперлік сипаттамасын беретін эксперименттің нәтижелерін түсіндіреді және қателіктерін ескеріп жазады;
- Эксперименттен деректерді өлшейді, жинақтайды, талдайды және қателітерін ескеріп жазады;
- Тәжірибе нәтижесіне сүйеніп, ток күшінің электр тізбегі бөлігінің кедергісіне тәуелділік графигін сызады, салыстырмалы және абсоюлттік қателіктерін табады;
Зертханалық жұмыс
№4 зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: «Тiзбек бөлiгi үшiн ток күшінің кернеуге және кедергіге тәуелділігін зерттеу»
Құрал-жабдықтар: амперметр, вольтметр, зертханалық ток көзі, жалғауға арналған сым-дар жинағы, резисторлар жинағы, кілт, реостат.
Жұмыс барысы:
- Тізбекті құрастырар алдында, амперметр мен вольтметрдің шкалаларына қарап, олардың өлшеу шегін және бөлік құнын анықтаңдар. Іmax=______________ Umax =______________ және І0=______________ U0 =______________
Зертханалық жұмыс
- Амперметрді тізбекке резистор мен реостат арасына қосыңдар. Амперметрдің “+” контакті ток көзінің “+” полюсіне қосылуы қажет. Вольтметрдің резисторға парал-лель етіп, полюстерін сақтап қосыңдар. Ток көзінде 9В кернеуді орнатып, желіге қосыңдар. Кілтті тұйықтап, реостат көмегімен резисторға 4В кернеуді орнатыңдар.
- Амперметр көрсетуі бойынша резистордан өткен ток күшін, ал вольтметр көрсетуі бойынша резистордағы кернеуді анықтаңдар. Амперметр мен вольтметр көрсету-лерін кестеге жазыңдар. Экспериментті өткізіп болған соң ток көзін өшіріңдер. І=______________ U =______________
- Құралдар қосылуының дұрыстығын сұлба бойынша тексеріңдер.
- Кілтті тұйықтап, реостат көмегімен резисторға 2В кернеуді орнатыңдар.
- Амперметр көрсетуі бойынша резистордан өткен ток күшін, ал вольтметр көрсетуі бойынша резистордағы кернеуді анықтаңдар. Амперметр мен вольтметр көрсетуле-рін кестеге жазыңдар. Экспериментті өткізіп болған соң ток көзін өшіріңдер. І=______________ U =______________
- Құралдар қосылуынның дұрыстығын сұлба бойынша тексеріңдер.
- Кілтті тұйықтап, реостат көмегімен резисторда 1В кернеуді орнатыңдар.
- Амперметр көрсетуі бойынша резистордан өткен ток күшін, ал вольтметр көрсетуі бойынша резистордағы кернеуді анықтаңдар. Амперметр мен вольтметр көрсетуле-рін кестеге жазыңдар. Экспериментті өткізіп болған соң ток көзін өшіріңдер. І=______________ U=______________
- Ток күшін мен кернеуді анықтаған соң тізбекті ажыратыңдар және ток көзін өшіріңдер.
- Өлшеулер нәтижелері бойынша ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін салыңдар.
Зертханалық жұмыс
Бірінші өлшем
| | |
Екінші өлшем
| | |
Үшінші өлшем
| | |
Ток күші I, А
|
Кернеу U, B
|
Тізбек бөлігінің кедергісі R, Oм
|
Ток күші I, А
|
Кернеу U, B
|
Тізбек бөлігінің кедергісі R, Oм
|
Ток күші I, А
|
Кернеу U, B
|
Тізбек бөлігінің кедергісі R, Oм
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды.
__________________________________________________________________________________________________________________________________
Зертханалық жұмыс
Дескриптор:
- Белгіленуін, өлшем бірлігін дұрыс жазады.
- Тәжірибенің мазмұнын түсінеді.
- Формуланы дұрыс пайдаланады.
- Қажетті формуланы қолданып нәтижесін шығара алады.
- Тәуелділік графигін салады
РЕФЛЕКЦИЯ
Бас бармақ – керемет әрі қызықты болды!
Екінші бармақ – осыған көңіл бөлу керек.
Ортаңғы бармақ– менде қандай қиындықтар болды?
Төртінші бармақ – бұл жерде орта...
Кішкентай бармақ– бүгін мен не білдім, қандай тәжірибе жинақтадым?
- «Электр тоғынсыз Жер» тақырыбына эссе жазу (қалауы бойынша)
Достарыңызбен бөлісу: |