САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«_____» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А»
Күні: 14.10.2015ж.
Сабақтың тақырыбы: Қайталау операторы: for операторы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Паскаль тілінің параметрлі қайталау операторы – FOR операторымен таныстырып, программа құруға дағдыландыру;
Дамытушылығы: Оқушылардың Паскаль программалау тілінде есеп шығару мүмкіндіктерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Компьютермен жұмыс
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары
Қайталау операторлары не үшін қолданылады?
Цикл дегеніміз не?
Қайталау операторларының қанша түрі бар?
Жаңа материалды түсіндіру
FOR операторы. Егер алгоритмде қайталану саны алдын ала белгілі болған жағдайда FOR операторы қолданылады. Бұл оператор параметрлі цикл операторы деп те аталады.
Жазылу үлгісі
FOR < цикл параметрі>:= n1 TO n2 DO
<цикл денесі>;
FOR<цикл параметрі>: = n2 DOWNTO n1 DO
<цикл денесі>;
Мұндағы FOR (үшін), TO (дейін), DO (орындау) - қызметші сөздер;
< цикл параметрі> - циклді басқару айнымалысы, Integer типті (немесе кез келген реттелген тип) n1 , n2 - цикл параметрінің бастапқы және соңғы мәндері (типі циклді басқару айнымалысымен сәйкес) кері қарай, DOWN төмен, TO дейін . Егер қадам -1 – ге тең болса, онда операторда TO, ал қадам -1-ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.
Мысалы: 1- ден 100- ге дейінгі сандардың қосындысын табу керек.
Program kosindi;
Var I, s: integer;
Begin s:=0;
FOR i:=1 TO 100 DO
S:=s+1;
Writeln (‘s = ‘ , s);
End.
Компьютермен жұмыс
№1. 1- ден 100-ге дейінгі сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар.
Program san;
Var i: integer;
Begin
Wtiteln (‘ 1- den 100- ge dein butin san’);
Writeln;
For i:=1 to 100 do
Write (i:4);
End.
№2. 30-дан 10-ға дейінгі барлық жұп сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар.
Program jup;
Var i: integer;
Begin
Writeln (’30-dan 10-ga deingi jup san’);
For i:=30 downto 10 do
If I mod 2=0 then
Writeln (i);
End.
№3. 1- ден 100 –ге дейінгі тақ сандардың және жұп сандардың қосындыларын табудың программасын құру керек.
Program tak and jup
Var I, s, s1: integer;
S:=0; S1:= 0;
For i:=1 to 100 do
Begin
If I mod 2 = 0 then s:=s+I else s1:=s1+I;
Writeln (‘ s=’, s, ‘ , ‘ , ‘s1= ‘, s1);
End;
End.
№4. 5- тен 1-ге дейінгі сандардың қосындысын есептеу керек.
Program kosindi;
Var I, s:integer;
Begin
S:=0;
For i:=5 downto 1 do
S:=S+I;
Writeln (‘s = ‘, s);
End.
Сабақты бекіту сұрақтары
Цикл дегеніміз не?
Циклдің алгоритмнің неше түрі бар?
Программаның нәтижесін қалай көреміз?
FOR операторының жазылу үлгісін көрсет?
Үйге тапсырма: Паскаль тілінің параметрлі қайталау операторы - FOR
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«_____» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А»
Күні: 14.10.2015ж.
Сабақтың тақырыбы: WHILE операторы. Тест жұмысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Паскаль тілінің шартты алдын ала тексеретін қайталу – WHILE операторымен таныстырып, программа құруға дағдыландыру;
Дамытушылығы: Оқушылардың Паскаль программалау тілінде есеп шығару мүмкіндіктерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Компьютермен жұмыс
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары
Шартты оператордың қандай түрлері бар?
If операторының жалпы жазылу түрі қандай?
Таңдау операторы не үшін пайдаланылады?
Жаңа материалды түсіндіру
Көп жағдайда аргументтердің әртүрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процестерді ұйымдастыру үшін циклдық құрылымды алгоритмдер – қайталау операторлары қолданылады.
Цикл деп программадағы қайталанатын әрекетті айтады. Паскаль тілінде қайталау процесін жүзеге асыратын циклдік операторлардың үш түрі бар: арифметикалық цикл – FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE , шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT операторлары.
WHILE операторы. Алдын ала берілген шарт бойынша қайталуды жүзеге асыратын бұл оператор WHILE (оқылуы: уаил, аударылуы: әзірше) және DO (оқылуы: ду, орындау болып аударылады) түйінді сөздері қолданылып аударылады.
Цикл қайталанар алдында, логикалық өрнектің мәні тексеріледі. Егер True (ақиқат) болса, онда цикл денесі қайталанып орындалып отырады. Керісінше False (жалған) болса, циклдің орындалуы аяқталып, WHILE операторынан кейінгі жолдар орындалады.
Егер, ең басында өрнектің мәні False (жалған) болса, онда цикл бір ретте орындалмайды.
Мысалы: y = 3x+1, мұндағы х, -1 мен 2 аралығындағы сандарды қабылдайды, қадамы 0,5 тең.
Program eseptey;
Var x, y : real ;
Begin X:=-1;
While x<=2 Do
Begin Y:=3*x+1
Writeln (‘ x=’,x , ‘ ‘ , ‘y=’ , y) ;
X: = x+0.5;
End;
End.
Компьютермен жұмыс
1. 1-ден n – ге дейінгі сандардың квадраттарының қосындысын табатын программа құру керек.
Program kvadrat;
Var s, i , n: integer;
Begin
WriteLn (‘ n = ’) ;
Readln (n);
I:=1;
S:=0;
While i<=n do
Begin S:=S + sqr (i);
I:= i+1;
WriteLn (‘ S=’ , S);
End;
End.
2. Y= ex sinx+cosx функциясының мәндерінің [a, b] аралығында h қадамы бойынша өзгеру кестесін құратын программа құрыңдар.
Program y- tap;
Var x, y, a, b, h: real;
Begin
WriteLn (‘ a , b , h -? ’);
ReadLn (a, b , h);
X:= a;
While x<= b do
Begin
Y:=exp (x) * sin (x) + cos(x);
WriteLn (‘x=’, x:5:2, ‘, ‘ , y= ‘, y:5:2);
X:=x+h;
End;
End.
3. Х € [1; 3] аралығындағы 0,2 қадаммен өзгергендегі y= функциясының мәнін тап.
Program esep;
Var x, y: real;
Begin
X:=1;
While x<=3 do
Begin y:= sqrt (x+1)-1/x;
Writeln (‘ x=’ , x, ‘y=’, y);
x:=x+0.2;
end;
readln;
end.
Үйге тапсырма: WHILE операторы.
Достарыңызбен бөлісу: |