Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
1-әрекет
Сәлемдесу
Қазақстан Республикасының әнұранын орындау;
Кезекшімен сұхбат
Сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастыру (1,2,3-модульдер)
«Көңіл күй қоржыны» смайлдары арқылы оқушылардың көңіл күйін білу, сыныптың жағымды эмоциялық ахуалын қалыптастыру
Оқушыларды топтастыру
Еліміздің қала аттарымен топқа бөлемін. (Алматы, Астана, Ақтау)
2 – әрекет Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасына берілген уақытта оқушыларға нәтиже сабақтың қорытындысы айтылады. Қатемен жұмыс болады. 10 – мин
3 – Әрекет Қызығушылығын ояту
Оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру үшін, түрткі болатын сұрақтар қоямын.
Естеріңде ме, балалар, біз өткен сабақтарымызда қандай модульді қорытындыладық?
Адамдар не істей алады? Мәселен, сөйлеуге қабілетті және тағы қандай?
Оқушылар: адам жүреді, күледі, жазады, оқиды, ұйықтайды т.б.
Оқушылардың жауабына қарай, демек біздің бүгінгі тақырыбымыз не туралы болмақ?
Оқушылар: адамның іс – әрекеті, қимылы т.б. Демек, бүгін біз кім қайда барады? және көмекші етістіктермен танысатын боламыз.
4 – әрекет Жаңа сабақ
Мағынаны тану (көмекші етістіктердің (отыр, жүр, жатыр, тұр) қолдану жолдарын, аудармасын, тақырыпқа сай тапсырмаларды орындап кеңірек түсінетін болады )
Оқылым: кітап бойынша ережені оқып, аудармасын, мысалын талқылап тоқ етерін дәптерге жазатын боламыз.
5 – әрекет Топтық тапсырма. Кітаптағы сурет бойынша қоянның іс әрекетін мысалға ала отырып, көмекші етістіктерді түсінетін боламыз.
Астана (тапсырмаға сәйкес сұрақ құрастырады)
Алматы (тапсырманы аударып жазады)
Ақтау (тапсырма аясында флипчартқа сурет салу)
Берілген уақыт аяқталған соң, әр топ мүшелерінен екі немесе бір оқушыдан шығып, жұмыстарын қорғайды.
6 – әрекет Жазбаша дәптерге әрбір оқушы жеке жұмыс жасайды.
3 - тапсырманы дәптерге жазып, көмекші етістіктердің астын сызады.
|
диванда
|
орындықта
|
аулада
|
сыныпта
|
|
Оксана
|
|
|
|
|
Отыр
|
Петя
|
|
|
|
|
Жатыр
|
Санжар
|
|
|
|
|
Жүр
|
Айбек
|
|
|
|
|
тұр
|
7-әрекет: Ой-толғаныс. «Блиц-турнир» ойыны. (1,2,5-модульдер) Мен білемін. «Жетістік шыңы»
Сабақ соңында оқушылардан қорытынды тапсырма ауызша беріледі.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы? (Кім қайда барады?)
Грамматикалық тақырып? (Көмекші етістік)
Алмас қайда жүр?
Көмекші етістіктерді атаңдар?
Қоян не істейді?
7 – әрекет Үй тапсырмасы
Ереже жаттау, 78 –бет, 4– тапсырма, 79 –бет, 5– тапсырма
8 – әрекет Бағалау . Сабақта белсенді болған оқушыларды бағалау
9 – әрекет Рефлексия (2 – мин)
Сабақ соңында оқушылардан сауалнама алынады.
1. Сабақтағы менің белсенділігім
2.Өз жұмысыммен мен
3.Сабақ маған
4.Менің көңіл күйім
5.Оқу материалы маған
6. Үй тапсырмасы
|
белсенді / белсенділігім төмен
қанағаттандым/қанағаттанбадым
тез аяқталды / ұзаққа созылды
көтеріңкі/ көңілсіз
түсінікті / түсініксіз
жеңіл / қиын
|
|