Сабақтың тақырыбы: « 7 саны мен цифры »
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды 7 санымен , цифрымен таныстыру; 7 санының құрамын анықтау; өрнек құра білуге үйрету.
Оқушыларды адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа, қоршаған ортаны аялай білуге және 7 саны - киелі сан екендігін білуге тәрбиелеу.
Оқушылардың ой – өрісін, танымдық белсенділігін, математика сабағына қызығушылығын арттыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық: а) сәлемдесу
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Өткен сабақты қайталау. ( үлестірме карточкалар арқылы )
ІІІ.Жаңа тақырып. Ребус шешу, « ҚАЗЫНА » сөзі шығады.
Қазына дегеніміз – мол байлық, «қазына »сөзі математикада 7 санымен байланысты. Қазақта 7 саны киелі сан болып табылады. Мысалға, 7 қазына, аптаның 7 күні, 7 ата, 7 шелпек. Ендеше біз бүгін 7 санымен, цифрымен танысамыз.
Біз бүгінгі сабақтың мақсатын ашу үшін « 7- қазынамен » танысамыз:
1қазына - « Жүйрік ат »
« Ер қанаты – ат » деген қанатты сөз бар. Халқымыз төрт түлік малдың ішінде жылқыны ерекше бағалаған. Жылқының етін, қазы – қартасын жеп, қымызын ішкен, терісін пайдаланған. Атқа мініп, өз жерін, елін жауларынан қорғаған.
Тапсырмалар:
- 1-ден 10 ға дейінгі сандарды тура және кері санау;
7 санының көршілерін ата;
2 қазына « Алғыр тазы »
Тазы – иттің бір тұқымы. Ата – бабаларымыз тазы итпен аң аулаған. Онымен қасқыр, түлкі, қарсақ ұстаған. Ит адамға қолғабыс болып , мал күзеткен.
Тапсырмалар:
Сурет бойынша өрнек құрастыру.
3 қазына « Берен мылтық»
Ертеде аталарымыздың үйінде найза, айбалта, садақ, қылыш және мылтық болған. Батырларымыз осы қарулардың көмегімен жауларын жеңіп, елін – жерін қорғаған.
Тапсырмалар:
6 * 7; 7 * 7; 2 * 4; 7 * 5; 6 * 5; 4 * 6
4 қазына « Ер жігіт»
« Ер – ел қорғаны » - дейді дана халқымыз. Кең байтақ даламызды, өзен - көл, орманымызды жауларымыздан қорғаған ер бабаларымыз өте көп болған , олар Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырышты Наурызбай, Райымбек батыр, Жәнібек батыр және тағы басқа батырлар болған.
Ал балалар сендер бізге Тәуелсіздік әперген қандай аға – апаларыңды білесіңдер? Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Ләззат Асанова .
Сергіту сәті.
5 қазына « Сұлу әйел»
Әйел – ол Ана, жар, апа, қарындас. Жақсы әйел – әрбір отбасының ұйытқысы, ырыс- берекесі, балаларын мәпелеп, өнегелі тәрбие берген.
Тапсырмалар: « Алма теру» ойыны
6 қазына « Қыран бүркіт»
Қыран бүркітті ата – бабаларымыз балапан кезінен баулып, аң аулауға үйреткен.
Тапсырмалар: Дәптермен жұмыс, 7 цифрын жазу.
7 қазына « Ілім – білім »
Адам баласы пайда болғалы ілім – білімге ұмтылып келеді. Білімнің арқасында машина –трактор, теледидар, компьютерлер жасалды. Сондықтан білім- ғылымды игерсеңдер еш қор болмайсыңдар.
Тапсырмалар: Ойын: « Орныңды тап? » Оқушыларға сандар таратылып беріледі. Сол сандарды ретімен қойғанда мақал шығады.« ОҚУ – БІЛІМ БҰЛАҒЫ»
7 санына байланысты мақалдар:
Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер.
Бала жетіге келгенше жерден таяқ жейді.
Жеті атасын білмеген - жетесіз.
ІҮ. Сабақты қортындылау. 7 санының құрамы.
Ү. Оқушыларды бағалау.
Жаңа Жайнақ ауылы №49 орта мектебі
Ашық сабақ
(математика – 1 сынып)
Тақырыбы: 7 саны мен цифры
Сабиева А.Қ
2011 – 2012 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |